
- •Пәннің мазмұны Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Дәрістердің тақырыптық атаулары және олардың мазмұны
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Соөж мазмұны
- •Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапысру графигі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Глоссарий.
- •Білімдерді бағалау жалпы шкаласы
- •Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі
- •2013-2014 Оқу жылына пәндердің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •Дәріс кешені
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
Дәріс тезистері.
«Ұйымдасқан қылмыскерлiк» ұғымы «ұйымдасқан қылмыс», "ұйымдасқан топ», «ұйымдасқан қылмыстық әрекет», «ұйымдас¬қан қоғамдастық:» сияқты басқа ұғымдармен байланысты. Барлық жерде «ұйым», «ұйымдасқан» сөздерi пайдаланылады. Бұрындары "ұйымдасқан қылмыс» және «ұйымдасқан қылмыстық әрекет» жайында айтылатын. Оның субъектiлерi жекелеген адамдар және адмдар тобы, оның iшiнде ұйымдасқан құрамалар: ұйымдасқан топтар, бандалар, қылмыстық ұйымдар мен қылмыстық қоғамдастық болуы мүмкін. Ұйымдасқан топтар бiрнеше адам қылмысты, тiптен аса ауыр қылмысты жасағанда емес, оны жасау үшiн алдын ала бiрiгiп, со¬ған жан- жақты дайындалғанда пайда болады: олар жоспар жасай¬ды барлық күш-жiгерiн сол жоспарға бағындырады, жоспарды жүзеге асыру барысында туындаған проблемаларды бiрлесiп шешедi, нақты жағдайға қарай оған тузетулер енгiзедi. Ұйымдасқан топ бiр қылмысты жасау үшiн де құрылуы мүмкін. Мысалы, банк¬тен ақшаның ipi сомасын ұрлау немесе инкассатор машинасын тонау үшiн қылмыстық кодексте ұйымдасқан қылмысқа бiр немесе бiрнеше қылмыстарды жасау үшiн алдын ала бiрiккен адамдар¬дың тұрақты тобы деп анықтама берiлген, ал банда - адамдарға не¬месе ұйымға шабуыл жасау үшiн құрылатын тұрақты қарулы топ.
Қылмыстық әpeкетін ауқымын кеңейту оған неғұрлым көп әр түрлi субектiлердi тартумен байланысты. Ic жүзiнде олар жеке тұлғаларалар да, әр түрлi қылмыстар жасауға маманданған бұрыннан келе жатқан ұйымдасқан топ та, заңды тұлғалар да, мысалы, солар арқылы қылмыстық табыс заңдастан¬дырылған және молаятын заңды тұлғалар болуы мүмкін. Кең ауқымды қылмыстық әрекетке қатысушы әр түрлi субъектiлердiң жұмысын үлестiру қажеттiгi туындайды. Саны едәуiр әр түрлi қылмыстық субъектiлердiң күрделi, көп аспектiлi ұйымдасқан қылмыстық әpeкeтiң басқарғанда ұйымдасқан қылмыстық құра¬маларды тұтас организм ретiнде басқаратын арнайы құрылымдар құрылады. Бұл ретте таза атқарушы функциялармен және қыл¬мыстық кодекстiн Ерекше бөлiмiнде көзделген нақты қылмыс¬тарды тiкелей жасаушы құрылымдарымен қатар басқарушы функ¬циялар мен құрылымдар (ұйымдастырушылар, жетекшiлер); қыл¬мыстық ұйымның өзiне тән мұқтаждық арын қамтамасыз eтeтін функциялар құрылымдар (талдау бөлiмшелерi, өзiнiң қауiпсiздiк қызметiң қылмыстық табысты заңдастыру және т.б.) бөлiнiп алы¬нады. Қылмыстық ұйымдарды құрудың негiзi осындай. Мұндай ұйымың қоғамдық қауiптiлiгi сонда, ол тек аса ауыр қылмыс жасап қана қоймайды (бұл тұpғыда алғанда оның қоғамға қауiптiлiгi ауыр қылмыстың қоғамдық қауiптiлiгiндей-ақ), соны¬мен қатар өзiн басқаратын субектiлердiн сылтауларына және сырт¬қы жағдайларға байланысты кең ұйымдасқан қылмыстық әpeкeтi оның әр түрлi варианттарында қамтамасыз ете алатын құрылым болып саналады. Қылмыстық әpeкeттi дамыту және жасыру, алы¬натын табысты заңдастыру және молайту, қылмыстық құраманы сол қалпында сақтап қалу логикасы итермелейтiн әр түрлi қыл¬мыстар жасайды. «Ұйымдасқан қылмыспен күрес туралы» федералдық занның жобасында қьлмыстық ұйымға мынадай анықтама берiлген: «Қылмыстық ұйым - а) қылмыстық ұйым не оның басшылық құру; ә) Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген қылмыстарды тiкелей жасау; в) қылмыстық ұйым құруды және оның жұмыс iстeyiн қамтамасыз етудiң өзге де формалары бойын¬ша қатысушылар арасында мiндет бөлiнген, бiрлесiп қылмыстық әрекет жасайтын адамдар, не ұйымдасқан топтар, не бандалар». Қылмыстық ұйымдар, өздерiнiң қылмыстық әpeкeтiн қорғау мақсатында мемлекеттiк құрылымдармен және азаматтық қоғамның институттарымен, олардың алдына қойылған мiндеттерiн теpic арнаға бағыттап, өзара қатынас орнатуға әрекеттенедi. Осы¬дан барып мемлекеттiк органдар жүйесiнде және кәсiподақтар, шығармашылық одақтар, қауымдастықтар сияқты мемлекеттiк емес салада сыбайлас жемқорлық кең етек алады. Қылмыстық әрекет заңды кәсiпкерлiкпен, басқа да қоғам жол беpгeн тiптен қолдайтын қызметпен тығыз айқасып жатады, бұл - халықтың наразылығын тудырмай олардың қылмыстық әpeкeтiн әшкерелеуге едеуiр қиындық тудыpaды. Олар мұқият жасырынады, 'заң шығарушының алдын орағытады, оларың қателiктерiн жақсы пайдалады, қолайсыз құқықтық шешiмдерден ертерек caқтaнaды. Мұның бәрi, егер мемлекеттiк жүйе тарапынан қателiктер бол¬са ұйым болып сақталып қалуға, тiптен, белгiлi бiр кезеңдерде мемлекетпен жекпе-жекте жеңiске жетуге көмектеседi. Қылмыстық ұйымдардың мынадай өзiне тән сипаттары бар: ақпараттар жинау және оларды беру; құқық қорғау институттарын әpeкеттepiн бейтараптандыру, негiзгi әлеуметтiк -экономикалық қызметтердi пайдалану, iшкi құрылымдардың болуы, әрекеттерінің сырттай «заңды» көpiнyi. Ұйымдасқан қылмыстық құрамалар саны көбейсе олардың өзара әрекеттесуiнде ықпал ету өpiciн бөлiсу, мемлекетке бiрлесiп қарсы тұру және т.б. проблемалар туындайды. Ұйымдасқан топтардың бандалардың қылмыстық ұйымдар¬ды бұл өзара әpeкeттecтiгiн ақпарат алмасуды, құкық қорғау жүйелерiн, өзге мемлекеттiк құрылымдарды және азаматты қоғамның институттарын бейтараптандыру :және пайдалану үшiн, қылмыстық ұйымдардың мұқтаждықтағы функционерлерiне көмек көрсетуде күш жiгердiң бiрiктiрiлуi қамтамасыз eтeтiн қылмыстық қауымдастық пайда болады. Қылмыстық қауымдастықтың құрылу негiзiнде бiрлескен ұйымдасқан қылмыстық әрекет негiзiнде құрылатын қылмыстық ұйымдарға қарағанда басқа сипат бар. Қылмыстық қауымдастықта өзара қарым-қатынасты қылмыс¬тық ұйымдар мен оның элементi болып табылатын қылмыстық топтар жасамайды, осы құрамалардың өкiлдерi немесе тiптен, өзiнше жұмыс icтейтiн кәсiби қылмыскерлер жасайды. Қылмыстық қауымдастық ол - басқа қылмыстық құрамалар үшiн жоғары тұрған саты емес, ол өзiнше үйлестiрушi орган, кәсiби қылмыскерлер үшiн онда қылмыстық кәсiподактар кейпi, ал, елдегi саяси процестерге ықпал өте бастаса - партия кейпi бар. Қазакстанда қазiргi кезде бiрнеше қылмыстық қауымдастық бар, олар бiрiмен-бiрi қиянкестік соғыс жүргiзуде (өртеп, өлтiрiп кетедi, көпе-көрiнеу атысады және т.б.) немесе өзара мәмiлеге келедi. «Қылмыстық қауымдастық» терминi қылмыстық құқықта бас¬қаменде қолданылады. Жаңа қылмыстық кодексте қылмыстық қауымдастыққа мүшелерi бiрлесiп қылмыс жасайтын ұйымдас¬қан қылмыстық топтың бiр түpi деп түсініктеме берiлген: « Қылмыстық қауымдастық жасаған деп танылады, егер оны ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау үшiн құрылған ұйымдас¬қан топ (ұйым) жасаған болса». Бұл - қылмыстық заңның крими¬налдық шындықты дәл көрсете алмауының мысалы. «Ұйымдас¬қан қылмыспен курес туралы» федералдық занның жобасында мынадай анықтама берiлген: «Қылмыстық қауымдастық - ұйым¬дастырушылардың немесе басшы немесе қылмыстық ұйымдардың басқа мүшелерiнiң немесе ұйымдасқан топтардың немесе бандалардық немесе тиiстi құрамалардың немесе адам¬дардың қылмыстық әpeкетін үйлестіру, қолдау, дамыту жөнiндегi шараларды бiрлесiп дайындайтын не iскe асыратын адамдардың немесе қылмыстық әрекетпен айналысатын адамдарға, ұйымдас¬қан топтарға, бандаларға, қылмыстық ұйымдарға қолайлы жағдай тудыратын, сондай-ақ көрсетiлген мақcaттa ауыр қылмыстар жа¬сауды ұйымдастыратын адамдардың бiрлестiгi». Қылмыстық қауымдастық қылмыстық ұйымға толқтай айна¬луы немесе оның кейбiр сипаттарын иемденуi мүмкін. Ұйымдасқан қылмыскерлiк - кең ауқымда қылмыстық әpeкeтi бар және ондай әрекет үшiн қолайлы жағдай жасаған, осы құра¬маларға, олардың әpeкeтiнe және сыртқы өзара әpeкeттecтiктepiнe қызмет етуде басқарушылық және басқа функциялары бар өз құрылымдарын да, мемлекеттiк құрылмдаp мен азамaттық қоғамның институттарын да пайдаланатын ұйымдасқан қылмыстық қызметтің күрделi жүйесi. «Жүйе» ұғымы ұйымасқан құрамалардың жай көптiгiн ғана білдiрмейдi, сонымен қатар олардың органикалықұ бүтiндiгiн, олар¬дың арасындағы әр сипаттағы тұрақты өзара байланыстың оның дамуы, қылмыстық табыстың задастырылуы және молаюы үшiн құрлым қолайлы жағдайдың бар екендiгiн де көрсетедi. Ұйымдасқан қылмыскерлiк өзiнiң экономикасы, әлеуметтiк әрі рухани саласы бар, өзiнiң басқару , қауiпсiздiк, жас ұрпақты қалыптастыру жүйесi, юстициясы, өзiнiң iшкi және сыртқы саясатысы бар балама қоғам. Ол, шын мәнiнде, мемлекет, азаматтық қоғамның билеушi институттары, дiн ресми таныған және қолданған жүйеде орын тепкен балама болғантықтан, ic жүзiнде, жалпы адам қоғамы құрылымдарының бiрi болып табылады, тиiсiнше, «ресми» қоғам дегенмен өзара әрекеттеседi. Олардың арасында шындық да қатаң шекара жоқ: ұйымдасқан қылмыскерлiк өзiнiң шытырылған тұлғалары арқылы әр түрлi заңы қатынастар жасайды; өз қатарына тарту, өз қатарын толықтыру мақсатында халықтың әр түрлi әлеуметтiк топтарының мұқтаждығымен және мүддесiмен санасады; қылмыстық әрекеттiк тұрақты және белсендi мүшлерiмен кей кездерi немесе бiр-ақ рет қарым-қатынас жа¬сайтындарда болады; Мұндай жағдайларда әр түрлi жеке және заңды тұлғалар «көзжұмбайлық.» жасайды, олар бiр «сүйкiмдi» адамдарға қызмет көрсеттік деп ойлайды, бұл адамдардың қыллмыстық құрылымдарда тұратындығын немесе оларға байланысты екендiгiн бiлмейдi.
7-Дәріс. Ұйымдасқан қылмыстық құрылымдарға қатысушы қылмыскердiң жеке басы.
Дәріс жоспары:
1.Қылмыскердің жеке басын талдау
2.Қылмысқа қатысудағы басты шарт
3.Қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін квалификациялау
Ұсынылатын әдебиеттер: