
- •Пәннің мазмұны Дәрістердің тақырыптық жоспары
- •Дәрістердің тақырыптық атаулары және олардың мазмұны
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Соөж мазмұны
- •Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапысру графигі
- •Әдебиеттер тізімі:
- •Глоссарий.
- •Білімдерді бағалау жалпы шкаласы
- •Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі
- •2013-2014 Оқу жылына пәндердің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •Дәріс кешені
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
- •Дәріс тезистері.
Дәріс тезистері.
Ұйымдасқан топ және қылмыстық қауымдастық құрылып, бірақ әлі ешқандай қылмыстар жасап үлгермесе, мұндай жағдайға бұрын заңда арнайы норма болмаған. Ұйымдасқан топты және қауымдастықты құру әрекетінің өзі қылмыс жасағандық білдіре алады, себебі қылмыстық құқық қылмыстылықпен айналысу үшін мұндай тұрақты топтардың құрылуының өзін аяқталған қылмысты әрекет ретінде тайынды. Бірақ қылмыстық заңның Жалпы және Ерекше бөлімдерінің өзара байланысын ескере отырып айтсақ, онда ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық үшін ҚК Жалпы бөлімнің 31 бабында түсінік берілген. Сондықтан Жалпы бөлімнің жекелеген институттары Ерекше бөлімде көрсетілуге жатпайды. 235 бабта табиғатынан екі немесе одан көп адамның қатысуымен ғана жасалатын жеке қылмыстың белгілері болмағанымен, оның бүгінгі заңда өмір сүруінің себебі, біріншіден, ол ұйымдасқан қылмыстық топ және қылмыстық қауымдастық құрылып, бірақ ешқандай қылмыс жасап үлгермеген жағдайы үшін және екіншіден, Ерекше бөлімнің баптары ұйымдасқан топпен, қауымдастықпен қылмысты жасауды жауаптылықты ауырлататын құрам түрінде арнайы қарастырмағанда жауапкершілік қолдану болып табылады. Бұл турасында Қылмыстық кодекске берілген түсіндірмелерде де осындай бағыттағы түсіндірме берілген. Онда қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) ұйымдастыру үшін жауаптылықты қарастыратын бабты түсіндіре отырып, «Қылмыстық қауымдастықты құру және ұйымдастырушылардың, жетекшілердің немесе басқа да ұйымдасқан топтар өкілдерінің бірлестігін құрып, бірақ әлі ешқандай қылмыстар жасамаса да қылмыстық ұйымды нақты құрған кезеңінен бастап аяқталған қылмыс болып табылады”.
Енді ҚР. ҚК. 235 бабындағы ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) құру немесе оған жетекшілік ету және қылмыстық қауымдастыққа қатысу деген қылмыс түрін алайық. Мұндағы заң диспозициясы үш әрекетін: ұйымдастыру, жетекшілік ету, сонымен қатар қатысудан құралады. Бұл бапта жеке қылмысқа қатысушылық түрі жоқ тәрізді, себебі мұнда 31 баптың 3 және 4 бөлімдеріндегі қылмысқа қатысушылықтың формалары келтірілген. Қылмысқа қатысушылық түрі жоқ сияқты деу себебіміз, ұйымдасқан қылмыстық топтың және қылмыстық қауымдастықтың түсінігін ашатын белгілерде жеке қылмысты білдіретін ерекше белгілер кездеспейді. Ұйымдасқан қылмыстық топ және қылмыстық қауымдастық формасында Ерекше бөлімдегі қасақана қылмыс түрлері жасалады. Ұйымдастыру, қатысу тәрізді белгілер де кез-келген қасақана жасалатын қылмыстарда кездесе алады. Бұлай болғанда, қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде мұндай бап болмауы керек сияқты.
Демек, қылмыстық қауымдастықты құру арқылы қылмыстар жасауға дайындық кезеңінің өзі Ерекше бөлімдегі тұрақтылық белгісімен сипатталатын және ұйымдасқан топ немесе қауымдастық арқылы қылмыстылықпен айналысу ауырлататын құрам түрінде қарастырылған қылмыстарда аяқталған қылмысты құрайды және іс-әрекет 24 бапқа сілтеме жасалынбай Ерекше бөлімнің баптарымен квалификациялады. Егер ұйымдасқан топ, қауымдастық құру Ерекше бөлімнің баптарында ауырлататын құрам ретінде келтірілмесе, бірақ осы қылмыстарды жасау мақсатында тұрақты қылмыстық топтар құрылса, онда 31 баптың 6 бөліміне сәйкес, қылмыс жасауға дайындалу ретінде бағаланып, іс-әрекет 24 бапқа сілтеме жасау арқылы квалификациялады. Бұл турасында Ресей федерациясының қылмыстық кодексінің түсіндірмесінде біздің осы шешімімізді құптарлық түсіндірме келтірілген. Онда қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық ұйымды) ұйымдастыру үшін жауаптылықты қарастыратын 210 бапты түсіндіре отырып, “Қылмыстық қауымдастықты құру және ұйымдастырушылардың, жетекшілердің немесе басқа да ұйымдасқан топтар өкілдерінің бірлестігін құрып, бірақ әлі ешқандай қылмыстар жасамаса да қылмыстық ұйымды нақты құрған кезеңінен бастап аяқталған қылмыс болып табылады”, - дейді. Демек, қылмыстық қауымдастықтың қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі белгілі бір қылмыстарды жасауға дайындық кезеңінің өзі аяқталған, жасалған қылмысты құрайды. Әдетте, келте (усеченный) құрамдарда қылмыстың бастапқы кезеңдері үшін ҚК Жалпы бөлмінің 24-нші бабына сілтеме жасалынбайды. Себебі сол дайындық, оқталу әрекеттерінің өзі мұндай құрамдарда қылмыстың жасалынғандығын білдіреді. Ал жоғарыда аталған Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің түсіндірмесінде әрі қарай “қылмыстық ұйымдардың пайда болу кезеңін қылмысқа даярланғандық немесе оқталғандық ретінде қарастыру керек”, - дейді [111. 364].
А.В. Наумовтың мұндай пікіріне келісу қиын. Өйткені нақты (фактический) қылмыс ойға алынған әрекеттерді жасағаннан, мақсатына жеткеннен кейін аяқталса, заң түрінде (юридический) қылмыскердің ойға алған мақсатына дейін аяқталып жатады. Мысалы келте немесе формальды құрамдарда. Біз әрине қылмысты квалификациялағанда, оның аяқталу кезеңін заң бекіткен, анықтаған кезеңмен аламыз. Қорыта айтқанда, бұл баптың заңда болуы біздің жоғарыдағы зерттеуіміздің дұрыстығын дәлелдейді. Яғни Ерекше бөлімде бірнеше адамдардың қатысуымен ғана жасала алатын жеке қылмыстар ғана емес, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастық тәрізді екі немесе одан көп адамдардың қатысуы қажетті белгі болатын қылмысқа қатысушылық формалары жоғарыдағыдай жағдайлар негізінде қылмысқа қатысудың бір түрі ретінде жеке бап ретінде көрсетіле алады. Қазіргі заң қолдану жұмысы бойынша, егер қылмыстық қауымдастық және ұйымдасқан қылмыстық топ құрылғаннан кейін бірнеше қылмыстар жасаса, онда барлық жасаған қылмыстар үшін және 235 бабының тиісті бөлімдеріндегі әрекеттерді жасағандығы үшін жауапқа тартылады. Мысалы 1995 ж. 22 желтоқсандағы қорқытып алушылық туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы ҚР Жоғарғы сотының №11 қаулысының 8 арашасында, егер қорқытып алушылықты, ұйымдасқан топты немесе қылмыстық қауымдастықты құрған адам, сондай-ақ оларға басшылық еткен адам жасаса, онда олардың әрекеттерін ҚК 76-7бабының (қазіргі Қ.Р. ҚК 181-нші бабы) екінші бөлімнің 8 тармақшасымен және 63-2 (қазіргі ҚР ҚК 235-нші бабы) тиісті бөліктері бойынша квалификациялауды ұсынады [116]. Сол 2001 жылы 21 маусымда шыққан ҚР Жоғарғы Сотының “Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы” № 2 нормативтік қаулысының 15 тармақшасында осындай бағыт келтірілген. Онда “ҚК 31 бабының 5 бөлімінің талаптары негізінде, ұйымдасқан қылмыстық топты, банданы немесе қылмыстық сыбайластықты (қылмыстық ұйымды) құрған не оған басшылық жасаған адамдардың іс-әрекеттері тиісінше ҚК 235 бабының 1 бөлімімен не, 2 бөлімімен немесе ҚК 237 бабының 1 бөлімі бойынша және де сондай-ақ егер оның ниетімен қамтылса, ұйымдасқан қылмыстық топ, банда немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс үшін жауапкершілік көздейтін ҚК Ерекше бөлімінің тиісті баптары бойынша да дәрежелеуге жатады”,- делінген. [74].
Біз Қ.Р. Жоғарғы Соты қаулыларының мұндай түсіндірмесін қосымша түсіндіруге мәжбүрміз. Біз ҚК 235 бабын ұйымдасқан топтың, қылмыстық қауымдастықтың құрылып әлі ешқандай нақты қылмыс жасамаған кезеңі үшін қолдануды ұсындық. Ал егер ұйымдасқан топ, қауымдастық құрылып қана қоймай бірнеше қылмыстар жасаған болса, 235 бапты пайдалануды ұсынушылар, яғни қылмыстардың жиынтығы бойынша саралауды жақтаушылар бірнеше қылмыстар жасалды, 235 бапта да жаза көрсетілген, сол жазаларды немесе қылмыстарды қосып жаза тағайындау керек дейді. 235 баптағы ұйымдасқан топпен қылмыстық қауымдастықты тек келте құрам ретінде пайдалануды ұсынғаннан кейін, ол барлық ұйымдасқан топ, қылмыстық қауымдастық жасаған қылмыстарда қолданылуға негізді себеп болады. Демек қылмыстар жиынтығы ретінде саралауды қажет етеді. Біздің пікірімізше ұйымдасқан топ, қауымдастық Қ.К. Ерекше бөліміндегі қасақана қылмыстарды жасап бірақ, оған қатысушылардың әрекеттерін сол бапта ұйымдасқан топ немесе қауымдастық түрінде көрсетілмесе, онда 235 баппен және сол жасаған қылмысты қарастыратын баптың 1-бөлімімен саралау керек. Ал жаза тағайындау кезеңінде 235 баптың және жасаған қылмысты қарастыратын баптың жаза түрі мен көлемі қолданылады. 235 баптың бірінші, екінші және үшінші бөлімдеріндегі жаза мөлшері де кейбір ауыр қылмыстарға қарағанда аз көрсетілген. Ол жаза, тек қылмыстық қауымдастықты және ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны үшін ғана белгіленген.
Бандитизм (237-бап) - аса қауіпті қылмыстардың бірі. Бұл қылмыстар жылма-жыл өріс алып, көбеюде, оның қоғамға аса қауіптілігі сол, банды құрылымы жөнінен тұрақты, қаруланған топ бола тұрып, аса ауыр қылмыстарды жасайды.
Қылмыстық тікелей объектісі - коғамдық қауіпсіздік. Қосымша тікелей объектісі - адамдардың өмірі, денсаулығы, меншігі, сондай-ақ басқадай мүдделер.
Объективтік жағынан бандитизм бірнеше әрекеттердің жиынтығы бойынша сипатталады:
1. Азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ (банда) құру.
2. Орындай топтық (банданы) басқару.
3. Тұрақты қарулы топқа қатысу.
4. Бандалық топқа кіретін адамдардың біреуінің болса да қарулануы.
Қаруланған банда деп екі немесе одан көп адамдардың алдын ала келісіп азаматтарға немесе ұйымдарға бір немесе бірнеше шабуыл жасау мақсатында құрылған қаруланған, тұрақты топты айтамыз.
Банданы құру деп банданы жарақтау, оларды қарумен жабдықтау, банданың құрамына мүшелер тарту, банды мүшелерінің рольдерін белгілеу олардың істейтін қылмыстарын жоспарлауды айтамыз. Бандыны құрушы, әдетте оның ұйымдастырушысы болып табылады.
Банданың тұрақтылығы қаруланған топтын мүшелерінің кылмысты іс-әрекеттерді жүзеге асыру жөніндегі келісімнің нәтижесі аркылы анықталады.
Банда мүшелерінің алдын ала келісім арқылы жасайтын бір немесе бірнеше қылмысын қылмыстық іс-әрекет деп айтамыз.
Бандаға кіретін топ мүшелерінің ең болмағанда біреуінің атылатын немесе суық қарумен қарулануы негізгі шарт болып табылады. Қаруға, сондай-ақ әртүрлі жарылғыш құралдары да жатады.
Баңдитизм құрамы құрылысы жөнінен келте қылмыс құрамына жатады. Сондықтан да қылмыс қарулы топ (бандыны) құрған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Бұл жерде қарулы топқа кіретін банда мүшелерінің біреуінің болса да қарулануы жеткілікті. Банда құрылған уақыттан бастап, бандалық топ басқа бір қылмысты істеп үлгермегеніне қарамастан бандитизм құрамы аяқталған деп табылады.
Бандыны басқару деп құрылған банданың қылмыстық іс-әрекеттерінің оперативтік бағытын белгілеу, банда шабуылды жасайтын нақты объектілерді таңдап алу, шабуылды жүзеге асыратын тәсілдерді белгілеу, банда мүшелерімен "тәрбиелік" сипаттағы жұмыстар жүргізу, оларды жазалау, жәбірленушілер мен куәлардың көзін жою туралы шешімдер қабылдау, ұрланған мүлікті жасыру немесе өткізу, бұйрықтар беру әрекеттерін айтамыз.
Шабуыл жасау деп қылмыстық нәтижеге жету үшін бандалық топтың жәбірленушіге күш қолдануы немесе оны дереу нақты қолдану кауіпін тұғызуын айтамыз.
Егер шабуыл барысында адам өлімі немесе адамның денсаулығына зиян келтірілуі орын алса, онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.
Субъективтік жағынан бандитизм тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 237-бабыңца көрсетілген әрекеттерді істейтінін сезеді және оны істеуді тілейді. Қылмыстық ниет - әртүрлі болуы мүмкін, оның негізгісі - пайдакүнемдік ниет.
Қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі -арнаулы мақсат азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау болып табылады.
Қылмыстык субъектісі - 16-ға толған, есі дұрыс адам. Егер бандаға 14 пен 16 жастың арасындағы адамдар қатысса, онда олар өлтіргені, әйел зорлағаны, ұрлық жасағаны үшін, яғни Қылмыстық кодекстің 15-бабының 1-тармағындағы қылмыстарды істегені үшін ғана жауапқа тартылады. Қылмыстық кодекстің 237-бабынын, 2-тармағында тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасаған шабуылдарға қатысқаны үшін жауаптылық көрсетілген.
Бандаға қатысу деп — олардың жасаған шабуылдарына тікелей қатысу, сонымен бірге банданы қаржыландыру, қарумен жабдықтау, көлікпен қамтамасыз ету, әрекеттерді орындауларын айтамыз.
Қылмыстық кодекстің 237-бабының 3-тармағы бандитизм әрекеттерін адамның өз қызмет бабын пайдалана отырып жасағаны үшін жауаптылық белгіленген. Мұндай әрекеттерді көп жағдайларда қаруға қатысы бар, оны пайдалану сырын жете білетін полиция қызметкерлері, әскери қызметшілер істеуі мүмкін. Осы бап (237-баптың 3-тармағы) бойынша қылмыс субъектісі болып лауазым адамдары (Қылмыстық кодекстің 307-бабының ескертуі) коммерциялық немесе өзге ұйымдардың басқарушылары (ҚК-тін 228-бабының ескертуі) Мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті көп мөлшерде икемдету мақсатымен бір топ адамның алдын ала сөз байласуы бойынша шабуыл жасап, шабуылға үшыраған адамның өміріне немесе денсаулығына кауіпті күш жұмсаумен ұштастырып немесе сондай күш жұмсамақ болып, қорқытып үй~жайға немесе қойма орындарына басып кіру арқылы жасалса немесе дене ауыр жарақаттарымен ұштасса, иә болмаса бұл қылмысты ерекше қауіпті рецидивист істесе немесе бұрын меншікттік немесе коғамдык немесе азаматтардың өзіндік мүлкін икемдену мақсатымен шабуыл жасап тонаған немесе бандитизм жасағап істесе -- мүлкі тәркілене отырып, 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандыгынан айыруға жазаланатындыгы көзделген.
Азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ (банда) құру, сол сияқты осыңдай топты (банданы) басқару - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасаған шабуылдара қатысу - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Жалпыға бірдей қауілті заттарды қолдану ережелерін бұзұмен байланысты қылмыстар.
Радиоактивті материалдарды нормативтік құқықтық және технологиялык талаптарға сай дұрыс пайдалану қоғамға, адамзатқа зор пайда келтіруі мүмкін. Бірақта радиоактивті материалдармен ұқыпсыз немесе қылмысты түрде жұмыс істеу аса зор қауіпті зардаптарға әкеліп соғады.
Қылмыстың тікелей объектісі - радиоактивті материалдармен кауіпсіз жұмыс істеуді реттейтін қоғамдық қатынастар. Қосымша тікелей объектісі - адамдардың өмірі немесе денсаулығы. Осы қылмыстың заты болып - тек қана радиоактивті материалдар танылады. Оларға радиоактивті нәрселер, радиоактивті қалдықтар т.б. заттар жатады. Радиоактивті заттармен жұмыс істеу тәртібі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы заңымен белгіленген.
Қылмыстық кодекстің 247-бабының 1-тармағында көрсетілген кылмыстың объективтік жағы: радиоактивті материалдарды заңсыз алу, сақтау, пайдалану, біреуге беру немесе бүлдіру, сондай-ақ оларды тасымалдау және көму әрекеттері арқылы сипатталады. Мұнда көрсетілген алуға - радиоактивтік материалдарға ҚК-нің 248-бабында көрсетілгеннен басқа кез келген тәсілмен (сатып алу, айырбастау, сыйға алу) арқылы қолға түсіру жатады.
Сақтауға - көрсетілген заттарға шын мәнінде қожалық етіп, иелікте ұстау әрекеттері жатады. Радиактивті материалдарды пайдалануға - оны мақсатты немесе басқандай мақсатсыз қолданып, игілікке жарату әрекеттері жатады. Қазақстан Республикасының "Атом энергиясын пайдалану жөніндегі", сол сияқты "Халықтың радиациялық кауіпсіздігі туралы" заңдарына және басқа арнаулы нормативтік актілерге қайшы іс әрекеттер заңсыз деп танылады.
Кедендік бақылаудан тыс немесе жасырын жасалған не қужаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалана отырып, не есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін, улы, уландырғыш, радиактивті немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жарылғыш құралдарды, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, жаппай қырып-жоятын қарудың ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да түрлерін, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшін пайдалануға немесе жалған декларациялаумен ұштастыра Мемлекеттің кеден шекарасы арқылы өткізген үшін қылмыстық жауаптылық, Қылмыстық кодекстін 250-бабында арнайы көрсетілген.
Қарумен кез келген түрімен заңсыз іс-әрекеттер жасау өте қауіпті. Қарулы адам әруақытта да орасан зор зиян келтіруі мүмкін.
Сондықтан заң осындай заттармен айналасқаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Көрсетілген қылмыстың тікелей объектісі - қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш кұрылғыларды айналымға қауіпсіз шығаруды реттейтін қоғамдық қауіпсіздік болып табылады. Қылмыстың заты - қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар және жарылғыш құрылғылар, суық қару болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы желтоқсанның 30-ында қабылданған "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" заңында осы көрсетілген заттарға анықтамалар берілген.
Өрт каупінің тікелей объектісі - адам өмірі мен денсаулығы болуы мүмкін. Объективті жағына талданып отырылған қылмыс (256-баптың 1-тармағы) өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, егер ол абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіруге әкеп соғу аркылы сипатталады. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау Қазақстан Республикасының арнаулы заңымен белгіленген. Қылмыстың зардабы -өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан адам денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян (ҚК-тін 103, 104-баптары) келтіру немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтіру болып табылады, өзге де ауыр өрттен тұтас жанып кетуі, ұзақ уақытқа кәсіпорын жұмысының тоқтап қалуы және т.б. әрекеттер жатады.
Үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс кұралдарын басып алу қылмыс объектісі - өзінін ең терең мағынасындағы қоғамдық қауіпсіздік болса, екі және үшінші бөлімдер бойынша оған адамдардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қосу керек.
Бұл қылмыстың объективті жағы үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзге коммуникацияларды басып алудан немесе оларды жою не бүлдірумен қоқытып, ұстап тұрудан құрылады.
Басып алу деп басып алынғанды босату үшін белгілі бір шарттар қою мақсатымен үйлерге, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына не өзге коммуникацияларға бағытталған, заңсыз әрі күні қолданылатын кез-келген әрекетті түсіну керек.
Ал, ұстап тұру деп басып алғанды босатуға кедергі жасау мақсатымен күш қолдану арқылы жасалған әрекеттерді айтамыз.
Аталған қылмыс құрамында қорқыту жазбаша немесе ауызша түрде білдіріп, сол сияқты, ашық немесе жасырын (аноним) болуы мумкін. Қорқыту, оны естіген адамның осы айтылғанның орындалуы мумкін деп есептеуіне барлык негіздер болатындай шынайы қабылдауы керек. Қылмыс іс жүзінде басып алу сәтінен бастап аяқталған болып есептеледі.
Әр тұлға үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс кұралдарын басын алудан басқа да қылмыстық - жазалаушы әрекеттер жасаса, онда оның әрекеттері қылмыс жиынтығы бойынша бағалануы тиіс. Қылмыстың субъектісі - 16 жасқа толған тұлға. Егер де әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) өмірге не денсаулыққа қауіпті күш қолданыла отырып;
г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын басқа заттарды колданыла отырып;
д) пайдакүнемдік ниетпен жалдау арқылы жасалса, Қылмыстық кодекстің 238-бабының 2-бөлімі бойынша бағаланады.
Бағалаушы белгілердің мазмұны Қылмыстық кодекстің 234-бабы ның сәйкес белгілерімен бірдей Қылмыстық кодекстің 238-бабыньщ 1 және 2-баптарында көзделген әрекеттер егер оларды ұйымдасқан топ жасаса немесе абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса ерекше бағалаушы белгілер болып табылады, бұлар да адамды кепілге алудың сәйкес белгілерімен бірдей.
Басып алғандарын босату шарты ретінде мемлекетті, ұйымды немесе азаматты қандай да бір іс-әрекет жасаудан тартынуға мәжбүр егу мақсатында үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын, өзі коммуникацияларды басып алу немесе оларды ұстап туру, оларды жолмен немесе бүлдіремін деп қорқытумен үштасса - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы баптың 1 немесе 2 бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса немесе абайсызда кісі өліміне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса - мүлкі тәркіленіп немесе онсыз сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Әуе немесе су кемесін не жылжымалы темір жол составын әкету, сол сияқты қолға түсіру аракідік көрініс беретін құбылыс. Бұл тұрғыдағы қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық қауіпсіздік. Көрсетілген қылмыстың қосымша тікелей объектісі - адамдардың өмірі, денсаулығы, сондай-ақ меншігі болады.
Қылмыстық объективтік жағы екі түрлі әрекеттен тұрады: әуе немесе су кемесін не жьшжымалы темір жол составын айдап әкету, осы көлік құралдарын айдап әкету мақсатында басып алу.
Әуе келігі кемесіне - адамдар немесе жүк тасуға бейімделген, ауа қысымы күшімен қозғалатын ұшу аппараттары жатады. Оған үшақтың, тікұшақтың барлық түрлері, сондай-ақ спорттық әуе шарлары, дирижабльдер жатады.
Су-Көлігі кемесі мұхиттарда, теңіздерде өзен көлдерде адам немесе жүк тасуға арналған көлік құралы. Бұған теплоходтардың сан түрі, су асты қайығы, катерлер, теңіз яхталары, өзі жылжитын яхталар жатады. Бұған: локомотивтің барлық түрлері, электр күшімен жылжитын вагондар,
платформалар жатады.
Осы көрсетілген көлік құралдарына өз бетінше иелік етіп оны қалауынша пайдалану айдап әкету деп табылады.
Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың басқа адамдардың көлікті рұксатсыз, белгіленген маршруттарды өзгерте отырып, өз бетінше пайдаланса мұндай әрекеттер айдап әкетуге жатады. Басып күш қолдану, қорқыту немесе алдау арқылы әуе, су кемесін немесе жылжымалы темір жол составын құқыққа қайшы түрде иелік етулер жатады. Күш қолдану экипаж мүшелеріне, жолаушыларға дене жарақатын келтіруімен көрініс табады. Қорқытуға, өлтіруге, көлікті апатқа ұшыратуға, жарылыс жасауға байланысты ниет білдірушіліктер жатады. Алдауға әртүрлі амал-айлалар қолдану (экипаж мүшелерін, жүргізушілерін, жолаушыларды жаңылыстыру арқылы маршрутты өзгерту) әрекеттері жатады. Қылмыс формальдық құрамға жатады және ол жоғарыда көрсетілген әрекеттерді жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен
жасалады. Адам көлікті заңсыз айдап әкеткенін немесе көлік құралын
басып алғанын сезеді және соны істеуді тілейді, Басып алудың мақсаты
көлік құралын айдап әкету болып табылады. Қылмыстың субъектісі -
ойы толған, есі дүрыс адам. Қылмыстық кодекстің 239-бабының 2
тармағыңда осы қылмыстың ауырлататын түрлері жасағаны үшін жауаптылық көрсетілген. Олар: а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша (Қылмыстық кодекстің 31-бабының 2-тармағы);
б) бірінші рет; в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолданып немесе осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып (Қылмыстык кодекстің 179-бабы); г) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып жасалса (Қылмыстық кодекстің 179-бабы).
Өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану жәбірленушінін денсаулығына жеңіл, орташа ауыр немесе ауыр зиян келтіруді білдіреді.
Қорқыту - өлтірумен, денсаулыққа жеңіл, орташа ауыр және ауыр зиян келтірумен шошыту арқылы білдіреді. Жасалған істі Қылмыстык, кодекстің 239-бабынын 3-бөлімі бойынша бағалау үшін адам өлімі кінәнің абайсыз түрінің болуымен орын алғандығын анықтау керек. Айдап әкету немесе басып алу кезіндегі кісі өлтіру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 96-бабы бойынша қосымша бағалауды талап етеді.
Өзге ауыр зардаптар - көліктің немесе жылжымалы теміржол составын апатқа ұшырауынан самолеттердің ұшу немесе поездардың жылжу графиктерінің (кестесінің) айтарлықтай бұзулуынан, т.б. тұруы мүмкін.
Теңіз қарақшылығы - халықаралық істер қатарына жатады, қылмыстық-құқықтық күрес халықаралық-құқықтық конвенциялар негізіңде жүргізіледі. (мысалы, балық теңіз туралы Женева Конвенциясы, 1958 ж.)
Теңіз қарақшылығы - сауда, азаматтық кемелерді ашық теңізде жасалатын заңсыз басып алу, тонау немесе суға батыру. Қазақстан Республикасы Жаңа Қылмыстық кодекстің 24-бабы теңіз немесе өзен кемесіне бөтеннің мүлкін басып алу мақсатында күш қолданып немесе осындай күш қолданумен қорқытып шабуыл жасағандық үшін жауаптылық көздейді. Қосымша тікелей объект - адамдардың өмірі. Кылмыстық заты - бөтеннің меншігі (жүк, кеме, жанар май, отын). Қылмыс құрамы формальдық. Ол шабуыл жасаған уақыттан бастап аталған деп танылады. Осы қылмыстың объективтік жағының тағы бір белгісі қылмыстың жасалу орны болып табылады. Теңіз қарақшылығы ашық теңізде немесе көлде, не өзенде, я болмаса өзен, көл жағалауыңда жасалуы мүмкін.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлі күш қолданып немесе күш қолданамын деп қоркытып шабуыл жасап, теңіз немесе өзен кемесіне бөтеннің мүлкін басып алу мақсатында қарақшылық жасайтынын сезеді және осы әрекеттерді істеуді тілейді.
Қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгісі - бөтеннің мүлкін басып алу (кеме, катер, жүктерді, жабдықтарды, ақша және басқа заттарды) болып табылады.
Қылмыстық кодекстің 24-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрлері көрсетілген. Олар бірнеше рет (Қылмыстық кодекстің 11-бабы) қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған әрекет. Қылмыстық кодекстің 240-бабының 3-тармағында осы қылмыстың аса ауырлататын түрі үшін жауаптылық белгіленген. Олар егер теңіз қарақшылығы ұйымдасқан топпен жасалса (Қылмыстық кодекстің 31-бабының 3-тармағы), не абайсызда кісі өліміне не өзге зардаптарға (мысалы, ауыр дене жарақатына, кеменің күйреуіне, ірі материалдық залалға) әкеліп соқса. Егер теңіз қарақшылығы әрекетінен кісі өлімі орын алса, онда іс-әрекет қылмыстардың жиынтығы (Қылмыстық кодекстің 96 және 240 баптар) бойынша сараланады.
5-Дәріс. Қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым), олардың басқа да топтасқан қылмыстардан айырмашылығы
Дәріс жоспары:
Қылмыстық сыбайластық немесе қылмыстық ұйым туралы түсінік.
“Ұйымдасқан қылмыстылық” ұғымының заң шығару және құқық қолдану тәжірибесі
“Мафия”, “көлеңкелі экономика”, “кәсіби қылмыстылық” және “сыбайлас жемқорлық және т.б.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының екінші кезеңін іске асыру туралы (2009-2010 жылдар) жиынтық талдау ақпараты