
22 Билет
Дания мемлекетіндегі мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы Даниядағы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу педагогикалық жүйе балада тек қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттыру ғана емес, дербес менін қалыптастыруға бағытталған. Даниялық педагогтардың ойынша, баланың ең басты іс-әрекеті бұл – ойын. Олар ойын бағдарламаларын жан-жақты дамытып,сонымен қатар ойын арқылы балабақшаларында ер тірбиешілер де бар. Балабақшада балала топқа бөлінбейді. Олар жасерекшелікке қарамастан барлығы бірге тамақтанып, бірге ойнайды. Балабақша өмірімен ата-ана тығыс қарым-қатынаста болады. Олар кешке балабақшаға келіп өз баламен, басқа да балалармен ойнай алады. баланың ақыл-ой, әлеуметтік және физиологиялық дамытады. Данияда заң бойынша: әрбір баланың ата-анасының қалауымен балабақшада орыны болуы тиіс. Бірнеше балабақшалардың түрі бар: ясли - 6 айдан 3 жасқа дейін; балабақша - 3тен-6/7 жасқа дейін; кеңейтілген балабақша - барлық жастағы балалар;
Оңтүстік Кореядағы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеудегі жүйенің қалыптасу ерекшеліктері.
Оңтүстік Корея өзіндік ерекшелігі бар елдердің бірі, ал оның тарихы драмалық сәттерге және күрт өзгерістерге тұнып тұр. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарына дейін Корея Республикасы әлемнің кедей елдерінің қатарында болған. 1959 жылдың мәліметтері бойынша, мемлекеттің әр оныншы адамы туберкулезбен ауырған, ал әр жүз адамы – алапеске шалдыққан. Елдің кейбір жерлерінде ғана суқұбыры болған және халықтың 90%-ы өзен суын және қоғамдық құдықтарды пайдаланған. Бірақ бірнеше жылдың ішінде Оңтүстік Кореяда экономикалық өсу қарқын алды, және егер 1963 жылы халықтың жан басына шаққандағы жалпы ұлттық өнім 100$-ды құраса, бүгінде 31000$-дан асады.Экономиканың қарқынды өсуі өмір салтының да батыс стандарттарына қарай, кейде тіпті адам айтқысыз түрде өзгеруіне ықпал етті. Бірақ соған қарамастан көптеген салттарын сақтап қала алды және бұл Оңтүстік Корея бейнесінің жарқын сипаты болып табылады. Оңтүстік Кореядағы мектепке дейінгі білім беру жүйесінің өзгешелігі балалардың жақсы білім алып, болашақта жақсы оқуға түсуі мектепке дейінгі жастан бастап қолға алынады. Кореяның мемлкеттік әкімшілік органдары білім беру ұйымдарын жіті қадағалайды. Балаларға білім беруде математикаға, корея және ағылшын тіліне үйретуге, жаратылыстану ғылымдарымен таныстыруға баса назар аударылады. Балабақшаларда дене шынықтыру сабағын маңызды пәндердің бірі ретінде санамайды. Өйткені ол пәнде балаларға дене жаттығулыры жайында мағлұматтан басқа жан-жақты білім берілмейді. 6 жастан бастап балалар бастауыш мектепке барады. Оңтүстік Корея мемлекеті білім беру саласында бастауыш мектептен жоғары оқу орындарына дейін толық компьютерленген мемлекеттің бірі болып табылады. Балалар ерте жасынан өздігінен әрекет етіп, техниканы меңгере бастайды.
23 Билет
Финляндиядағы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеудегі жүйенің ерекшеліктері. Финляндияда орта және жоғары білімге қарағанда мектепке дейінгі білім ақылы түрде. Ата-ана баланы мемлекеттік, жеке меншік немесе отбасылық балабақшалардың қайсысына берседе өзі біледі. Балfбақшаның төлемі орналасқан жеріне немесе атағына қарамайды, керісінше отбасынағы бала санына және ата-анасының табысына байланысты болады. Финляндияда баланың балабақшаға баруы міндетті емес. Бала тіпті 7 жасқа дейін үйде бола алады. Балабақшаларда үнемі орны жеткіліксіз, сондықтан үкімет ата-ананың біреуі бала тәрбиесімен үйде айналысу үшін ай сайын 500 евро төлейді. Ал егер анасы демалыстан жұмысқа шығатын жағдайда үкімет баланы балабақшаға орналастыруға міндетті. Мектепке дейінгі мекемелердің негізгі мақсаты – баланың күндізгі күтімі ретінде яғни ата-аналарды баланы тәрбиелеу барысында қолдау көрсету. Балабақшаға қойылатын негізгі талап – жылы қарым-қатынас жасау және әр түрлі дамытушы ортада жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Сонымен бірге балаларды жасерекшеліктеріне байланысты топтарға бөлмейді. Кіші және ересек жастағы балалар бірге тәрбиеленеді. Тек 6 жасатағы балалар ғана бөлек арнайы топта дайындалады. Финляндиядағы мектепке дейінгі білім берудің ерекшелігі интергрированды тәрбиелеу жүйесін пайдаланды. Яғни дені сау балалар мен бірге мүмкіншіліктері кем, ұлты, діні басқа балаларды бірге тәрбиелеп, оқытады. Физиологиялық немесе ақыл-ой ақауларына байланысты аралас немесе арнайы топтарға барады. Егер бала тіпті жүре алмаса онда қала әкімшілігі көлікпен қамтамасыз етеді.
Еуропа елдерінде мектепке дейінгі мекеменің педагогикалық құрамына деген қойылатын талаптар.
билет
Солтүстік Кореяның мектепке дейінгі білім беру моделінің даму тарихы.
Солтүстік Кореяда мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту барлық балаларды қамтыды. 2 миллион қыздар мен ұлдар 19300 балабақшалар мен 28500 яслиге барады және толығымен мемлекеттік қамқорлықта болады. Солтүстік Кореяда тілдік білім мазмұны мен жүйесі төмендегідей ережелермен сипатталады:
өскелең ұрпақты тәрбиелеуде саясат қаруы ең алдымен ана тілін оқытудан басталады;
Солтүстік Корея басшылары тілдің бастапқы кезеңіне баса назар аударады, бала неғұрлым кіші болса, саясат соғұрлым тиімді болады;
ана тілі оқу пәні - Ким Ир Сена шығармасын жаттау пікіріне саяды. Хрестоматия мен оқулықтағы мәтіндер Ким Ир Сенаның ұсынған шығармаларының көлеміне сәйкес, барлығын жеңетін коммунистік саясат және т.б.;
ана тілі мен әдебиет оқулықтары мен оқу құралдарына аттары белгісіз жеке және ұжымдық авторлар шығармалары енгізілген;
оқу дағдысын қалыптастыруға аса маңызды орын беріледі (тілді оқыту әдістемесі);
дауыстап оқу өте кең қолданыс табады. Онда оқушылар дауыс ырғағына, жылдамдығына, сөйлеу мәнерін сақтап оқуы қажет.
Әрбір балабақшада Ким Ир Сеннің арнай жабдықталған бөлмесі бар.Онда Солтүстік Корея негізін қалаушысы жайлы барлық мағлұматтар жинақталған (суреттер,кітаптар,буклеттер,видеодискілер және т.б). Балалардың кішкене жасынан бастап патриоттық сезімдерін оятып,өз елін қорғауға үйренеді. Балабақшадағы әрбір сабақ Ким Ир Сеннің суретіне қарап үш рет бас иіп, алғыс айтудан басталады. Сонымен қатар Солтүстік Корея елдерінің балабақшаларында балалардың шығармашылық қабілеттерін (музыкалық, спорттық, техникалық ) дамытуға аса назар аударылады. Балабақшада балаларға ұлттық аспаптарда ойнау үйретіледі. Әрбір бала мектепке барғанша кем дегенде бір ұлттық аспапта ойнап үйреніп шығады. Әр жыл сайын балабақша аралық сайыстар жүргізіліп отырады, онда балалар өз өнерлерін көрсетіп, шыңдалады.
Cолтүстік Кореяда балаларға 3 жастан бастап әлемді танытып үйретеді, аспан әлемі, ғарыш, космос, планета, тірі және өлі табиғат деген ұңымдар туралы түсінік береді. Мұнда тәрбиешілердің ұстанатын принциптері «ұарапайымнан күрделіге», «жақыннан алсқа» т.с.с. Балаларды қоршаған ортамен таныстыра отырып, әр баланы осы қоғамның бір мүшесі екендігі ескеріледі. Балалардың алған білімдерін тиянақтап, балалардың қызығушылығын одан әрі нығайту үшін көрме жұмыстары көптеп ұйымдастырылады.
Солтүстік Корея балабақшаларының бір ерекшелігі, онда әр сала бойынша әр педагог кызмет атқарады. Мысалы, бейнелеу өнерінен арнайы суретші маманы, дене шынықтырудан арнайы мұғалім т.с.с. Сондай ақ балабақшада әр саланың өз бөлмелері бар, ойыншықтар бөлмесі, кітаптар бөдмесі, шығармашылық бөлмесі, музыкалық аспаптар бөлмесі, ас үй бөлмесі т.б.
Ж.Ж.Руссоның педагогикалық көзқарасы Атақты француз жазушысы, ағартушы-философ, педагог Жан Жак Руссо (1712-1778) ХVІІІ ғасырдағы төңкеріс қарсаңындағы интеллигенцияның дарынды өкілінің бірі болды. Ол Париждегі алдыңғы қатарлы интеллигенцияның өкілдері Дидро, Даламбар, Вольтер, т.б. байланыс жасап, солардың ықпалында “Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы” (1754 ж.) және “Қоғамдық шарт” (1762 ж.) деген шығармалар жазып, әлеуметтік теңсіздікке қоғамдық мәдениеттің төмендігіне, жай халықтың ауыр тұрмысының әсері барын айқын ашып береді. Ал 1762 жылы “Эмиль, немесе оны тәрбиелеу” туралы соңғы шығармасында жаңа адамды тәрбиелеудің және оның тәрбиесінің педагогикалық жүйесін ұсынады. Бұл атақты роман король шенеуніктері мен дін басыларының ыза-кегін туғызды. Соның нәтижесі, Париж парламенті “Эмильді” өртеу туралы қаулы қабылдап, ақыры оны жойып тынды. “Қоғамдық шарт” шығармасында халықтың қамын қамтамасыз ететін үкімет, сондықтан да шарт бойынша адамдар өз құқықтарын үкіметке тапсырады делінген. Руссоның пікірінше, бастапқы қоғамдық шарт бойынша үкімет халыққа қызмет жасап отыруы тиіс, ал егер, олай болмаса, корольдың бізге қажеті жоқ деген пікірді айтады. Адамды адам қанауы болмасын, оған бостандық, теңдік және бауырмашылдық қарым-қатынастары бар қоғамдық құрылыс, яғни ұсақ жеке меншіктің, жер иелері мен қолөнершілер қоғамдық құрылымы керек деп армандайды. Адам еңбегі арқылы өмір сүріп, ешкімге тәуелсіз, бостандықты қадірлей білуге тәрбиеленуі қажет. Жеткіншектерді табиғатқа сәйкес жас ерекшелігін ескеріп, жеке бастарын қадірлеп, олардың қызығушылықтары мен ішкі талап-тілектерін тәрбие үрдісінде басшылыққа алуды міндеттейді. Отбасындағы тәрбие еркін, табиғи болуы керек және тәрбие табиғат, адам, заттар арқылы іске асады деп тұжырымдады. Ж.Ж.Руссо баланың өсу және әр кезеңдегі даму ерекшеліктеріне қарай: баланың туған күнінен 2 жасқа толғанға дейінгі; 2-ден 12 жасқа дейінгі кезең; 12-ден 15 жасқа және 15 жастан ержеткенге дейінгі кезеңдерге бөледі. Ж.Ж.Руссо өзінің саяси және философиялық көзқарастарына қарай екі жасқа дейінгі балаға дене тәрбиесін беріп, денесін шынықтыру керек. Баланың 2-12 жастар аралықтарында денесін шынықтырумен қатар, сыртқы сезім мүшелерін жетілдіру қажет. Бірақ, осы жаста балаға оқуға, ойлантып-толғандыруға, жаттатуға болмайды, өйткені адамгершілік және оқу материалдарынан ұғым-түсініктер жасауға қабілеті жоқ дегенді дәлелдеумен болды. Бозбала 12-15 жас аралықтарында өзін-өзі билеу дәрежесіне жетіп, ақыл-ой деңгейі өскендіктен, білім бергенде оқушының қызығушылығы мен талабына сай айналасын қоршаған дүниеге, байқап сезуіне байланысты жағрапия, астрономия, табиғаттану пәндерін ерекше оқыту керек дегенге назар аударады. Оның оқыту әдістемесінен айтқан кеңесі: балаға оқу материалын түсінбейінше, жаттатпау; білімді ой елегінен өткізіп, өздігінен қорытынды жасауға дағдыландыру қажет деген пікірді ұсынды.Ж.Ж..Руссо дидактикасының негізін құраған мақсаты – оқушының оқу іс-әрекетін, зеректілігін, зейінділігін, байқампаздығын дамыту болды. Еңбек тәрбиесін өмірмен, практикамен байланыстыру, оның педагогика- практикасына қосқан үлесі деуге болады.Ол жасөспірімге 15 жасқа толғанынан бастап адамгершілік тәрбиесін бергенде мейірімділік мінез-құлыққа, терең ақыл-ойға, еркін ерік-күйге тәрбиелеу, оларды өмірге дайындау керек. Сөйтіп, ол Эмильдің адамгершілік қасиеттерін ақылды, қайратты, иманды, білім деңгейін талапқа сай шағын қолөнерші етіп қалыптастыруға ниеттеніп, жаңа адамның мұратты бейнесін жасауға талпынды. Ж.Ж.Руссоның педагогикалық идеясын Батыс Еуропа мен Ресейдің зиялы қауымдары жоғары бағалады.
билет
Швециядағы мектепке дейінгі балалар тәрбиесінің дамуы дамуыЩвецияда ХІХ ғасырдың ортасында да бірнеше балабақша болған. 1946 жж. Балабақшалар мен балалар орталығын салуға рұқсат берілді. 1975 жылдан бастап мектепке дейінгі мекемелерді ашуға шешім қабылданды.
1976 жылдан бастап барлық 6 жастағы балалар мектепке дейінгі білім алуға құқылы болды.1990 жылдан бастап қана бала ерте жастан бастап балабақшаға баруға рұқсат етілді.1998 ж. ең алғаш ерте жастан бастап 6 жасқа дейінгі сынып ашылды. “Нулевой” сынып деп аталды.
2008 ж.бастап мектепке дейінгі оқыту мен білім беру міндетті емес болды. Бірақ сонда да үкімет қатаң түрде баланың мектепке дайын болуын бақылап келеді. Көптеген балабақшалар әр түрлі педагогикалық бағдарламалар пайдаланады. Сонымен қатар баланың бойындағы белгілі дағдылар мен қабілеттерді дамытып қалыптастыруға бағытталған арнайы оқу-тәрбие жоспарларын пайдаланады. Мысалы: Монтессори, Реджио Эмилия мен Вальдорф әдістемелерін. Швецияда балабақша ақылы түрде жұмыс атқарылады.Бірақ, швед үкіметі бала санын арттыру мақсатында және балабақша ақшасын төлеуге жеткілікті мөлшерде 18 жасқа дейінгі балаларға пособия төлейді. Бұл мемлекет балабақшаларында баланы тәрбиелеу барысында белгілі бір қасиеттерді қалыптастыруға көңіл бөледі. Мысалы: ұжымда жұмыс істей алуына, шыдамдылыққа, айналадығыларға сыйластықпен қарауға т.с.с. Швецияның балабақшаларында көбінесе тәрбиеленушілердің таза ауада көп жүруіне жағдай жасайды. Тіпті, күн жылы болған да балаларды таза ауада ұйықтатады. Швецияда мектепке дейінгі білім беретін бірнеше мекемелер бар: 1. Отбасылық мектепке дейінгі мекеме – отбасы жағдайындағы балабақша. Бұл балабақшаға 1-12 жасқа дейінгі балалар барады.2. Ашық балабақша – бұл балабақшаға ата-ана баламен бірге, бала нағыз балабақшаға барғанша бара алады.3. Дайындық сыныбы немесе 6 жасар. 6 жастағы балалардың барлығы бұл сыныптан орын алуға құқылы. Бұнда бала бастауыш сыныпта оқуға дайындалады.4. Ұзартылған топ 6-12 жасқа дейінгі балалар бұл топқа сабаққа дейін және сабақтан кейін баруға құқылы. Бұл топта балаға орын ата-анасы жұмыс істесе немесе оқыса ғана беріледі. Әдетте бұндай топтар жұмысын мектептің ішінде жүргізеді. Кіші жастағы балалар үшін арнайы “Ойын мектебі” деген балабақша түрі бар. 3 жастан бастап үлкен балаларды арнайы таза ауады серуен ұйымдастырылады
Я.А. Коменскийдің – «Аналар мектебі», «Ұлы дидиктикасы»Я.А.Коменский оқу мен тәрбие жүйелерiн құруда таным үрдiсiне байланысты екi жақты көзқарасты ұстанды. Оның түсiнiгiнше ақиқатты танудың бiр бағыты – логикалық ақыл-ойға негiзделген түсiнiк, оның көзi – дiни сенiм. Ақиқаттың екiншi бағыты – табиғатты тану, ол тiршiлiктiң, байлықтың көзi, табиғатты қорғап, сақтай бiлу үшiн бiлiм қажет. Я.А.Коменскийдiң педагогикалық көзқарастарына қарай және қайта өрлеу дәуiрiндегi гуманистiк бағыттың әсерiмен орта ғасырлық мектеп жүйесiн сынға алып, мектептегi оқу-тәрбие жұмыстары балаға сүйiспеншiлiк пен адамгершiлiк шеберхана орталығы болғанын қалаған. Я.А. Коменскийдің қоғамда байлығына немесе жыныс айырмашылығына қарамай, жалпыға бiрдей, ана тiлiнде оқытатын мектептер ашуды қолдауы, ұлы педагогтың гуманистiк және демократиялық ұстанымда болғандығын дәлелдейдi. Ол, әсiресе, қарапайым халықтың балаларының мектепке қолдары жетпей отырғандығына, негiзiнде халық арасында көптеген дарынды балалардың таланты ашылмай, мемлекет болашағына зиян келтiргендiгiне наразылық бiлдiрдi. Я.А.Коменский “Ұлы дидактика” деген еңбегiнде адамды табиғаттың бiр бөлiгi ретiнде қарап, оны тәрбиелеу мен оқыту табиғи қабiлетi мен қасиеттерiн дамытуға бағытталуы тиiс деп кеңес бередi.