Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_ Психология_организационной_преступности_Т...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
665.09 Кб
Скачать

Дәріс тезистері.

Қылмыскерлікті әлеуметтік құбылыс ретінде қарау.

Қылмыскерлікті зерделеу кезеңі мен қылмыскерлікпен күресуді ұйымдастыру кезеңі арасында қылмыскерліктің детерминациясы мен себептілігін айқындау кезеңі міндетті түрде болады.

Қылмыскерлікті түр – түрімен, оның нақты жағдайларда пайда болуын жан – жақты түсіндіріп беретін қандай да бір жалпы, «негізгі», «басты» себептері жоқ. Қылмыскерліктің себептеріне баса мән бермеу немесе ол жайында аса қолданбау соңғы уақытқа дейін кеңестік криминалогияда орын алды. Кейбір зорлыққа себеп: «әр түрлі сипаттағы дүниеқорлық», «буржуазиялық меншік психалогия» деп санады. Криминологиялық әдебиетте неғұрлым көп таралған, қылмыскерлікті тұындаған әдеттегі мән – жайлар туралы мәліметтер келіреді. Бірақ өзінің әр түрлі көрінісінде және үйлесімінде бұл мән – жайлар қылмыскерліктің сан алуан түрін туындатуы, оның сапалық және сандық сипаттамаларын әр түрлі анықтауы мүмкін.

Сондықтан да әр түрлі аймақтардағы адамдардың нақты өмір тірлігінің соған дейіңгі күйін әр уақытта талдау керек.

Қандай да бір мән – жайдың қылмыстық іс – қимылмен байланысын жәй көрсету ғана емес, сол байланыстың сипатын айқындаудың да маңызы зор, мысалы, өзінің қандай нақты көріністерінде, қандай өзге факторлармен жиынтығында және қандай жағдайларда қандай мән – жайда қылмыстық іс – қимылын тұдырады.

Сонымен, қылмыскерлік – біршама дербес, тұтас, қоғамға едәуір қауіпті құбылыс. Ол қоғамның әр түрлі салаларына, әр түрлі қоғамдық қатынастарға тараған. Бұл тұрғыдан алғанда ол «әлеуметтік» сөзінің кең мағынасындағы әлеуметтік құбылыс.

Қылмыскерлік қоғамда болады, қоғам оны тудырады.

Қылмыскерлік – жай әлеуметтік қана емес, әлеуметтік – психологиялық құбылыс, себебі ол адамдарын жеке олардың іс – қимылдарынан, әрекетінен ттысқарыда болмайда. Ол адамдардың жалпы қоғамға қауіпті іс – қимылын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар қылмыстық – құқықтық тыйымды бұзу лажсыздық емес, ал ситуация шешімінің басқа варианттарына жол беретін жағдайлардағы айыпты іс – қимылды да көрсетеді.Қылмыскерліктің әлеуметтік мәні қандай? Мұндай сұраққа Ф. Энгельс өзінің «жұмысшы жағының Англиядағы жағдайы» деген кітабында жауап берген. Ол әр түрлі қылмыстардың объективтік ұқсастығын бөліп алған, сонан соң қылмыскерліктің теориялық ұғымын қалыптастырған:«Мұнда ұрлық жайында, полицияға шабуыл жайында, ата – анасы тастап кеткен некесізге алимент төлеуге әкесін мәжбүрлеу жайында, күйеуін әйелінің ұландырғаны жайында жариялайды. Осы тектес оқиғаларды ағылшының барлық газеттері хабарлайды. Англияда әлеуметтік соғыс жаппай жүріп жатыр. Әркім өзі үшін басқалардың бәрімен күресуде, ал басқаларға зиян келтіру керек пе, оны ол тек менмендік тұрғыдан шешеді: қай жағы өзіне тиімді.Бір сөзбен айтқанда, әркім басқаның бәрін жау көреді, жолында тұрғандарды қағып кеткісі келеді, немесе өз мақсаттарында пайдаланады».

Сонымен, әрбір қылмыстың объективтік ұқсастығы не пайдалы деген менмендік есеппен әркімнің қалған басқаларға қарсы күрес. Мұндай көрініштердің көптігі туралы мәліметтер негізінде Ф. Энгельс «әлеуметтік соғыс» жайында сөз етеді. Ал, «әлеуметтік соғыстың» бұл түрін бөліп алады,оны «тәртіпті силамаудың ең соңғы көрінісі» деп атай отырып, оның негізінде таза менмендік емеп жатқандығын көрсетеді.

Қылмыстық құқық теориясында, қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін квалификациялау жайында ғалымдардың арасында бір-біріне қарама-қарсы пікірлер кездеседі, солардың бірі ұйымдасқан топтың қатысушыларының қылмысқа қатысудағы ролі және олардың әрекеттерін бағалау жайында. Ұйымдасқан топқа қатысушылар, осы топтың мүшелері болып табыла ма, әлде қатысушылары болып табыла ма деген сұрақ туындайды.

Бұрынғы және қазіргі уақыттарда осы мәселені қарастырған ғалымдар ұйымдасқан топтың барлық мүшелері қылмысты бірге орындаушылар болып табылады және олардың пікірінше қылмыстық кодекстің 17-ші бабына сілтеме жасалынбауы керек. Бұған қарсы көзқарастар да бар. Мысалы Ушаков А.В. “Ұйымдасқан топқа оған кірген адамдар қылмысты бірге орындаушылар емес, осындай топтың қатысушылары болып табылады” – дейді. А.В. Ушаковтың пікірінше ұйымдасқан топқа кірген адамдар қылмысқа қатысушылар болып есептеліп, ұйымдастырушылық, айдап салушылық, көмектесушілік әрекеттер жасаған жағдайда 17 баптың осындай рольдер қарастырылған тиісті бөлімдеріне сілтеме жасаулануы керек. Осындай бағытты 2001 жылы қабылданылған «бандитизммен және басқа да қатысушылықпен жасалған қылмыстар үшін жауаптылық туралы заңдарды соттардың қолдануының кейбір мәселелері жөніндегі» ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы да келтіреді. Бұл қаулының 15 пунктінде «ұйымдасқан топ, қылмыстық қауымдастықты құрған немесе ұйымдастырған адамдардың әрекеттері ҚК Ерекше бөлімінің тиісті баптарымен және қылмысты орындауға тікелей қатыспаған жағдайда 28 бапқа сілтеме жасай отырып квалификациялауы керек» деген [74].

Біздің пікірімізше бұл мәселе бір жақты шешілмеуі керек. Ұйымдасқан топпен қылмыстық қауымдастық туралы тікелей жауапкершілікті қарастыратын Қ.К. 235 баптың 3 бөлімінде ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық қауымдастықтың қатысушылары туралы жауапкершілікті қарастырған. Міне осыдан барып, қатысушылар кімдер бола алады немесе қатысушы болуы үшін ұйымдасқан топқа кіруі немесе мүше болуы шарт па және ұйымдасқан топқа мүше емес, қатысушылар да бола ма деген сұрақ туындайды.

Бір байқалатын жәйт ұйымдасқан топқа қатысушылар кей жағдайларда әр түрлі деңгейде қатысып, қылмыстың қосалқы қатысушылары ретінде көріне алады. Яғни біркелкі айдап салушылық, көмектесушілік тәрізді әрекеттерді орындаумен шектеледі. Кейбір ауыр немесе аса ауыр қылмыстар болып саналатын ұйымдасқан топтар және қылмыстық қауымдастық түрлері, (мысалы бандитизм, т.б.) ұйымдастырушылық, жетекшілік етумен қатар қатысушылықты да тиісті баптың өзінде тікелей көрсетеді. Сот тәжірибесі материалдарына жүгінсек қылмысқа қатысушылар әр түрлі әрекеттер орындау түрімен кездесе береді. Кейбір қатысушылар қылмыстың объективтік белгілерін толық немесе ішінара орындап отырса, ал кейбір қатысушылар үнемі көмектесушілік тәрізді әрекеттерді орындаумен ғана шектеледі. Мысалы Абдрахманов бастаған бес жігіт Омскіден Алматыға қылмыстар жасау мақсатымен келген. Олардың бандиттік шабуылына жергілікті Поцелуева деген қыз үнемі тонауға болатын үйлерді көрсетіп отырады. Тергеу органдары Поцелуеваның әрекеттерін (бұл бұрынғы заңның кезінде болған қылмыс) ҚК 17 бабының көмектесу шілікті қарастырған бөлімімен және 63 (бандитизм) бабымен саралаған. Адам үнемі көмектесу, айдап салу тәрізді әрекеттерді орындаса, олардың әрекеттері ҚК 28 бабына сәйкес келіп, сол бап арқылы сараланатыны белгілі жайт. Практикада мұндай жағдайлар кездескенде тергеу органдары ол қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін 28 бапқа сілтеме арқылы бағалап жатады.

Заң кей қылмыстарда қатысушылықты тікелей сол бапта көрсеткенде, оларды қылмыстың орындаушылары ретінде ұғынуды немесе бағалауды ұсынады. Ұйымдастырушы мен жетекшіден басқалар, яғни қатардағы мүшелері қатысушылар болып табылады. Ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастықта қылмыскер үнемі азғырушылық, көмектесушілік тәрізді рольдер орындағанда біз ҚК Жалпы бөліміне сілтеме жасауды дұрыс көрмейміз. Себебі ұзақ уақыттар бойы қылмыстар жасаумен немесе алдын-ала келісім негізінде, мұндай ролдерді орындаушылар осы топтың мүшелеріне немесе орындаушыларына айналады.

Демек, қылмыстық заңның өзінде қатысушылық тікелей көрсетілген жағдайда үнемі болса да біркелкі көмектесушілік тәрізді әрекеттерді орындаушылар қылмысты қатысу арқылы орындайды. Бұларды орындаушылардың бір түріне жатқызу себебіміз, біріншіден қатысу белгісі нақты қылмыстарда кездесіп отырады, екіншіден, әдепкі келісім бойынша біркелкі әрекеттерді орындап отыруға міндеттенуі мүмкін.Мұндай жағдайда оларды осы топтың мүшелері ретінде бағалау керек. Біздің пайымдауымызша “қатысушылар” деген ұғымға қарағанда “мүшелер” деген ұғымның көлемі кең. Ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың мүшелеріне қатардағы қатысушылардан басқа, осы топтың ұйымдастырушылары, жетекшілері түгел жатады.

Осы себептерден ұйымдасқан топқа, қауымдастыққа қатысушылардың кейбіреулері қылмысты қатысу түрінде орындауы мүмкін. Мұндай жағдайда ол қатысушылар осы топтың мүшелері болып табылады.Мынадай жағдайлар болады. Мысалы кейбір адамдар ұйымдасқан топтың немесе қауымдастықтың жасаған бір қылмысына ғана қатысуы мүмкін. Бір немесе екі рет ғана көмектесушілік тәрізді қызмет көрсетіп, одан кейін бұл топтың қылмысына араласпауы мүмкін.

Мұндай қылмысқа қатысушыларды қалай қауымдастықтың, ұйымдасқан топтың мүшесіне жатқызасыз? Біздің пікірімізше, егер ұйымдасқан топтың мүшесі болмай, белгілі-бір қылмыстың эпизодтарына ғана көмектесушілік тәрізді әрекеттерді орындаумен қатысса, онда олардың әрекеттері қылмысқа көмектесуші түріндегі қатысушылық деп бағаланып, Қ.К. 28 бабына сілтеме жасалынуы керек.Ойымызды қорыта айтқанда, ұйымдасқан топқа қатысушылықтың мүшелері екі түрге бөлінеді. Біріншілері қылмыстың объективтік жағын тікелей орындаушылар. Екіншілері қылмысты тікелей орындамай, үнемі азғырушылық, көмектесушілік тәрізді рольдер атқару арқылы қылмысқа қатысу түріндегі орындаушылар. Бұлардың әрекеттерін Қ.К. 28 бабына сілтеме жасамай квалификациялаған дұрыс, өйткені тұрақты түрде қылмыстылықпен айналысатын топтың мүшесі болуына байланысты олардың қоғамға қауіптілігі қылмысты тікелей орындаған адамдардан төмен болмайды. Осы пікірімізді Ресей қылмыстық кодексінің түсіндірмесімен салыстырсақ, олардың түсіндіруімен сай келеді.

Айдап салушы, көмектесуші осындай ролдерді орындаумен шектелмей, басқа да қатысушылармен бірге қылмысты орындауға тікелей қатысса, онда олар қылмыстың тікелей орындаушысы ретінде танылып, іс-әрекетті квалификациялағанда тек қана Қ.К. Ерекше бөлімнің баптары ғана қолданылуы керек.

Ұйымдасқан қылмыстық топ, қылмыстық қауымдастық кінәні ауырлататын құрам ретінде де заңда бейнеленген. ҚР ҚК 235 бабында ұйымдасқан қылмыстық топты, қылмыстық қауымдастықты құрғаны, жетекшілік еткені және басқа адамдардың осындай топтардың қылмысты әрекеттеріне қатысқандығы үшін жауапкершілік қарастырылған.

Бұл жерде қылмыстық кодекстің 31 бабында түсінігі қарастырыла отырып, Ерекше бөлімі де неліктен жеке бап ретінде арнайы қарастырылады деген сұрақ туындайды? Жалпы бөлімде қарастырылған қылмысқа қатысушылық формаларының түсінігі Ерекше бөлім нормаларына толық тарала ала ма немесе толық тарала алмаса бірлесіп қылмыс жасау түріне оның маңызы қаншалықты деп мәселе қою керек.

Ғылымда, оны жетілдіруде шек жоқ. Әйтсе де қоғам дамуымен бірге ол қоғамның ғылымы да дамиды, оны тұрақты, тиімді, қисынды түрде шешу керек. В.Н.Кудрявцев “құқықтың жалпы мәселелері мен қағидаларын терең зерттеу әділ соттың заңға сәйкес жүргізілуіне жағдай жасайды. Осындай жалпы мәселелердің біріне қылмысты квалификациялау мәселесі жатады”, - деп қисынды айтады.

Қылмыстық құқықта ғалымдардың арасында дау тудырған мәселенің бірі, бұрынғы қылмыстық заңның 17 бабындағы қылмысқа қатысушылықтың Ерекше бөлімге жалпы норма ретінде таралуы туралы болып табылады.

Алғашқы рет бұл мәселе, М.Д. Шаргородскийдің “қылмысты бірге орындаушылықтың да және қылмысты топ болып жасау шылықтың да қылмысқа қатысушылыққа қатысы жоқ. Қылмыстық кодекстің Жалпы және Ерекше бөлімінің баптарында, топ адамдардың қылмысты істері жөнінде әңгіме болғанда қылмысқа қатысушылық емес, тек бірнеше адамдардың кей жағдайларда ғана қылмыс жасауы айтылады” – деген көзқарасымен басталды.

4-Дәріс. Ұйымдасқан қылмыстық топ – ұйымдасу деңгейi және құрылысы

Дәріс жоспары:

1.Ұйымдасқан топ және қылмыстық қауымдастық.

2.Бандитизм

3.Қылмыс құрамының субъективтік жағы

Ұсынылатын әдебиеттер: