Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№1-13 жумыс 12.05.2014.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
558.42 Кб
Скачать

Зертханалық жұмыс № 12

Тақырыбы: Жергілікті өсімдік іріктемелерінің фенотипін анықтау.

Мақсаты: қазіргі селекцияның мақсаттарымен танысу.

Гипотеза:Сұрыптау – бұл адам басқаратын эволюция, қолдан сұрыптау адам өз мүддесі үшін жүргізеді. Егер де жергілікті іріктемелердің фенотиптік белгілеріне назар аударатын болсақ, онда олар адам қажеттіліктерін қанағаттандыратындай болуы керек. Мысалы, жоғары өнімділігі, ауруға төзімділігі, жергілікті ауданның климаттық факторларына төзімді болуы.

Құрал -жабдықтар: қызанақтың әртүрлі іріктемелерінің тұқымы, бір іріктемеге жататын астықтұқымдастың екі данасы немесе кеппешөбі, әртүрлі өсімдіктердің иллюстрациясы.

Жұмыстың барысы:

1. Қызанақтың әртүрлі іріктемелерінің тұқымын қарап, агротехникалық аннотацияларымен және жемістерінің бейнесін анықта.

2. екі іріктеменің(сорттың) ерекшеліктерін кестеге толтыр.

Іріктеменің ерекшеліктері

Колхозный

Волгоградтық қызанақ

Фенотиптік белгілері:

биіктігі 50-60см, орташа бойлы, сырты тегіс, түсі қызыл,дөңгелектеу.

орташа бойлы, биіктігі 70-100 см, сырты сәл ойлы-қырлы, түсі қызыл.

Топыраққа талғамы:

Ашық топырақта, жылыжайда да өседі.

Ашық топырақта, жылыжайда өседі.

Пісу уақыты:

құрғақшылыққа төзімді, суыққа төзімді,жоғары өнімді,пісу уақыты (100-105 күн)

Мол өнімді, ыстыққа төзімді, көктеп шыққаннан піскенге дейінгі уақыт 116 күн.

Агротехника:

егу кезінде көшеттерді сиретіп отырғызуды,жылы сумен суғаруды, органикалық ерітіндімен (малдың қиларымен) қоректендіруді қажет етеді.

егу кезінде көшеттерді сиретіп отырғызуды,тыңайтқыштармен қоректендіруді,жылы сумен суғаруды, байлап қоюды қажет етеді.

Дәмдік сапасы:

Жемісі тәтті, шырынды, тығыз, дөңгелек,түсі қызыл, салмағы 80-100гр.

Жемісі жалпақдөңгелектеу, еттілеу, құрамында құрғақ заттарға өте бай, тәтті, салмағы 90-150гр.

Жемістілігі(уражайность):

Орташа 3,5-6,5 кг\м^2

Жоғары 3,7-8 кг\м^2

Сақталу және тасымалдануға талғамы:

Сақталу мерзімі орташа, қызанақ пастасын консервілеу өндірісінде қолданылады.

Сақталу мерзімі ұзақ, алыс аймақтарға тасымалдауға арналған іріктеме.

Ауруларға қарсы тұру қабілеті

Фитофторозға тұрақты.

Ауруға тұрақтылығы орташа.

Талқылау: Фенотип деп ағзаның ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығын айтады, яғни тұқымның түсі мен пішіні, гүлінің реңі, сабағының ұзындығы т.б. Фенотип генотиптен және сыртқы ортаның жағдайына байланысты қалыптасады. Генотип фенотипті анықтайды. 1909 жылы Фенотип терминің алғаш рет дат ғалымы В.Иогансен (1857 – 1927) ұсынды.

Біздің қарастырып отырған екі іріктемеміз колхозный мен волгоградтық қызанақ оңтүстік өңірінің климаттық жағдайына сәйкес келеді. Себебі оңтүстік қазақстан облысының климаты континенттік, қысы қысқа, жұмсақ, жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Ал бұл екі іріктеме де ыстыққа да, құрғақшылыққа да төзімді келеді, жоғары өнімді, ауруларға тұрақтылығы орташа, ашық топырақта, жылыжайда өсіруге өте қолайлы, сақталу мерзімдері колхозный сортының орташа, волгоградтық сортының ұзақ, бұл алыс аймақтарға тасымалдауға мүмкіндік береді. ОҚО еліміздің барлық аудандарын көкөніспен қамтамасыз ететін аймақ болғандықтан, бұл сорт түрлері өте тиімді болып табылады. Жоғарыда айтылған сорттардың барлығы да жасанды сұрыптау негізінде алынған. Жасанды сұрыптау - адамның әсерімен болатын сұрыптау. Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік негізінде жаңа бағалы түрлер мен сорттар қарастырылады, ол сорттар тұқым шаруашылығы үрдісімен сақталып отырады.

Қорытынды: Қарастырылып отырған қызанақтың екі іріктемелері де біздің аймақтың шұғыл континентальды климатына сәйкес келеді.ОҚО –да өсімдіктердің орташа өсу мерзімі 220-250 (жергілікті жерге байланысты) күнді құрайды. Осы өсу мерзім уақыт арасында бұл дақылдарды кезекпен егіп қолдануға (колхозный сортын ерте көктемде, ал волгоградтық сортын кештеу, жемісін күзде алып, алыс аймақтарға тасымалдау үшін) болады. Аталған барлық іріктемелер біздің аймақтағы климаттық ерекшеліктерімізге (құрақшылық, ыстық, температураның күрт төмендеуіне) сәйкес сұрыпталған.

Зертханалық жұмыс № 13

Тақырыбы: қоректік тізбек құру

Мақсаты: қоректік тізбек құру арқылы, экожүйедегі энергияның берілуін түсіну.

Құрал-жабдықтар: өсімдіктердің кеппе шөптері, желілердің чучеласы (балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер), бунақденелілер коллекциясы, жануарлардың ылғалды препараттары, өсімдіктер мен жануарлардың иллюстрациялары.

Гипотеза: Егер экожүйедегі зат айналымын қамтамасыз ету үшін экожүйенің құрам бөліктерін (продуцент, 1-і реттік консумен, 2-і реттік консумент, редуцент) бірімен-бірін қоректік қатынасы бойынша орналастырсақ, қоректік тізбек құралады. Яғни: Өсімдік – Шөп қоректі жануарлар мен жәндіктер – Жыртқыш жәндіктер мен аңдар.