Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_ Психология_организационной_преступности_Т...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
665.09 Кб
Скачать

Дәріс кешені

1-Дәріс. Қылмыс және қылмыстық әрекет психологиясы. Ұйымдасқан қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы

Дәріс жоспары:

1.Қылмыстық іс - қимылдың тетігі.

2.Қылмыскерлік жүйелік құрылымдық құбылыс ретінде.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Дәріс тезистері.

Қылмыскерлік біздің санамызда, бәрінен бұрын әр түрлі қылмыстар түрінде көрініс табады. Сондықтан, қылмыскерлік туралы мәселені қарауды қылмыстан бастаған жөн.

Қылмысты, қылмыстық құқық тұрғысынан да, криминалогия және криминалистика тұрғысынан да қарауға болады.

Қылмыстық құқықтық тәсілде қылмыс айыпты адамның қылмыстық тыйымды, бұзған өзінше оқшауланған актісі ретінде талданады. Назар бұл жерде қылмыс құрамын оның төрт элементі арқылы талдау жағына аударылады. Ол элементтер: объект, объективтік жақ, субъект және субъективтік жақ.Қылмысты жасау сатылары қылмыстық – құқықтық критерийлер негізінде бөлініп алынады.

Криминалогиялық тәсіл қылмыстың себептері мен жағдайларын, қылмыс жасаған адамның мінездемесінің ерекшеліктерін, қылмыстық әрекеттің әлеуметтік салдарын анықтауға бағытталған.

Қылмыстық іс – қимылдың тетігін қарастырғанда адам үшін сыртқы орта мен оның жекебасының қасиеті өзара әрекеттесе отырып қылмыс жасауға сылтаудың (мотивация) туындауын, ол туралы шешім қабылдауды, қабылданған шешімді орындауды, одан кейінгі мінез – құлықтың сипатын анықтайтындығы ескеріледі:

Сылтау қылмыстық іс – қимыл себебінің туындау, қалыптасу процесін және оның мақсатын қамтиды. Іс – қимылдың сылтауы әрекет жасауға іштей ұмтылыс, сыртқы орта мен нақты жағдайдың ықпалынан туындаған және асқынған мұқтаждық, мүдде, сезім анықтайтын ниет. Сылтаудан кейін белгілі бір іс – әрекеттің алдын – ала көрінген және қалаулы нәтижесі ретінде мақсат қалыптасады.

Қылмыс жасау туралы шешім қабылданғанда сол ниетті жүзеге асырудан болуы мүмкін салдарлар болжамданады, нақты жағдай, өз мүмкіндігі ие басқа мән – жайлар ескеріліп алдағы әрекет жоспарланады, қылмыс құралы таңдалады.

Шешім қабылдауды «кешіктірсе» қылмыс жасаудан бас тарту да мүмкін. Егер адам қылмыс жасаудан бас тартса, онда ол мақсатқа жетудің сол жағдайға жарамды басқа жолын іздестіреді және де өз мүмкіндіктерін ескереді.

Қылмыстық іс қимыл тетігінде «ықшамдалған» деп аталатын да сипат болуы мүмкін. Онда «кідіріс» актісі болмайды: адам өзінде туындаған мақсатқа сәйкес бірден әрекетке кіріседі.Шешім қабылдағаннан кейін оны орыдау сатысы келеді.

Шешімнің іс жүзінде жүзеге асырылады жоспарланғаннан басқаша болуы мүмкін, мысалы, сыртқы жағдай өзгергендіктен.

Қылмыстан кейінгі іс – қимыл кезеңінде, қылмыскер, болған оқиғаны, салдарды талдайды, қылмыстық жолмен тапқан мүлікке иелік жасайды, қылмыстың ізін жасырады, өзінің әшкерленбеуі және қылмыстық жауапқа тартылмауы үшін тиісті шара қолданады.

«Қылмыстан кейінгі іc - қимыл» ұғымы, бұл жерде, қылмыс жасау туралы шешім орындалғаннан кейін тікелей жалғасатын және жасалған қылмыспен байланысты іс – қимылды білдіреді. Адам істеген қылмысына өкінеді, не әшкерленбеу үшін қорғаныс жүйесін ойластырады.

Сұрақ алған кезде айыпталушы кейде осы «қорғану» сылтауларын алға тартады, ол бірінші кезеңге тән сылтаулардан едәуір өзгеше болуы мүмкін.

«Қорғаныс» сылтауы мен түрткі болған сылтаудың түбірлері бір: олар адамның жеке басының сипаттамасына тамыр жайған.

Кримналогия тұрғысынан алғанда қылмыстан кейінгі іс – қимыл да қылмыстық іс – қимыл кезеңіне жатады. Ал, бұл ретте, қылмыстық іс – қимыл қылмыстық – құқықтық түсінікке қарағанда кеңірек ұғым ретінде қаралады.

«Қылмыскерлік» ұғымы, көбінесе қылмыстың көптігі туралы, олардың статистикалық жиынтығы туралы сөз болған жағдайда қолданылады.

Бұл – қылмыскерлік анықтамасын ең қарапайым да түсінікті ыңғайда беру. Шындығында, қылмыскерлік көптеген қылмыстар арқылы ғана неғұрлым айқын көрініс табады. Қылмыскерліктің қылмыстың жекелеген түрлерімен салыстырғандығы ерекшелігі оның жаппайлығында. Жаппай болған жағдайда қандай да бір құбылыстың саны статистикалық талдауға келеді, нәтижесінде белгілі бір статистикалық заңдылық анықталады.

Сондықтан да, қылмыскерлік жайында тек қылмыстардың көптігі деп сөз болса, назар ол жайындағы мәліметтердің статистикалық талдамасына аударылады, қылмыскерліктің жайы, құрлымы, динамикасы зерттеледі.

Қылмыстардың көптігінен қылмыстық іс – қимылдың тұрақтылығында (рецидив), ұйымдасқандықты да, қылмыс көптігінен қоғамға келетін қауіпті де байқауға болады.

Сонымен, біріншіден, қылмыскерлік бізге тек қылмыстық іс – әрекет түрінде ғана келмейді.

Ол қылмыс жасалған адамдардан да көрініс табады.

Екіншіден, әңгіме жай бірімен, бірі байланыста жоқ қылмыстардың көптігі жайында ғана емес, сонымен қатар олардың күрделі жүйе екендігі жайында да.

Қылмыскерлік жүйелік құрылымдық құбылыс ретінде.

Қандай да бір объектінің жүйелілік – құрылымдық сипаты туралы мәселе сол объектінің өзі белгі болып табылатын неғұрлым жалпы бүтіннің өзгеруімен өзара байланысты екендігін анықтау қажет болған қажет болған жағдайдатуындайда.

Қылмыскерлік дегеніміз өзара байланысты элементтердің белгілі бір жүйесі, онда едәуір дербестік, оның жекелеген элементтеріне тән емес сапалы сипаттама бар.

Криминалогиялық зерттеулер қылмыскерліктің әр түрлі элементтерінің заңдылықтағы өзара байланысын ашады, оның ортаның өзгерісіне «бейімдеу» қабілетін, тіптен ортаны өзінің тұрақтануы және дамуы үшін «бейімдейтіндігін» растайды. Жаңа жағдайларда оның көрініс табу нысаны түрін өзгертеді, қылмыскерліктің қоғамға кері ықпалы да байқалады.

Қылмыскерлік – қоғамда болатын және онымен тығыз байланыстағы құбылыс. Оның түрлері мен элементтері тым болмаса қылмыстың тұтас, ортақ детерминанты ретіндегі қоғам арқылы өзара байланысты.

Нақты зерттеулер ұрлық, зорлау, адам өлтіру, сапасыз өнім шығару, есепті бұрмалау сияқты әр түрлі қылмыстардың аймақтық әлеуметтік ортамен детерминациясының ортақ бағытын көрсетіп отыр. Бір үлкен қалада ірі өнеркәсіптік кәсіпорын негізгі «жұмыс беруші» деп саналған. 70 жылдың аяғында қысқа мерзімде өндіріс көлемін үштен бірге ұлғайту жөнінде тапсырма берілген. Ал, әлеуметтік проблемаларды шешуге қажетті қаражат кәсіпорынға бөлінбеген.

Қылмыскерлік теріс әлеуметтік ауытқулардың ең маңында тұр.

Қылмыскерлік белгілі бір орташа типтері мен жеке адам типтерінің өзара әрекеттесуінің нәтижесі ретінде қаралатындықтан, қылмыскерліктің екі ірі құрылымшасы бөлініп алынады:

1. «тұрақты», оның туындауында адамның жеке басының сипаттамасы жетекші рөл атқарады: адам кедергілерді жеңеді, қылмыс жасауға қолайлы жағдай тудырады, оларды ұтымды пайдаланады:

2. ситуациялық оның генезисін жеке бастың сипаттамаларына қарағанда ортаның күштірек ықпалы, қылмыстық іс – қимылдың күрделі жағдайы анықтайды.

Қылмыскерліктің осы түрлерінің әрқайсысында да екі құрылымша бөлініп алынады:

1. «тұрақты» қылмыскерлікте – «алдын ала қасақана» және «өзекті мақсатты».

2. «ситуациялық» қылмыскерлікте әлеуметтік жағдайларды ойластырып пайдалану, қылмыстық әрекетті жоспарлау, қажет болса, қылмыстық – құқықтық тыйымды бұзу үшін қолайлы жағдай жасау, болған өзгерістерді, оның ішінде әлеуметтік бақылаудағы, қылмыспен күрестегі өзгерістерді ұдайы ескеру байқалады.

«Өзекті - мақсатты» қылмыскерлік өзекті мақсатының күшті ықпалынан туындайды, мұнда мұхтаждағы, мүдделер теріс бағдар алған немесе оларды қамтамасыз ету амалдары туралы ұғымы заңға сәйкес келмейтін адамдардың белгілі бір әлеуметтік типі сол мұхтаждықтар мен мүдделерді қанағаттандыру мүмкін болатындай ахуалға тап болады.

Жалпы, ситуациялық қылмыстық көрініс табуы негізінде сол ситуацияның өзі жатады, сол жағдайда адам белгілі бір іс – қимыл вариантын, қылмыстық вариантын таңдайды.

«Виктимдік – ситуациялық» қылмыскерлікте жағдайын рөлі анықтаушы болып табылады, дегенмен қылмыскерлердің кейбір жеке басы сипаттамаларының өзгеруі де бой көтеріп қалады, нәтижесәнде олар проблемалық жағдайға тап болады. Мысалы: ішімдікке үйір компанияда дау – жанжал жиі болып тұрады.

«Кездейсоқ – ситуациялық» қылмыскерлікте табан асты туындаған ситуация анықтаушы болып табылады, адам өзінің бұрынғы кейпі мен оған дайын болмағандықтан, дауды шешудің заңды вариантын тез таба алмайды. Мысалы, рөлде келе жатқан жүргізуші басқа біреулердің кінәсінен табан асты қиын қиын жағдайға тап болады, бірден дұрыс шешім қабылдай алмағандықтан адам қағып кетеді, ол қаза болады.

Бұл элементтерді, былайша алғанда, қасақана деп те, «абайсызда» жасалған қылмыс деп санауға болады.

Қылмыскерліктің жүйелік - құрылымдық санатын негіздеу үшін жекелеген элементтерді бөліп алумен қатар, олардың араларындағы объективтік байланыстарды да ашу керек. «Объективті байланыс» дегеніміз заттар мен олардың қасиеттері арасындағы қатынас, олардың біреуінің өзгеруі екіншісінің өзгеруіне алып келеді.

Қылмыскерлік әлеуметтік жүйе болғандықтан, оған дәл сондай жүйенің сипаттамсы тән: мақсаттылық, ашықтық, қылмыскерлікпен ол қылық болса, өзін – өзі детерминайялау және дамыту.

2-Дәріс. Ұйымдасқан қылмыстылықтың түсiнiгi және белгiлерi

Дәріс жоспары:

1.Ұйымдасқан қылмыс және қылмыстық әрекет.

2.Қылмыскерлікті зерделеудегі мақсат, тану және бағалау.

3.Қылмыскерлік туралы ақпарат көздері және оның көрсеткіштері.

4.Қылмыскерлік коэффицентері және оның құрлымы.

5.Қылмыскерлікті қозғалысты зерделеу. Қылмыскерлікті әлеуметтік контексте зерделеу.

6.Қылмыскерліктің «сыртқы» және «ішкі» сипаттамаларын зерделеу. Қылмыскерліктің латенттігін зерделеу.

7.Қылмыскерлік детерминациясы ұғымы және оның процестері.

Ұсынылатын әдебиеттер: