
- •2 Техникалық-технологиялық бөлім
- •2.1 Мәтін кенорнын игеру жағдайы
- •2.2 Ұңғыларды пайдалану әдістері
- •2.2.1 Фантандаудың минималды түптік қысымын анықтау
- •2.3 Таңдалған әдісті негіздеу
- •2.4 Қондырғының тиімді тәртібін таңдау.
- •2.5 Газлифтілі ұңғыны іске қосу жүйесін есептеу
- •3. Ұңғымаларды газлифтілі әдіспен пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі және өртке қарсы іс-шаралар
Мазмұны
|
Кіріспе |
4 |
1 |
Геологиялық бөлім |
6 |
2 |
Техникалық-технологиялық бөлім |
9 |
2.1 |
Мәтін кенорнын игеру жағдайы |
9 |
2.2 |
Ұңғыларды пайдалану әдістері |
10 |
2.2.1 |
Фантандаудың минималды түптік қысымын анықтау |
15 |
2.3 |
Таңдалған әдісті негіздеу |
17 |
2.4 |
Қондырғының тиімді тәртібін таңдау. |
20 |
2.5 |
Газлифтілі ұңғыны іске қосу жүйесін есептеу |
24 |
3. |
Ұңғымаларды газлифтілі әдіспен пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі және өртке қарсы іс-шаралар
|
28 |
|
Қорытынды |
30 |
|
Пайдаланылған әдебиеттер |
31 |
Кіріспе
Бүгінгі күні дүниежүзілік мұнай қорының 3%-на ие Қазақстан, әлемдегі мұнайға бай 15 елдің қатарына кіреді. Мұнай-газды аудандар еліміздің 62% аумағына орналасқан және 80-нен астамы игеріліп отырған 172 мұнай кен орындарын қамтиды. Мұнай қорларының 90%-дан астамы– Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ, Өзен, Жетібай, Жаңажол, Қаламқас, Кенқияқ, Қаражанбас, Құмкөл, Солтүстік Бозащы, Әлибекмола, Орталық және Шығыс Прорва, Кенбай, Королевское ірі кен орындарына шоғырланған. Кен орындары Қазақстанның 14 облысының алтауында орналасқан. Олар Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. Бұл ретте, көмірсутектері қорларының шамамен алғанда 70%-ы Қазақстанның батысында топтасқан.Аумағында 930 млн. тонна өнеркәсіптік санаттағы қорлары бар 75-тен астам кен орындары ашылған Атырау облысы неғұрлым барланған мұнай қорларына ие. Облыстың ең ірі кен орны – Теңіз (бастапқы алынатын қорлары – 781,1 млн. тонна). 150 млн. тоннаға жуығы қалған кен орындарының үлесіне тиеді. Бұл қорлардың жартысынан астамы екі кен орнына – Корлевское (55,1 млн. тонна) мен Кенбайда (30,9 млн. тонна) шоғырланған. Маңғыстау облысының аумағында өндірілетін 725 млн. тонна өнеркәсіптік санаттағы мұнай қоры, 5,6 млн. тонна конденсаты бар 70-тен астам кен орындары ашылды. Бұл кен орындарының жартысына жуығы пайдаланылуда. Олардың көпшілігі игерудің соңғы сатыларында. Қалдық қорлардың басым бөлігі алынуы қиын кен орындарына жатады. Ең ірі кен орындар – Өзен, Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас. Батыс Қазақстан облысында сұйық көмірсутегі шикізатының алынатын қорлары 320 млн. тоннаға жететін және газдың алынатын қорлары 450 млрд. текше метрден астам Қарашығанақ кен орны болып табылады. 2005 жылдың қыркүйегінде Қарашығанақпен жалғас жатқан Федоровский блогында көмірсутегі шикізатының табылғаны туралы жарияланды. Мұндағы мұнай және газ конденсаты қорлары 200 млн. тонна болады деген болжам жасалып отыр.
Мұнай мен газдың мол қоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе
және Батыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашұңғылдағы Ембі кен орнындағы мұнай ұңғысынан (скважина) атқылады. Ал 1911 ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңқыстау түбегіндегі Өзен мен Жетібай қосылды. Кейінірек олардан да куатты Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы), Кеңкияқ және Жаңажол (Ақтөбе облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл (Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар. 1999 жылы Қазақстан қойнауынан алғашқы отандық мұнай алынғанына жүз жыл толғаны тойланды. Бүгінде республиканың жылына (2005 ж.) шамамен 50,2 млн мұнайы шет елге шығарылады. 2000 жылы Атыраудың солтүстік шығысында 45 км жерде Каспий қайраңында Қашаған мұнай кен орны ашылды. Ол соңғы 30 жылдағы дүние жүзіндегі ең ірі кен орны. Геологиялық қоры 4,8 млрд тоннаға бағаланды. Жалпы Қазақстандағы мұнай қорының болжамы 20-25 млрд тонна. Қазақстандағы жалпы газ коры 6 трлн м3. Дүние жүзінде он екінші орын алады. Соның 70%-ы Қарашығанақтың үлесінде.
Жалпы айтқанда, біз еліміздің мұнай-газ кен орындарымен мақтана аламыз. Бұл, бүгінгі таңда-біз үшін қуантарлық жағдай болып тұрғаны айдан анық. Осыған орай, елімізде өндірілетін көп мұнай-газ кен орындарының бірі болып, менің курстық жұмысымның негізі - Мәтін кен орны болып табылады.
Мақсаты: Мәтін кен орнының мән-жайын ашу, яғни, Мәтін кен орны жайлы жалпы мәлімет беру және Мәтін кен орнындағы ұңғыны пайдалану тәсілін анықтау. Ұңғыларды газлифтілі әдіспен пайдалану туралы жалпы мәліметтер және оны қолдану ерекшеліктері мен маңыздылығын анықтау, және ұңғыны пайдаланудың амал-тәсілдерін жетілдіре отырып, қолдану.
Міндеттері: Кен орнындағы ұңғыны пайдалануды негіздеу. Ұңғыны газлифтілі әдіспен пайдалану тиімділігі мен маңыздылығын зерттеу, және газлифтілі әдісті қолданудың өндірістік процестегі жұмыс режимдері мен атқаратын қызметтерін анықтау.
1.Геологиялық бөлім |
|
Мұнай-газ кен орны - Мәтін (сурет-1, сурет-2), Атырау облысы, Мақат ауданында орналасқан. Оған жақын елді мекен Мақат болып табылады және ол Оңтүстік Батысқа қарай 32 км жерде орналасқан. Құрылымы “Эмбанефтегеофизика” өндіріс орындары бойынша, МОГТ сейсмобарлауымен 1980 жылы анықталды. Ол кен орнында іздестіру бұрғылау жұмыстары 1986 жылы басталды және бұл кен орнының ашылу жылы болды. кен орны тау жынысы құрылымы бойынша антиклинальдық көтерілімдерімен және қиындатылған көптүрлі тектоникалық бұзылыстарымен сипатталады. Мұнай-газ шоғырлары неокомдық және ортаюралық шөгінділерінің Солтүстік Шығыс қанаттарында байланыса орналасқан (I, II, III, IV). Қабаттағы мұнай-газ шоғырларының орналасу тереңдіктері 467-576 және 600-767 м. Сонымен қатар, шөгінді қабаттың Оңтүстік Шығысында да мұнай шоғырлары орналасқан. Онда, мұнай шоғырлары биіктігі 50 м-ден басталып, 100 м-ге шейін жеткен. Мәтін кен орны Атырау облысының Қызылқоға ауданынын аумағында орналасқан. Қызылқоға ауданынын орталығы - Миялы елді мекенінен 120 шақырым, ал Мақат ауданының орталығы Макат станциясынан 32 шақырым жерде орналасқан. Кен орны 1986 жылы ашылып, 1995 жылы пайдаланысқа енгізілген. Кен орында мел, юра, пермотриас қабаттары игеріледі.
Кен орнынын негізгі нысандары – ұңғымалар, мұнай дайындау қондырғысы, газ электр станциясы және жер астына су айдау сорап станциясы.
Жалпы ұңғымалар қоры – 124. Оның ішінде мұнай өндіру – 84, су айдау – 12, бақылау – 1, жойылған – 23, су алатын – 4.
2009 жылы іске қосылған газ элект станциясынан элект энергияның шығару қуаты 2000 кВт/сағ.
Мәтін кен орны бойынша қазіргі танда 180123 тонна мұнай, 6088000 м3 газ өндіріледі.
Сурет-1. Матин кен орны
Сурет-2.Мәтін кен орнының құрылымдық сұлбасы
А-I неокомдық көкжиек бойынша құрылымдық сұлба; Б-I-I-сызығы бойынша геологиялық кескін.
Сыртқы және ішкі контурлар: 1-мұнай шоғыры; 2-газ шоғыры; 3-III-көкжиек бойынша қамтып көрсетілген изогипсте.
Кен орнында: осы зерттеліп отырған ұңғыларға газлифтілі әдіспен әсер ету арқылы сол ұңғылардың өнімін тиімді өндіру қарастырылуына байланысты, кенорнындағы ұңғыларды – бастапқы табиғи қысымымен, яғни фонтандық әдіспен өндіру тиімсіз болып, қабат қысымы азайғандағы қабат қысымын мұнай-газды шақыруға қайта лайықтау арқылы өндіріс тиімділігін сақтау мақсатында осы кенорнына газлифтілі әдіспен әсер ету тиімді тәсіл болып табылды. Өйткені, мен осы кенорнындағы ұңғылардың тереңдігі 760 м-ден басталады, мұнайының тығыздығы 895 кг/м3, тәуліктік өнімділігінің 36 м3/тәул т.б. көрсеткіштеріне сәйкес келуіне байланысты, арнайы өндірістік заңдар мен ережелер негізінде қабылдап алдым.
2 Техникалық-технологиялық бөлім
2.1 Мәтін кенорнын игеру жағдайы
Мәтін кен орны Атырау облысынын Қызылқога ауданынын аумағында орналасқан. Қызылқоға ауданынын орталығы Миялы поселкісінен 120 шақырым, ал Мақат ауданынын орталығы Макат стансасынан 32 шақырым жерде орналасқан. Кен орын 1986 жылы ашылып 1995 жылы пайдаланысқа еңгізілген. Кен орында мел, юра, пермотриас қабаттары игеріледі.
Кен орнынын негізгі нысандары – ұңғымалар, мұнай дайындау қондырғысы, газ электр стансасы және жер астына су айдау сорап стансасы.
Жалпы ұңғымалар қоры – 124. Онын ішінде мұнай өндіру – 84, су айдау – 12, бақылау – 1, жойылған – 23, су алатын – 4.
2009 жылы іске қосылған газ элект стансасын элект энергиянын шығару қуаты 2000 кВт/сағ.
Матин кен орны бойынша қазіргі танда 180 123 тонна мұнай, 6 088 000 м3 газ өндіріледі.
Жалпы мұнай шоғырлары-сулы, тектоникалық экранды және литологиялық. Коллекторларының негізгі бөліктері-әлсіз карбонатты алевролиттер, және оның кеуектілік мөлшері 24-31% аралығында. Өнімділік горизонтының өтімділігі 0,31-0,61 мкм2, ал борлы қатпарларда 0,041-0,29 мкм2. Бастапқы қабат қысымы-6,04-10,38 МПа және қабат температурасы 12-360С аралығында тұрақталған. Мұнай дебиті 4,57-36,9 т/тәул, ал шығыс қабат жақтарында азырақ болып келген-4-21.5 т/тәул. Бұл кен орны мұнайы - өзінің тұтқырлығының аздығымен, күкіртінің аздығымен, парафинінің аздығымен және құрамында шайырдың көп болуымен ерекшеленеді. Мұнайының тығыздығы-884-899 кг/м3. Газдық қоры 0,53-14,4 м3/т. Қабат сылары хлорлыкальцийлі болып келген. Бұл кен орны, қазіргі кезде игерілуде.
2.2 Ұңғыларды пайдалану әдістері
Кенорнын ең алғаш пайдалану кезінде барлық ұңғыларды басында тек фонтандық әдіспен ғана пайдаланып, мұнай-газ ресурстарын осы әдіспен жер бетіне шақырып, өндіре аламыз. Ұңғылардың фонтандалуы қабат қысымы ұңғыдағы сұйық бағанасының гидростатикалық қысымынан аз болған кезде де жүре береді. Бұл, мұнайда ерітілген газдың мөлшерінің көп болуының себебінен. Ұңғы өнімін сыртқа көтеріп шығарған уақытта, қысымның төмендеуімен сорапты компрессорлық құбылар тізбегінде (СКҚ) ерітілген газ бөлініп шығады және тығыздығы (Pсм, Pж) газсұйықты қоспа пайда болады.
Сол себебті: фонтандық пайдалану әдісін тудыратын өнімді қабаттағы табиғи қабат қысымы азайғанда, ұңғыларды фонтандық әдіспен пайдалану экономикалық тиімсіз болып, өндірістік процестердің қарқындылығын тежеуі мүмкін, соған орай өнімді қабаттағы табиғи қысымды қайта қалпына келтіріп, өндірістік процесті бірқалыпты жүргізу үшін, сол фонтандық әдісті пайдалануды іске асырушы ең негізгі технологиялық жабдық - фонтандық арматураны газлифтілік пайдалану әдісіне негіздеп, яғни сол фонтандық арматура көмегімен өнімді қабатқа жасанды қысым арқылы (яғни қабатқа газ айдау, газлифтілі әдіс негізінде) әсер ете отырып, ұңғыларды пайдаланамыз.
Ұңғы құрал-жабдықтары. Газ ұңғысын және мұнай ұңғысын газлифттік, фонтандық әдістермен пайдалану кезінде, жер үстінде және ұңғыға түсірілетін құрал-жабдықтар қолданылады. Бұл жабдықтардың мақсаты: бекітілген режимде, керекті шығынды өндіру; ұңғыда өткізілетін технологиялық үрдістерді, қоршаған аймақтың ластануын және ашық фонтандауын болдырмауын қамтамасыз етуі қажет. Болаттан жасалған әртүрлі беріктіктер тобына бөлінген тігіссіз (бесшовный) құбырлар СКҚ ретінде қолданылады (беріктік шектігі 373-930 МПа). Олардың меншікті диаметрлері 28-114 мм дейін, қалыңдығы – 3-8 мм. Меншікті диаметр ретінде, құбырдың сыртқы диаметрінің мәнін алады. Жиі қолданылатын құбырлардың диаметрі 60 және 73 мм (ішкі диаметрі 50,3 және 62,0 мм). Ұңғы сағасын саңлаусыз мықтап бекіту және керекті технологиялық үрдісін жүргізу үшін оның пайдалану режимін бақылау үшін фонтандық арматура арналған. Олар келесідей жұмыс істеу қысыммен жасалады: 7, 14, 21, 35, 70 және 105 МПа. Егерде қысым 21 МПа кем болған кезде жабатын тиек ретінде тығынды кран колданылады, жоғары қысымдарда – арнайы қолмен, автоматпен немесе гидравлика күшімен қозғалып, жабылатын ысырмалар (задвижка) орнатылады. Оның құрылымы фонтаншыршасынан және құбыр басынан тұрады (тройниктер, крестовиналар, ысырмалар, аудармалар т. с. с.). Муфта немесе аударма арқылы бекітілген бір немесе екі қатар СКҚ ұстап және олардың арасын сыңалаусыздандыру үшін фонтан арматурасының құбыр басы арналған. Ол ұңғыда игеру, пайдалану және жөндеу, зерттеу жұмыстарының технологиялық үрдістерін жургізген кезде ыңғайлы болуы қажет. Фонтандық шырша - ұңғының өнімін керекті жүйеге бағыттайды, пайдалану режимін өзгертіп қысым және қызуды өлшейді және оның үстіне лубрикатор орнатылады.
Газлифтілі пайдаланудың жалпы принциптері. Газлифтілі ұңғыма –бұл фонтанды ұңғыма, мұнда сұйықты газдандыруға қажетті жеткіліксз газды жер бетінен арнайы канал арқылы беріледі. Айдалатын газ қабат сұйығынан шығатын газбен қосылады. Газдың сұйықпен араласуы нәтижесінде ГСҚ пайда болады, оның тығыздығы ұңғыманың түп қысымы сұйықты жер бетіне көтеруге жеткілікті болады. Газсұйық қоспасының тік құбырдағы қозғалыс теориясында айтылған барлық түсініктер және анықтамалар ұңғыманы газлифтілі пайдалануда және оның теориялық негізі болып табылады.
Газды
көтеру құбырына (башмак) ендіру нүктесі,
сұйық деңгейінен төмен
h
шамасына батырылған; Газдың құбырға
ендіру нүктесіндегі қысымы P батыруға
h пропорционал және онымен P1=hρg
қатынасымен байланысты.
Нақты
ұңғымаларды
P1 P1 -ден
бірнеше пайыз құрайды, ал
P2
одан
да аз. Сондықтан жұмыс қысымы Pж
және
башмакты қысым P1 бір-бірімен
өзгешеленуі аз. Осылайша, жұмыс істеп
тұрған газлифтілі ұңғыманың түп қысымын,
оның сағасындағы жұмыс қысымы бойынша
анықтау жеткілікті.
Бұл газлифтілі ұңғыманы зерттеу процедурасын, оның жұмысын реттеу және оптималды режимді қалыптастыруды оңайлатады. Сұйықты көтеру үшін, оның энергиясы қолданылатын, газ айдалатын ұңғыма - газлифтілі деп аталады, сол мақсатпен ауаны айдау кезінде – эрлифт деп аталады.
Ауаны пайдалану СКҚ ішінде өте тұрақты эмульсияның түзілуіне себеп болады, оны ыдырату үшін арнайы беттік – актив заттармен өңдеу, жылыту және ұзақ уақыт тұндыру қажет.
Сепарация кезінде жер бетінде бөлінетін газ ауалы қоспа өрт жағынан қауіпті, себебі белгілі қатынастарда жарылу қоспасын түзеді. Бұл жұмыс жасаған газ ауалы қоспаны сепарациадан кейін, атмосфераға шығару қажеттігін туғызады.
Көміртегі газын қолдану эмульсиясының түзілуіне себеп болса да, бірақ мұндай эмульсия тұрақты емес және таза кондитциялық мұнайды алу үшін қымбат тұратын өңдеуді қолданусыз жай тұндыру арқылы бұзады. Бұл оттегінің жоқтығымен немесе қолданылатын көміртегі газы құрамында аз мөлшерде болуымен және жалпы көміртегілік негіз болатын газ және мұнайдың химиялық ұқсастығымен түсіндіріледі. Ауаның құрамындағы оттегі, қышқылдану процестеріне, және судың араласуына бөгет болатын су глобулында тұрақты қапшықтардың түзілуіне, глобулдың ірілеуіне және кейін тұндыру кезінде шөгуіне әкеледі. Өзінің салыстырмалы жарылу қауіпсіздігі салдарынан жұмыс жасаған газ, сепарациядан кейін газ жинау жүйесіне жиналып, утилизацияланады. Сонымен бірге, газлифт ұңғыманың сепарациаланған газы, оны мұнаймен араластыру кезінде, СКҚ бойынша қозғалыс кезінде бензинді фракциямен байытылады. Мұндай газды газбензинді зауыттарда физикалық өңдеу кезінде, тұрақты емес (нестабильный) бензин және басқа құнды өнімдер алады. Ал, мұнай тұрақтандырылады, бұл оның тасымалдау және сақтау кезінде булауын азайтады.
Газобензин зауыттарында өңделген (құрғатылған) газ қайтадан, кеніштің компрессорлы станцияларында қажетті қысымға дейін сығылып, газлифтілі ұңғымалар жұмысы үшін қолданылады.
Нақты газлифт ұңғымалары (1-сурет) көрсетілген сұлба бойынша құрылмайды, себебі ұңғымаға төмен жағы башмакпен қатты байланған, екі параллель құбырлар қатарын түсіру іс жүзінде мүмкін емес. Бұл сұлба тек газлифт жұмыс принципін түсіндіру үшін ғана келтірілген. Бірақ, оны қолдану әбден мүмкін және кейбір жағдайда, сұйықтың үлкен көлемін айдап шығару үшін орынды, мысалы, шахтадан немесе басқа өту қимасы жалпақ ыдыстардан.
Газлифт ұңғымаларының жұмысы үшін 4-10 МПа қысымға дейін сығылған көміртегі газы қолданылады. Сығылған газ көзі болып, әдетте арнайы компрессорлы станциялар немесе компрессорлы газөңдеу зауттары болады, олар қажетті қысымды жетілдіріп және қажетті берілісті қамтамасыз етеді.
