
- •Мамандық әлемінде
- •Менің мамандығым
- •Қаныш сәтбаев
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Адам және қоғам
- •Салауатты өмір салты
- •Есептеуіш техниканың даму тарихы
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Жеке адам, топ және ұжым
- •Менеджер және ұйым
- •Электронды есептеуіш машиналар
- •4. Жақсылықова к.Б., Шабденова қ.Ж. Ақпараттық технологиялар бөлімі студенттеріне арналған қазақша кәсіби тілді меңгертуге арналған оқу құралы.Қарағанды - 2007
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Қоғамдағы отбасының қызметі
- •Мәтінді аударыңыз.
- •Дербес компьютерлер
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Қазақстанның білім беру жүйесі
- •«Болашақ» бағдарламасы
- •Дербес компьютердің құрылысы
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Ұлттық байлық
- •Қазақстанның пайдалы қазбалары
- •Компьютердің зияны қаншалықты?
- •4. Кестені толықтырыңыз.
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Экономикалық тәуелсіздік
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Нарық
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Ақша қызметі
- •Ұлттық теңгеміз туралы
- •Принтерлер
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Қазақстанның географиялық орны
- •Қазақстан климаты
- •Дискідегі информация жинақтауыш
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстанның табиғатын қорғау
- •Ақпарат түрлері
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Жер құнары - өмір нәрі
- •Ақ бидай (ертегі)
- •Компьютерлік вирус
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Өсімдіктердің тіршілік формалары
- •Қазақстанның «қызыл кітабы»
- •2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.
- •3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
- •4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту. Өсімдік және медицина
- •4.Компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметгер мен программалар ғана сақталады.Синтаксиистік талдау жасаңыз.
- •1.Өсімдік және медицина. Шығарма
- •Оқытушымен студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары
- •7. Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар
- •Пән бойынша жазба жұмыстарының тақырыптамасы
- •7.2 Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
- •7.3 Емтихан билеттерінің сұрақтары сессия алдында дайындалады. Емтихан Кешенді түрде жүргізіледі (тест тапсырмалары, сұқбат, мәтінді аудару). Тест тапсырмалары мен жауап парағы
Дербес компьютердің құрылысы
Кез
келген дербес компьютер бірнеше
құрылғылардан
тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте
маңызды – бұлар монитор, жүйелік блок
пен пернетақта, өйткені компьютер
оларсыз жұмыс істемейді. Басқа құрылғылар
да пайдалы міндеттер атқарады, бірақ
компьютер оларсыз да жұмыс істей алады.
Дербес компьютердің процессоры мен
жедел жадынан басқалары оның сыртқы
құрылғылары болып табылады. Олар:
монитор, пернетақта, принтер, маус,
модем, т.б.
Әрбір сыртқы құрылғы компьютердің процессорымен арнайы блоктар – адаптер немесе контроллер арқылы жалғасады. Адаптер немесе контроллердің міндеті – процессордан келіп түскен ақпаратты құрылғылардың жұмысын басқаратын сәйкес сигналдарға айналдыру.
Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған, олар деректерді өңдеуді, электр тогының қосылуын, қосымша құрылғыларды қосуды қамтамасыз етеді. Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында: компьютерді қосу/өшіру батырмасы, дискжетек, компакт-дискіден оқитын CD-ROM орналастырылған.
Жүйелік блоктың ішінде аналық (жүйелік) плата (тақша), процессор, қоректендіру блогы, жедел жад, қатқыл диск, дискжетек, CD-ROM, бейнетақша, дыбыс тақшасы мен көптеген басқа құрылғылар бар.
Процессор – компьютердің ең басты бөлігі. Ол – компьютердің “миы”. Ол бүкіл компьютердің жұмысын атқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды орындайды.
Жедел жад – бұл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Жедел жадта деректерді сақтау үшін оны үздіксіз электрмен қоректендіріп отыру керек.
Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Дисплей – компьютердің “тілі”, ол оның көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажет ақпаратты беріп отырады. Дисплей электронды-сәулелік түтікшеден, қоректендіру блогынан және сәулені басқарушы электрондық блоктан тұрады.
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез-келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютердің пернетақтасында 101 немесе 102 перне болады.
Тапсырмалар:
1. Мәтінді оқып шығып, мамандығыңызға байланысты сөздерді көшіріп жазыңыз да, сөздіктен аудармасын табыңыз.
2. Мына сөздермен сөйлем құраңыз. Пернетақта, процессор, бағдарлама, дисплей.
3. Мәтін бойынша сұраққа жауап беріңіз.
1. Дербес компьютер неден тұрады? 2. Маңызды құрылғыларға не жатады?
3. Сыртқы құрылғыларға не жатады? 4. Адаптердің міндеті не? 5. Жүйелік блокта не орналастырылған? 6. Жүйелік блоктың ішінде қандай құрылғылар бар? 7. Компьютердің ең басты бөлігі не? 8. Процессор компьютердің қандай жұмысын орындайды? 9. Жедел жадта деректерді сақтау үшін не істеу керек? 10. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғыны ата. 11. Пернетақтада қанша перне болады? 12. ТЖҚ қайда орнатылады?
4. Арнайы пернелердің қызмет кестесін толтыр.
Перне аты |
Перненің қызметі |
Enter |
|
Backspace |
|
Бос орын |
|
Shift |
|
Caps Lock |
|
Delete |
|
Alt |
|
Ctrl |
|
Num Lock |
|
Esc |
|
5. Мәтін мазмұнына сүйене отырып, сөйлемдерді толықтырыңыз.
1. Дербес компьютер бірнеше ................................................................ тұрады.
2. Дербес компьютердің процессоры мен жедел жадынан басқалары оның ................................................................... құрылғылары болып табылады.
3. Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында компьютерді қосу/өшіру ............................................................................................................. орналасқан.
4. Процессор компьютердің ............................................................................... .
5. Жедел жад - бұл компьютердің ... .......................................................... жады.
6. ЖЖҚ – ақпараттарды уақытша ................................................. арналған жад.
7. ... ........................................компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы.
6. А бағанасында тұрған ұғымдарды В бағанасында тұрған ұғымдармен сәйкестендіріңіз.
-
А
В
1. сақтау құрылғылары
А) показывает обрабатываемую информацию
2. енгізу құрылғылары
Ә) поддерживает программы и данные, используемые процессором
3. шығару құрылғылары
Б) делает всю обработку, контролирует переферийные устройства
4. жады
В) позволяет вводить информацию
5. процессор
Г) поддерживает длительность хранения программ и данных
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.
2.Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998
3. Жақсылықова К.Б., Шабденова Қ.Ж. Ақпараттық технологиялар бөлімі студенттеріне арналған қазақша кәсіби тілді меңгертуге арналған оқу құралы.Қарағанды - 2007
4. Хасен М.Ә. Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттеріне арналған мәтіндер жинағы. ЭОҚ. ҚарМТУ,2008 ж
СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (5-тақырып) [қосымша 14, 16,18]
1. «Қазақстанның білім беру жүйесі» тақырыбына шығарма жазу.
2. «Болашақ» бағдарламасы тақырыбына әңгіме жазу.
3. «Дербес компьютердің құрылысы» тақырыбына реферат.
6-тақырып Ұлттық байлық. Қазақстанның пайдалы қазбалары. Компьютердің зияны қаншалықты? Жай сөйлем
Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
1. Жай сөйлемді қайталау.