
14 Есеп
п2=1,490, Δ=0,01 болған кездегі ОКК-50-01-4 типті оптикалық кабельдегі оптикалық талшықта таралатын модалар санын анықтау керек. ОТ өзекшесінің диаметрі норма шегінен асып кетсе, модалдар саны қаншалықты өзгереді?
Шешімі:
Бұл тапсырманы орындау үшін осы кабельде қолданылатын оптикалық талшықтың конструкциялық параметрлерін анықтаймыз. ОКК-50-01-4 типті оптикалық кабельде градиентті оптикалық талшық қолданылатынын анықтаймыз, оның жарық шағылыстырушы қабықшасының диаметрі = 125±3 мкм және өзекше диаметрі = 50±3 мкм. Сигналды тарату λ=1,3 мкм толқын ұзындығында іске асырылады.
Алдымен
n1
сыну
коэффициентінің мәнін анықтап аламыз:
.
ОКК-50-01-4 типті кабельдегі оптикалық талшықтан таралатын модалар санын келесі формула арқылы анықтаймыз:
.
ОТ өзекшесінің диаметрі норма шегінен асып кетсе, модалдар саны қаншалықты өзгеретіндігін анықтаймыз. Өзекше диаметрі 50±3 мкм аралығында өзгереді екен. Сондықтан да минималды модалар саны тең болады:
.
Максималды модалар саны тең болады:
.
Осылайша, модалар саны 39-ға өзгеруі мүмкін екен.
Жауабы: N1=164 мод, N2=145 мод, N3=184 мод, ΔN=39 мод.
Басқа нұсқасы: п2=1,420, Δ=0,03 болған кездегі, ОКК-50-01-4 типті оптикалық кабельдегі оптикалық талшықта таралатын модалар санын анықтау керек. ОТ өзекшесінің диаметрі норма шегінен асып кетсе, модалар саны қаншалықты өзгереді?
15 Есеп
ОКК-50-01 типті оптикалық кабельдегі оптикалық талшықтың сандық апертура шамасы ОМЗКГ-10-1 типті оптикалық кабельдегі оптикалық талшықтың сандық апертурасынан қаншалықты ерекше екенін анықтау керек. Талшықтардың екі типінде де Δ=0,01; ОКК-50-01 типті кабельдегі ОТ үшін n1= 1,505, ал ОМЗКГ-10-1 типті кабельдегі ОТ үшін п1=1,510.
Шешімі:
Ең алдымен ОМЗКГ-10-1 типті оптикалық кабельдегі ОТ үшін n2 сыну коэффициентінің мәнін анықтаймыз. Ол үшін мына формуланы қолданамыз:
:
.
ОКК-50-01 типті оптикалық кабельдегі ОТ үшін де n2 сыну коэффициентінің мәнін анықтаймыз. Ол үшін де мына формуланы қолданамыз:
:
.
ОКК-50-01 типті оптикалық кабельдегі ОТ сандық апертурасының мәнін табамыз:
NA
= sinθA
=
.
ОМЗКГ-10-1 типті оптикалық кабельдегі ОТ сандық апертурасының мәні тең болады:
NA = sinθA
=
.
Жауабы: ΔNА=0,0003.
Басқа нұсқасы: ОКК-50-01 типті оптикалық кабельдегі оптикалық талшықтың сандық апертура шамасы ОМЗКГ-10-1 типті оптикалық кабельдегі оптикалық талшықтың сандық апертурасынан қаншалықты ерекше екенін анықтау керек. Талшықтардың екі типінде де Δ=0,02; ОКК-50-01 типті кабельдегі ОТ үшін n1= 1,490, ал ОМЗКГ-10-1 типті кабельдегі ОТ үшін п1=1,470.