Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы на 13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127.99 Кб
Скачать

8 Билет

  1. Жапониядағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесі. Мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбие мен білім беру үдерісі.Жапонияда Мектепке дейінгі мекемелер түрлері

Балабақша

Күндізгі күту орталықтары

Білім беруге баса көңіл бөлінеді

Тәрбиеге баса көңіл бөлінеді

Бағдарлама бойынша (қоршаған әлеммен таныстыру, әлеуметтік қарым-қатынасты орнату, тіл дамыту, өзінің пікірін білдіру)

Күніне 4 сағат көлемінде балалар балабақшада болад

Күніне 8 сағат көлемінде балалар орталықтарда болады

Топтағы балалардың жас ерекшеліктері біркелкі болады

Топтағы балалардың жас ерекшеліктері әртүрлі болады

Жапонияда сонымен қатар, балалардың денсаулығына баса көңіл бөлінеді. Кез келген оқу орнында дәрігерлер ұжымы (дәрігер, медбике, стоматолог, фармацевт, денсаулық тәлімгері) қызмет атқарады. Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші болу үшін институтта немесе университетте 2 жыл білім алу керек. Тәрбиеші мамандығы жазбаша тапсырған тест нәтижесі бойынша беріледі. Жапон мемлекеті жоғары оқу орнын бітірген мамандарды таңдауда, оны қызметке тағайындауда қатаң саясат жүргізеді. Басқа мемлекеттерден Жапондардың айырмашылығы алған дипломмен бірге қызметке тағайындауда емтихан тапсырып одан өтуі тиіс. Сонымен бірге, Жапония жергілікті жердегі биліктегі шенеуніктерден педагогтардың жалақысы жоғары әлемдегі бірінші де жалғыз мемлекет.

Жапон тәрбиешілері балаларды оқыта отырып, өзара әрекеттесуге үйрету мақсатында шағын топтар құрады. Бұл мектепке дейінгі тәрбиені ұйымдастырудың басты ерекшеліктері болып табылады. Ол топтарда өздерінің таңдаулары бойынша столдары, белгілері және аттары болады, ол белгілі бір шешім қабылдауға, топтың барлық мүшелерінің қалауларына сәйкес бірлескен әрекетке түсуге мүмкіндік туғызады. Әрбір топта 6-8 баладан болады. Балалар қабілеттеріне қарай емес, істеген әрекеттерінің нәтижесіне байланысты топтастырылады. Балалар көптеген дағдыларды меңгереді: әңгімелесіп тұрған адамына қарауды, өзінің көзқарасын білдіруі, құрбыларының пікірімен санасуды және т.б. Құрылған шағын топтардың балалары тұрақты емес, әр жыл сайын жаңа топ құрылады. Мұндай өзгеріс балалардың әлеуметтенуіне мол мүмкіндік туғызады. Егер бала бір топта өзін көрсете алмаса, келесі топта көрсетуі әбден мүмкін. 4-5 жастағы балалармен жұмыста негізгі көңіл бірлескен әрекетке түсу дағдысын нығайтуға бөлінеді.4 жастағы балаларға топтық шешім қабылдауда өзінің пікірін білдіруде дұрыс мінез-құлық таныту, басқалардың пікірін тыңдай білу, кей жағдайда өзінің пікірін дәлелдеп ортақ тіл табысуға жағдай жасалады. 5 жастағы балалар 3-4 жастағы балалар сияқты бірлескен әрекетті жүзеге асырады. Олар ондай жұмыстарды бір айға ғана емес, бір жылға жоспарлайды. Ондай жұмыстарда балалар өздерінің пікірлерін, ұсыныстарын, ортаға салып талдап, ең дұрыс дегенін қабылдауға шшім шығарады және оның сәтті аяқталуын атап өтеді. Сонымен, «ортақ істі» атқаруға қажетті «топтық сананың» қалыптасуына мүмкіндік туғызылады. Жапондардың тағы бірі топтардағы тәрбиешілерді де айырбастап отырады. Бала бір адамға өте бауыр басып қалса, ол келешекте оған кері әсер етеді деп есептейді. Мектепке дейінгі ұйымдарда топты ұйымдастырудың белгілі ұстанымдары бар. Олар: балалардың жеке тұлғалық сапаларының ұқсастығы, дағдылары, өз ойларын жеткізе білуі, өз көзқарасын дәлелдеуі, белсенді әрекетке қабілеттілік деңгейі және т.б.Педагогтар мұндай таңдалған ұстанымдар арқылы балалардың жасқаншақтығын, ұяңдығын жоюға көмектеседі, өзін-өзі жүзеге асыруда, қоршаған ортаға қызығушылығы, белсенділік танытуы, өз ойын еркін айтуға, оны жүзеге асыруға, қарсыласымен белсенді қарым-қатынасқа түсуге, жалпы міндетті шешуге атсалысуға мүмкіндік туғызады деп есептейді. Сонымен қорыта келгенде, Жапонияда мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік емес.

  1. Еуропа мемлекеттеріндегі мектепке дейінгі әр түрлі мекемелердің күн тәртібі. Топ құрамындағы балалардың жасы мен саны. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі тәрбие жүйесі әр елде әр алуан түрлі даму деңгейінде болып отыр. Оның басты себептері : мектепке дейінгі тәрбиеге мемлекет пен қоғамның қатынасына, қоғамдағы әлеуметтік экономикалық жағдайларға , әр елдің салт дәстүрі мен мәдениетіне , аймақтық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. . Европа елдерінде балалар психологиясын, әлеуметтенуді терең меңгеру ықпал етеді. Әлеуметтену оларға балалармен , ата аналармен жұмысты дербес және шығармашылықпен ұйымдастыруға әсер етеді.Отбасында , балалар ұжамында , қоршаған ортада, дүние тануда өзінен, отбасынан, балалар тобынан бастап, елді, құрлықты, жер шарын, ғарышты тануға бағытталған;Өзіне өзі қызмет көрсетуде , шығармашылық табыстарында , ұмтылыстарында, т.б. Тәуелсіз, дербес болуға барған сайын ұмтылу; өзбетінше ойлау, өз ойын сезімін, еркін жеткізу,еркін сөйлеу, түсініп оқу, түсініп тыңдау; балаға шектеуге болмайтын тұлға деп қарау , барлық жауапкершіліктің ата анаға жүктелуі, мектепке дейінгі ұйымдарды оларда бар қабілет икемдерді дамытады деп санау.Қорта айтқанда, әлем елдерінде мектепке дейінгі білім беру ісінде балаларды жалпы азаматтық құндылықтар рұхында тәрбиелеуді ұйымдастыру да едәуір бай тәжірибелер жинақталған. Сәбидің өмір дағдыларын қалыптастыра отырып , шығармашылық қуат мүмкіндіктерін ізгілік тұрғыдан ашуға , дамытуға алдағы уақыттарда өзін өзі танытуына негіз қалыптастыруға басымдық беріледі.Европа елдері тәжірибесінде білім беруді ұйымдастыру әр алуан болуымен бірге ортақ тенденциялар байқалады. Олардың негізгілері мектепке дейінгі ұйыммен қамтылуға тиіс –

  • балалардың жас мөлшері

  • Мектепке дейінгі ұйымдардың типтері

  • білім беру тұжырымдамалары мен бағдарламаларындағы және білім мазмұнындағы мақсат міндеттер

  • олардың құрлымдық ерекшеліктері

  • Балаға білім беру тәрбие берудің формалары

  • Жабдықтары

  • Тәрбиелеу әдістері

  • Мамандар мен ата аналардың рөлі

  • Орталық европа елдерінде пайда болған экологиялық балабақшалар. Қоршаған ортаны қорғау қажеттілігі , салауатты өмірге ұмтылушылық , табиғатқа сүйіспеншілікті арттыру себепті олардың саны көбеюде.

Экологиялық балабақшаларда – Гүл өсіру, жеміс, бақша өіру қолға алынған. Балалар олардың өсуін өз қамқорлығна алып, өсу процесіне бақылау жүргізеді.Бөлме өсімдіктерін күтіп зерттейді, табиғи тәсілдермен өсімдік зиянкестерімен күреседі.Олардағы ойыншықтардың едәуір құрамын табиғи заттар құрайды: ағаш ойыншықтар, емен жаңғақтары, ұлу қауашақтары, түрлі әсем тастар, құм, қой жүні, т.б. Сонымен мектепке дейінгі білім беруге тән жалпы европалық процестерді жинақтап айтқанда , ол мынаған саяды: Тәрбиешілер баланың қоршаған ортамен қуанышты және алаңсыз айналысуын, мейлінше дербестігін, білуге құмарлығын, түрлі тәсілдер мен өзін таныта алуын ынталандыратын жағдай, орта жасайды. Оқыту мен тәрбиелеу күштеусіз бедел мен ынта ықыласқа негізделіп, жоғарғы деңгейдегі кәсіптік сапада атқарылады.Ол отбасы және мектепке дейінгі ұйымдардың махаббаты , жүрек жылуы , сүйіспеншілігі , баланың жеке басына құрметі, ойын, қамқорлық , мейірімділік қарым қатынасқа негізделеді. Сол елдегі заңнамалар олардың ұйымдастырылу

  1. билет

  1. Неміс үлгісіндегі мектепке дейінгі білімнің негізі. Неміс балабақшаларынының ерекшелігі. Германиядағы мектепке дейінгі педагогикада Ф.Фребель жүйесі сақталған. Мұнда мектепке дейінгі ұйымдар үшін бірыңғай ұлттық бағдарлама жоқ. Әр балабақша өз бағдарламасын жасайды, Алайда балабақша тәрбиешілерінің дайындық деңгейіне ерекше көңіл бөлініп, аса жоғары талаптар қойылады. Тәрбиешіге оның қандай деңгейде маман болуына қарамастан керекті сапалар айқындалған. Олар : Шығармашылық өнерінің болуы (ағаштан, қағаздан,металдан, балшықтан,т.б. түрлі қызықты жұмыстар жасай білуі міндетті.) отбасыларымен әр түрлі орталықтармен, балалар мен әлеуметтік жұмыс жүргізу дағдыларын меңгеруі, дұрыс тәрбиелеу жөнінде белгіліәдебиеттерді білу. Өз бетінше бағдарламалар жасай алу , эмпатияға қабілеттілік ( жанашырлық сезіміне) пікір таластыра алатын даудан қайтпау, оларды шеше білу, икемінің болуы, т.б. оқу тәрбиеде күштеу қолданылмайды. Ол балалардың шығармашылығын қолдай отырып, ойнауға, өзара қарым қатынасқа көбірек көңіл бөледі.

  2. Американың мектепке дейінгі білім жүйесінің даму сатысыАмерикада бастауыш және орта білім халыққа тегін беріледі екен. Қазіргі таңда 41 миллионға жуық жеткіншектер Американың бастауыш және орта білім беретін мемлекеттік мектептерінде оқиды. Оның сыртында 5 млн бала жекеменшік мектептерде білім алуда. Нақтылап айтсақ, американдық балалардың 88 пайызы мемлекеттік мектепте, 12 пайызы жеке меншік мектептерге барады. Америкада бастауыш және орта білім халыққа тегін беріледі екен. Қазіргі таңда 41 миллионға жуық жеткіншектер Американың бастауыш және орта білім беретін мемлекеттік мектептерінде оқиды. Оның сыртында 5 млн бала жекеменшік мектептерде білім алуда. Нақтылап айтсақ, американдық балалардың 88 пайызы мемлекеттік мектепте, 12 пайызы жеке меншік мектептерге барады. Әр жыл сайын 13 миллион американдық жастар елдің түкпір-түкпіріндегі мемелекеттігі бар, жеке меншігі бар 3000 университеттерге оқуға қабылданады – дейді доктор Гайна. Орта мектеп бітірушілердің 66 пайызы жоғары оқу орындарына түсетін керінеді. Ақш- та 90-жылдардан бері қарай даму деңгейі тежелген балаларды қалыпты дамыған балалармен интерграциялап оқыту тәжірибесі кең тараған. Онда арнаулы мамандар баланың даму ерекшелігіне қарай әрекеттер ұйымдастырып, нәтижесінде баланы өз бетінше жетілуін көздейді. Америкада оқу жоспарын қатаң жүргізуден бас тарту,топта бала санын аз етіп құру,олардың бірлесіп жұмыс істеуіне,шығармашылықпен жұмыс жасауына ыңғайлы болуын көздейді.Жекелей оқу,еркін ойнау,баланың өз қалауы педагог тек сұрақ қою, түсіндіру, жаңа әрекеттерді көрсету, ұсыну бала мінез құлқын бақылаумен шектеледі. Мұндай оқыту «бала дамуы деңгейіне сәйкес тәжірибе арқылы оқыту» деп аталады. Ағылшын педагогтары баланың сөзбен айта алмаған сезімдерін сурет салу арқылы жеткізуге үйрету керек деп санайды. Мүсіндеуде көбінесе ермексазды қолданады.Балаларға экологиялық тәрбие жетекші орын алған, олар табиғатқа сүйіспеншілік сезімін баулумен шектелмейді, күнделікті өмірде дұрыс мінез қалыптастыруға үйретеді,оларды қорғауға бағыттап отырады.