Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2-rubezh_zhazbashasy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54.2 Кб
Скачать

Есеп № 19

Науқас Д., 42 жаста, Африканың бір елінен ұзақ командировкадан келді. Бірнеше апта бойы қызымының ұстамалы қалтырауымен қысқа уақытқа көтеріліп қайта түсетінін айтады. Бірнеше уақыттан кейін дененің төменгі бөлімінде лимфа түйіндері, аяқтарында ісіну анықталды. Қарап тексергенде: аяқтарында айтарлықтай ісінулер, сыртқы жыныс ағзалары, терісі қызарған, сан аймағында, шап және ұмасын сипап сезгенде тері астында тығыз эластикалық тартылымдар анықталады.

  1. Науқаста су тепе-теңдігінің қай түрі дамыды?

Қанның онкотикалық қысымы төмендеуіне бай-ты ісіну;

  1. Науқастың ауру тарихын ескере отырып, науқастағы ісінудің дамуына қатысатын патогенездік жайттарды атаңыз.

Африка климаты ыстық болғандықтан, ол жерде командировкада жүргенде науқас қатты терлеген, терлеу нәтижесінде ағзадан тұздар(натрий, калий, хлор) көптеп шығарылған, тек су ішумен олардың мөлшері қалпына келмеген. Қанның гипоосмолялдығына бай-ты ісіну болған.

  1. Науқас тіні ісінуінің патогенездік сызбанұсқасын құрастырыңыз.

Жасуша сыртында натрий, калий, хлор ж/е т.б. тұздырдың азаюы, тіннің(қан) осмостық қысымы түсуі, тіннен жасуша ішіне судың көп енуі, ісіну. Қынның көлемі азайып, қоюланып, тромб түзілу қаупі жоғарылайды.

  1. Науқас организміне ісінудің маңызын бағалаңыз, патогенездік емін ұсыныңыз.

Удың қанмен таралуына кедергі болады, ол тінге шығып, сонда ұсталып тұрады,орг-ң сұйық орт-да осм.қысым-ң тұрақтылығын ұстап тұрады, бүліну ошағынан қан мен лимфа ағымын шектеп, орг-ң уыттануын алдын алады, ісінулік сұйықпен бірге тінге бактериялар мен вирустарды ыдырататын заттардың(антидене, ферменттер) шығуы.

Глюкоза, натрий тұздарын көп енгізу, бүйрекпен натрийдің шыңуын шектеу(альдостерон).

Есеп № 26.

Жедел жәрдем ауруханасына 27 жастағы науқас М., ессіз келіп түсті. Туысқандарының айтуынша, 6 жыл бойы қантты диабетпен ауырады. Ауруханаға түсетін күні ертеңгісін инсулин енгізгеннен кейін мазасыздану, ашуланшақтық, сосын есінен танды. Терісі ылғал, жабысқақ термен жабылған, беті бозарған. Бұлшықет тонусы жоғары, тоникалық және клоникалық құрысулар байқалады. Тамыр соғысы - 100 рет минутына. Қандағы глюкоза деңгейі - 2,1 ммоль/л. Көктамырға 1000 мл 5% глюкоза ерітіндісін енгізгеннен соң науқастың жағдайы жақсарды.

  1. Науқаста қандай жағдай дамыды?

Гипогликемиялық кома – метаболизмдік гипоксия.

  1. Бұл жағдай патогенезінің негізгі тізбегі қандай?

И нсулиннің артық дозасы гипогликемия нейрондарда глюкоза тапшылығы метаболизмдік гипоксия ОЖЖ-ң бұзылыстары(әлсіздік, қатты терлеу, дірілдеу, тахикардия, тырысу, естен тану, үстіртін тыныс, брадикардия, гипотермия, атония) мидың қайтымсыз бұзылыстарынан өлім болады.

  1. Клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз.

Глюкоза азайғандықтан б.е. энергия тапшылығынан әлсіздік болады, шеткері қ.т. кеңейеді, терлеу, АҚ төмендейді, тахикардия, АТФ жеткіліксіздігінен Са2+ цитозольде жиналып қалады, б.е. тырысуы, ми зақымдалса естен танып, брадипноэ, брадикардия болады, жылу өндірілу азайғанда гипотермия болады. Глюкоза жеткіліксіздігінен ең бірінші зақымдалатын – нейрон.

  1. Науқаста ми ісінуі қаупі бар ма?

Глюкоза осмогенді молекула бол-тан, қанда мөлшері азайса, қанның осмостық қысымы азаяды, нейрондардағы осмостық қысым салыстырмалы жоғары бол-тан оның ішіне су көптеп кіріп ісіну болады.

Есеп № 27.

Инсулин тәуелді қантты диабетпен науқас ауруханаға кома жағдайында әкелінді. Келесі зертханалық көрсеткіштер анықталды: қанда глюкоза деңгейі - 18,5 ммоль/л. Қандағы лактат –қалыптының жоғары шегінде. Кетон денелерінің деңгейі айқын артқан. ҚСҮ көрсеткіштері:

қалыптыда

Емдегенге дейін

Емдеген соң

рН 7,35-745

рСО2 35-45 мм с.б.

