Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ответы на 13.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
127.99 Кб
Скачать

1 Билет

  1. Салыстырмалы педагогиканың пәні, объектісі, мақсаты мен міндеттері

« Салыстырмалы педагогика » деген терминді ғылыми қолданысқа француз ғалымы М.А.Жюльен « Салыстырмалы педагогика бойынша жұмыс нобайлары мен алдын ала жазбалар »(1817ж.) Деген кітапшасына енгізген.

Марк Антуан Жюльен « Салыстырмалы педагогика » деген терминді оқыту мен тәрбие беру тәсілдерін салыстырмалы зерттеумен айналысатын мекемелердің практикалақ іс-әрекетті және педагогикалық теорияны әр түрлі елдегі педагогикалық практиканы салыстырмалы зерттеу нәтижесі ретінде түсінген.

Салыстырмалы педагогика жалпы педагогиканың бір саласы болғанымен әлі бүгінге дейін өзінше қалыптаса қоймаған пән.

Салыстырмалы педагогика пәні- әр түрлі елдердің білім беру жүйесінің саналуандығы.

Салыстырмалы педагогиканың мақсаты:

1.Басқа елдердегі білім беру құбылысын оларды өз еліндегі білім беру құбылысы оларды өз еліндегі білім беру жүйесін жетілдіру үшін пайдалануды ескеріп зерттеу.

2.Салыстырмалы зерттеулер технологиясын теориялық, әдіснамалық және әдістемелік проблемаларды шешу арқылы жетілдіру.

3.Білім беру морфологиясын ұлттық, өңірлік және әлемдік ауқымда білім берудің практикалық салыстырмалы зерттеулерін жүзеге асыру арқылы құру.

Салыстырмалы педагогиканың ғылым ретіндегі негізгі міндеттері:

АҚШ ғалымдарының пайымдауынша: салыстырмалы педагогиканың жинақтай келгенде міндеттері мынандай:

-әр түрлі елдердегі білім берудің жағымды және жағымсыз жақтарын зерттеу,саралау;

- осыған орай оның қоғамдық – саяси және экономикалық себептерін ашу;

- дүниежүзілік дамудың әсерін салыстырмалы педагогикадан табу.

Салыстырмалы педагогиканың оқу пәні ретіндегі негізгі міндеттері:

-Басқа елдердің білім беруді реформалау тәжірбесін зерттеу;

- оны өз еліндегі тәжірибемен салыстыру, айырмашылықтарын анықтап баға беру;

-Қазақстан Республикасының білім беру тәжірбиесін зерттеген Отандық және шетелдік зерттеушілердің еңбектерін талдап, салыстыру.

  1. Қытайлық мектепке дейінгі білім беру моделі, оның мақсаты мен мемлекеттік реттеуі.

Қытайдың Мектепке дейінгі білім беру 3-6 жас аралығын қамтиды. Оқытудың негізгі ерекшелігі: 4-6 жас аралығындағы балалардың жас ерекшелігіне байланысты өзінің арнаулы кітаптары мен дисклері бар.

Қытайда мектепке дейінгі ұйым жүйесінде білім мазмұны ең алдымен гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене қимыл- әрекетін белсендендіру, тіл дамыту, музыка, өнер,адамкершілік тәрбие сияқты құрлымнан тұрады.

Тәрбиешілер баланың тәртібіне және мінез- құлқына аса шектеу қойып, бақылау жасайды, ойындарды да аса тар шеңберде жүргізеді. Балалар сабаққа өте енжар қатысады,тәртіпке, ересек адамның айтқанына толық мойын ұсынады. Бірақ , Қытайдағы мұны ерекше қамқорлық ретінде бағалап, ата-аналар да балалар осындай ортада тәрбиеленеді деп есептейді.

Музыкалық қабілеті бар балалар жоғары бағаланады.Сонымен қатар Бұл елдің базалық білім беру жүйесіне мектепалды, бастауыш, орта толық емес, толық орта білім беру жатады.Баланы балабақшаға беру міндетті емес. Бала мектепке оқуға барудан бұрын толық негіз қалап болады.