
1 Кезең: Кеуде торын қарап тексеру және пальпациялау
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген критерилер бойынша оқушының кеуде торын қарап тексеруді және пальпацияны жүргізе білуін бағалаңыз.
№№ |
Дағдыны сатылап жүзеге асыру критерилері |
Бағасы (балл саны) |
||
|
Кеуде қуысының формасына баға берініз: а) Кеуде куысының физиологиялық формаларына сипаттама беріңіз: б) Кеуде қуысының патологиялық формаларын атаңыз |
2 |
1 |
0,5 |
|
Кеуде клеткасының симметриялығын бағалаңыз: Тыныс алуға екі жақ кеуденің қатысуын бағалаңыз.
|
1 |
0,5 |
0,25 |
|
Тыныс алу түрін анықтаңыз (кеуделік, құрсақтық және аралас). |
1 |
0,5 |
0,25 |
|
Тыныс алудын саның, ырғақтығын, тереңдігін аңықтаныз. |
1 |
0,5 |
0,25 |
|
Кеуде клеткасының тыныс алу экскурсиясын сантиметрлік лента көмегімен анықтаңыз. |
1 |
0,5 |
0,25 |
|
Кеуде клеткасындағы ауырсынуды анықтаныз.
|
1 |
0,5 |
0,25 |
|
Кеуде клеткасының серпімділігін (резистенттілігі) анықтау. |
1 |
0,5 |
0,25 |
|
Дауыс дірілін анықтау
|
2 |
1 |
0,5 |
|
Қорытынды балл |
10 |
5 |
2,5 |
Максималды балл саны– 10
Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин.
2 Кезең: Өкпенің перкуссиясы
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген критерилер бойынша оқушының өкпенің перкуссиясын жүргізе білуін бағалаңыз.
|
||||
Орындалу реті |
Орындау кезендерінің критерийлері |
Балл бойынша бағалау |
||
|
Фантомның немесе тексерілушінің қасына перкуссияға ыңғайлы келіп тұру |
0,5 |
0,25 |
0 |
|
Ережені толық сақтап, қатаң реттілікпен салыстырмалы перкуссияны жүргізу Алдымен кеуде торының алдыңғы бетінен перкуссия жасау: бұғана үстінен бастап саусақты горизонтальды орналастырып төмен 3 қабырға аралығына дейін екі жақтан салыстырмалы түрде жүргізу, содан кейін оң жақтан төмен 7 қабырға аралығына дейін жүргізу. Кеуде торының екі жақ бүйірінен перкуссия жүргізу: қолтық астына саусақты вертикальды орналасу, содан кейін қабырға аралықтарымен төмен қарай екі жағынан 9 қабырға аралығына дейін жүргізу. Арқа жақтан жауырын үстінен саусақты горизонтальды орналастырып бастайды, содан кейін жаурын аралығымен саусақты вертикальды орналастырып, ал жауырын астынан саусақты горизонтальды орналастырып 12 қабырға аралығына дейін жүргізеді. |
2,0 |
1,0 |
0 |
|
Алдыңғы және артқы жағынан өкпе ұшының биіктігін анықтау. Алдынан:саусақ-плессиметрді бұғана сүйегіне параллель бұғана шұңқырына қояды. Бұғананың ортасынан бастап жоғары және ішке қарай анық өкпелік дыбыс тұйықталғанға дейін перкуссиялаймыз.Қалыпты жағдайда бұғанадан 3-4 см жоғары,сол жақ өкпенің ұшы бұғанадан одан да жоғары. Артынан:саусақ - -плессиметрді жауырын үсті шұңқырына параллельді қоямыз және жауырын ортасынан VII мойын омыртқаның өсіндісіне қарай перкуссиялайды.Қалыпты жағдайда – VII мойын омыртқасы деңгейінде болады. |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
Крениг алаңынын енін анықтау Науқастың арт жағына тұру,саусақ-плессиметрді трапеция тәрізді бұлшық еттің ортасына перпендикуляр қоямыз және медиальді (мойынға қарай)және латеральді (иық сүйегінің басына қарай)жаққа қарай перкуссиялаймыз.Қалыпты жағдайда - 5-6 см. |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
Өкпенің төменгі шекараларын дұрыс анықтау. Оң жақ өкпе:науқаспен бетпе-бет тұрамыз, екінші қабырғааралықтан бастап, төс маңы және бұғана ортасы сызығына перкуссиялаймыз.Науқасқа бүйір жаққа бұрылуын және оң жақ қолын басына қойуын өтінеміз,алдыңғы, ортаңғы және артқы қолтықасты сызығы бойынша перкуссияны жалғастырамыз.Науқастың арқа жағымен тұруын өтінеміз де, жауырын және омыртқа маңы сызығы бойынша, перкуссияны жалғастырамыз. Сол жақ өкпе: Науқастың сол жақпен бұрылуын және сол қолды басқа қойуын өтінеміз, алдыңғы, ортаңғы және артқы қолтықасты сызығы бойынша бастаймыз және қалғаны жоғарыдағыдай . |
