Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кукык аныктамалары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
209.41 Кб
Скачать

Нысанына байланысты қылмыстар

Нысанына байланысты жеке адамға қарсы қылмыс, отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыс, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыс, мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыс, меншікке қарсы қылмыс, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс, коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс, қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс, адамның денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыс, экологиялық қылмыс, көліктегі қылмыс, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс, басқару тәртібіне қарсы қылмыс, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыс, әскери қылмыс түрлеріне ажыратылады. қылмысы үшін айыпты адам лауазым иесі болса, ал ол жасаған қоғамдық қауіпті әрекет (әрекетсіздік) оның қызмет жағдайымен байланысты болса, оны лауазымдық қылмыстар дейді. Олар: лауазымдық өкілетті теріс пайдаланушылық, лауазымдық өкілетті асыра пайдаланушылық, пара беру, пара алу, қызмет бабын пайдаланып жалған құжат жасау, салдыр-салақтық, т.б.

Халықаралық қылмыс

Адамзат өркениеті үшін ерекше қауіпті түрде халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын бұзушылық халықаралық қылмыстарға жатады. Халықаралық шарттарда көзделген, бірақ халықаралық қылмыстарға жатпайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет халықаралық сипаттағы қылмыстар деп аталады. Халықаралық қылмыстардан өзгеше түрде мұнда қылмыс үшін мемлекет емес, жеке адам ұлттық құқық бойынша жауапқа тартылады.

  • Халықаралық қатынастардың тұрақтылығына қарсы қылмыстар (халықаралық лаңкестік, адамдарды кепілге ұстау, әуе көлігіндегі қылмыстар, ядролық материалдарды ұрлау, есірткілерді заңсыз айналысқа түсіру, шетелге рұқсатсыз кету, т.б.);

  • қаржы-экономикалық қылмыстар (жалған ақша жасау, қылмыстық жолмен табылған табысты заңдастыру, контрабанда, т.б.);

  • адамның жеке құқығына қол сұғушылық (құлдық, құл саудасы, әйелдерді, балаларды саудаға салу, азаптау, т.б.);

  • ашық теңізде жасалатын қылмыстар (теңіз қарақшылығы, теңізді ластау, т.б.);

  • халықаралық сипаттағы әскери қылмыстар (соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану, қаза тапқан адамдарды тонаушылық, т.б.).

Қылмыс және мораль

Қылмыс жасау, сонымен бірге, мораль нормасын бұзу болып табылады. Кез келген құқықтан гөрі моральдің реттеу ауқымы кең, ол басқа ешбір құқық саласы реттемейтін махаббат, достық, жанашырлық сияқты қасиеттерді, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасын, ұстаз бен шәкірттің арасындағы қатынасты, т.б. қамтиды. Мораль нормалары негізінен ауызша (әдет-ғұрып) кейде жазбаша (әдеп кодексі, Гиппократ анты, т.б.) көрініс табады. Алайда мораль нормаларын бұзушылық барлық уақытта бірдей жауапқа тартыла бермейді.[1]

Қылмыс туғызғыш жағдай

Қылмыстың күшеюіне жағдай жасайтын, қылмысты тудыратын, қылмыстық әрекетпен сипатталатын жағдай. Қылмыс жасау алдындағы, жеке адамның өмір жағдайының жиынтығы.

Қылмыс туғызғыш

Қылмысты тудыратын, қылмыстың өсуіне жағдай жасайтын.

Қылмыскердің жеке басы

Қылмыскердің интеллектуалдық-рухани сапа жиынтықтарына, оның физикалық, және рухани жағдайына тән негізгі болмыстық қасиеттері мен ерекшелік құрылымына негізделеді.

Қылмыскердің жеке басын талдау, ол жасаған әрекетті, соның ішінде жеке басының болжауын құзыретпен бағалауды қамтамасыз ету үшін шешуші болып табылады. Қылмыскердің жеке басы туралы жан-жақты және терең ұғынушылыққа қол жеткізу мақсатында, талдау тек қылмысты жасау уақыты мен зерттеу кезеңіндегі жайды ғана емес, сондай-ақ тексерілушінің дамуын да қамтуы қажет. Бұл жағдайда қылмыстың жасырын сарыны да, сондай-ақ психологиялық-психиатриялық ерекшелігі де тең жағдайда есепке алынуы тиіс. Өйткені қылмыскердің жеке басы мен қылмыс өзара байланысты болғандықтан, қылмыскер тұлғасы туралы криминалистикалық жұмыстар аясында алынған тиісті мәліметтер, қылмысты тексеру бойынша қызметтің бір бөлігін білдіреді.

Беймәлім қылмыс

Белгілі бір аумақта белгілі бір уақыт кезеңі бойына мемлекеттік құқық қорғау органдарына беймәлім болып қалатын және сондықтан ресми қылмыстық, статистикада көрсетілмеген қылмыстық. Жазаланатын әрекет.[2]

Абайсызда жасалған қылмыс

Менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет.

Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.

Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық. болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады.

Компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстар

ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасауға, пайдалануға және таратуға мүмкіндік туғызатын заңмен қорғалатын компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, сондай-ақ ЭЕМ-ын пайдалану ережелерін, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желілерін бұзушылық.

Экономикалык кызмет саласындағы қылмыстар

Қылмыстық құқық бойынша мүліктік және өндірістік қатынастар, азаматтардың, заңды тұлғалардың жергілікті және мемлекеттік құрылымдардың экономикалық құқықтары — ортақ қол сұғу объектісі болып табылатын қылмыс түрлерінің бірі. Оларға мыналар жатады:

  • заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау;

  • заңсыз кәсіпкерлік;

  • заңсыз банктік қызмет;

  • жалған кәсіпкерлік;

  • заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру;

  • несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану;

  • несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару;

  • монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу;

  • көпшілік сауда-саттықтар мен аукциондарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу;

  • көрінеу жалған жарнама беру;

  • тауарлық белгіні заңсыз пайдалану;

  • коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу және жария ету;

  • кәсіптік спорт жарыстарының және ойын-сауықтық коммерциялық. конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу;

  • эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртібін бұзу;

  • бағалы қағаздар эмитенті лаузымды адамының ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер беруі;

  • бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу;

  • бағалы қағаздар рыногы кәсібі қатысушыларының көрінеу жалған мәліметтер беруі;

  • бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу;

  • жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату;

  • жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату;

  • акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркалардың қолдан жасау және пайдалану;

  • экономикалық контрабанда;

  • шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау;

  • кеден төлемдері мен алымдарды төлеуден жалтару;

  • банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер;

  • әдейі банкроттық;

  • жалған банкроттық;

  • бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу;

  • банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру;

  • банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану;

  • азаматтың салық төлеуден жалтаруы;

  • ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару;

  • тұтынушыларды алдау;

  • заңсыз сыйақы алу;

  • табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу;

  • мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету;

  • компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату.

  • ұялы байланыстың абоненттік құрылысының сейкестендіру кодын, абоненттің сәйкестендіру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату.