
29 Билет
Солтүстік Кореяның мектепке дейінгі білім беру моделінің даму тарихы.
Солтүстік Кореяда мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту барлық балаларды қамтыды. 2 миллион қыздар мен ұлдар 19300 балабақшалар мен 28500 яслиге барады және толығымен мемлекеттік қамқорлықта болады. Солтүстік Кореяда тілдік білім мазмұны мен жүйесі төмендегідей ережелермен сипатталады:
өскелең ұрпақты тәрбиелеуде саясат қаруы ең алдымен ана тілін оқытудан басталады;
Солтүстік Корея басшылары тілдің бастапқы кезеңіне баса назар аударады, бала неғұрлым кіші болса, саясат соғұрлым тиімді болады;
ана тілі оқу пәні - Ким Ир Сена шығармасын жаттау пікіріне саяды. Хрестоматия мен оқулықтағы мәтіндер Ким Ир Сенаның ұсынған шығармаларының көлеміне сәйкес, барлығын жеңетін коммунистік саясат және т.б.;
ана тілі мен әдебиет оқулықтары мен оқу құралдарына аттары белгісіз жеке және ұжымдық авторлар шығармалары енгізілген;
оқу дағдысын қалыптастыруға аса маңызды орын беріледі (тілді оқыту әдістемесі);
дауыстап оқу өте кең қолданыс табады. Онда оқушылар дауыс ырғағына, жылдамдығына, сөйлеу мәнерін сақтап оқуы қажет.
Әрбір балабақшада Ким Ир Сеннің арнай жабдықталған бөлмесі бар.Онда Солтүстік Корея негізін қалаушысы жайлы барлық мағлұматтар жинақталған (суреттер,кітаптар,буклеттер,видеодискілер және т.б). Балалардың кішкене жасынан бастап патриоттық сезімдерін оятып,өз елін қорғауға үйренеді. Балабақшадағы әрбір сабақ Ким Ир Сеннің суретіне қарап үш рет бас иіп, алғыс айтудан басталады. Сонымен қатар Солтүстік Корея елдерінің балабақшаларында балалардың шығармашылық қабілеттерін (музыкалық, спорттық, техникалық ) дамытуға аса назар аударылады. Балабақшада балаларға ұлттық аспаптарда ойнау үйретіледі. Әрбір бала мектепке барғанша кем дегенде бір ұлттық аспапта ойнап үйреніп шығады. Әр жыл сайын балабақша аралық сайыстар жүргізіліп отырады, онда балалар өз өнерлерін көрсетіп, шыңдалады.
Cолтүстік Кореяда балаларға 3 жастан бастап әлемді танытып үйретеді, аспан әлемі, ғарыш, космос, планета, тірі және өлі табиғат деген ұңымдар туралы түсінік береді. Мұнда тәрбиешілердің ұстанатын принциптері «ұарапайымнан күрделіге», «жақыннан алсқа» т.с.с. Балаларды қоршаған ортамен таныстыра отырып, әр баланы осы қоғамның бір мүшесі екендігі ескеріледі. Балалардың алған білімдерін тиянақтап, балалардың қызығушылығын одан әрі нығайту үшін көрме жұмыстары көптеп ұйымдастырылады.
Солтүстік Корея балабақшаларының бір ерекшелігі, онда әр сала бойынша әр педагог кызмет атқарады. Мысалы, бейнелеу өнерінен арнайы суретші маманы, дене шынықтырудан арнайы мұғалім т.с.с. Сондай ақ балабақшада әр саланың өз бөлмелері бар, ойыншықтар бөлмесі, кітаптар бөдмесі, шығармашылық бөлмесі, музыкалық аспаптар бөлмесі, ас үй бөлмесі т.б.
К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасы
30 Билет
Вальфдорлық педагогикасының түсінігін ашыңыз Германияда вальдорфтық педагогика xx ғ пайда болды. Бірінші вальдорфтық мектеп 1919 ж. ашылды. Вальдорф мектебінің негізін қалаушы – Рудольф Штайнер (1861-1925) - ерекше педагогика, сауықтыру педагогикасы мен медицинасына ғана емес, сонымен қатар өзі антропософия атаған тұтастай рухани бағытқа демеуші болған. Штайнер дүниеден өткеннен кейін вальдорф балабақшалары мен мектептері бүкіл әлемге таралып, бүгінгі таңда заманауи педагогиканың алдыңғы қатарлы бағыттарының бірі болып табылады. 60-70 ж сән жүйесіне кірмей тұрып Штайнер ең бірінші баланын дамуына және тәрбиесіне көп көніл бөлді. Сол кезден бастап вальдорф бала-бақшаларына және мектептерге көп көніл бөлінді. Қазір 2000- ға жуық вальдорф бала- бақшалары бар. Вальдорф бала-бақшасында балаларды 3.5 жастан қабылдайды. Толық және жарты күндік топтар бар. Топты арнайы дайындықтан өткен тәрбиеші жүргізеді. Біраз уақаттан кейін табысты жұмыстарды өткізген соң топқа « Вальдорф» аты беріледі. Штайнер бойынша педагогиканың негізгі мақсаты, баланың мүмкіндіктерін толық ашу үшін, ерік, түйсік және сезім, үйлесімді дамуы қажет. Сондықтан вальдорфтық мектептерде бейнелеу өнеріне көп көңіл бөлінеді.
Шығыс білім беру жүйесіне жататын елдер. Шығыс елдеріндегі мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері.