Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Nashi_shpory_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.56 Mб
Скачать
  1. Бекітпесі оқшауланған арнасы индуцирленген nМдп- транзистрлардың құрылымы және жұмыс істеу принципі.

МДЖ (МДП) - транзисторлардың жұмысы мынандай құбылыстың негізінде құралған: егер де жартылай өткізгіш пластинка мен одан кішкене қашықтықта орналасқан және диэлектрикпен бөлінген металл пластинка арасында потенциалдар айырмасын беретін болсақ, онда жартылай өткізгіштің бетіндегі зарядтар үлесі өзгереді де, жартылай өткізгіштің көлемінде сыртқы өріске қарсы бағытталған және одан жартылай өткізгіштің негізгі көлемін экрандайтын ішкі электр өрісі туады. Металл пластинка жаппа деп аталып, жартылай өткізгіштің пластинкасынан диэлектрлік жұқа қабыршақпен бөлінеді, міне сондықтан да бұл транзисторлардың металл-диэлектрик-жартылайөткізгіш үш қабаттан тұратындықтан қысқартылып, МДЖ (МДП) – транзисторлар деп аталады.

МДЖ – транзисторлардың екі түрлері бар:

  1. Өзіндік әдейі жасалған каналы бар МДЖ – транзистор;

  2. Өріс арқылы пайда болатын (индукцияланған) каналы бар МДЖ – транзистор.

МДЖ – транзистордың екінші түрінің құрылысы суретте көрсетілген. Транзистордың бұл түрінде әдейі жасалған өткізгіш каналы жоқ, сондықтан транзистор тек байытылу режимінде ғана жұмыс істейді. Өткізгіш канал бұл транзисторда жаппаға кернеу берілген кезде, электрондардың электр өрісінің күшімен жаппаның астына тартылып жиналуына байланысты пайда болады, мұны электр өрісінің нәтижесінде индукцияланған канал деп атайды. Бұл канал бастау мен құйма облыстарын бірімен – бірін қосып, екі ортада да тоқ пайда болады. Кернеудің мәні өскен сайын тоқ та өседі.

Индукцияланған каналы бар МДЖ-транзисторларының құрылысы

18- билет

  1. А күшейткіш класы, жұмыс нүктесінің бастапқы жағдайы (сипаттамалармен бейнелеп көрсету керек), ерекшелігі және пайдалануы.

Күшейткіш каскад жұмыс нүктесінің орнын таңдау түріне, яғни, кіріс айнымалы сигналдың амплитудасына, түріне және полярлығына байланысты – А, Б, С кластық жұмыс режимінде болады.

А класы режимінде жұмыс нүктесінің алғашқы орнын жүктемелік тіке сызықтың ортасынан таңдайды. Бұл жағдайда базалық тоқтың өзгеруіне коллекторлық тоқтың пропорционал өзгеруі сәйкес келеді, ал оның кіріс сигналдың қосжақты амплитудасының 2Uбм өзгеруінің әсерінен пайда болатын жылжуы осы бөлікпен шектеледі. Берілген суретте бұл бөлік шығыс сипаттамада NF сызығымен, кіріс жақта N1F1 сызығымен көрсетілген. Яғни, шығыс коллекторлық тоқ күшейтілетін сигналдың бүкіл периоды кезінде жүріп жатады да, сыртқы тізбекте, сигналдың тегіс периоды бойынша өзгеруін, синусойданы аламыз.

Жұмыс нүктесі динамикалық кіріс сипаттамасының тіке сызықты бөлігінен шықпайтындықтан, күшейткіш беретін сызықтық емес бұрмалау аз, бірақ, күшейткіш ПӘКі өте кішкентай, себебі, жүктемеге берілетін пайдалы қуат Pшығ амплитудасы Iк коллекторлық тоқтың айнымалы құрамасымен анықталады, ал ол қоректену тоқ көзінен алынатын Pқ қуатымен анықталатын тұрақты құрамадан Iок әлдеқайда кіші. А класс режиміндегі әдетте алдын ала күшейтетін күшейткіштер ретінде немесе кішкене қуатты ақырғы қаскадтар ретінде қолданылатын күшейткіштер ПӘКі 20-30%-тен аспайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]