Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы на 13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127.99 Кб
Скачать

2 Билет

  1. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің Америкалық жүйесі. Англиялық жүйенің ұтымдылығы. ДОУғы тәрбиелік- білім берушілік үрдісі.

АҚШ-тың білім беру жүйесі өте бай тарихты иеленеді. АҚШ-та мектепке дейінгі, мектепалды балаларды дайындауға көп назар аударылады. Әсіресе провинциялық мектептерде 5 жасар балаларды мектепке дайындауда жаппай жұмыс жасалып келеді.

Мектепке дейінгі мекемелер, онда 3-5 жасар балалар тәрбиеленеді. Бастауыш мектеп (1-8 класс), онда 6-13 жасар балалар Орта мектеп (9-12 класс),14-17 жасар балалар оқытылады. Соңғы деңгейдегі білім беретін оқу орындары, олар жоғарғы Басқа капиталистік мектептерге қарағанда американдық мектеп демократиялылау көрінеді. Мысалы,АҚШ-тағы мектепке дейінгі білім беру бала-бақшалармен, яслилерде жүзеге асырылады.Америкада оқу жоспарын қатаң жүргізуден бас тарту,топта бала санын аз етіп құру,олардың бірлесіп жұмыс істеуіне,шығармашылықпен жұмыс жасауына ыңғайлы болуын көздейді.Жекелей оқу,еркін ойнау,баланың өз қалауы педагог тек сұрақ қою, түсіндіру, жаңа әрекеттерді көрсету, ұсыну бала мінез құлқын бақылаумен шектеледі. Мұндай оқыту «бала дамуы деңгейіне сәйкес тәжірибе арқылы оқыту» деп аталады.

Англияда мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін ұйымдастыруда балалардың жас мөлшері басты факторлардың бірі ретінде танылады.Мысалы, Англияда мектепке дейінгі білім беруде 3-5 жас аралығындағы балалар қамтылады. Ал 5 жастан бастап олар міндетті мектептік білімге тартылады. Ал 3 жасына дейін сәби ана тәрбиесінде болуы дұрыс деп есептеледі.

3-5 жастағы сәбидің жас және психологиялық ерекшелігіне қарай мектепке дейінгі ұйымдар Англияда отбасы жағдайына неғұрлым жақын түрде құрылуды көздейтін күндізгі яслилер , толық ясли емес ясилік сыныптар, ойын топтары, аналар мен балалар клубтары ( керекгінде анасы қасында болады) күтушілер инситуттары, «мүмкіндіктер» топтары, т.б. Әрбір тәрбиешіге 10-13 баланы қарау жүктеледі.

Мектепке дейінгі ұйымйындалаида Англияда бірыңғай ұлттық бағдарлама болмайтындықтан, білім мен тәрбие берудің мазмұны түрлі вариативтті сипат алған. Алайда білім беру мекемесінің өзінде дайындалатын бағдарламаның бәрінде де баланың қуат мүмкіндіктерін дамытуға қажетті жағдайлар жасау жолымен дене , ақыл ой, эстетиикалық, адамгершілік және әлеуметтік тәрбиенің тікелей жеке балаға бағытталып жүргізілуі, жүзеге асуы мақсат етіледі.

Мектепке дейінгі ұйымда сабақтың топтық формасы қолданылмайды , әр баламен жұмыс жеке ұйымдастырылады . Баланың ақыл ой дамуы ойын әрекеті барысында жүзеге асырылады.Ағылшын ғалымдары баланың тілін дамытудың 3 сәтін ұйымдастыруға ерекше мән береді :

  • Ойын айта білуге

  • тыңдау

түсінуге икемді.

Бүған барлық мектепке дейінгі ұйымдар күш салады.

  1. Ортағасырдағы христиандық педагогика өкілдерінің туғаннан жеті жасқа дейінгі (алты жас) балаларды тәрбиелеудегі көзқарастары

3 Билет

  1. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің Жапондық жүйе. ДОУғы тәрбиелік- білім берушілік үрдісі

Жапонияда балалар бақшасы Білім, ғылым және мәдениет Министрлігіне, ал күндізгі күтім жасайтын орталықтар Денсаулық және әлеуметтік қамтамасыз ету Министрлігіне қарайды. Мұндағы мектепке дейінгі ұйымдардың өзіндік ерекшеліктері бар.

Жапонияда мектепке дейінгі білім жүйесі белгілі теорияны ұстанбайды: ерекше жетістіктерді пайдалану, сәтті модельдер, тиімді әдістер, ұлттық құндылықтар басым бағыттар болып қалады. Жапон психологтары бала білімнің 70 пайызын жеті жасқа дейін, ал 30 пайызын қалған өмірінде алады, - деген қорытынды жасайды. Балаларды мектепке дайындаудың олар ересектермен қарым-қатынас жасауға үйренеді, бұл олардың қоғамдағы орнын анықтауға ықпалын тигізеді. Жапонияда ұжымдық құндылыққа бағдарлану өте маңызды болып саналады.