Бұл талап тәрбие мен оқытудың жалпы ұстанымы ретiнде саналып, кейiн “табиғатқа сәйкестiк ұстанымы” деп аталды. “Табиғатқа сәйкестiк ұстанымы” – оқытудағы құрғақ жаттау мен догмалық бiлiмге қарсы, баланың табиғатын, оқу мүмкiндiктерiн ескерiп, бiлiм мен тәрбие беретiн ұстаным. Ол өмiрге қажеттi күнделiктi iстерге пайдалы бiлiмдердi берудi ұсынды. Сол себептен мектептiң мақсаты – ақылды адамды тәрбиелеу, адамның адамдық қасиетi тек тәрбие арқылы қалыптасады дедiЯ.А.Коменский оқушыларға жан-жақты бiлiм беруде жас ерекшелiктерiн ескерiп, бiр-бiрiмен байланысқан оқытудың 4 сатылы кезеңнен тұратын оқу жүйесiн ұсынды. Олар: баланың туылған күнiнен бастап 6 жасқа дейiнгi аралықта үйiнде “Ана мектебiнде” тәрбиеленуi; 6 жастан 12 жасқа дейiн әрбiр қауымдастықта “Ана тiлi” мектебiнде оқуы; 12 жастан 18 жас аралығында оқушылар әрбiр қаладағы латын мектебiнде бiлiм алуы; 18 жастан 24 жасқа дейiнгi жастардың әр мемлекеттегi академияларға түсiп оқуы.“Ана мектебiнде” балалардың сезiм мүшелерін, айналасын, қоршаған өмiр жайлы алғашқы түсiнiктерiн, тiлiн және қол iскерлiгiн дамыту қарастырылуы тиiс. “Ана тiлi” мектебiнде оқушыларға көп мәселелердi қамтитын арифметика, география, тарих, мемлекет құрылысы мен экономикалық өмiр және әржақты қолөнермен таныстыру, жүйелi, нақты бiлiм берiлуi керек. Сонымен бiрге “Қасиеттi жазу” мәтiндерiн оқыту, балаларға дiни тәрбие қоса жүргiзiлуi қажет. Гимназияда немесе латын мектебiнде латын тiлдерiмен бiрге нақты пәндер: математика, физика, жаратылыстану оқылса, оқушылардың өздiктерiнен оқитын: тарих, этика, көршiлес елдердегі жаңа тiлдерден сабақтар және жалпы бiлiм беру курстары: риторика мен диалектика өткiзiлуi тиiс. Ал, академияда бүкiл ғылымдардың жетiстiктерiнен бiлiмдер беретiн – пансофия оқытылуы қажет делiндi. Сол кездегi мектептерде латын тiлiнде оқитын болғандықтан, Коменский бастауыш мектепте сабақтар ана тiлiнде жүргiзiлуi тиiс деген пiкiр айтты. Ол ана тiлiнде оқыған оқушылардың ақыл-ойын дамытуға мүмкiндiк туады, басқа тiлдердi үйрену ана тiлiнiң негiзiнде жүргiзiлсе ғана жемiстi болады деп санаған.Я.А.Коменский мектептер үшiн оқулықтар, бағдарламалар, оқу құралдарын дайындау алдағы тұрған басты мiндет деп санап, оқулықтар жатық тiлде нақты және дәл, әр ғылым мен өнер жайлы оқу материалдарын балалардың өздерi мұғалiмнiң көмегiнсiз түсiнуге лайықты болуын қолдады. Айтылған талаптар деңгейiнде “Ана мектебi”, “Тiлдер мен барлық ғылымдардың ашық есiгі”, “Физика”, “Астрономия”, т.б. оқулықтары жазылды. Соның iшiндегi Я.А.Коменскийдiң есiмiн дүние жүзiне жайған оқулық - “Ұлы дидактика” едi. Бұл кiтапта оқу iсiне қойылатын дидактикалық талаптар жеке-жеке сараланған: оқушыларды бiлiм алуға ынталандыру; оқу материалдарын бiртiндеп күрделендiру; тұрмысқа, шаруашылыққа қажеттi бiлiмдердi беру; бала табиғатын ескерiп, шамасы келетiн оқу материалын оқыту; игере алатын оқу материалын саналы түрде қабылдауға жағдай туғызу; материалдарды түсiндiруде баланың өмiрден алған сезiмдерiне, түйсiктерiне сүйену арқылы оқу тәрбие жұмысын жандандыру.“Ұлы дидактиканың” педагогикалық ойды және жаңа мектептiң оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттырудағы маңызы – дидактикалық ұстанымдардың жүйеленуiнде. Олар оқытудың көрнекiлiгi, саналы оқу, оқытудың жүйелiлiгi, түсiнiктiлiгi, сатылы оқу, оқушының жас ерекшелiктерiн ескеру, оқытудың негiздiлiгiнен тұрады.Бұл дидактикалық ұсынымдардың әрқайсысының өзiндiк ерекшелiктерi бар. Мысалы, көрнекiлiк ұстанымының мәнi – дүниенi тану сыртқы сезiмге байланысты, түйсiкте болмаған нәрсе, зат ойда болмайды, сондықтан нәрсе мен зат бақылау, ақиқаттығы мен анықтылығы тек сезiм арқылы дәлелденедi. Сол себептi де сезiмнен тыс нәрселер мен заттардың (мәселен, аспан әлемi, жер асты байлықтары, жер бетiндегi өсiмдiктер мен жануарлар, т.б.) жасанды формаларын суреттерiн, бейнелерiн салыстыра отырып оқыту қажет.Оқушының алған бiлiмi тиянақты ұстанымда болса, оның бiлiмi жүйелi, өзара байланысты, ой қисыны дәйектi және берiк болады. Оқытудың жүйелi және бiрiздiлiк ұстанымы бiлiмнiң “жалқыдан жалпыға”, “белгiлiден белгiсiзге”, “жеңiлден қиынға”, “нақтыдан абстракты ойға” қарай игерiлуi оқулықтың басты ережесiн құрайды. Я.А.Коменский бiлiм беру iсiн ұйымдастыруды дүниежүзi бойынша алғашқы рет жүйелiлiкпен дәлелдедi. Оқу жылын тоқсандарға бөлiп, оқу күнiн, күнiне қанша сабақтар өту, тоқсан аяғында оқушыларға демалыс беру, балаларды бiр мезгiлде қабылдау, оқушылардың бiлiмдерiн тексеру, сыныптан сыныпқа көшiру тәртiптерiн енгiздi. Сонымен бiрге ол сабақтың құрылымын анықтауда жаңалық ашты. Мысалы, өткен оқу материалын сұрау, жаңа тақырыпты өту, қайталау және жаттығулар жүргiзу, оқушылар бiлiмiн тексеру, сабақты жоспарлау, тәртiп, т.б. оқу сапасын арттыруға себепшi болды деп айтуға құқығымыз бар.“Ұлы дидактикада” оқыту әдiстемесiне байланысты құнды пiкiрлердi кездестiремiз, мәселен, оқытуды бақылаудан бастап заттар мен нәрселердiң сыртқы және iшкi ерекшелiктерiнiң себеп-салдар байланыстарын сезiну, содан соң көргендi талдау керек.Оқу материалын бiрiздiлiкпен жоспарлы ұйымдастырудағы оқу әдiсi жеңiлден қиынға, жақыннан алысқа, жалқыдан жалпыға қарай жүргiзiлiп оқушылардың алған бiлiмдерi тиянақталып, өмiрде пайдалануға жағдай туғызады.Келесi оқыту әдiсiнiң мәнi оқушылардың бiлiмге деген қызығушылығын арттырып, алған бiлiмдерiне көңiлі толуына, келесi бiлiмге деген ынтасына бағыт беруге кеңес бередi. “Ұлы дидактика” еңбегiнде Я.А.Коменский адамгершiлiк тәрбиесi жөнiнде дiни бағыт ұстанғанын байқаймыз.Ұлы педагог балалардың адамгершiлiк қасиеттерiн тәрбиелеуде кiшiпейiлдiлiкке, мейiрiмдiлiкке, өзiн-өзi басқару, ерлiк, еңбек сүйгiштiк сапаларын қалыптастыруға көп көңiл бөлудi талап еткен. Ал терiс мiнез-құлықтан эгоизм, қаталдық, жалқаулық, өтiрiкшiлiк сияқты әдеттерден арылуға ата-аналар мен мұғалiмнiң бiрлесу қажеттiлiгiн ескеру керектiгiн айтты.Я.А.Коменский мектеп практикасына жаңа леп, жаңа бағыт әкелдi. Сондықтан ол “Тәрбиенiң Галилейi” деген әдiл атаққа ие болды. Жаңа философияның негiзiне сүйенген педагог алғашқы рет дидактика жүйесiн құрды, тың педагогикалық идеялар енгiздi.