Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рабочая программа по УПП 5 курс ГП каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
562.12 Кб
Скачать

2.7Тәжірибенің мазмұны

Тағамтану гигиенасы бойынша кәсіби тәжірибеде жинақталған тәжірибелік біліктілік пен білімнің тізімі:

  1. Жеке ескертпелі санитарлық қадағалауды іске асыру:

  • Тағамдық объектілердің құрылысында жер учаскісін таңдауға санитарлық қорытынды беру.

  • Тағамдық объектілерін жоспарлауда санитарлық тапсырыс құру

  • Тағамдық объектілердің жоспарын санитарлық экспертизадан өткізу.

  • Тағам өндірісінде және т.б жалпы тағамтану мекемесін қайта толық жабдықтау және өңдеу, қайта құрылғанды қолданысқа беру

  • Тағамдық заттардың жаңа түрлеріне, шикізатқа, ыдыстарға, құрал саймандарға, қаптағыш материалдарға, техникалық жабдықтарға, тоңазытқышқа тағам тағайындау.

  • Тағам қоспаларының, пестицидтердің жуу заттарының жаңа түрлеріне гигиеналық баға беру

  1. Жеке ағымды санитарлық қадағалауды іске асыру.

  • Қоршаған ортаның факторы ретінде тағам заттарын, санитарлық қорғауда өңдеу және тексеру шарасы

  • Тағам объектілерінің мазмұнына және құрылғыларына әсер ететін санитарлы гигиеналық және санитарлы эпидемиологиялық ережелермен нормаларды тексеру

  • Тағам заттарының дайындауда, шығаруда, сақтауда, тасымалдауда және реализациясы кезінде нормалар мен ережелерінің сақталуын тексеру

  • Тағамдық заттардың жаңа түрлеріне, шикізатқа, ыдыстарға, құрал саймандарға, қаптағыш материалдарға, техникалық жабдықтарға әсер ететін санитарлы - гигиеналық нормалардың сәйкестігін тексеру.

  • Тағам қоспаларының, пестицидтердің жуу заттарының жаңа түрлеріне гигиеналық талаптардың сақталуын тексеру

  • Қоршаған ортаның факторы ретінде негізгі әдісті игеруді зерттеу.

  • Тағамдық улану, жедел ішек инфекциялық ауруларды, алиментарлы аурулардың алдын алуға бағытталған ескертпелі шараларды өткізу.

  • Тағамдық объектілер жұмысшылардың кәсіби аурушаңдығына талдау жүргізу. Еңбек жағдайын сауықтандыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру және өткізу. Тағамдық улану жағдайларын тексеру.

  1. Ұйымдастыру әдістемелік жұмысты орындау:

  • Санитарлық емдік шаралардың комплексті жоспарды құру үшін құжаттарды дайындау, бақылау обьектілерінің санитралық жағдайын жақсарту үшін ұсыныстар тағайындау.

  • Тағам гигиенасы саласында шешім, бұйрық және т.б таратылу актісіне байланысты проектілеріді бекіту

  • Емдік шаралардың орындалу тиімділігін бағалау

  • Тағам гигиенасы бөлімінің жұмысына айлық, кварталдық, жылдық жоспар және есеп құру

  • Медициналық санитарлық құжаттарды өңдеу

  • Тұрғындардың және дәрежесі жоғары бақылау алды объектілердің қабылдауын жүргізу, тұрғындарға хатпен жұмыс істеу әдісін ендіру.

  • Ғылыми әдебиеттермен және санитарлық құқықтық құжаттармен жұмыс істеу;ғылыми тәжірибелік жұмыстарды өңдеу және жоспарлау

  1. Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу

  • Халық тұрғындары арасында біріншілікті және екіншілікті алиментарлық ауруларды алдын алу жөнінде жарықтандыру және кеңес беру жұмыстарын ендіру

  • Тағам объектілерінде жұмыс істеушілер арасында гигиеналық оқыту шараларын жүргізу

  • Тұрғындар арасында рационды тамақтану саласы бойынша гигиеналық білімін және тәрбиесін арттыру;

  • Қоғамдық санитарлық инспектордың активін дайындау.

  1. Тәжірибелік біліктіліктің қорытынды бақылау формасы: міндетті құжатты қорғау- тәжірибе күнделігі, дифференциалды сынақ қою.

  2. Тәжірибелік сабақтың құжаттары- міндетті түрде «Тәжірибе күнделігін» жүргізу, онда студент күнделікті жүргізілген және жалпы жұмыстардың көлемін тіркеп отырады.