Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
INFORMATIKA_-KEShEN_doc.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
580.1 Кб
Скачать

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Ұлттық байлық

Ұлттық байлық дегеніміз – елдің экономикалық күш-қуатының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ұлттық байлықты алғаш рет 1664 жылы ағылшын экономисі У. Петти есептеп шығарды. Ұлттық байлықты тұңғыш бағалау Францияда 1789 жылдан, АҚШ-та (Америка құрама штаттарында) 1805 жылдан, Ресейде 1864 жылдан жүргізіле басталды. Біздің Қазақстанда ше?

Экономикалық әдебиеттерде Ұлттық байлық деп – еңбекпен жасалатын, өндіріс пен тұтыну үшін пайдаланылатын материалдық игіліктердің орнын айтады. Кейбір экономистер Ұлттық байлыққа табиғи ресурстарды да қосады. Кейбіреулері Ұлттық байлық ұғымы ғылыми білім мөлшерін, халықтың мәдени дәрежесін т.б. қамтуы тиіс деп санайды. Ұлттық байлық негізінен мына салалардан тұрады

а) Қазақстан аймағындағы және сырт жерлердегі ғасырлар бойы ата-бабалардың қалдырған мұрасы;

ә) Табиғатымыздың және жер асты байлығымыз.

б) Әдеби, мәдени, тарихи мұралар.Әдеби, мәдени, тарихи мұраларымыз – халықтың, мемлекеттің өсіп-өркендеуін, байлығын көрсететін ұлттық игілігіміздің күре тамыры.

Кез-келген мемлекет өзінің ұлттық мұрасын мақтан тұтады. Оның құны – сол елдің байлығының кепілі.Әлемнің қай мемлекетін алмаңыз, тіпті дамып келе жатқан ел болсын ұлттық байлықтарының құны бар. Әр тасына дейін есептеп, тіркеп, құнын анықтап, халықаралық каталогке тіркеп, бірін кеденіне, екіншісін интерполға беріп қойғалы қашан.Венеция хартиясы бойынша, отыз жылдан артық тұрған сәулет құрылысы, мекеме, мәдени, ресми, жеке үй, тағы да басқалары ұлттық байлыққа жатады.

Тапсырмалар:

1. Мәтінді оқып шығып, аударыңыз.

2. «Ұлттық» деген сөзбен тіркесетін басқа сөзді атаңыз.

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

- Антиквариаттар ұлттық байлыққа жата ма ?

- Археологиялық қазбалардан табылған заттар ұлттық байлыққа жата ма?

- Біздің елімізде ұлттық байлықтарымыздың құны есептелген бе?

- үйде ата-бабаларыңыздан қалған қасиетті мұралар бар ма ?

- Ұлттық байлықты қорғау туралы заң бар ма ?

4. Соңғы сөйлемге морфологиялық талдау жасаңыз.

5. Мәтіннен сын есімдерді табыңыз.

6. Мәтіннен етістерді теріп жазыңыз және түрін анықтаңыз.

7. Тұңғыш, алғаш сөздерінің синонимдерін жазыңыз.

8. Қажетті жұрнақтарды жалғап, берілген сөздерден ырықсыз етіс жасаңыз: көрсет, бар, анықта, тұр, сана, қос, пайдалан, шығар.

Қазақстанның пайдалы қазбалары

Қазақстан өзінің табиғи қазбаларымен жєне адам ресурстарымен дүние жүзіндегі бай елдердің бірі болып есептеледі. Кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтары: оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс, орталық аймақтарында Л. Менделеевтің кестесіндегі химиялық элементтердің барлық түрі кездеседі.

Қазақстанның жер қойнауында єлемдегі табиғи қазба байлықтардың барлық түрі (90-нан астам) орасан зор көлемде бар деуге болады. Мысалы: сынап, қорғасын, алтын, көмір, мұнай, болат, мыс, күміс, темір т.б қазба байлықтары мен түсті металдарынан күнделікті тұрмыста қолдануға түрлі тұрмыстық заттармен сәндік әшекей бұйымдар жасауға кеңінен пайдаланылады.

Еліміздің әр аймағынан алынатын пайдалы қазбалар мысалы, батыста Ақтау мен Маңғыстауда мұнай, газ өндірсе, Шығыста Өскеменде фосфор, Орталықта көмір, мыс, түсті металл өндіреді. Соның ішінде Орталық Қазақстанда өндірілетін жер асты пайдалы қазбалар екі түрлі әдіс бойынша өндіріледі. "Арселор Миттал" компаниясының қарамағына кіретін бірнеше шахталардан өндірілген көмір, қара металдар мен түсті металдар әлемнің көптеген елдеріне экспортқа шығарылады. Еліміз тәуелсіздік алғананнан кейін Қазақстанның қара алтыны болып саналатын басты байлығы көмір мен мұнайды шет елдік компаниялалардың бірлесуімен жаңа технологияларды өндірісте қолдану арқылы қазба жұмыстарын жүргізу жүзеге асырыла бастады. Соңғы жылдары "Қазақстанда Жасалған" деген маркамен Қазақстанда өндірілген пайдалы қазбалар мен шикізат өнімдерін әлемнің 70-ке жуық елдері сатып алуға өтініш білдірген.

Тапсырмалар:

1. Мәтін бойынша сөздерді теріп жазып, сөздік құрастырыңыз.

2. Мәтінді оқып аударып, түсінгендеріңіз туралы әңгімелеңіз.

3. «Жер туралы», «Байлық туралы» мақал-мәтелдерді жазып, аударып, жаттап алыңыз.

4. Сынап, қорғасын, алтын, көмір, мұнай, болат, мыс, күміс, темір сөздерін аударып, асты сызылған сөздерді септеңіз.

5. Пайдалы қазбалар, жер қойнауы, түсті металдар, әшекей бұйымдар. Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құрастырыңыз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]