SB 20-27 ммоль/л

АВ 19-25ммоль/л

ВВ 40-60 ммоль/л

ВЕ +2,5; - 2,5 ммоль/л

рН 7,3

рСО2 25мм с.б.

SB 14 ммоль/л

АВ 17ммоль/л

ВВ 30 ммоль/л

ВЕ - 14 ммоль/л

рН 7,44

рСО2 45 мм с.б.

SB 30 ммоль/л

АВ 27ммоль/л

ВВ 52 ммоль/л

ВЕ +4 ммоль/л

  1. Науқаста қандай кома дамыды? Патогенезін түсіндіріңіз.

Гипогликемиялық кома – метабол-к гипоксия. Патогенезі алдыңғы есепте!

  1. инсулинмен және натрий гидрокарбонатымен емдегенге дейінгі ҚСҮ жағдайын бағалаңыз.

А ртерия рН-ы төмендеген – теңгерілмеген ацидоз. Метаболиттік ацидоз гипервентиляция гипокапния тыныс ор-ң тежелуі брадипноэ,АҚ төмендеуі гипоксия дистрофия қышқыл өнімдер ОЖЖ зақымдау кома.

  1. инсулинмен және натрий гидрокарбонатымен емдегеннен кейінгі ҚСҮ жағдайын бағалаңыз.

рН пен рСО2 қалпына келген(соңғысы жоғарғы шегінде), натрий гидрокарбонаты қанға көп түскен(SB), оның әсерінен қандағы бикарбонаттар мөлшері артқан(АВ), буферлік негізді сілтіге қарай жылжытқан(ВЕ), ал барлық буферлік негіздердің қандағы мөлшері қалыпты(ВВ).

  1. натрий гидрокарбонатымен емдеуді жалғастыруға болады ма, не себепті?

Болмайды, бұл мет.алкалозға, ол газдық ацидозға, кейін газдық алкалозға алып келіп, ОЖЖ-ң терең зақымдалуына алып келеді. Is it right?

Есеп 32

Жедел жәрдеммен ес-түссіз жеткізілген науқаста тері мен шырышты қабаттары алқызыл түсті, артериялық қандағы оксигемоглобин - 60%, веналық қанда - 45%, эритроцит - 4,5х1012/л, қанның оттегіге сыйымдылығы – 12 көл.%. Жүректің минуттық көлемі - 4 л.

  1. науқастағы гипоксияның белгілерін көрсетіңіз, олардың патогенезін түсіндіріңіз.

Тері мен шырышты қабаттардың алқызыл түсі, естен тану, оксигемоглобин көрсеткіштері.

Оксигемоглобиннің метгемоглобинге тотығуы(улы газдар – көміртегі тотығы, азот тотығы), оксиНв-ң артериялық ж/е веналық қанда салыстырмалы азаюы, қанның оттекке сиымдылығының азаюы, метгемоглобиннің тіндерге оттекті тасымалдамауы, тіндердегі гипоксия, алқызыл түс, мидың зақымдануы, естен тану, тыныс ж/е жүрек қ.т. орт-ң тежелуі, брадикардия, ЖМК төмендеуі.

  1. Науқаста қанын тексергенде не анықталуы мүмкін? Науқаста гипоксияның қай түрі дамыды?

Науқас қанында метгемоглобин н/е карбоксигемоглобин ан-уы мүмкін – олар оттекті тасымалдау қызметінен айырылған. Гемдік гипоксия дамиды.

  1. науқаста оттегілік көрсеткіштерді бағалаңыз.

Арт-ғы окси-Нв – төмендеген, венадағы окси-Нв – төмендеген, қанның оттекке сиымдылығы – төмендеген, артерио-веналық айырмашылық – қалыпты(салыстырмалы төмендеген).

  1. патогенездік емдеу ұстанымдарын негіздеңіз.

Жоғары барометрлік қысымда оттекпен дем алдыру, карбогенмен дем алдыру, төмен барометрлі камераларда гипоксияға машықтандыру.

Есеп № 34.

25 жастағы науқас әсіресе суыққа қол саусақтарындағы ауыру сезіміне және жансыздануына шағымданады. Ауруы ұстағанда саусақтары мен қол басының терілері бозарып, жергілікті қызымы түсетіндігін, тері сезімталдығының бұзылатындығын сезеді.

  1. Шеткері қанайналымы қандай бұзылыстары туралы айтылған?

Ишемия.

  1. Берілген бұзылыстың негізгі тізбегін көрсетіңіз.

Суық тем-а қ.т. спазмы қан келуінің азаюы қ.т.ішілік қысым төменлеуі жылдамдығының азаюы коллатеральдардың азаюы ишемия гипоксия, дистрофия мет.ацидоз инфаркт

  1. Шеткері қанайналымының бұл бұзылысында гипоксияның қай түрі дамиды?

Қанайналымдық гипоксия дамыды.

  1. Берілген симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

Бозару – жылдамдық азайғандықтан оттектің толық пай-уы цианоз

Жергілікті Т-ң төмендеуі – арт-қ қан аз келгендіктен зат алмасу бұзылысы жылу өндірілмеуі

Ауыру сезімі – нерв ұштарының метаболизм өнімдерімен тітіркенуі(жансыздану да осыған ұқсас – ұзақ әсері).