
21 Билет
Неміс үлгісіндегі мектепке дейінгі білімнің өсу тарихы.
Неміс педагогы Ф.Фрёбелдің (1782—1852) бастамасымен 1840 жылы ашылған бастауыш жасындағы балаларға арналған алғашқы тәрбиелеу мекемелері балалар бақшасы деп аталатын болған. ХIХ ғасырда Германияның өзінде де, сол сияқты оның шекарасынан тысқары да балабақшалар пайда болды. Шіркеулер және қоғамдық коммуналдық мекемелер, қауымдар, бірлестіктер, қайырымдылық ұйымдары әуелден –ақ оларды құрған субъектілер болды. Германияда мектепке дейінгі білім беру міндетті түрде жүреді (яғни балабақшалар міндетті білім беру жүйесіне кірмейді). Балабақшада 7-10 педагог және 1-2 стажер жұмыс істейді. Әр бөлмеде балалармен бірге 2 педагог болады, олар балаларды қадағалап жүреді, қажет болған жағдайда қызықты дәрістерді ұсынады және балалардың іс – әрекетіне бағыт береді, даулы жағдайларды шешеді. Дәстүрлі топтардың болмағандығына қарамастан, педагогтар белгілі бір балаларды қамқорлығына алады және олар үшін жауапты болады. Әр педагогқа әртүрлі жас шамасындағы 20-25 бала «бекітілген». Германияда ашық балабақша педагогы жұмысының ерекше өзгешелігі сыртқы бақылау сатыларының жоқтығы болып табылады. Балаларға арналған мекемелер мемлекеттік органдар алдында өз жұмысы туралы есеп бермейді. Бұл тәрбиешінің еңбегін ұйымдастырудағы ең маңызды сәт, себебі бір жағынан бақылаудың жоқтығы тәрбиешінің жауапкершілігі мен дербестігін жоғарылатады, ал екінші жағынан – тәрбиелік жұмыстарды тексеруші комиссияға емес, балаларға бағыттайды (бұндай жағдай біздің елде жиі кездеседі). Неміс тәрбиешілері мол құжаттама жүргізуге міндетті емес, ол білім беру үрдісінің ішкі қажеттіліктері үшін жүргізіледі. Құжаттама әрбір балаға жылына 2 рет – жылдың басында және аяғында толтырылатын, жеке даму карталарын толтыруға саяды. Жыл ішінде баланың дамуындағы маңызды өзгерістер туралы қосымша жазбалар енгізілуі мүмкін. Балалардың дамуын бағалау мен оларды сынақтамадан өткізуді педагогтың өзі жүргізетіндігін атап өту маңызды. Ашық балабақшада бізге үйреншікті болып кеткен көптеген лауазымдар болмайды. Бұл жерде әдіскер, аға тәрбиеші, музыка жетекшісі, психолог, логопед, дәрігер және басқалары жоқ. Осы қызметтердің барлығын тәрбиеші атқарады. Қажет болған жағдайда педагог арнайы психологиялық орталықтарға жүгінеді, логопедті немесе дәрігерді шақырады. Балаларға музыканы және бейнелеу өнерін үйретумен осы қызметке бейім және оны сәтті атқаратын тәрбиешілер айналысады. Бізге үйреншікті болып кеткен білі беру бағдарламалары ашық балабақшаларда жоқ. Сабақтардың мазмұны мен оларды жүргізу нысандарын әр педагог өзінің міндеттеріне, түсініктеріне және мүмкіндіктеріне сүйене отырып әзірлейді. Тек бәріне міндетті әдістемелік ұсыныстар ғана бар, онда мектепке дейінгі жас шамасындағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға жалпы негізгі бағдарлар беріледі: мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, ақыл-ой, дене және әлеуметтік-жеке тұлға тәрбиелерінің қажеттігі, балалардың жеке тұлғалық мінездемелерін бағдарлау және т.б. Осы бағдарларды іске асыру үшін Германияның әрбір облысында және әрбір балабақшада өздерінің нақты нысандары және өздерінің артықшылықтары пайдаланылады
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеудегі француздық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері. Францияда мектепке дейін білім беру «ана мектептерінде» немесе бастауыш мектептері жанында ұйымдастырылған «аналар сыныптарында» жүзеге асырылады. «Ана мектептері» деп француздар балабақшаларды атайды. Балабақшаға бару міндетті емес, бірақ 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың көбісі «ана мектептеріне» барады. Балаларды мектепке дейінгі мекемеге ата-аналарының қалауы бойынша қабылдайды, бірақ бұл ретте олардың қалауы әрқашан қанағаттандырыла бермейді. Тәрбиеленушілер жас шамасына қарай екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа 4 жасқа дейінгі жас шамасындағы ең кішкентай балалар кіреді, олардың айналысатын істері - әртүрлі ойындар. Бала өмірінің кез-келген кезеңінде шынайы тәрбиенің «барлық ғылыми әдістерден маңыздырақ болатын, сипап танып білу» қағидасы негізінде жүзеге асырылатындығын ескеру керек (С.Френе Адамгершілік педагогикасының антологиясы. М.,1996. Б.29). міне сондықтан, екінші топта (5-жасқа дейін) ойындардан басқа шығармашылық сабақтары жүргізіледі: сурет салу, жабыстыру, бұдан басқа, балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауына, сондай-ақ әртүрлі тәжірибелік дағдыларды үйретуге үлкен назар аударылады. Ең үлкендеріне оқуды, санауды және жазуды үйретіп, оларды мектепке баруға дайындайды. «Басты назар балалардың тілін дамытуға, ән айтуына, сурет салуына, ден жаттығуларына, санитарлық-гигиеналық дағдыларын және өз-өзіне қызмет көрсетудің қарапайым дағдыларын тәрбиелеуге аударылады» Б.Л. Вульфсон Бүгінгі Франция мектебі. М.,1970. Б.78.. кішкентай тәрбиеленушілерге ұрысуға, айқайлауға үзілді-кесілді тыйым салынады, кішкентайларға өте мейірімді және жылы қарайды. Тәрбиешілер кішкентайлардың жылауына жол бермейді. Егер бала ренжіп қалса, оны қолынан ұстап, жұбатады, қандай да бір қызықты іспен көңілін аулайды. Кейде балалар бір күндік сапарға кетеді және табиғат аясында кішігірім серуен құрады.