Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1- 10 КЕЗЕ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
235.52 Кб
Скачать

8 Кезең.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төмендегі келтірілген критерийлерге сәйкес емтихан тапсырушының бауырдың және көк бауырдың перкуссия, пальпациясын жүргізу әдісінің тәжірибелік дағдыларын бағалау.

Сатылау әдісін бағалау критерийлері

Балл бойынша баға

1

Науқасты оң жақ бүйіріне жатқызу: науқастың басын кеудесіне жақындатып ию керек, сол қолы шынтақ буынында бүгіліп, кеудесінде бос жатады, оң аяғы созылып, сол аяғы тізе және жаңбас буынында бүгіліп жатады.

Дәрігер науқастың оң жағына бетпе – бет қарап отырады. Науқастың ішін киімінен босату керек. Дәрігердің қолы жылы және құрғақ болу қажет.

1

0,5

0

2

Көк бауырдың пальпациясын жүргіземіз. Дәрігер сол қолын қолтық асты сызықтарына VII және X қабырға аралықтарға қойып, қозғалысты шектеп, сәл кеуде клеткасын қысамыз.

Оң қолымыздың саусақтарын сәл бүгіп, іштің сол жақ алдыңғы бүйір бетіне, сол қабырға доғасының астына X қабырға деңгейіне қоямыз

Тыныс шығарғанда қалта жасап, ішке енеміз. Науқас іштің бұлшық етін босаңсытып, терең тыныс алуын сұраймыз. Егер көк бауыр үлкейген болса, тыныс алған кезде, дәрігердің қолына келіп соғылып, сезіледі.

1

0,5

0

3

Көк бауырдың перкуссиясы. Ол үшін науқасты оң жақ бүйіріне жатқызамыз. Өте тыныш перкуссия қолданылады – ашық дыбыстан тұйық талған дыбысқа қарай жасаймыз. Перкуссия X қабырға бойымен жасалады.

Көк бауырдың ұзындығын табу үшін X қабырға бойымен перкуссия жасаймыз, артқы қолтық асты сызығын ішке қарай және сол жақ қабырға доғасынан омыртқаға қарай ашық дыбыстан тұйықталғанға дейін жүреміз. Бұл ұзындығы, N – да 6 – 8 см

1

0,5

0

4

Көк бауырдың көлденесін табу үшін, осы табылған ұзындығының ортасын белгілеп, жоғарыдан төмен және төменнен жоғарыға қарай ашық дыбыс тұйықталғанша жүреміз. Бұл көк бауырдың көлденеңі болып табылады.

1

0,5

0

5

Бауырдын пальпациясын жасамас бұрын науқасты арқасына жатқызып, іштің бұлшық еттері босаңсыйды. Дәрігер науқасқа қарап, он жағынан отырады. Ішті жалаңаштайды. Дәрігердін қолы жылы, және құрғақ болу керек.

1

0,5

0

6

Дәрігердін қолын қою. Сол қолдын алақанымен төрт саусақты оң жақ бел аймағына қоямыз, сол қолдын бас бармағын қабырға доғасынын бүйірінен және алдынан қою. Оң қолдын саусақтарын сәл бүгіп біріктіріп бұғана орта сызығы бойынша қабырға доғасынан төмен қарай құрсаққа қойып, іш қалтқысына қолдың ұшымен бірақ батыру.

1

0,5

0

7

Науқастан терең дем алуды сұрайды. Бауыр төмен түскенде саусаққа сезіліп сырғып шекарасын оң қол саусақтарымен сезіп байқауға болады.

1

0,5

0

8

Плессиметр саусақты бұғана орта сызығы бойынша қабырға аралықтарға параллель қойып, жоғарыдан төмен перкуссиялайды. Шекарасын ашық өкпе дыбысынан баурдың тұйық дыбысына дейін перкуссиялайды, жоғарғы шегі оң жақ өкпенің төменгі шекарасына сәйкес келеді. Келесі саусақ-плессиметрді бұғана орта сызығы бойынша бауырдың төменгі жағынан кіндік денгейіне параллель қойып, тимпаникалық дыбыстын тұйық дыбысқа жоғары қарай перкуссиялап саусақ плессиметрдің төменгі жиегінен белгілейміз. Жоғары және төменгі белгілердің ара қашықтығын өлшейміз, бауырдың бірінші мөлшері қалыпты жағдайды (9 см.)

1

0,5

0

9

Белгіленген бірінші жоғарғы бауыр шекарасын алдыңғы сызыққа перпендикуляр жылжытамыз. Төмен шекарасын осы сызық бойынша төменнен жоғары тимпаникалық дыбыстан тұйық дыбыс естілгенше анықтайды. Осы екі аралық бауырдың екінші мөлшері (8 см. ± 1-2 см.).

1

0,5

0

10

Саусақ – плессиметрді сол жақ 8-9 қабырға доғасына перпендикулярлы оң жаққа қарай қабырға доғасы бойымен тимпаникалық дыбыс (Траубе кеңістігі) тұйық дыбысқа ауысқанша перкуссиялайды. Табылған нүктеден бауырдың екінші өлшемінің жоғарғы шекарасына дейін белгілейді бауырдың үшінші мөлшері (7 см. ± 1-2 см.). Алынған нәтижелерді түсіндіреді.

1

0,5

0

Барлығы

10

5

0

Максималды балл саны– 10 Тапсырмаға берілген уақыт -7 минут