- •Пәннің мазмұны Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Дәрістердің тақырыптық атаулары және олардың мазмұны
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Соөж мазмұны
- •Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапысру графигі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Глоссарий.
- •Білімдерді бағалау жалпы шкаласы
- •Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі
- •2013-2014 Оқу жылына пәндердің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •Дәріс кешені
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
Дәріс тезистері.
1998 жылғы 2 шiлдеде қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жемқорлыққа мынадай анықтама береді: «Мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады».
Жалпы танылған анықтамаға сәйкес «жемқорлық», не жемқорлық мінез-құлық, бұл – осы міндеттерді жүзеге асыруға тағайындалған немесе өкілеттік берілген кез келген тұлғаның лауазымдық міндеттерін атқаруға адалдықпен қарамауы. «Жемқорлық» ұғымының мұндай айқындамасы мынаны білдіреді, жемқорлыққа мемлекеттік шенеуніктер ғана емес, сонымен бірге өзінің экономикалық немесе саяси мәртебесінің арқасында қоғамдық мүддені қозғайтын мәселелерге ықпал ететін, немесе мемлекеттің қаржы қаражаттарын не басқа да активтерін басқаратындардың бәрі де жол беруі мүмкін. Жемқорлыққа мүмкіндік жасайтын адамдардың қатарына сондай-ақ өздерінің іс-әрекетімен теріс пиғылды лауазымды тұлғалардың жемқорлық мінез-құлқына жол беретін адамдар да жатқызылады.
Сондықтан, «Нұр Отан» ХДП 2012 жылғы 27 қазанда қазақстандық қоғамның сындарлы күштерімен Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы меморандумға қол қоюға бастама жасады, оның нәтижесінде Жемқорлыққа қарсы жалпы халықтық қозғалыс құрылды. Қазіргі уақытта аталған Меморандумға үш мыңнан астам қоғамдық ұйымдар қосылды.
Қазіргі қазақстандық қоғамда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – күрделі де жаупты міндет, ол құқық қоғау органдарының бүкіл жүйесінің ғана емес, сонымен бірге азаматтық қоғам институттарының да күш-жігерін топтастыруды талап етеді.
Жемқорлыққа қарсы саясат, бұл – мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін пайдаланатын шаралар мен құралдардың (аспаптардың) тұтас жүйесі (жиынтығы).

Біздің бұл бағыттағы іс-әрекеттеріміз мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлық деңгейін едәуір төмендетті. Мұны халықаралық сарапшылар атап айтуда.
Алайда бізге сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа стратегиясын жасау қажет.
Парақорларды анықтау және сотқа тарту жеткіліксіз.
Жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді пайдалану, жұртшылықты жемқорлық тәртіп бұзушылықты ескерту мен алдын алуға кеңінен тарту керек.
Басқа елдердің тәжірибесін зерттеп, пайдалану қажет. Мемлекеттік қызметшілердің кірістерін ғана емес, шығыстарын да мағлұмдауға көшу қажет.
Стратегияның негізгі мақсаты Қазақстанның тұрақты дамуы мен экономикалық гүлденуінің маңызды шарты ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-әрекетке бағытталған және мыналарды қамтиды:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет тетігі, республикадағы сыбайлас жемқорлық белсенділігінің алдын алу және оны бейтараптандырудың тиімді жүйесін құру, сондай-ақ адалдықты, сатылмайтындықты көтермелеу арқылы мемлекет пен қоғамның тіршілік әрекетінің барлық саласында сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының және халықаралық қауымдастықтың мемлекет институттары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына деген сенімін нығайту;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша азаматтық қоғамның әлеуетін күшейту.
6-Дәріс. Ұйымдасқан қылмыстардың дамуы және олардың пайда болуына әсерiн тигiзетiн факторлар
Дәріс жоспары:
1.Ұйымдасқан топтар, бандалар, қылмыстық ұйымдар мен қылмыстық қоғамдастық.
2.Қылмыстық ұйымдардың өзiне тән сипаттары.
Ұсынылатын әдебиеттер: