
20 Билет
1. Неміс үлгісіндегі мектепке дейінгі білімнің негізі. Неміс балабақшаларынының ерекшелігі. Германиядағы мектепке дейінгі педагогикада Ф.Фребель жүйесі сақталған. Мұнда мектепке дейінгі ұйымдар үшін бірыңғай ұлттық бағдарлама жоқ. Әр балабақша өз бағдарламасын жасайды, Алайда балабақша тәрбиешілерінің дайындық деңгейіне ерекше көңіл бөлініп, аса жоғары талаптар қойылады. Тәрбиешіге оның қандай деңгейде маман болуына қарамастан керекті сапалар айқындалған. Олар : Шығармашылық өнерінің болуы (ағаштан, қағаздан,металдан, балшықтан,т.б. түрлі қызықты жұмыстар жасай білуі міндетті.) отбасыларымен әр түрлі орталықтармен, балалар мен әлеуметтік жұмыс жүргізу дағдыларын меңгеруі, дұрыс тәрбиелеу жөнінде белгіліәдебиеттерді білу. Өз бетінше бағдарламалар жасай алу , эмпатияға қабілеттілік ( жанашырлық сезіміне) пікір таластыра алатын даудан қайтпау, оларды шеше білу, икемінің болуы, т.б. оқу тәрбиеде күштеу қолданылмайды. Ол балалардың шығармашылығын қолдай отырып, ойнауға, өзара қарым қатынасқа көбірек көңіл бөледі
2. Американың мектепке дейінгі білім жүйесінің даму сатысы
Америкада бастауыш және орта білім халыққа тегін беріледі екен. Қазіргі таңда 41 миллионға жуық жеткіншектер Американың бастауыш және орта білім беретін мемлекеттік мектептерінде оқиды. Оның сыртында 5 млн бала жекеменшік мектептерде білім алуда. Нақтылап айтсақ, американдық балалардың 88 пайызы мемлекеттік мектепте, 12 пайызы жеке меншік мектептерге барады. Америкада бастауыш және орта білім халыққа тегін беріледі екен. Қазіргі таңда 41 миллионға жуық жеткіншектер Американың бастауыш және орта білім беретін мемлекеттік мектептерінде оқиды. Оның сыртында 5 млн бала жекеменшік мектептерде білім алуда. Нақтылап айтсақ, американдық балалардың 88 пайызы мемлекеттік мектепте, 12 пайызы жеке меншік мектептерге барады. Әр жыл сайын 13 миллион американдық жастар елдің түкпір-түкпіріндегі мемелекеттігі бар, жеке меншігі бар 3000 университеттерге оқуға қабылданады – дейді доктор Гайна. Орта мектеп бітірушілердің 66 пайызы жоғары оқу орындарына түсетін керінеді. Ақш- та 90-жылдардан бері қарай даму деңгейі тежелген балаларды қалыпты дамыған балалармен интерграциялап оқыту тәжірибесі кең тараған. Онда арнаулы мамандар баланың даму ерекшелігіне қарай әрекеттер ұйымдастырып, нәтижесінде баланы өз бетінше жетілуін көздейді. Америкада оқу жоспарын қатаң жүргізуден бас тарту,топта бала санын аз етіп құру,олардың бірлесіп жұмыс істеуіне,шығармашылықпен жұмыс жасауына ыңғайлы болуын көздейді.Жекелей оқу,еркін ойнау,баланың өз қалауы педагог тек сұрақ қою, түсіндіру, жаңа әрекеттерді көрсету, ұсыну бала мінез құлқын бақылаумен шектеледі. Мұндай оқыту «бала дамуы деңгейіне сәйкес тәжірибе арқылы оқыту» деп аталады. Ағылшын педагогтары баланың сөзбен айта алмаған сезімдерін сурет салу арқылы жеткізуге үйрету керек деп санайды. Мүсіндеуде көбінесе ермексазды қолданады.Балаларға экологиялық тәрбие жетекші орын алған, олар табиғатқа сүйіспеншілік сезімін баулумен шектелмейді, күнделікті өмірде дұрыс мінез қалыптастыруға үйретеді,оларды қорғауға бағыттап отырады.