
7 Билет
Солтүстік Кореяның мектепке дейінгі білім беру моделінің даму тарихы.
Солтүстік Кореяда мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту барлық балаларды қамтыды. 2 миллион қыздар мен ұлдар 19300 балабақшалар мен 28500 яслиге барады және толығымен мемлекеттік қамқорлықта болады. Солтүстік Кореяда тілдік білім мазмұны мен жүйесі төмендегідей ережелермен сипатталады:
өскелең ұрпақты тәрбиелеуде саясат қаруы ең алдымен ана тілін оқытудан басталады;
Солтүстік Корея басшылары тілдің бастапқы кезеңіне баса назар аударады, бала неғұрлым кіші болса, саясат соғұрлым тиімді болады;
ана тілі оқу пәні - Ким Ир Сена шығармасын жаттау пікіріне саяды. Хрестоматия мен оқулықтағы мәтіндер Ким Ир Сенаның ұсынған шығармаларының көлеміне сәйкес, барлығын жеңетін коммунистік саясат және т.б.;
ана тілі мен әдебиет оқулықтары мен оқу құралдарына аттары белгісіз жеке және ұжымдық авторлар шығармалары енгізілген;
оқу дағдысын қалыптастыруға аса маңызды орын беріледі (тілді оқыту әдістемесі);
дауыстап оқу өте кең қолданыс табады. Онда оқушылар дауыс ырғағына, жылдамдығына, сөйлеу мәнерін сақтап оқуы қажет.
Әрбір балабақшада Ким Ир Сеннің арнай жабдықталған бөлмесі бар.Онда Солтүстік Корея негізін қалаушысы жайлы барлық мағлұматтар жинақталған (суреттер,кітаптар,буклеттер,видеодискілер және т.б). Балалардың кішкене жасынан бастап патриоттық сезімдерін оятып,өз елін қорғауға үйренеді. Балабақшадағы әрбір сабақ Ким Ир Сеннің суретіне қарап үш рет бас иіп, алғыс айтудан басталады. Сонымен қатар Солтүстік Корея елдерінің балабақшаларында балалардың шығармашылық қабілеттерін (музыкалық, спорттық, техникалық ) дамытуға аса назар аударылады. Балабақшада балаларға ұлттық аспаптарда ойнау үйретіледі. Әрбір бала мектепке барғанша кем дегенде бір ұлттық аспапта ойнап үйреніп шығады. Әр жыл сайын балабақша аралық сайыстар жүргізіліп отырады, онда балалар өз өнерлерін көрсетіп, шыңдалады.
Cолтүстік Кореяда балаларға 3 жастан бастап әлемді танытып үйретеді, аспан әлемі, ғарыш, космос, планета, тірі және өлі табиғат деген ұңымдар туралы түсінік береді. Мұнда тәрбиешілердің ұстанатын принциптері «ұарапайымнан күрделіге», «жақыннан алсқа» т.с.с. Балаларды қоршаған ортамен таныстыра отырып, әр баланы осы қоғамның бір мүшесі екендігі ескеріледі. Балалардың алған білімдерін тиянақтап, балалардың қызығушылығын одан әрі нығайту үшін көрме жұмыстары көптеп ұйымдастырылады.
Солтүстік Корея балабақшаларының бір ерекшелігі, онда әр сала бойынша әр педагог кызмет атқарады. Мысалы, бейнелеу өнерінен арнайы суретші маманы, дене шынықтырудан арнайы мұғалім т.с.с. Сондай ақ балабақшада әр саланың өз бөлмелері бар, ойыншықтар бөлмесі, кітаптар бөдмесі, шығармашылық бөлмесі, музыкалық аспаптар бөлмесі, ас үй бөлмесі т.б.