Осында газлифтті пайдалану жүйесі - компессорлы газлифт деп атайды. Егер газлифт үшін қолданылатын табиғи газ таза газды немесе газдеконденсат кен орындарынан болса, мұндай жүйе-компессорсыз газлифт деп аталады.
Компрессорсыз газлифт кезінде, табиғи газ газлифт ұңғымалаарының жеріне дейін тасымалданып, әдетте арнайы қондырғыларда алдын-ала дайындаудан өтеді, мұнда конденсат және ылғал айрылады, ал кейде осы газ ұңғымалар бойынша таратудың алдында жылытылады. Артық қысым әдетте, бір немесе бірнеше саты штутцерлер арқылы газды дросселдеу арқылы төмендетеді. Ұңғыма ішкі газлифт деп аталатын газлифт пайдалану жүйесі бар. Бұл жүйеде сығылу газының көзі болып мұнай қаныққан қабаттан жоғары немесе төмен жатқан, газды қабаттардағы газ қызмет істейді. Екі қабат жалпы фильтрация арқылы ашылады.
Мұндай жағдайларды, газ гаризонты мұнай қабатынан бір немесе екі пакермен (жоғары және төменнен) бөлектенеді, және газ құбырға СКҚ келетін газ мөлшерін мөлшерлейтін, штутцерлі құрылғы арқылы енеді.
Ұңғыма ішкі газлифт газды алдынала дайындаудың қажеттігін алып тастайды, бірақ газлифт жұмысын реттеуде қиындықтар туғызады. Бұл әдіс Тюмень облысындағы мұнай кен орындарында игеру ұңғымаларын тиімді пайдалану әдісі болады. Мұнда мұнай горизонтының үстінде газ қоры жеткілікті газқаныққан қабаттар жатыр және оның қысымы газлифттің қалыпты және ұзақ уақыт жұмысын қамтамасыз етеді.
Газлифт көтергіштерінің конструкциясы. Газлифт ұңғымасының жұмысы үшін қажетті екі канал, нақты жағдайларда концентрлі орналасқан құбырлардың екі қатарымен жасалады, яғни ұңғымаға бірінші (сыртқы) және екінші (ішкі) құбырлар қатары түсіріледі. Құбырдың сыртқы қатары диаметрі үлкен (әдетте 73-102мм) бірінші болып түсіріледі. Ішкі, диаметрі кіші (әдетте 48,60-73мм) бірінші қатардың ішіне екінші болып түсіріледі. Екі қатарлы деп аталатын көтергіш пайда болады, мұнда сығылған газ құбыраралық кеңістікке бірінші және екінші құбырлар қатары арасына айдалады, ал ГСҚ іші бойынша, құбырдың ішкі қатары бойынша көтеріледі. (1-сурет, а). Құбырдың бірінші қатары әдетте, перфорация интервалына дейін түсіріледі, ал екінші қатары газдың жұмыс қысымына сәйкес, тереңдікте динамикалық деңгейден төмен түсіріледі, себебі қысым бірлігімен жазылатын СКҚ башмагын динамикалық деңгейден төмен батыру, әрқашан газдың жұмыс қысымына тең болады.
Екі қатарлы көтергішпен қамтылған газлифт ұңғымасның нақты динамикалық деңгейі құбыраралық кеңістіктің сыртында- шегендеу бағанасы және құбырдың бірінші қатары арасында қалыптасады. Егер құбыраралық кеңістік жабылса, және онда біршама газ қысымы болса, онда нақты, яғни жұмыс қысымы деңгейден төмен батырудан және құбыраралық сыртқы кеңістікте газдың гидростатикалыққысымныңі қосындысынан тұрады.
Екі қатарлы көтергіштер бұрын кеңінен қолданылатын, әсіресе құм шығарумен қиындатылған ұңғыманы пайдалану кезінде, жер бетіне шығаруымен қиындатылған ұңғыманы пайдалану кезінде, жер бетіне шығару қажеттігі туғанда көтерілетін ағыс жылдамдығы - шегендеу бағанасы бойынша қозғалысы кезіндегімен салыстырғанда, құбырдың бірінші қатары бойынша қозғалысы кезінде артық. Сол үшін бірінші қатардың башмагы, әдетте, түпке дейін түсірілетін. Сол уақытта қажет кезде екінші қатар құбырын түсіруді оңай өзгерте алады, бұл динамикалық деңгейдің өзгеруімен, алудың артуымен және басқа себептерге байланысты. Бірақ екіқатарлы көтергіш металлсымды қондырғы, сондықтан қымбат. Тек шегендеу бағанасы саңылаусыздығының жоқтығы кезінде амалсыз шара деп танылады. Екіқатарлы көтергіштің тағы бір түрі біржарымқатарлы (1-сурет. б), мұнда металлды үнемдеу үшін құбырдың бірінші қатары құйыршық бөлімнен (екінші қатардың башмагынан төмен) тұрады, ол диаметрі кіші құбырдан жасалады. Бұл конструкцияның металлсымдылығын елеулі азайтып, көтерілетін ағыстың жылдамдығын арттырады, бірақ түсіруді арттыру, бойынша операцияны қиындатады, себебі, бұл үшін алдымен бірінші қатар құбырының ілінуінөзгерту қажет. Металлсымдылығы аз бірқатарлы көтергіштің сұлбасы (1-сурет в), келтірілген. Газ құбыраралық кеңістікке айдалып, және ГСҚ құбырдың бір қатары бойынша көтеріледі, оның диаметрі ұңғыма шығымымен және оны пайдаланудың техникалық жағдайларымен анықталады. Сұйықтың нақты деңгейі әрқашан көтеру құбырының башмагы маңында орнатылады. Деңгей одан жоғары бола алмайды, себебі бұл жағдайда газ СКҚ ішіне кірмейді. Ол башмактан да төмен бола алмайды, себебі онда СКҚ ішіне сұйық кірмейді. Бірақ газ сұйық көтергіштің бүлкілдеу жұмыс режимі кезінде, сұйық деңгейі башмақ төңірегінде болады, және оны жабады.
Динамикалық деңгей орнын әдеттегідей газдың жұмыс қысымымен Р, ол сұйық бағанасының биіктігіне сәйкес саналып анықталады. (1-сурет, в). Е-де ұңғымаға жалғанған пьезометр көрсетілген. Мұндай пьезометрде жұмыс қысымына сәйкес, нақты динамикалық деңгей қалыптасқан. Бірқатарлы көтергіштің кемшіліктеріне түп және башмак арасында көтерілетін ағыстың аз жылдамдығы жатады, мұнда түсіру тереңдігі газдың жұмыс қысымымен, сұйықты алу және де ұңғыманың өнімділік коэффицентімен анықталады. Бірақ, бұл кезде құбырды кіргізу немесе жалпы қажет болса іліну терңдігін өзгерту оңайланады. Сол үшін бір қатарлы көтергіштің бір жұмыс саңлауы бар г-көтергіш бар.(1-сурет)
1-сурет. Газлифт көтергіштерінің конструкциясы.
Қажетті диаметрлі бір қатар құбырды түпке дейін түсіреді (немесе перфарацияның жоғарғы тесіктеріне дейін), бірақ есептеу тереңдігінде, яғни башмак болатын тереңдікте (газды СКҚ ендіру тереңдігі), диаметрі 5-8мм екі-төрт саңлауы бар жұмыс муфтасы орнатылады. Саңылаудың қимасы, 0,1-0,15 МПа аспайтын саңылаудағы қысымдар айырмасы кезінде, газдың есептелген мөлшерін өткізуді қамтамасыз етеді. Саңылаудағы қысымдар айырмасы – сұйық деңгейін саңылаудан төмен 10-15 м ұстап тұрады және газдың құбырға бір қалыпты таралуын қамтамасыз етеді.
Газлифтті көтергіштің кез-келген конструкциясы екі сұлба бойынша жұмыс жасай алатынын белгілеу қажет. Бір жағдайда сығылған газ құбыраралық кеңістікке айдалып, ал ГСҚ орталық құбыр бағанасы бойымен қозғалады. Бұл сұлба (1-сурет, а,б,в,г) сақиналы деп аталады, себебі газ сақиналы кеңістікке бағытталады.