Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кіріспе.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.58 Mб
Скачать

2.1.Қттж тағайындалуы мен құрамы

Магистральды мұнай құбырын пайдалануға беру процесі айдау бекеттерін (АБ) іске қосу мен ажыратуға негізделген. АБ-ді кезекті ажыратудан басқа, мұнай тасымалдау барысында режимнің өзгертілуінің қажеттілігінен туындайтын, электржабдықтау мен қорғаныс жүйесінің істен шығуына байланысты апатты тоқтатулар да болады.

АБ-дің апатты тоқтатылуы кезінде, мұнай құбырларында жоғарыға ағынмен таралатын жоғарылаған қысым толқындары пайда болады. Мұндай толқындар құбырлардың арнайы секцияларында қысым жұмыс істеуге рұқсат етілген мөлшерден артып кетіп, құбырдың мүмкіндігінен салмақ түсуі мүмкін. Мұндай толқындардың келуі себенінен алдыңғы АБ-тің шығысында қысым көтеріле бастайды.

Қысымды автоматты реттеу жүйесі (ҚАРЖ) АБ-тің айдау желілерінде орналасқан АБ-тің шығысына қысымды рұқсат етілген максимальды қысым деңгейінен аспайтындай етіп жөнге келтірген. ҚАРЖ-де қысымды берілген деңгейде шектеу оның көлегейленіп жабылуы есебінен болады. Егер АБ-тің айдау желілеріндегі қысым берілген шекті максимальды қысымнан артып кететін болса, онда қорғаныстың бірінші сатысы іске қосылып, сорғыш агрегат істен шығады, ал егер қысым одан ары қарай жоғарылауын тоқтатпай деңгейден асып кетсе, онда қорғаныстың екінші сатысы іске қосылады, яғни АБ-терінің барлығы өшіріледі.

АБ-тінің кірісіндегі қысымның жоғарылау жылдамдығы сорғыш агрегаттың тоқтау уақытымен анықталады, және ол 0,1-0,3 МПа/с болады. Қысымның мұндай жоғары жылдамдықпен артуы алдыңғы бекет бағытына дыбыс жылдамдығымен тең таралады. Құбырларға таралғаннан кейін қысым толқындарының басылғанына қарамастан, алдыңғы айдау бекетіне жеткенде оның қарсылық күшінің мықтылығы сонша, қысымды автоматты реттек жүйесінің реттеу көлегейі сорғы бекеттерінің шығысындағы жоғарылаған қысымды толығымен орнына келтіруге үлгермейді. Сондықтан, қысымның жедел төмен түсірілуіне әкеліп соғатын, сорғы агрегатының тіпті барлық айдау бекетінің қорғаныс жүйесі үшін өшірілуі мүмкін. Нәтижесінде, алдыңғы бекеттеріндегі қатты толқындардың келуі әсерінен кейін әрдайым ережеге сай кішкене қысқы мерзімді жоғары деңгейден қысымның құлауы орын алады.

Сорғы бекеттерінің ағындарынан жоғары орналасқан қысым толқындарының қатты келуінен сызықты саланың құбырындағықысымдар максимальды деңгейге жетіп үлгереді. Сол себепті, реттеу қабаттарының жабылуы және алдыңғы АБ-не қорғаныс жүйелерінің істен шығуы максимальды қысымды құбырдың барлық ұзындығына дейін төмендете алмайды.

Сызықты құбырлар алаңында қысымның жоғарылауын туғызбас үшін АБ аралық тоқтатулар кезінде орын алатын, міндетті түрде қысымның жоғарылауына қарсы толқындарды азайту керек.

Бір немесе бірнеше сорғы агретының бекетте істен шығуына байланысты және ағынға жоғары қарай таралатын, қысым толқынының жоғырылауына қарсы төмендету үшін қысым толқындарын түзету жүйесі (ҚТТЖ) қолданылады.

Қысым толқындарын түзету жүйесі қолдану арқылықысым толқынын реттеу мұайды ішінара қысым толқындарын түзету жүйесі клапаны арқылы қоймаға тастайды.

ҚТТЖ-ның негізгі міндеті: АБ-інің кірісінде қысымның, берілген мәнінен асатындай жылдамдықпен артып кетпеуін реттеу. Негізінде магистральды мұнай құбырында қысым толқындарын түзету жүйесі АБ кірісіндегі қысымның 0,01-0,03МПа/с жылдамдықтан аспауын қамтамасыз ету. Сонымен бірге қысым толқындарын түзету жүйесі мұнай құбырындағы қысымның 0,3 МПа-дан аспауын да ескеруі қажет.

Құрамы. қысым толқындарын түзету жүйесі екі функционалдық бөліктен тұрады: тастап жіберу құрылғысы және басқару жүйесі. Қысым толқындарын түзету жүйесінің негізгі сұлбасы 1.7 суретте көрсетілген.