Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.58 Mб
Скачать

2.2.Қысым толқындарын түзеткіш жүйе (қттж).

ТАС тоқтауы кезінде оның кірісінде пайда болатын қысым толқынын түзету үшін қысым толқынын түзету жүйесі қолданылады. Әдебиеттегі алғаш қысым толқындарын түзету жүйесі жайлы мәлімет 1976 жылы келтірілген. Қысым толқындарын түзету жүйесі тартып алу станцияларын сору желісінде орнатылады.

Қысым толқынын түзету мұнайдың 4 ҚТТЖ қақпағы арқылы құбырдан 5 қоймаға бөлшектеп лақтырылуы арқылы жүргізіледі. Сақтандырғыш қақпақтардан ерекшелігі, қысым толқындарын түзету жүйесінің қысымның абсолютті мәнінен бұрын, оның өзгеріс жылдамдығына әсер етеді. Бұл 2 дроссельдік қақпақ пен 3 гидропневматикалық аккумулятордан тұратын қысым толқындарын түзету жүйесі басқару жүйесімен қамтамасыздандырылады. Қысым толқындарын түзету жүйесі белгілі бір деңгейде ТАС кірісндегі қысымды шектемейді, қысым азырақ берілген жылдамдықпен ұлғая береді. Магистралды мұнай құбырларында орнатылған қысым толқындарын түзету жүйесі ТАС тоқтау кезінде оның кірісіндегі қысымның өсуінің 0.01 — 0.03 МПа/с орташа жылдамдығын қамтамасыз етеді. Қысым толқындарын түзету жүйесі сенімділігін арттыру мақсатымен, жалпы жағдайда оның жұмыстық сыйымдылығы болып жүйеге 1 бөлгіш сыйымдылық арқылы түсетін этиленгликоль табылады. Тартып алу станциясының кірісіндегі қысымның артуының қажетті жылдамдығын баптау дроссельді қақпақ және гидро-пневматикалық аккумулятормен жүзеге асырылады. Қысым толқындарын түзету жүйесі негізгі артықшылықтарының бірі оның электроқамсыздандыруға тәуелсіздігі. Магистралды мұнай құбырларында қысым толқындарын түзету жүйесі іске қосылғанда қысым толқындарын түзету жүйесі қақпағы арқылы лақтырылатын мұнай көлемі 30— 100 м3 құрайды. ҚТТЖ принципиалды сұлбасы 1.8 суретте келтірілген.

1.8 сурет. ҚТТЖ жұмысының принципиалды сұлбасы.

1- айырушы сыйымды ыдыс; 2- реттеуші дроссель; 3- газды аккумулятор; 4- тастап жіберуші клапан; 5-тастаушы қойма.

ҚТТЖ басқару жүйесі айырушы сыйымды ыдыстан 1, реттеуші дроссельден 2, және газды аккумулятордан 3 тұрады. Айырушы сыйымды ыдыс мұнай құбырымен еркін байланысады және ол ҚТТЖ жүйесіне мұнай емес, басқа, яғни айырушы сұйықтық, мысалы диэтиленгликольдың түсуін қамтамасыз етеді. Ол келесі себепті қажет:

Қысқы уақыттарда, қысым толқындарын түзету жүйесін басқару жүйесі құбырларындағы мұнайдың қатып қалуы мүмкін, сол себепті айырушы сұйықтық та қысқы мезгілде қатып қалмауды болдырмас үшін таңдап алынуы тиіс;

Тасымалданушы мұнайда болатын, механикалық қоспа мен парафин, реттеуші дроссельде тұрып қалуы мүмкін, сол секілді оның өтпелі қиысуы да азаюы мүмкін. Бұл барлық қысым толқындарын түзету жүйесінің жұмысының өзгеруіне әкеліп соғады. Арнайы айырушы сұйықтықтарды қолдану қысым толқындарын түзету жүйесінің жұмысының режимінің өзгеруіне жол бермейді.

ҚТТЖ дағы реттеуші дроссель газды аккумулторға айырушы сұйықтықты жіберу үшін қолданылады және ол айнымалы кедергілі басқару үлгісінің қызметін атқарады.

Газды аккумулятор бір бөлігі айырушы сұйықтықпен, ал екінші ағы газбен толтырылған сыйымды ыдыстың қызметін атқарады. Газды аккумулятордағы айырушы сұйықтық және аккумулятордағы газ иілгіш айырушылармен ажыратылған. Газды аккумулятордағы айырушы сұйықтық айырушы ыдыспен еркін байланысқан. Сұйықтық аккумуляторға қалай еркін кірсе, солай еркін шығып кете алады. Аккумулятордағы газ басқарушы газдың қуысындағы тастаушы клапанмен 4 еркін байланысқан. Газды аккумулятордағы газдың минимальды қысымы бастапқы жөнге келтіруші қысыммен анықталады. Егер мұнай құбырының ҚТТЖ орнатылған жердегі қиылысуындағы қыссым, аккумулятордың бастапқы жөнге келтіруші қысымынан кем болса онда газ аккумулятордың барлық ауқымын иемденіп алады. Сондықтан айырушы сыйымды ыдыстағы қысым мен қысым толқындарын түзету жүйесі реттеу дросселіндегі қысым құбырдағы қысымға тең болады, сол кезде ғана аккумулятордағы газ қысымы төмен болады. Бір қысым толқындарын түзету жүйесі құрамына бірнеше газды аккумулятор кіруі мүмкін.

Газды аккумулятор мен реттеуші дроссельдің параметрлерін таңдау ҚТТЖ мен босқару жүйесінің жұмыс режиміне тікелей байланысты.

Тастау құрылыларына клапан 4 және тастау сыйымды ыдысы 5 жатады. 1.9 суретте тастау клапанының сұлбасы көрсетілген. ҚТТЖ-ның «Данфло» типті тастау клапаны өстік болып саналады. Ол, клапанның тиек элементінің қозғалу өсі (поршень 4) клапан орналасқан құбыр өсіне сәйкес келеді. Тиекті поршень 1 клапан корпусына бекітілген. Клапанның ішінде газды қуыс бар (1.9 суретте сары түспен көрсетілген), арғы бетінде газ қуысының клапаны мен пружинадағы 3 газ қысымы орналасқан.

1.9 суретте сонымен қатар тастау клапаны белгілі бір аралықта өзгеруі мүмкін екендігі көрсетілген: 0-xmax, бұл жерде xmax ол клапанның конструкциясы мен өлшемі арқылы анықталатын поршень клапанының максимальды жүрісі.

1.9 сурет. «Данфло» типті тастау клапанының негізгі сұлбасы.

1 – клапан корпусы; 2 – аккумулятордың газ қуысының сызықты байланысы; 3 - серіппелі клапан; 4 – жылжымалы клапан поршені.

Мұнай жүргізілетін жабық күйдегі алаң, газ алаңына қарағанда әлдеқайда аз.

Бұл тастау клапаны құбырдағы мұнай қысымының артуы үшін ашылсын десек Δpашу газ қысымымен теңестіру қажет:

Жабық күйдегі мұнай мен газдың алаңының айырмашылығын;

Клапанның бастапқы жиырылған серіппесін;

Бұл Δpашу қысымның жоғарылауы 0,1-0,3 МПа аралығын құрайды.

Тастау клапанының ашылуы кезінде мұнай ағыны поршеннің барлық айналасына ағып, тастау қоймасына барып түседі. Бір ҚТТЖ құрамына бірнеше тастау клапаны кіруі мүмкін. Тастау қоймасы көлемі 400 м3 болатын тегеурінсіз қоймалы болады.