2,0 |
1,0 |
0 |
|
Өкпенің төменгі шекараларын топографиялық дұрыс анықтау Сызықтар Оң жақ Сол жақ Парастернальді-- V қабырғаның жоғары жиегі - Бұғана ортасы----VI қабырға - Алдыңғы қолтықасты---------VII қабырға-------------------- VII қабырға Ортаңғы қолтықасты--------VIII қабырға------------------- VIII қабырға Артқы қолтықасты--------IX қабырға--------------------- IX қабырға Жауырын-------------Xқабырға--------------------- X қабырға Омыртқа маңайы--- XI кеуде омыртқасының сүйектік өсіндісі |
1,5 |
0,75 |
0 |
|
Өкпенің төменгі жиегі қозғалысын дұрыс анықтау. Бұғана ортасы бойынша (2+2), ортаңғы қолтықасты(3+3) және жауырын (2+2) сызығы бойынша. Өкпенің төменгі шекарасын тауып науқасқа терең дем алып, тынысын ұстауын өтінеміз, перкуссияны сол сызықтан бастап төменге қарай дыбыс тұйықталғанша жалғастырамыз, анық өкпе дыбысы бойынша белгілейміз. Саусақ-плессиметрді белгіленген жерге қойып, науқастың терең дем шығаруын өтінеміз және осы анықталған сызық бойынша жоғарыға қарай тұйық дыбыстың ашық өкпелік дыбыстың тұйық дыбыс пайда болғанша перкуссиялаймыз. Тұйық дыбыс жағынан белгі жасаймыз. Бірінші және үшінші белгілер аралығын өлшеу. |
2,0 |
1,0 |
0 |
|
Қорытынды балл |
10,0 |
5,0 |
0 |
Максималды балл саны– 10
Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин.
№ 3 КЕЗЕҢ: ӨКПЕМЕН ЖҮРЕКТІҢ АУСКУЛЬТАЦИЯСЫ
Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген критерилер бойынша оқушының өкпемен жүректің аускультациясын жүргізе білуін бағалаңыз.
№ |
Дағдыны сатылап жүзеге асыру критерилері |
Бағасы (балл саны) |
||
1
|
Тексерілушімен қарым қатынасқа келіп, қолданыла-тын шара тұралы түсіндіріп, оның келісімін алу Тексерілушіні түрегеп тұруын немесе орындыққа отыруын сұрап өзі алдынан оң жағынан тұрып бос қолымен оны демеп ұстауға дайындалады (терең дем алғандықтан басы айналып құлап кетпес үшін) |
0,5 |
0,25 |
0 |
2 |
Аускультацияны белгіленген реттілікке сәйкес жүргізу: кеуденің өз ара тұстас бөліктерін сол жақ және оң жақтан кезек-кезек тындап тексереді. Ең алдымен өкпе ұштарын тексереді, алдыңғы жағынан бұғана үсті және асты аймақтарын тындайды, біртіндеп төмен және сыртқа қарай жылжып отырады. Кеуде торын бүйір жақтан, содан кейін арқа жақтан жоғарыдан төмен жүріп отырып тындап тексереді. Жауырын екі ортасын тындағанда, науқасты екі қолын кеудесіне айқастырып ұстауын сұрайды. Бүйір жақтан тындағанда - екі қолын көтеріп желкесіне қояды. |
0,5 |
0,25 |
0 |
3 |
Қалыпты жағдайда везикулалық және көмей-кеңірдек шуылдарының естілетін аймақтарын атайды (көмей-кеңірдек шуылы – көмей үстінде, кеңірдек бойымен алдыңғы жақтан- төс үстінде, Людовик бұрышына дейін, арқа жақтан – 7 мойын және 3-4 кеуде омырт-қалары тұсында, ал қалған аймақтын барлығында – везикулалық шуыл. Везикулалық және көмей-кеңірдек шуылдарының графикалық сызбасын салып көрсетеді. |
1,0 |
0,5 |
0 |
4 |
Везикулалық шуылдың әлсіреуі себептерін атап өтеді: физиологиялық жағдайда кеуде торы қабырғаларының қалындауы салдарынан (бұлшық еттер немесе шел майлары қалындауы), патологиялық жағдайда (өкпе тіндерінің инфильтрациясы, альвеолалар қабырғала-рының серпімділігі төмендеуі, гидроторакс, пневмо-торакс, бронхтың бітелуі, тыныс бұлшықеттер, қабыр-ға аралық нерв талшықтарының қабынуы, қабырға сынуы, науқас адинамиясы. Әлсіз везикулалық шуылдың графикалық суретін көрсетеді. Везикулалық шуылдың күшейіп естілу себептерін атайды: физиологиялық жағдайда – кеуде торы жұқа келген жүдеу адамдарда, балаларда, қимыл-қозғалыс кезінде; патологиялық жағдайда – бронхитте қатаң везикулалық шуыл, ұсақ бронхылар зақымданғанда үзік-үзік естілетін везикулалық шуыл. Күшейген везикулалық шуылдың графикалық схемасын салып көрсетеді. |
1,0 |
0,5 |
0 |
5 |
Өкпе үстінен патологиялық бронхылық шуылдың естілу шарттарын атап өтеді (альвеолаларға сұйықтық жиналғандықтан өкпе тіндерінің қатаюы, өкпе тінде-рінің фиброзды тіндермен алмасуы, компрессиялық ателектаз жағдайы, бронхпен байланысқан қуыс пайда болғанда (амфоралық тыныс шуылы). Патологиялық бронхылық шуылдың графикалық схемасын салып көрсетеді. Қосымша тыныс шуылдарын атап өтеді (сырылдар, крепитация, плевра үйкеліс шуылы).Сырылдардың диагностикалық маңызын атап өтеді. Құрғақ сырылдар бронхылар өзегі тарылғанда пайда болады: қабынба-лық инфильтация, бронхоспазм (тембріне қарай жоға-ры және төмен дыбысты болып жіктеледі).Бронхылар өзегінде немесе қуыс ішінде сұйық секрет болса сырылдар естіледі. Бұлар бронхылар калибріне қарай ұсақ-, орта- және ірі көпіршікті болып жіктеледі. |
1,0 |
0,5 |
0 |
6 |
Крепитация, ұсақ көпіршікті сырылдар және плевра үйкеліс шуылы араларындағы айырмашылықтарды көрсетеді. Альвеолаларда қабыну процесс болғанда тыныс алу фазасында крепитация пайда болады, бұл жөтелгеннен кейін өзгермейді. Сырылдар патология-лық процесс бронхыларда орналасқанда пайда болады, тыныс алудын екі фазасында да естіледі, жөтелгеннен кейін өзгеріп отырады. Плевра үйкеліс шуылы қабыну салдарынан туындайды (құрғақ плеврит), тыныс алудын екі фазасында да естіледі, жөтелгеннен кейін өзгермейді, фонендоскопты қаттырақ басып ұстағанда күшееді. Негізгі тыныс шулары науқас мұрынымен дем алғанда, ал қосымша тыныс шулары – ауызын ашып дем алғанда анығырақ естіледі. |
1,0 |
0,5 |
0 |
7 |
Тексерілушімен қарым қатынасқа келіп, қолданылатын шара тұралы түсіндіріп, оның келісімін алу. Аускультация жүргізетін бөлме жылы, бөгде дыбыс-шулар болмауын қадағалайды. Тексерілуші белуарынан жалаңаштанады. Тексерілушіні жағдайы келгенше тұрғызып қойып, артынан сол жақ бүйіріне жатқызып, содан кейін күш түсіріп (он рет отырып тұруын өтініп) жүрегін қайталап тындайды. Тындап тексеру барысында тексерілушіден демін сыртқа шығарып барып, демін шамасы келгенше ұстап тұруын өтінеді. |
1,0 |
0,5 |
0 |
8 |
Аускультацияны жүректі тындау нүктелерінен белгіленген реттілікке сәйкес жүргізу: 1 - жүрек ұшы (митралдық клапан), 2 - төстің оң жақ шеті екінші қабырға аралығы (аорта клапаны), 3 - төстің сол жақ шеті екінші қабырға аралығы (өкпе артериясы клапаны), 4 - семсер тәрізді өсінді (үшжақтаулы клапан), 5 - Боткин-Эрб нүктесі (аорта клапанының қосымша нүктесі). Аускультация әдісімен жүректі тындап тексеріп болған соң, аускультациялық құбылыстарды дұрыс бағалай білу (жүрек соғу ырғағы, жүрек жиырылу жиілігі, тондардың саны, тондардың ара қатынысы. |
1,0 |
0,5 |
0 |
9 |
Қалыпты жағдайда жүрек ұшынан I тон, ал жүрек негізінен II тон қаттырақ естілетінін білу, шуылдар естілген жағдайда олардың сипатын толық атап өту: жүрек фазасына байланыстығы, локализациясы, иррадиациясы, ұзақтығы. |
3,0 |
1,5 |
0 |
10 |
Ірі тамырлар аускультациясын жүргізе білу. Ұйқы артерияларын тындап тексере білу ( аорта клапаны тарылуында, аортаның өзі атеросклероз салдарынан тарылуы – систолалық шуылдың пайда болуымен сипатталады). Сан артерияларын тындап тексере білу (аорта клапаны жеткіліксіздігінде Траубе қос тоны және Дюрозье қос шуылы естілуі мүмкін). Мойнтұрық веналарын тындап тексере білу: анемиялық «зырылдауық» шуылы естілуі мүмкін). |
2,0 |
1,0 |
0 |
|
Барлығы |
10 |
5 |
0 |
Максималды балл саны – 10
Тапсырманы орындау уақыты- 10 мин.