
- •9 Сыныптарды «Биология» курсы бойынша қорытынды аттестаттаудың практикалық бөлімі Зертханалық жұмыс № 1
- •Жұмыс барысы:
- •Зеханалық жұмыс № 2 Тақырыбы: Цитоплазмалық мембрана қасиеті. Плазмолиз және деплазмолиз құбылысын анықтау.
- •Жұмыс барысы
- •Лабораторная работа № 3 Тақырып: Көп жасушалы ағзалардың ұлпаларының құрылысын салыстыру(өсімдіктер, саңырауқұлақтар, жануарлар және адам). Ұлпалар және олардың қызметтері.
- •Жұмыс барысы
- •Тақырып: Пияздың тымыры ұшындағы митоз
- •Жұмыстың барысы
- •Зертханалық жұмыс № 5
- •Жұмыс барысы:
- •Зертханалық жұмыс № 6 Тақырып: Қолдан сұрыптау нәтижесін талдау
- •Жұмыстың барысы:
- •Зертханалық жұмыс № 7 Тақырыбы: Ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі
- •Жұмыс барысы:
- •Зертханалық жұмыс № 8
- •Жұмыс барысы:
- •Ход работы:
- •Жұмыс барысы:
- •Зертханалық жұмыс № 10 Тақырыбы: Ағзалардың жыныссыз көбеюі
- •Жұмыс барысы:
- •Зертханалық жұмыс № 11 Тақырыбы: Вариациялық қатар және вариациялық қисық сызық құру
- •Жұмыстың барысы:
- •Зертханалық жұмыс № 12
- •Жұмыс барысы:
9 Сыныптарды «Биология» курсы бойынша қорытынды аттестаттаудың практикалық бөлімі Зертханалық жұмыс № 1
Тақырыбы: Өсімдік, жануар жасушаларын микроскоп арқылы зерттеу
Жұмыс мақсаты: Жасушалардың әртүрлілігіне және олардың қызметін анықтайтын морфологиялық ерекшеліктеріне, сонымен қатар олардың құрылыстарының бірлігіне көз жеткізу.
Құрал-жабдықтар: микроскоп, пияздың жұқа қабықшасы, адам ауызының эпителий жасушаларынан әзірленген микропрепарат, шәй қасық,заттық және жабын шынылар, көксия, йод, дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш.
Гипотеза: Егер өсімдік және жануар жасушаларын бояп, микроскоп арқылы қарасақ, морфологиялық айырмашылықтары мен ұқсастықтарды байқауға болады. Мысалы: жасуша пішіні, жасуша қабығындағы айырмашылықты көруге және ядроларын, жасуша мембранасын, цитоплазмаларын бақылай аламыз.
Қауіпсіздік ережелері: микроскоппен жұмыс жасау ережесін сақтау; объективтерді кішіден үлкенге ауыстыруда бұрандамен ұқыпты жұмыс жасау.
Жұмыс барысы:
1. Пияздың жұқа қабықшасынан микропрепарат әзірлеп, микроскоппен қарап, зертте.
2. Йодтың әлсіз ерітіндісін препараттқа тамызу. Жабын шынымен жабу.
3. Шәй қасықпен ауыздың ішкі жағынан(ұрттың ішкі жағы) шырышты қабықты ал.
4. Заттық шыныға орналастырып, көксия тамыз. Жабын шынымен жап.
5. Препараттарды микроскоппен қара.
6. Салыстыру нітижесін 1 және 2 кестеге толтыр.
7. Жасалған жұмыс бойынша қорытынды жаз.
Жұмыстың нәтижесі: Бақылаған нысанның суреттерін сал, суреттің аты және нөмері болу керек.
Талдау:
Нұсқа № 1.
Кесте №1 «Өсімдіктер мен жануарлардың жасушаларының ұқсастықтары».
Жасушалардың құрылысының ерекшеліктері |
Өсімдік жасушасы |
Жануар жасушасы |
Сурет
|
|
|
Ұқсастықтары
|
|
|
Айырмашылықтары
|
|
Бағалау:
Нұсқа № 2.
Кесте №2 «Өсімдік және жануар жасушаларының салыстырмалы сипаттамасы».
Жасушалар |
Цитоплазма |
Ядро |
Тығыз жасуша қабырғасы |
Пластидтер |
Өсімдік
|
|
|
|
|
Жануар
|
|
|
|
|
Қорытынды.
Өсімдік және жануар жасушаларының құрлысы. Осы жасушалардың ұқсастықтары: ядроның, цитоплазманың, жасуша мембранасының, митохондрия, рибосома, гольджи жиынтығының және т.б. болуы. Ұқсас белгілер өсімдіктер мен жануарлардың шығу тегі бір екендігін дәлелдейді. Айырмашылығы – тек өсімдік жасушасында тығыз жасунықтан тұратын жасуша қабықшасы, пластидтер, жасуша сөлі бар вакуоль.
Зеханалық жұмыс № 2 Тақырыбы: Цитоплазмалық мембрана қасиеті. Плазмолиз және деплазмолиз құбылысын анықтау.
Мақсаты: өсімдік жасушасындағы плазмолиз және деплазмолиз үрдістерін анықтап, жасуша қабаттарының жартылай өткізгіштік қасиеттерін дәлелдеу.
Құрал-жабдықтар: микроскоптар, заттық және жабын шынылар, шыны таяқша, су құйылған стақан, сүзгі қағаз, тұз ерітіндісі, пияз.
Гипотеза: Жасуша қабықшасы, мебранасы және тонопласт бірігіп жартылай өткізгіштік қасиетке ие болады. Жартылай өткізгіштік қасиет – ол органикалық заттарды ұстап, су молекуласын өткізу қасиетін айтады. Егер өсімдік жасушасына тұз ертіндісін тамызсақ осмос заңдылығына байланысты жасушадан су сыртқы ортаға ығысып, жасуша мембранасы жасуша қабырғасынан ажыруын, яғни плазмолиз үрдісін байқауға болады. Ал үстіне қайтадан таза су құйсақ жасуша қабырғасы қайта қалпына келеді, яғни деплозмолиз үрдісін байқай аламыз.
Қауіпсіздік ережелері: микроскоппен жұмыс жасау ережесін сақтау; объективтерді кішіден үлкенге ауыстыруда бұрандамен ұқыпты жұмыс жасау.