Жапонияда балаларды мектепке дайындауда төмендегідей міндеттерді шешеді:

  • балаларға үлкендер мен құрбыларымен жақсы қарым-қатынасын орнатуға көмектесіп, әлеуметтік тәртіп дағдыларын меңгерту;

  • табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу;

  • өмірлік денсаулық дағдыларын игеруге көмектесу;

  • ерке, тентек балаларды тәрбиелеуде ата-аналарға көмек көрсету, басқа балалармен ынтымақтасу қабілетін дамыту;

  • барлық балаларға біркелкі жағдай жасау;

  • балаларды шыдамдылық пен төзімділікке, сабырлылыққа тәрбиелеу;

  • біреуге тәуелді болу дағдысын қалыптастыру және оны түсіну.

Мектепке дейінгі білім беру әрине, отбасынан басталады. И.О. Тихоцкаяның пікірінше, жапон әйелдері үшін басты мәселе ана болу. Бала дүниеге келген соң оның өсуі, дамуы, өмір сүру кезеңдерімен айқындалады,-деген қорытынды жасаған. Қоршаған ортадағы адамдармен қарым- қатынасқа түсуді отбасынан үйренеді. Ал, топтық қарым-қатынасқа түсуді балабақшада және мектепте меңгереді.

Жапонияда балабақша міндетті білім беру сатысы болып есептелінбейді. Жапониядағы барлық балабақшалар жеке меншік болып табылады. Олардың ішінде ерекше орынды элитті балабақшалар алады, өйткені, олар университеттің аясында болады. Мұндай балабақшаларға барған балалардың келешегі зор. Белгілі жасқа келгенде қол жеткен жетістігіне қарай университеттің мектебіне, одан ары университетке емтихансыз түседі.

Жапонияда білім саласында өте жоғары деңгейде бәсекелестік бар. Университеттік диплом министрліктерде немесе белгілі фирмаларда жұмыс істеуге гарант болады. Оның келешегіне сара жол салатын мұндай балабақшаларға түсу өте қиын. Мұндай балабақшаларға түсу үшін ата-аналар өте көп қаражат төлейді, ал балалар күрделі тест тапсырады.

Жапонияда оқу жылы 1 сәуірден басталады. Бұл күні балабақшадан бастап, университетке дейін оқу жылының басталуының салтанатты ашылуы болады. Барлық білім беретін мекемелер біркелкі графикпен жұмыс істейді. Оқу жылы үш семестрге бөлінген. Семестр аралық демалыста университет студенттері, мектеп оқушылары және балабақша балалары үшін каникул болады.

  1. Швецииядағы мектепке дейінгі білім беру: мақсаты мен міндеті, тәрбиелеу мен оқыту қызметінің негізгі мазмұны. Мектепке дейінгі білім берудің бағыты.

ШВЕЦИЯ мемлекетінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу кезеңін ең күрделі әрі қажетті кезең деп қарастырады. Сондықтанда Швециядағы кез келген қала мен кішкентай ауылда да балабақша бар. Статистика бойынша, 1-5 жас аралығындағы 80% балалар кунделікті балабақшаға бірнеше сағат барып қайтады. Балабақша (forskola) – мектепке дейінгі білім беру орталығы, білім беру жүйесінің бір бөлімі. Онда 1-5 жасқа дейінгі балалар қабылданады.

Көптеген балабақшалар әр түрлі педагогикалық бағдарламалар пайдаланады. Сонымен қатар баланың бойындағы белгілі дағдылар мен қабілеттерді дамытып қалыптастыруға бағытталған арнайы оқу-тәрбие жоспарларын пайдаланады. Мысалы: Монтессори, Реджио Эмилия мен Вальдорф әдістемелерін. Швецияда балабақша ақылы түрде жұмыс атқарылады.Бірақ, швед үкіметі бала санын арттыру мақсатында және балабақша ақшасын төлеуге жеткілікті мөлшерде 18 жасқа дейінгі балаларға пособия төлейді. Бұл мемлекет балабақшаларында баланы тәрбиелеу барысында белгілі бір қасиеттерді қалыптастыруға көңіл бөледі. Мысалы: ұжымда жұмыс істей алуына, шыдамдылыққа, айналадығыларға сыйластықпен қарауға т.с.с. Швецияның балабақшаларында көбінесе тәрбиеленушілердің таза ауада көп жүруіне жағдай жасайды. Тіпті, күн жылы болған да балаларды таза ауада ұйықтатады.

Швецияда мектепке дейінгі білім беретін бірнеше мекемелер бар:

1. Отбасылық мектепке дейінгі мекеме – отбасы жағдайындағы балабақша. Бұл балабақшаға 1-12 жасқа дейінгі балалар барады.

2. Ашық балабақша – бұл балабақшаға ата-ана баламен бірге, бала нағыз балабақшаға барғнша бара алады.

3. Дайындық сыныбы немесе 6 жасар. 6 жастағы балалардың барлығы бұл сыныптан орын алуға құқылы. Бұнда бала бастауыш сыныпта оқуға дайындалады.

4. Ұзартылған топ 6-12 жасқа дейінгі балалар бұл топқа сабаққа дейін және сабақтан кейін баруға құқылы. Бұл топта балаға орын ата-анасы жұмыс істесе немесе оқыса ғана беріледі. Әдетте бұндай топтар жұмысын мектептің ішінде жүргізеді. Кіші жастағы балалар үшін арнайы “Ойын мектебі” деген балабақша түрі бар. 3 жастан бастап үлкен балаларды арнайы таза ауады серуен ұйымдастырылады