
- •Пәннің мазмұны Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Дәрістердің тақырыптық атаулары және олардың мазмұны
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Соөж мазмұны
- •Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапысру графигі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Глоссарий.
- •Білімдерді бағалау жалпы шкаласы
- •Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі
- •2013-2014 Оқу жылына пәндердің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •Дәріс кешені
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
Дәріс тезистері.
Халықаралық келісім-шарттар халықаралық ынтымақтастықты дамытудың ең маңызды құралдарының бірі болып табылады, ол мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен халықаралық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Мамандар атап көрсететіндей, халықаралық ынтымақтастық жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес үшін айырықша маңызды мәнге ие.
БҰҰ-ның, Дүниежүзілік банктің, ДВҚ-ның, ДСҰ-ның, ЕО-ның және басқа да халықаралық ұйымдардың бірқатар халықаралық-құқықтық актілерінде жемқорлық қазіргі уақытта ұлттық шекараның шегінен шығып, бүкіл қоғам мен экономикалық жүйені қозғайтын құбылыс деп көрсетеді.
Халықаралық қоғамдастық осы салада тиісті заңнамалар мен алдын ала шаралар қабылдауды қоса, қоғамды жемқорлықтан қорғауға бағытталған бірінші кезекте келісілген саясат жүргізудің қажеттігі туралы ұйғарымға келді. Бұл заңның үстемдегіне, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қауіп төндіретін, мемлекеттік басқарудың негізін жоятын, бәсекелестік шарттарын бұрмалауға алып келетін және қоғамның моралдық бастауларына айтарлықтай залал келтіретін жемқорлықтың салдарларымен байланысты.
Әлемдік қоғамдастық жемқорлыққа қарыс күрестің және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың стандарттар жүйесін қалыптастырды. Ол БҰҰ-ның және Еуропа Кеңесінің шеңберлерінде қабылданған халықаралық-құқықтық актілерде бекітілген. Қазақстан бұл конвенциялардың көпшілігін бекітіп үлгерді.
Мынаны айту керек, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес халықаралық-құқықтық құжаттар біздің мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігіне айналды.
Қазіргі уақытта жемқорлыққа қарсы халықаралық құжаттардың кешенінде мыналар негізгі болып табылады:
1) 2003 жылғы 31 қазандағы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы;
2) 2000 жылғы 15 қарашадағы БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясы;
3) 1990 жылғы 8 қарашадағы Еуропа Кеңесінің "Қылмыстық жолмен алынған табыстарды жылыстату, анықтау, алу туралы" конвенциясы;
4) 1997 жылғы 26 мамырдағы Еуропалық Одақтың Еуропалық қоғамдастықтың лауазымды тұлғаларын немесе Еуропалық Одақ мүше мемлекеттерінің лауазымды тұлғаларын қозғайтын жемқорлықпен күрес конвенциясы;
5) 1997 жылғы 21 қарашадағы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдарының Халықаралық коммерциялық мәмілелерде шетелдік лауазымды тұлғаларды сатып алумен күрес туралы конвенциясы;
6) 1999 жылғы 27 қаңтардағы Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенциясы;
7) 1999 жылғы 4 қарашадағы Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы конвенциясы.
Сыбайлас жемқорлықпен күресті реттейтін негіз қалаушы бірегей халықаралық-құқықтық құжат 2003 жылғы БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес конвенциясы болып табылады. Онда былай деп атап көрсетіледі, «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою - бұл барлық мемлекеттердің міндеті» және «кең көлемді көп тәртіпті көзқарас сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу үшін қажет».
Конвенцияның 3-бабына сәйкес, ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, оны тексеріп тергеуге және қылмыстық ізге түсу және операцияларды тоқтата тұруға (бөгеп тастауға), тыйым салуға, тәркілеуге және осы Конвенцияға сәйкес осындай қылмыс ретінде танылған қылмыстардан алынатын табыстарды қайтаруға қолданылады.
Қылмыстық-жазалау әрекеттері ретінде мыналар айқындалады:
1) ұлттық жария лауазымды тұлғаларды, шетелдік жария лауазымды тұлғаларды және жария халықаралық ұйымдардың лауазымды тұлғаларын параға сатып алу;
2) жария лауазымды тұлғаның мүлікті талан-таражға салуы, заңсыз иемденуі немесе өзге де мақсатсыз пайдалануы;
3) пайдакүнемдік мақсатта әсер ету арқылы теріс қылық жасау;
4) қызмет бабын теріс пайдалану;
5) жеке сектордағы параға сатып алу және талан-таражға салу;
6) қылмыстардан түсетін табыстарды жылыстату және сот билігін жүзеге асыруға кедергі келтіру.
БҰҰ-ның Конвенциясы өзара құқықтық көмекті, жемқорлық қылмыс жасаған тұлғаны беруді, операцияларды тоқтата тұруды (бөгеп тастауды), қылмыс жасау үшін арналған мүлікті, құрал-жабдық пен басқа да құралдарды қоса, қылмыстардан түсетін табыстарға тыйым салу мен тәркілеуді егжей-тегжейлі реттейді.
Конвенция сыбайлас жемқорлық қылмыстың 13 түрін келтіреді, олардың 10-ы параға сатып алудың екі дәстүрлі көрінісін – парақорлықты нақтылауға толық келеді: пара алу және пара беру.
«Заңсыз баюдың» криминалдануы айтарлықтай қызығушылық туғызады, ол жария лауазымды адамның заңсыз баюын, яғни оның заңды табыстарынан елеулі түрде артып кетуін, өзі оны ақылға қонымды ретпен негіздей алмағанын білдіреді. Өмір шындығының дәл осы фактісі бұқаралық ақпарат құралдарының жіті назарын аударатын объектіге айналып, азаматтардың заңды ызасын туғызады.
Халықаралық-құқықтық актілердің нормалары заңсыз баю фактілерін тексеру кезінде кінәсіздік презумциясы принципінен шегініс жасауға жол береді.
2003 жылғы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы да аталған әрекетті криминалдандыруды ұйғарады. Алғаш рет мұндай ереже 1988 жылы БҰҰ-ның Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы конвенциясында бекітілді, онда мүше мемлекеттерге тәркілеуге жататын табыстар мен басқа да меншіктің заңды пайда болуын дәлелдеу ауыртпашылығын сезіктіге аудару ұсынылды.
Жемқорлық әрекеттерді тежеу құралдары ретінде мүліктер мен табыстарды тәркілеу 1999 жылғы Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенциясыда көзделген. 19-баптың 3-тармағы тәркілеу құқығын жүктеу немесе өзге де тәсілмен қылмыс жасау құралы мен Конвенцияға сәйкес осылай деп айқындалған қылмыстық жолмен келген табыстарды немесе құны осы табыстарға баламалы мүліктерді алып қою қажет етілуі мүмкін сондай заңнамалық және өзге де шаралар қабылдауды талап етеді.
Аталған Конвенцияның 23-бабында Конвенцияның 19-бабының 3-тармағына сәйкес заттық айғақтарды және жемқорлықтан түскен табыстарды немесе құны осы табыстарға баламалы мүліктерді анықтау, іздеу, бөгеп тастау және тыйым салу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ету мақсатында ұлттық заңнамаларға сәйкес арнаулы тексеру әрекеттерін пайдалануға жол беретін шараларды қоса, қажет етілуі мүмкін заңнамалық және өзге де шараларды қабылдау талабы бекітілген.
2003 жылғы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы да 31-бабында мыналарды тәркілеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауды талап етеді:
а) осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстардан түскен табыстарды немесе құны осындай табыстардың құнына сәйкес келетін мүлікті;
б) осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарды жасау кезінде пайдаланылған немесе пайдалануға арналған мүлікті, жабдықты немесе басқа да құралдарды.
Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жемқорлық проблемасының ауқымдылығы мынаған алып келді, халықаралық қоғамдастық XX ғ. ортасында жария басқару және мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және жолын кесуге арналған құқықтық нормалар мен ұйымдық құралдарды әзірлей бастады.
Мұның дәлелі ретінде мынадай халықаралық құжаттарды келтіруге болады:
- Мемлекеттік лауазымды тұлғалардың мінез-құлқының халықаралық кодексі (1996 жылдың 12 желтоқсаны);
- «Халықаралық коммерциялық операциялардағы сыбайлас жемқорлықпен және парқорлықпен күрес туралы» БҰҰ-ның декларациясы (1996 жылдың 16 желтоқсаны);
- БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық конвенциясы (2003 жылдың 31 қазаны);
- «Шенеуніктер арасындағы сыбайлас жемқорлық» БҰҰ Резолюциясы (1990 жылдың 24 наурызы);
- «Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы» Еуропа Кеңесінің конвенциясы (1999 жылдың 27 қаңтары);
- «Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы» Еуропа Кеңесінің конвенциясы (1999 жылдың 4 қарашасы);
- «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» үлгілік заң (1999 жылдың 3 сәуіріндегі ТМД қатысушы мемлекеттері Парламентаралық Ассамблеясының қаулысы. № 13-4).
Жемқорлықпен күресуге құқық қорғау органдарына Құқық тәртібін қолдау жөніндегі лауазымды тұлғалардың мінез-құлық кодексі (1979 жылдың 17 желтоқсаны), Полиция туралы декларация (1979 жылдың 8 мамыры) сияқты және басқа да құжаттардың нұсқамалары жолданды.
Бұл актілерде трансұлттық және басқа да корпорациялар, делдалдар мен осы тараптарға қатысушылар практикасында болатын парақорлықты қоса алғанда, сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлері айыпталады.
Жемқорлықпен күрес проблемаларына арналған халықаралық құжаттарды зерделеу былай деуге мүмкіндік береді, олардың бірқатарында осы келісім-шарттарды жүзеге асырудың ұйымдық-басқару аспектілерін реттейтін әкімшілік құқық нормаларының едәуір саны қамтылған.
Атап айтқанда, әкімшілік құқық нормаларымен тиісті шартты (конвенцияны) оындау үшін тараптар тағайындаған, жемқорлықпен күрес жүргізуге тиіс құзыретті органдардың қызметі реттеледі, аралас басқару құрылымдарын құру жөніндегі тараптардың міндеттері белгіленеді, басқару іс-қимылының қажетті түрлері айқындалатын ынтымақтастықтың нысандары мен әдістері көрсетіледі, келісім-шартты (шартты, конвенцияны) және басқаларын орындау жөніндегі кейбір іс-қимылдарды жетілдірудің ережелері (немесе тәртіптері) белгіленеді.
Мәселен, БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы мынаны айқындайды, әрбір қатысушы мемлекет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес тұрғысында олардың тепе-теңдігін анықтау мақсатында тиісті құқықтық құжаттар мен әкімшілік шараларды бағалауды мезгілді жүргізуге ұмтылады.
БҰҰ-ның конвенциясына сәйкес әрбір қатысушы мемлекет тиісті жағдайларда және өзінің құқықтық жүйесінің негізгі принциптеріне сәйкес азаматтық қызметшілердің және тиісті жағдайларда сайланып қойылмайтын жария лауазымды адамдарды жұмысқа қабылдау, іріктеу, қызмет өткеруі, қызметі жағынан өсуі және өз еркімен орнынан түсу сияқты жүйені құруға, қолдауға және нығайтуға ұмтылады
БҰҰ конвенциясының аталған жүйесі:
- мүлтіксіз жұмыс сияқты объективті мөлшерлемелерге негізделеді;
- сыбайлас жемқорлық тұрғысынан алғанда ерекше осал саналатын жария лауазымды атқару үшін кадрларды іріктеу мен даярлаудың тиісінше рәсімдерін және осындай лауазымдардағы осындай кадрлардың алмасылуын қамтиды;
- қатысушы мемлекеттің экономикалық жағынан даму деңгейін ескере отырып тиісінше сыйақылар төлеуге және әділетті айлық ақылар белгілеуге жәрдемдеседі;
- ондай адамдардың көпшілікке арналған міндеттерді дұрыс, адал және тиісті орындау талаптарын қанағаттандыра алатын білім беру мен оқу бағдарламаларын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа ұшырасатын және лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты қауіп-қатерлерді ұғынуын тереңдету мақсатында оларға мамандандырылған және тиісті даярлықты қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік сатып алулар, жария қаражатты басқару, жария есептілік саласында аталған Конвенцияға қосылған мемлекет бухгалтерлік кітаптардың, жазбалардың, қаржы ведомстволарының немесе жария шығыстар мен табыстарға қатысты басқа да құжаттамалардың сақталуын қамтамасыз ету үшін өзінің ішкі заңнамасының негізгі принциптеріне сәйкес қажет етілуі мүмкін және осы құжаттамаларды бұрмалауына кедергі жасайтын азаматтық-құқықтық және әкімшілік шараларды қолдануды; оңайлатылған әкімшілік рәсімдерді жасауды, сондай-ақ жария әкімшілікте сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі туралы мезгілді есеп беруін енгізуі мүмкін ақпаратты басып шығаруды міндеттенеді.
Конвенция мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында мемлекеттер ынтымақтастығының әкімшілік-құқықтық және ұйымдық тетіктерін айқындайды.
Атап айтқанда, онда жемқорлықпен байланысты азаматтық-құқықтық және әкімшілік мәселелер бойынша тексеруге және іс жүргізуге жәрдем көрсету, жемқорлық сипаттағы қылмыстарды дер уақытында анықтау мақсатында қолданылатын ақпарат алмасу мен әкімшілік және басқа да шараларды үйлестіру тетіктері айқындалады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес проблемалары Біріккен Ұлттар Ұйымының Қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен жұмыс істеу жөніндегі VIII конгресінде арнайы талқыланды (Гавана, 1990 ж.). «Мемлекеттік басқару саласындағы сыбайлас жемқорлық» деп аталатын резолюциясында конгресс БҰҰ Хатшылығы даярлаған «Сыбайлас жемқорлықпен күрестің практикалық шаралары» нұсқаулығын мақұлдап, оның кең таралуын қамтамасыз етуге шақырды.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте Еуропа Кеңесі ерекше мүдделілік білдірді, 1996 жылғы қарашада қабылданған Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлықпен күресте басшылыққа алудың 20 қағидаты туралы резолюциясы (1997 жылдың 6 қарашасы) соны растау болып табылады, оны Министрлер кабинеті сыбайлас жемқорлықтың тиімді жолын кесу және онымен күресте серпінді қозғалысқа жәрдемдесу мақсатында барлық мемлекеттердің пайдалануына ұсынған болатын.
Еуропа Кеңесінің жоғарыда аталған бағдарламасы шеңберінде мыналар әзірленді: Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік конвенциясы және Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік конвенциясы.