Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Nashi_shpory_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.56 Mб
Скачать

3. Сигналды күшейткіш класстар. Олардың ерекшеліктері.

Күшейткіш каскад жұмыс нүктесінің орнын таңдау түріне, яғни, кіріс айнымалы сигналдың амплитудасына, түріне және полярлығына байланысты – А, Б, С кластық жұмыс режимінде болады.

А класы режимінде жұмыс нүктесінің алғашқы орнын жүктемелік тіке сызықтың ортасынан таңдайды. Бұл жағдайда базалық тоқтың өзгеруіне коллекторлық тоқтың пропорционал өзгеруі сәйкес келеді, ал оның кіріс сигналдың қосжақты амплитудасының 2Uбм өзгеруінің әсерінен пайда болатын жылжуы осы бөлікпен шектеледі. Берілген суретте бұл бөлік шығыс сипаттамада NF сызығымен, кіріс жақта N1F1 сызығымен көрсетілген. Яғни, шығыс коллекторлық тоқ күшейтілетін сигналдың бүкіл периоды кезінде жүріп жатады да, сыртқы тізбекте, сигналдың тегіс периоды бойынша өзгеруін, синусойданы аламыз.

Жұмыс нүктесі динамикалық кіріс сипаттамасының тіке сызықты бөлігінен шықпайтындықтан, күшейткіш беретін сызықтық емес бұрмалау аз, бірақ, күшейткіш ПӘКі өте кішкентай, себебі, жүктемеге берілетін пайдалы қуат Pшығ амплитудасы Iк коллекторлық тоқтың айнымалы құрамасымен анықталады, ал ол қоректену тоқ көзінен алынатын Pқ қуатымен анықталатын тұрақты құрамадан Iок әлдеқайда кіші. А класс режиміндегі әдетте алдын ала күшейтетін күшейткіштер ретінде немесе кішкене қуатты ақырғы қаскадтар ретінде қолданылатын күшейткіштер ПӘКі 20-30%-тен аспайды.

Класс В режимінде жұмыс нүктесінің бастапқы орны динамикалық сипаттамада ға жақын коллектор тоғы мәнінде таңдап алынады. Сондықтан да айнымалы кіріс сигналдың барында коллетор тоғының амплитудасы айнымалы құрастырушысы сигналдың тек жарты периоды аралығында өтеді, периодтың екінші жартысында транзистор жабық. Күшейтілген сигнал жоқта коллетор тоғының тұрақты құрастырушысы 0-ге жақын болғандықтан, бұл лежим үнемді екі тақтылы үлкен қуатты күшейткіштерде қолданылады. Бұл режимнің кемшілігі – сызықтық емес бұрмалаудың күшейткіште өте үлкен болуы.

Үшінші режим С класы есептеледі. Бұл режимде жұмыс нүктесі болатын динамикалық сипаттамадағы кернеу осінен алынады, яғни басқаша айтқанда транзисторды тыйып тастау режимі деп аталады. Транзистор тоғы 0-ге тең болатын, ал коллетор кернеуі үлкен болатын режимде жұмыс істейді. Бұл режим өте үнемді, ПӘК-і 85 пайызға дейін жетеді, себебі сигнал жоқта транзистор қуатты аз пайдаланылады.

21- билет

1. Операциондық күшейткіш негізіндегі терістейтін және терістемейтін күшейткіштер. Схемалары және кернклі күшейткіш коэффициенттері.

Операциондык кушейткиштің 2 кірісі, 1 шығысы бар. Бірінші кіріс терістейтін деп, ал екінш кіріс терістемейтін д.а. Сигналга терістейтін кіріске берсек, онда шығыс сигнал кіріс сигналга қарама-қарсы таңбада б/ды фаза б/ша. Ал егер сигналды терістемейтін кіріске берсек онда шығыс сигнал мен кіріс сигналдың таңбалары бірдей б/ды, фаза б/ша сәйкес б/ды.

Теристейтин кушейткиш. Шығыс сигналдың берілісін кіріс сингналға қарағанда өзгертетін күшейткіш - операциондык кушейткиштің терістейтін кірісіне R резисторы арқылы кернеу б/ша параллель теріс кері байланыс жасау арқылы құрылады. Терістемейтін кіріс схеманың кірісі мен шығысының жалпы нүктесімен қосылады. Кіріс сигнал R1 резисторы арқылы операциондык кушейткиштің инверстейтін кірісіне беріледі.

Теристемейтин кушейткиш. Бұл күшейткіш терістейтін кірісіне қосылатын кернеу б/ша тізбекті теріс кері байланыстан тұрады; кіріс сигнал операциондык кушейткиштің инверстемейтін кірісіне бе ріледі. Операциондык кушейткиштің кірістеріндегі кернеу 0-ге тең болғандықтан U0=0 кіріс кернеу:

Uкр= Uшы R1/( R1+ R)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]