Ж.Ж.Руссоның педагогикалық көзқарасы Атақты француз жазушысы, ағартушы-философ, педагог Жан Жак Руссо (1712-1778) ХVІІІ ғасырдағы төңкеріс қарсаңындағы интеллигенцияның дарынды өкілінің бірі болды. Ол Париждегі алдыңғы қатарлы интеллигенцияның өкілдері Дидро, Даламбар, Вольтер, т.б. байланыс жасап, солардың ықпалында “Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы” (1754 ж.) және “Қоғамдық шарт” (1762 ж.) деген шығармалар жазып, әлеуметтік теңсіздікке қоғамдық мәдениеттің төмендігіне, жай халықтың ауыр тұрмысының әсері барын айқын ашып береді. Ал 1762 жылы “Эмиль, немесе оны тәрбиелеу” туралы соңғы шығармасында жаңа адамды тәрбиелеудің және оның тәрбиесінің педагогикалық жүйесін ұсынады. Бұл атақты роман король шенеуніктері мен дін басыларының ыза-кегін туғызды. Соның нәтижесі, Париж парламенті “Эмильді” өртеу туралы қаулы қабылдап, ақыры оны жойып тынды. “Қоғамдық шарт” шығармасында халықтың қамын қамтамасыз ететін үкімет, сондықтан да шарт бойынша адамдар өз құқықтарын үкіметке тапсырады делінген. Руссоның пікірінше, бастапқы қоғамдық шарт бойынша үкімет халыққа қызмет жасап отыруы тиіс, ал егер, олай болмаса, корольдың бізге қажеті жоқ деген пікірді айтады. Адамды адам қанауы болмасын, оған бостандық, теңдік және бауырмашылдық қарым-қатынастары бар қоғамдық құрылыс, яғни ұсақ жеке меншіктің, жер иелері мен қолөнершілер қоғамдық құрылымы керек деп армандайды. Адам еңбегі арқылы өмір сүріп, ешкімге тәуелсіз, бостандықты қадірлей білуге тәрбиеленуі қажет. Жеткіншектерді табиғатқа сәйкес жас ерекшелігін ескеріп, жеке бастарын қадірлеп, олардың қызығушылықтары мен ішкі талап-тілектерін тәрбие үрдісінде басшылыққа алуды міндеттейді. Отбасындағы тәрбие еркін, табиғи болуы керек және тәрбие табиғат, адам, заттар арқылы іске асады деп тұжырымдады. Ж.Ж.Руссо баланың өсу және әр кезеңдегі даму ерекшеліктеріне қарай: баланың туған күнінен 2 жасқа толғанға дейінгі; 2-ден 12 жасқа дейінгі кезең; 12-ден 15 жасқа және 15 жастан ержеткенге дейінгі кезеңдерге бөледі. Ж.Ж.Руссо өзінің саяси және философиялық көзқарастарына қарай екі жасқа дейінгі балаға дене тәрбиесін беріп, денесін шынықтыру керек. Баланың 2-12 жастар аралықтарында денесін шынықтырумен қатар, сыртқы сезім мүшелерін жетілдіру қажет. Бірақ, осы жаста балаға оқуға, ойлантып-толғандыруға, жаттатуға болмайды, өйткені адамгершілік және оқу материалдарынан ұғым-түсініктер жасауға қабілеті жоқ дегенді дәлелдеумен болды. Бозбала 12-15 жас аралықтарында өзін-өзі билеу дәрежесіне жетіп, ақыл-ой деңгейі өскендіктен, білім бергенде оқушының қызығушылығы мен талабына сай айналасын қоршаған дүниеге, байқап сезуіне байланысты жағрапия, астрономия, табиғаттану пәндерін ерекше оқыту керек дегенге назар аударады. Оның оқыту әдістемесінен айтқан кеңесі: балаға оқу материалын түсінбейінше, жаттатпау; білімді ой елегінен өткізіп, өздігінен қорытынды жасауға дағдыландыру қажет деген пікірді ұсынды. Ж.Ж..Руссо дидактикасының негізін құраған мақсаты – оқушының оқу іс-әрекетін, зеректілігін, зейінділігін, байқампаздығын дамыту болды. Еңбек тәрбиесін өмірмен, практикамен байланыстыру, оның педагогика- практикасына қосқан үлесі деуге болады. Ол жасөспірімге 15 жасқа толғанынан бастап адамгершілік тәрбиесін бергенде мейірімділік мінез-құлыққа, терең ақыл-ойға, еркін ерік-күйге тәрбиелеу, оларды өмірге дайындау керек. Сөйтіп, ол Эмильдің адамгершілік қасиеттерін ақылды, қайратты, иманды, білім деңгейін талапқа сай шағын қолөнерші етіп қалыптастыруға ниеттеніп, жаңа адамның мұратты бейнесін жасауға талпынды. Ж.Ж.Руссоның педагогикалық идеясын Батыс Еуропа мен Ресейдің зиялы қауымдары жоғары бағалады.