Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1-13 жумыс 12.05.2014.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
558.42 Кб
Скачать

Зертханалық жұмыс № 8

Тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың эволюциясындағы ароморфоздар мен идиоадаптацияларды анықтау

Мақсаты: Өсімдіктер ароморфоздар мен идиоадаптацияларды анықтау

Құрал-жабдықтар: өсімдік кеппешөптері, желілердің чучеласы(балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер), бунақденелердің коллекциясы, паразит құрттардың ылғалды препараттары, мүктер, қырықбуындар, қырықжапырақтар.

Гипотеза: Северцов пен Шмальгаузеннің теориясына сүйене отырып кез-келген ағза қарапайымнан күрделіге қарай дамуы биологиялық прогреске жеткізеді, егер өсімдіктер мен жануарлардың құрылысы күрделенсе ароморфоздың нәтижесінен сол ортаға бейімділігін анықтаумыз мүмкін.

Жұмыс барысы:

  1. Өсімдіктердің кеппешөптерімен танысу.

  2. Берілген үлгілердің ароморфоздарын анықта. Кестені толтыр.

Түрдің атауы

Құрылыс ерекшеліктері

Ароморфоз

1

Мүк -

МүктәHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D2%AF%D0%BA%D1%82%D3%99%D1%80%D1%96%D0%B7%D0%B4%D1%96%D0%BB%D0%B5%D1%80"рHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D2%AF%D0%BA%D1%82%D3%99%D1%80%D1%96%D0%B7%D0%B4%D1%96%D0%BB%D0%B5%D1%80"іздестер - аласа болып өсетін көпжылдық, сирек жағдайда біржылдық өсімдіктер. Мүктердің биіктігі бір миллиметрден 70 сантиметрге дейін жетелі. Денесі жапырақ пен сабаққа бөлінбейтін, тақташа тәрізді қарапайым құрылысты мүктер де бар. Бірқатар мүктердің өсімді мүшесі тармақталып, жерге төселт өседі. Басым көпшілігінің сабағы мен жапырағы болады. Оларда тамыр болмайды. Тамырдың қызметін ризоидтары (грекше «риза» - тамыр, «эйдос» - түрі) атқарады. «Ризоид» - бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабықтың өсіндісі. Ризоид арқылы өсімдік топырақтан суды және онда еріген минералды заттарды бойына сіңіреді.

Мүк сабағының сыртын бір немесе бірнеше қатар жасушалардан тұратын қабықша жауып тұрады. Бұл жасушалардың хлорофилдері болмайды. Қабықшаның астында жасушаларыхлоропластарға толы, жақсы жетілген фотосинтездеуші ұлпа орналасады. Өткізгіш, тірек, қор жинаушы және жабын улпалары нашар жетіген. Су мен минералды заттардың сабақ бойымен тасымалдануы өткізгіш үлпалардың қатысуымен жүзеге асады.

1. Денесі сабақ және жапырақтәрізді пластинкаларына жіктелген 2. Ұлпалар пайда болған

3. Тамыры жоқ,тамырдың қызметін ризоид атқарады

4. Жыныс мүшелері антеридии (мужские) и архегонии (женские).  5. Фотосинтездеуші ұлпа нашар дамыған

2

Қырықбуын -

қырықбуындар тұқымдасына жататын мәңгі жасыл, көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Тамырлары бұтақталып, өте жақсы дамыған. Сабақтары бунақты, көбіне топтасып бұтақтанады, буындарында түтікке біріккен қара түсті жапырақтың қынапшалары орналасқан. Олардың ирек ұштарында ақ түсті жолақтары болады. Сабақтың сыртын бір қабат эпидермис жауып тұрады. Спора түзетін сабақтары біршама жуан, түсі қоңырлау, хлорофилсіз, бұтақталмаған. Биікт. 15 — 30 см. Олардың буындарында 8 — 9 иректелген тістері бар, түтік тәрізді қынапшалармен жабылып тұрады. Спора түзетін масақтары сабақтың ұштарында жетіледі. Шар тәрізді споралары пісіп жетілгеннен кейін сабағы солып қалады. Қазақстанда 8 түрі кездеседі. Олар өзен жағалауларында, орманда, қалың бұта арасында, ылғалы мол жерлерде өседі.

