Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы на 13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127.99 Кб
Скачать

10 Билет

  1. Неміс үлгісіндегі мектепке дейінгі білімнің өсу тарихы.

Неміс педагогы Ф.Фрёбелдің (1782—1852) бастамасымен 1840 жылы ашылған бастауыш жасындағы балаларға арналған алғашқы тәрбиелеу мекемелері балалар бақшасы деп аталатын болған. ХIХ ғасырда Германияның өзінде де, сол сияқты оның шекарасынан тысқары да балабақшалар пайда болды. Шіркеулер және қоғамдық коммуналдық мекемелер, қауымдар, бірлестіктер, қайырымдылық ұйымдары әуелден –ақ оларды құрған субъектілер болды. Германияда мектепке дейінгі білім беру міндетті түрде жүреді (яғни балабақшалар міндетті білім беру жүйесіне кірмейді). Балабақшада 7-10 педагог және 1-2 стажер жұмыс істейді. Әр бөлмеде балалармен бірге 2 педагог болады, олар балаларды қадағалап жүреді, қажет болған жағдайда қызықты дәрістерді ұсынады және балалардың іс – әрекетіне бағыт береді, даулы жағдайларды шешеді. Дәстүрлі топтардың болмағандығына қарамастан, педагогтар белгілі бір балаларды қамқорлығына алады және олар үшін жауапты болады. Әр педагогқа әртүрлі жас шамасындағы 20-25 бала «бекітілген». Германияда ашық балабақша педагогы жұмысының ерекше өзгешелігі сыртқы бақылау сатыларының жоқтығы болып табылады. Балаларға арналған мекемелер мемлекеттік органдар алдында өз жұмысы туралы есеп бермейді. Бұл тәрбиешінің еңбегін ұйымдастырудағы ең маңызды сәт, себебі бір жағынан бақылаудың жоқтығы тәрбиешінің жауапкершілігі мен дербестігін жоғарылатады, ал екінші жағынан – тәрбиелік жұмыстарды тексеруші комиссияға емес, балаларға бағыттайды (бұндай жағдай біздің елде жиі кездеседі).  Неміс тәрбиешілері мол құжаттама жүргізуге міндетті емес, ол білім беру үрдісінің ішкі қажеттіліктері үшін жүргізіледі. Құжаттама әрбір балаға жылына 2 рет – жылдың басында және аяғында толтырылатын, жеке даму карталарын толтыруға саяды. Жыл ішінде баланың дамуындағы маңызды өзгерістер туралы қосымша жазбалар енгізілуі мүмкін. Балалардың дамуын бағалау мен  оларды сынақтамадан өткізуді педагогтың өзі жүргізетіндігін атап өту маңызды. Ашық балабақшада бізге үйреншікті болып кеткен көптеген лауазымдар болмайды. Бұл жерде әдіскер, аға тәрбиеші, музыка жетекшісі, психолог, логопед, дәрігер және басқалары жоқ. Осы қызметтердің барлығын тәрбиеші атқарады. Қажет болған жағдайда педагог арнайы психологиялық орталықтарға жүгінеді, логопедті немесе дәрігерді шақырады. Балаларға музыканы және бейнелеу өнерін үйретумен осы қызметке бейім және оны сәтті атқаратын тәрбиешілер айналысады. Бізге үйреншікті болып кеткен білі беру бағдарламалары ашық балабақшаларда жоқ. Сабақтардың мазмұны мен оларды жүргізу нысандарын әр педагог өзінің міндеттеріне, түсініктеріне және мүмкіндіктеріне сүйене отырып әзірлейді. Тек бәріне міндетті әдістемелік ұсыныстар ғана бар, онда мектепке дейінгі жас шамасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға жалпы негізгі бағдарлар беріледі: мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, ақыл-ой, дене және әлеуметтік-жеке тұлға тәрбиелерінің қажеттігі, балалардың жеке тұлғалық мінездемелерін бағдарлау және т.б. Осы бағдарларды іске асыру үшін Германияның әрбір облысында және әрбір балабақшада өздерінің нақты нысандары және өздерінің артықшылықтары пайдаланылады.

  1. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеудегі француздық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері.

Білімді бала өзі алуы тиіс, оқытушы тек жөн сілтеп бағыт – бағдар беруші қызметін атқаруы тиіс. Ж.Ж.Русоның «Эмиль немесе тәрбие»Табиғат

Ересектер мектебін ашты. Францияда мектепке дейінгі тәрбие ұйымдары мектептің бір бөлшегі ретінде Ұлттық білім беру министірлігіне қарайды.Олар негізінен «мектеп ана» типінде өмір сүреді. Сондай ақ жекеленген сыныптар түрінде, мектепалды дайындық ретінде мектеп жасында жұмыс істейді. Егер қайсы бір ата ана баласын мектепке дейінгі тәрбие ұйымына бергісі келмесе, онда себептері негізделген өтініш жазып, балаларын мемлекеттік ұйымдар тарапынан ұйымдастырылған тиісті тестіден жыл сайын өткізіп отырады, Францияда бала 6 жасында оқуды, жазуды, санауды білетін , қажетті әлеуметтік дағдыларды меңгерген болуы міндетті деп есептеледі. Францияда мектепке дейінгі ұйым мақсатты бөлшекке бөлінеді : баланы зерігіуден сақтау, белсенді әрекет, қуаныш сезімін сіңіру. Ал міндеттерінде дене тәрбиесі, адамгершілік және ақыл ой тәрбиесі алдыңғы орында, одан кейін өз қатарларымен қарым қатынас дағдылары, одан соң барып жазу, есептеу, оқу дағдыларын меңгеру жүзеге асырылады.

Тәрбиешіге оқу құралдарын өз еркінше таңдауғ, әдіс тәсілдердің қалауынша қолдануға ерік берген. Сондықтан тәрбиеші бар оқу құралдарын пайдаланбай, басқа ізденістер жасауға құқылы. Олар қалай оқытқысы келсе де өз қалауымен жасайды, балалармен табиғи тең құрметтеу қатынасы орнатылды.

Оқу пәндері негізгі француз тілі , математика – 15 сағат ) және дамытушы адамгершілік, бақылауға үйрету сабақтары, қол еңбег, музыка, тарихи, география – 6 сағат, дене тәрбиесі – 6 сағат болып жіктеледі. Барлығы бір аптада – 27 сағат жүргізіледі. Балабақшада білім беру Жан Пиаже іліміне негізделеді:

Оқу деген – баланың ортамен ықпалдастығының процессі, оның заттық әрекеттері , бұлардың барысында мінез тұрақтылығы қалыптасады.

Әдістеме – М.Монтессори идеялары қолданылады: сөз алдында сурет жүреді, оқудан бұрын жазуға үйрету көзделеді.

Сонымен тәрбие сапасы педагогтардың кәсіби біліктігіне байланысты. Дамыған елдерде тәрбиешілердің ерекшелігі жоғары деңгейде болып, олар әр түрлі бағыттарда жұмыс жүргізе алады және балалардың дамуының өсуін бақылай біледі.