Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1-13 жумыс 12.05.2014.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
558.42 Кб
Скачать

Лабораторная работа № 3 Тақырып: Көп жасушалы ағзалардың ұлпаларының құрылысын салыстыру(өсімдіктер, саңырауқұлақтар, жануарлар және адам). Ұлпалар және олардың қызметтері.

Мақсаты: әртүрлі ұлпалардың құрылыс ерекшеліктерімен танысу және олардың атқаратын қызметтерін анықтау; тақырып бойынша жаңа терминдермен танысу.

Құрал-жабдықтар: микроскоптар, заттық және жабын шынылар, шыны таяқша, көпжасушалы жануарлардың ұлпаларынан әзірленген микропрепараттар; эпителий, бұлшықет, дәнекер, жүйке. Су құйылған стақандар, элодея жапырағы, ашытқы, пішен таяқшасы.

Қауіпсіздік ережелері: микроскоппен жұмыс жасау ережесін сақтау; объективтерді кішіден үлкенге ауыстыруда бұрандамен ұқыпты жұмыс жасау.

Гипотеза: Ұлпа –шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметтері ұқсас жасушалар тобы. Адам ағзсында ұлпалардың төрт тобы бар, олар: эпителий(жабын), дәнекер, бұлшықет, және жүйке.Егер микроскоп арқылы көпжасушалы жануарлардың ұлпаларынан әзірленген микропрепараттарды бақылайтын болсақ, олардың пішіндері әр түрлі болады. Ол ұлпалардың атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі құрылымда болады.

Жұмыс барысы

Жұмыс 1.

1. Элодея жапырағынан микропрепарат әзірле. (Бір жапырағын алып заттық шыныдағы тамшы суға салып бетін жабын шынымен жап).

2. Микропрепаратты микроскоппен қарау. Жасушадағы хлоропласттарды анықтап қарау. 3. Элодея жапырағы жасушасының суретін салу. Суреттегі бөліктерді атап жаз.

4. 1-суретті қара.

5.Өсімдік мүшелерінің жасушаларының әртүрлілігінің себебін түсіндіріп, қорытынды жазу

Сурет 1. Өсімдіктін әртүрлі мүшелерінің жасушаларының түсі, формалары және пішіні

Жұмыс 2

I. Эпителий ұлпасы

1. Эпителий ұлпасының микропрепаратын микроскоппен қарап, суретін сал. 2. Эпителий ұлпасының түрлерін ата. 3. Эпителий ұлпасының атқаратын қызметтері.

II. Дәнекер ұлпалыры

1. Дәнекер ұлпасының микропрепаратын микроскоппен қарап, суретін сал. 2. Дәнекер ұлпасының түрлерін ата. 3. Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметтері.

III. Бұлшықет ұлпасы

1. Бұлшықет ұлпасының микропрепаратын микроскоппен қарап, суретін сал. 2. Бұлшықет ұлпасының түрлерін ата. 3. Бұлшықет ұлпасының атқаратын қызметтері.

IV. Жүйке ұлпасы

1. Жүйке ұлпасының микропрепаратын микроскоппен қарап, суретін сал. 2. Жүйке ұлпасының түрлерін ата. 3. Жүйке ұлпасының атқаратын қызметтері.

Жұмыстың нәтижесі: Сурет салу.

Талдау:Ұлпалардың түрлерін көрсетіп, атқаратын қызметтері туралы ақпарат жазу. Кесте салу.

Бағалау:

  • Тәжірибе барысында кеткен қателіктерді анықтау;

  • Тәжірибе нәтижесі теорияға қаншалықты сәйкес келетінін бағалау;

  • Пайда болған сәйкессіздіктерді талдау;

Қортынды.

Зертханалық жұмыс № 4

Тақырып: Пияздың тымыры ұшындағы митоз

Жұмыстың мақсаты: жаушалардың бөлінуіндегі митоз сатыларының ерекшеліктерін анықтау.

Құрал-жабдықтар: микроскоп, спиртшам, микропрепарат «Пияздың тамыры ұшы жасушаларынындағы митоз», сүзгі қағаз, сапты ине, скальпель, пияз, фиксацияланған мал азықтық бұршақ тұқымдастардың тамыры, фиксатор – Лилли қоспасы: 96%-этил спирті 75 мл, мұздатылған сірке қышқылы 25 мл, бояу (ацетокармин, ацетоорсеин, метил көгі немесе көксия), 45%сірке қышқылы.

Гипотеза: Пияз тамырының ұшында тамыр оймақшасынан кейін бөліну аймағы болады. Онда тамырдың өсуін қамтамасыз ету үшін жасушалардың қарқынды бөлінуі жүреді. Егер тамыр ұшын фиксациялап, микропрепарат дайындау арқылы, микроскоптан қарағанда, миотздың түрлі кезеңдерін байқауға болады. Себебі ядродағы ДНҚ гистон нәруызы арқы шиыршықталып, жуандап хроматид жіпшелеріне айналады да микроскоп арқылы көруге мүмкіндік туады.