1. Тамырсабақ және қосалқы тамырлар қалыптасқан

2. өткізгіш ұлпасы жақсаы дамыған сабақ пайда болған

3. сабағы көбею және өсу қызметін атқарады

4.споралары даражынысты

3

Қырықжапырақ -

Қырықжапырақтылар - тең споралы және әр түрлі споралы өсімдіктер. жапырақтары өте баяу өседі. Мұнда үш түрлі жапырақ бар. Бірінші жылғы жапырақтар бүршік түрінде болады және тамырсабақтың ұшына жақын орналасады. Осы бүршіктерден екінші жылғы жапырақтар пайда болады. Екінші жылғы жапырақтары биіктеліп, сыртын түктер жауып тұрады. Үшінші жылы көктемде бүктелген жапырақтар жазылып, қауырсынды тілімделген нағыз жапыраққа айналады. Жапырақтары ұшынан шексіз өсетіндіктен, өте ірі болады. Олардың мөлшері бірнеше миллиметрден 30 метрге дейін жетелі. өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбеюі тамырсабақтары және өкім бүршіктері арқылы жүзеге асады. Өнім бүршіктері қырықжапырақтардың барлығында бірдей бола бермейді. Мұндай бүршіктер жапырақтың негізгі жүйкесін бойлай орналасады. Олардан жапырақтың нышаны бар кішкентай қырықжапыраққа бекиді де нағыз қырықжапыраққа айналады.

Жапырағы — вайи. Қырықжапырақтылардың жапырақтары 2 түрлі қызмет атқарады:

  • фотосинтез үдерісінде ағзалық зат түзіледі;

  • споралар түзіліп, көбеюге қатысады.

4. Гаметафиттің жасушасында хлорофил жақсы дамыған

6. Спорангии жапырақ тақтасының астында орналасқан

  1. Балықтар мен қосмекенділердің қаңқасын(қанайналу жүйесін) салыстыр.

  2. Омыртқалы жануарлардың қаңқасы құрылысындағы ароморфты белгілерді анықта. Кестеге жаз.

Түр атауы

Құрылыс ерекшеліктері

Ароморфоз

1

Балық

 Балықтың қаңқа сүйегі. Балықтың қаңқасы сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Ішкі бекіткіш, сыртқы – қабыршақ қаңқасы деп аталады.

       Ішкі қаңқа – белдік қаңқа, бас, кеуде және артқы жақ қаңқалары дара және қос жүзу қанаттарынан тұрады.

       Біліктік қаңқа – омыртқалардан немесе хордадан тұрады.

       Бас сүйек омыртқалармен жалғасып жатады. Мойын болмайды. Омыртқалардың кеуделік және құйрық бөлімдерінен тұрады. Кеуделік бөлімінің омыртқалары – омыртқа денесінен жоғарғы (невралді) доға және оның қылқанды (жұлынды сақтайтын) бұтағынан, төменгі үлкен доға және оның қылқанды бұғағынан тұрады. Сонымен қатар кеуде омыртқаларына қабырғалар бекітіледі.

       Құйрық омыртқалары бөлігінде көлденең қылқандар бірігіп төменгі (гемалды) доғаны түзеп (құрық артериясы мен венасын сақтайды), төменгі қылқанды бұтақтармен аяқталады. Соңғы құйрық омыртқалар жалпақтау келеді де, оған құйрық жүзу қанатының тармақтары бекітілуіне мүмкіндік береді.

      Барлық омыртқалы жануарларда қан айналым жүйесі тұйық жүйе. Оның ең қарапайым түрі балықтарда кездеседі. Балықтардың жүрегі бір жүрекше мен бір қарыншадан тұрады. Оларда қан ірі веналардан тұрады.

Барлық омыртқалы жануарларда қан айналым жүйесі тұйық жүйе. Оның ең қарапайым түрі балықтарда кездеседі. Балықтардың жүрегі бір жүрекше мен бір қарыншадан тұрады.

Жүрек етінің құрылымдық ерекшеліктері

Жүрек еті екі түрлі ет талшықтарынан құралады. Оның бірі жүректің жиырылып, босаңсуын қамтамасыз ететін негізгі миокард талшықтары, ал екіншісі — жүрекше мен қарынша еттерінің үйлесімді жиырылуын қамтамасыз ететін бейқалып (атипті) өткізгіш ет талшықтары.

1.Хорда,нерв түтігі құрсақ аорта мен жүрек п.б

2.Осьтық және висцеральды қаңқа,мы қорапшасы және жақ сүйекшелері қалыптасқан.

3.Екі қарыншалы жүрек п.б

4.су түбінде жүзу үшін жүзбе қанаттарының бұлшықеттері мен қанат қаңқалары қалыптасқан.

5. Мидың 5 бөлімі қалыптасқан.

6.нағыз жақ сүйектері қалыптасқан.

Омыртқалар саны балықтың түріне байланысты. Мысалы: жайында – 72, көксеркеде – 44, өзен жылан балығында - 114, солтүстік майшабақтарында – 57, ай-балықта – 17 омыртқа болады. Омыртқаның саны балықтың эмбрион кезіндегі өсіп жетілуімен тығыз байланысты. Егер сол кезде судың температурасы жоғары болса, онда омыртқа санының аз болуы да мүмкін. Сонымен қатар балықта «бұлшық ет аралық» сүйек қылқан болады, олар да денені бекіткіш рөлін атқарады. Бұлшық ет аралығында қылқандар сіңірдің қатайып кеткен бір түрі. Негізінен қылқанда тұқы тектес  (99 сүйек) балықтарда көптеп кездеседі.

       Балықтың бас сүйегі екі бөліктен тұрады: ми және висцералды. Ми бөлігінің сүйектері бір – бірімен қозғалмайтын болып бекітілген, сондықтан да ми жақсы қорғалған. Ал вицералды бөлігі жақ және желбезек аппаратынан тұрады. Оған жақ, тіл асты және бес желбезек доғасы, оны жауып тұратын желбезек қақпағы кіреді.

       Желбезек қақпағы төрт сүйектен тұрады: қақпақ алды, қақпақ, қақпау аралық және қақпау асты сүйектері. Олар бес желбезек доғасын жауып тұрады.

       Төрт доғаның ішкі жағынан желбезек талшықтары, ал сырт жағында желбезек желектері орналасады. Бесінші желбезек доғасында желектер болмайды, кейбір балықтарда бұл доға төменгі жұтқыншақ сүйекке айналып кеткен.

       Жұтқыншақ сүйектер 1-3 қатар болып орналасады, әсіресе, тұқымдас балықтарда жақсы дамыған. Жұтқыншақ тістердің орналасу түрі балықтардың систематикалық көрсеткіші болып табылады.

       Мысалы: егер жұтқыншақ тістер бір қатарға орналасқан болса, 5-6 болып белгіленеді. Бұл сол жағында 6, ал оң жағында 5 тіс бар деген белгі. Егер 3,5-5,3 деп белгіленсе, тіс екі қатарға орналасқан, сол жағының бір қатарында 3, екінші қатарында 5, ал оң жағының бір қатарында 5, екінші қатарында 3 тіс орналасқан деп танимыз.

       Тұқы тұқымдастарда жұтқыншақтың жоғарғы жағы томпақ, мүйізденген болып келеді де, жұтқыншақ тістерімен бірге азықты ұнтақтауға мүмкіндік жасайды.

       Төс иіні – бұғана, жауырын және коракоида сүйектерінен құралады, оған төс қанаттары бекітіледі.

       Жүзгіш қанаттар балықтар денесін бір бағытта ұстауын және қозғалуын қамтамасыз етеді. Қанат талшықтары қатты және жұмсақ болып келеді.

2

Бақа

Денесі бас, тұлға және көбінесе бес саусақты төрт аяқтардан тұрады. Кейбір түрлері аяқсыз және құйрықты болады. Дене тұрқы 2 - 3 сантиметрден 180 сантиметрге дейін жетелі. Қосмекенділердің терісі жұқа, тегіс және безді болып келеді. Бездерден бөлінген сұйықтық терісін үнемі ылғалдан, тыныс алуына жағдай жасайды. Демек олар терісі арқылы да тыныс алады.Қаңқасы балықтармен салыстырғанда күрделі, 4 бөлімге бөлінеді. Олар: бас-сүйекомыртқа жотасыиық белдеуі мен алдыңғы аяқтарының және жамбас белдеуі мен артқы аяқтарының қаңкасынан құрал ады. Омыртқа жотасы мойын, тұлға, сегізкөз және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Мойын мен сегізкөз бөлімдерінде бір ғана омыртқадан болады.

Құрлыққа шығуына байланысты, аяқтарының сүйектері бірімен-бірі буын арқылы қозғалмалы байланысқан. Алдыңғы аяқтары тікелей иық белдеуімен байланысады. Жамбас белдеуі артқы аяқпен байланысқан. Жамбас белдеуі екі жамбас сүйегінен түрады.

Құрлықта атмосфералық ауамен тынысалуына байланысты қантарату жүйесінде күрделі өзгерістер пайда болған. Қосмекенділердің жүрегі үш қуысты (2 құлақша, 1 қарыншадан тұрады), екі қанайналым шеңбері бар. Қосмекенділерде алғаш рет кіші қанайналым шеңбері пайда болған. Оны өкпелік шеңбер деп те атайды. Денесіне аралас қан тарайды. Екі қанайналым шеңбері де қарыншадан басталады. Үлкен шеңбер - оң құлақшаға, ал кіші шеңбер сол жақ қүлақшага келіп аяқталады.

1.Бес сааусақты аяқ п.б

2.Өкпенің дамуы( қан тамырлармен жамылған өкпе қапшығы)

3.Үшкамералы жүрек( үлкен,кіші қан айналым шеңберлері п.б)

4.Жүрегі екі жүрекшеден тұрады оң жақ жүрекшеде аралас қан ағады

5.Ортаңғы құлақ п.б

  1. Коллекцияны қарап, бунақденелілердегі әртүрлі идиоадаптацияларды анықта және дәптерге жаз.

  2. Берілген үлгілердің идиоадаптациияларын анықта. Кестені толтыр.

Түр атауы

Құрылыс ерекшеліктері

Идиоадаптация

1

Шегіртке

6 аяғы бар .Денесі айқын үш бөлікке бөлінген:бас,көкірек және құрсақ.Бұлшықет жүйесі- күрделі.Жүйке жүйесі жоғары деңгейде дамыған. Жұтқыншақ үсті жүйке жасушасының түйіні-ми.Мидың үш бөлігі бар.Олар:алдыңғы,ортаңғы және артқы бөліктерден құралады. Жұтқыншақ асты түйіні мен құрсақ жүйке тізбегі екі жұп түйін - ганглий (гр. ганглион - бұдырмақ, ісік) түзе ді.

Сезім мүшелері жақсы жетілген. Күрделі және жай құрылысты көзі бар. Қантарату жүйесі - ашық жүйе. Асқорыту жүйесі ауыздан басталады. Ауыз мүшесінің құрылысы сан алуан. Бунақденелілердің демтүтікті жүйесі жақсы жетілген. Демтүтіктер дененің екі қапталындағы 10 жұп тыныс алатын тесіктер - демтесіктер арқылы сыртқа ашылады. Бунақденелілер демтүтіктің жәрдемімен тыныс алады.Зәршығару мүшесі - ішекке ашылатын өте жіңішке түтікшелер - мальпиги түтікшелері.

2

Капуста ақ көбелегі

3

Қанқыз

  1. Ароморфоз және идиоадаптацияның эволюциядағы маңызы қандай? Қорытынды жаса.