Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Nashi_shpory_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.56 Mб
Скачать

14- билет

  1. Цифрлық компараторлар және сумматорлар түрлері және теңдеулері.

Компаратор. Сигналдарды үздіксіз негізден үздікті негізге түрлендіру құрылғыларына, яғни қарапайым анологтық цифрлық схемалар қатарына компаратор – салыстырғыш жатады. Салыстырғыш, өз атына сәйкес кіріс жолдарындағы сигналдарды (көбінесе екі сигнал) бір-біріне салыстыра отырып, олар өзара теңескен кезде өзінің шығысында кернеу түсімін береді.

а суретте келтірілген интегралдық күшейткіштің үлкен сигнал деңгейімен жұмыс істейтін режимін қарастырсақ, кіріс сигнаы ондаған мВ –тан асқан мезетте оның шығыс жолындағы кернеу түсуі кенеттен өзгеріп, өзінің ең үлкен шамасына жетеді:

Сумматорлар екі көп зарядты сандарды бір-бірімен қосу үшін пайдаланылады. Оларды тізбекті, параллельді, көп разрядты болып келеді. сумматорлар толық және жартылай деп ажыратылады. Жартылай сумматордың екі кірісі, екі шығысы болады. Толық сумматордың үш кірісі, екі шығысы болады.

  1. Дифференциалдық күшейткіш. Схемасы және жұмысы.

ТТК – нің дрейфін азайтудың шұғыл амалы – паралелльді балансты (дифференциалдық) каскадтарды қолдану болып табылады. Балансты схема деп аталуы – бұл каскадтың шығыс тізбегі балансталған көпір болып табылады, оның бір диагоналына қоректену көзі қосылып, ал екінші диагоналына шығыс кернеу қосылады. Көпірдің бірінші екі иығындағы біріне – бірі параллель резисторлар Rк1 мен Rк2 біріне – бірі параллель екі транзистор көрсеткіштері бірдей болатындай етіліп таңдап алынады. Сондықтан жалпылай схема параллельді – балансты деп аталады. Және бұл схема өте симметриялы болып келеді. Осындай резисторлары Rк1 мен Rк2 біріне – бірі тең, бірдей транзисторлары Т1 мен Т2 бар идеалды каскадта қоректену көзінің кернеу өзгеруі толығымен баланстанады да, каскадтың шығу тізбегіндегі кернеу 0-ге тең болады. R0 – резисторы транзистордың тоғын тұрақтандыру үшін қойылған. Диффернециалды каскадтың кірісіне кіру сигналдары Uкір1, Uкір2 – лерді берсек, онда каскадтың шығысындағы кернеу Uшығ = Uк1 - Uк2 = Кд(Uкір2 - Uкір1), мұнда Кд – дифференциалдық сигналды күшейту коэффициенті. Сондықтан каскадтың дифференциалдық деп аталуы, ол тек қана дифференциалдық сигналдарды күшейтеді.

Дифференциалдық каскад

  1. Биполярлы транзистордың а класындағы жұмысын бейнелейтін сипаттамаларды сызып, түсіндіріңіз.

Биполюсті транзистор – күшейту қасиеттері заряд тасушылардың инжекциясы және экстракциясы құбылыстарымен туындайтын, өзара әрекеттесуші екі p-n өткелдері бар шала өткізгішті триод. Заряд тасушылардың екі типі де: электрондар да кемтіктер де қатысатындықтан олар биполюсті деп аталады.

Олар үш электрод және екі p-n өткелден тұратын үш қабаттан құралады (5.2-сурет). n1-p арасындағы аудан p-n2 арасындағыға қарағанда әлдеқайда аз. Транзистордың құрылымы бейсимметриялы. Ауданы кіші асқын қоспаланған тасушыларды базаға инжекциялауға арналған қабаты эмиттер деп аталады (Э). Ауданы үлкен, тасушыларды базадан экстракциялауға арналған және осы тасушыларды жинайтын қабат, коллектор деп аталады (К). Тасушылардың эмиттерден коллекторға қарай қозғалысын басқаратын ортаңғы қабат, база деп аталады (Б).

А класында сигнал бұрмалаусыз күшейтіледі. Кіріс сигнал шығыс сигналға сәйкес келеді. КПД отыз, қырық процент. Бұл класта күшейткіштер түріндегі транзисторлар жұмыс жасайды.

15- билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]