
- •Пәннің мазмұны Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Дәрістердің тақырыптық атаулары және олардың мазмұны
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Соөж мазмұны
- •Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапысру графигі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Глоссарий.
- •Білімдерді бағалау жалпы шкаласы
- •Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі
- •2013-2014 Оқу жылына пәндердің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •Дәріс кешені
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
Глоссарий.
Қылмыс - бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі.
Қылмыс- басқа құқық бұзыушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар- Ұлттар мен мемлекеттердің негіздеріне, олардың ілгері дамуына және халықаралық өзара қарым-қатынас жасауына қауіп төндіретін аса ауыр халықаралық қылмыстар.
Ұйымдасқан топ — қылмыстық құқықта — қылмысқа қатысу нысаны, мұнда қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасайды (ҚР Қылмыстық кодексі, 31-бап).
Ұйымдасқан топтың міндетті белгілері — алдын ала сөз байласу және тұрақтылық. Ұйымдасқан топтың тұрақтылығы — оның мүшелері арасында тұрақты байланыстың болуы және бір немесе бірнеше қылмысқа дайындалу мен оны жасау әрекетінің айрықша әдістерінің болуы. Ұйымдасқан топты құрған не оған басшылық еткен адам осы қылмысты ұйымдастырғаны не оған басшылық еткені үшін, сондай-ақ осы қылмыс оның қаскүнемдік ниетімен жасалса, Ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған барлық қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тартылады. Ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) басқа қатысушылары қылмысқа қатысқаны үшін, сондай-ақ өздері дайындауға немесе жасауға қатысқан қылмыстар үшін қылмыстық жауапқа тартылады.
Ұйымдасқан топ құру -ҚР Қылмыстық кодексінде көзделмеген жағдайда Ұйымдасқан топ құру қылмыс жасау үшін құрылып, қылмысты жасауға дайындалғаны үшін қылмыстық жауапқа апарып соқтырады.[ Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі (ҚРҚК) (ағылш. criminal code of the Republic of Kazakhstan; нем. Strafgesetzbuch der Republik Kasachstan) – Қылмыстық кодекстің міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ, қылмыстардың алдын алу болып табылады
Ұйымдасқан қылмыс— негізінен экономика аясындағы жүйелі қылмыстық әрекет. Ұйымдасқан қылмыс ұзақ уақытқа есептеліп, кәсіпшілік түрінде жасалады, оны қылмыстық қоғамдастықтар (қылмыстық ұйымдар) материалдық пайда алу немесе қоғамдық өмірдің белгілі бір аясына ықпал ету мақсатымен жоспарлап, жүзеге асырады. Қылмыстық ұйымдардың, көбінесе ел ішінде де, халықаралық деңгейде де белгілі бір құрылымы болады. Ұйымдасқан қылмыс ең алдымен құпия тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айналымын шоғырландырып, бақылауға алады, мұндай тауарлар мен қызметтерге, бір жағынан, заң жүзінде тыйым салынған, екінші жағынан, олар қоғамда үлкен сұраныс туғызады (есірткі заттар, контрабандалық тауарлар, жезөкшелік, құмар ойындар). Ұйымдасқан қылмыс ерекше қауіпті, өйткені ол халықаралық деңгейде іскерлік әлеміне байқатпай дерлік ықпал етеді және онда үстем жағдайға қол жеткізеді. Қазақстанда қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) құру қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың қатарына жатқызылған.
Қылмыс— қылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.
«Ұйымдасқан қылмыскерлiк» ұғымы- «ұйымдасқан қылмыс», "ұйымдасқан топ», «ұйымдасқан қылмыстық әрекет», «ұйымдас¬қан қоғамдастық:» сияқты басқа ұғымдармен байланысты.
«Қылмыстық ұйым - а) қылмыстық ұйым не оның басшылық құру; ә) Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген қылмыстарды тiкелей жасау; в) қылмыстық ұйым құруды және оның жұмыс iстeyiн қамтамасыз етудiң өзге де формалары бойын¬ша қатысушылар арасында мiндет бөлiнген, бiрлесiп қылмыстық әрекет жасайтын адамдар, не ұйымдасқан топтар, не бандалар».