
- •Анықтама
- •Түріне қарай қылмыстар
- •Нысанына байланысты қылмыстар
- •Халықаралық қылмыс
- •Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар
- •Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
- •Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
- •Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар
- •Меншікке қарсы қылмыстар
- •Қылмысқа қатысу туралы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Ұрлық, тонау мен қарақшылық қылмыстары бойынша анықтауға тиіс мән – жайлар туралы
- •Қылмыстарды жіктеу және оның мәні туралы қазақша реферат
Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар
Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы жасалған, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет:
есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату;
есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу;
есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру;
құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз есіру;
улы заттардың, сондай-ақ есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы;
есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау;
есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзу;
заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызметпен және есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды алуға құқық беретін рецепттерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау;
санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу;
адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру;
қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызмет керсету;
жезөкшелікпен айналысуға тарту;
жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және женгетайлық;
дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау;
порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату;
қатыгездік пен күш колдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату;
өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау;
адам мәйітінің органдары мен тінін заңсыз алу;
жануарларға қатыгездік жасау.
Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
Адамның конституциялық және өзге құқықтарына, бостандықтарына қол сұғатын құқыққа қарсы әрекет:
азаматтардың тен құқықтылығын бұзу;
жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу,
хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу;
дәрігерлік құпияны жария ету;
тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу;
сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау;
сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу;
еңбек туралы заңдарды бұзу;
ар-ождан және діни сенім бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі жасау;
коғамдық бірлестіктердің қызметіне кедергі жасау;
жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергі жасау;
еңбекті корғау ережелерін бұзу;
ереуілге (атысуға немесе ереуілге) қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу;
журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтіру.
Жеке адамға карсы қылмыстар
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша жеке адамға қарсы қылмыстарға мыналар жатады:
адам өлтіру;
жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі;
жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру;
қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру;
қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру;
абайсызда кісі өлтіру;
өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу;
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру;
денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру;
денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру;
азаптау;
денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру;
қажетті корғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру;
қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру;
денсаулыққа абайсызда зиян келтіру;
корқыту;
адамның органдары мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу;
медицина және фармацевтика қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы;
клиникалық сынақтар жүргізудің және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістері мен құралдарын қолданудың тәртібін бұзу;
соз ауруын жұқтыру;
адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ) жңктыруы;
заңсыз аборт жасау;
науқасқа көмек көрсетпеу;
қауіпті жағдайда қалдыру;
зорлау;
нәпсікұмарлық сипатындағы күш қолдану;
он алтыға жетпеген адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер;
жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету;
жас балаларды азғындату;
адамды ұрлау;
бас бостандығынан заңсыз айыру;
психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру;
адамды саудаға салу;
жала жабу;
қорлау.