Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кукык аныктамалары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
209.41 Кб
Скачать

Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар

Ұлттар мен мемлекеттердің негіздеріне, олардың ілгері дамуына және халықаралық өзара қарым-қатынас жасауына қауіп төндіретін аса ауыр халықаралық қылмыстар. Қылмыстық, заңнама бойынша мұндай қылмыстарға мыналар жатады:

  • басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу;

  • басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру;

  • жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату;

  • соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін колдану:

  • геноцид;

  • экоцид;

  • жалдамалылық;

  • халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау;

  • әлеуметтік, ұлттық, рулық. нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру.

Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар

  • терроризм (лаңкестік);

  • терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру;

  • террористік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу;

  • экстремизмді немесе террористік қызметті қаржыландыру;

  • адамды кепілге алу;

  • ұйымдасқан қылмыстық топты немесе қылмыстық қауымдастықты (қылмыстық. ұйымды) құру және оны басқару, қылмыстық коғамдастыққа қатысу;

  • заңсыз әскерилендірілген құраманы ұйымдастыру;

  • бандитизм;

  • үйлерді, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алу;

  • әуе немесе су көлігін не жылжымалы темір жол составын айдап әкету, сонымен бірдей қолға түсіру;

  • теңіз қарақшылығы;

  • жаппай тәртіпсіздіктер;

  • терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау;

  • жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери техника жасау кезінде пайдаланылатын технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызметтерді заңсыз экспорттау;

  • тау-кен немесе құрылыс жумыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу;

  • сапасыз құрылыс;

  • жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу;

  • радиоактивті материалдармен заңсыз жұмыс істеу;

  • радиоактивті заттарды ұрлау немесе қорқытып алу;

  • радиоактивті материалдармен жұмыс істеу ережелерін бұзу;

  • айналыстан алынған заттардьщ немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы;

  • қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру;

  • қаруды заңсыз жасау;

  • атыс қаруын ұқыпсыз сақтау;

  • қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш қондырғыларды күзету жөніндегі міндеттерді тиісінше атқармау;

  • қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу;

  • өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу;

  • бұзақылық;

  • тағылық..

Меншікке қарсы қылмыстар

Жеке адамның мүліктік құқығына қол сұғылатын қылмыс түрлерінің бірі. Қылмыстық заңнама бойынша мыналар жатады:

  • ұрлық;

  • сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету;

  • алаяқтық,;

  • тонау;

  • қарақшылық,;

  • ерекше құнды заттарды ұрлау;

  • қорқытып алушылық;

  • алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру;

  • көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату:

  • авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу;

  • өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу;

  • Ұйымдасқан топ — қылмыстық құқықта — қылмысқа қатысу нысаны, мұнда қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасайды (ҚР Қылмыстық кодексі, 31-бап).

  • Ұйымдасқан топтың міндетті белгілері — алдын ала сөз байласу және тұрақтылық. Ұйымдасқан топтың тұрақтылығы — оның мүшелері арасында тұрақты байланыстың болуы және бір немесе бірнеше қылмысқа дайындалу мен оны жасау әрекетінің айрықша әдістерінің болуы. Ұйымдасқан топты құрған не оған басшылық еткен адам осы қылмысты ұйымдастырғаны не оған басшылық еткені үшін, сондай-ақ осы қылмыс оның қаскүнемдік ниетімен жасалса, Ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған барлық қылмыс үшін қылмыстық жауапқа тартылады. Ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) басқа қатысушылары қылмысқа қатысқаны үшін, сондай-ақ өздері дайындауға немесе жасауға қатысқан қылмыстар үшін қылмыстық жауапқа тартылады.

  • ҚР Қылмыстық кодексінде көзделмеген жағдайда Ұйымдасқан топ құру қылмыс жасау үшін құрылып, қылмысты жасауға дайындалғаны үшін қылмыстық жауапқа апарып соқтырады.[ Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі (ҚРҚК) (ағылш. criminal code of the Republic of Kazakhstan; нем. Strafgesetzbuch der Republik Kasachstan) – Қылмыстық кодекстің міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ, қылмыстардың алдын алу болып табылады

  • Ұйымдасқан қылмыс— негізінен экономика аясындағы жүйелі қылмыстық әрекет. Ұйымдасқан қылмыс ұзақ уақытқа есептеліп, кәсіпшілік түрінде жасалады, оны қылмыстық қоғамдастықтар (қылмыстық ұйымдар) материалдық пайда алу немесе қоғамдық өмірдің белгілі бір аясына ықпал ету мақсатымен жоспарлап, жүзеге асырады. Қылмыстық ұйымдардың, көбінесе ел ішінде де, халықаралық деңгейде де белгілі бір құрылымы болады. Ұйымдасқан қылмыс ең алдымен құпия тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айналымын шоғырландырып, бақылауға алады, мұндай тауарлар мен қызметтерге, бір жағынан, заң жүзінде тыйым салынған, екінші жағынан, олар қоғамда үлкен сұраныс туғызады (есірткі заттар, контрабандалық тауарлар, жезөкшелік, құмар ойындар). Ұйымдасқан қылмыс ерекше қауіпті, өйткені ол халықаралық деңгейде іскерлік әлеміне байқатпай дерлік ықпал етеді және онда үстем жағдайға қол жеткізеді. Қазақстанда қылмыстық қоғамдастықты (қылмыстық ұйымды) құру қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың қатарына жатқызылған.

  • Қылмысқылмыстық кодекс бойынша жазалау мүмкіндігімен тыйым салынынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік.