Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАЛ.ТЕР.БЕЗ ОТВЕТЬ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
716.29 Кб
Скачать

1. Химиялық қатаятын композит

2. емдік төсем, силидонт

3. шыныиономерлі цемент

4. фосфат-цемент

5. эвикрол

20. Тісжегі емдеу кезінде қандай асқынулар болуы мүмкін?

1. тіс қуысын кенеттен ашып алу

2. пародонт қабынуы

3. тістің орналасуының аномалиясы

4. сауыттың бөлігінің сынып қатуы

5. қызылиек емізікшесінің өліеттенуі

21.Төменде көрсетілген цементтердің қайсысы тісжегіні тоқтата алуға НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1. висфат

2. шыныиономерлі цемент

3. фосфат цемент

4.бактерицидті цемент

5. унифас

22. Төменде көрсетілген пломбалық материалдардың қайсысы тістердің екіншілік тісжегісін тоқтатуға әсері НЕҒҰРЛЫМ бола алады?

1.цинкфосфатцемент

2.эвикрол

3. силицин

4.композит

5. шыныиономерлі цемент

23. Композициялық материал полимеризациядан кейін құрамында қандай мықты және эластикалық қасиеті болуы қажет?

1. макротолықтырғыш

2. микротолықтырғыш

3. гибридті толықтырғыш

4. микрогибридті толықтырғыш

5. шайыр

24. Композициялық материалдың полимеризациясы үшін НЕҒҰРЛЫМ оңтайлы уақыт қандай?

1. 3 минут

2. 1 минут

3. 2 минут

4. 6-10 минут

5. 24 сағат

25. Композитті салудың алдында кіреукені не үшін қышқылмен өңдейді?

1. кіреукенің бетіндегі бляшкаларды жою үшін

2. химиялық адгезияны жасау үшін

3. микроретенция аймағын жасау үшін

4. материалдың физико-механикалық қасиеттерін жақсарту үшін

5. тістердің тіндерін ағарту үшін

26. Қандай пломбалық материалды уақытша тістемнің фронталды тістерінің тісжегісінің декомпенсирленген түрін емдеу кезінде қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. акрил шайырының негізіндегі пломбалық материал

2. силико-фосфатты пломбалық материал

3. құрамында фторы бар цемент

4. композицитті пломбалық материалдар

5. құрамында кальциі бар

27. Балалар емханасына анасы 9 жастағы баласымен ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келді.Қарап тексергенде: 3.6 тістің шайнау бетінде орташа көлемдегі жұмсарған ашық түсті дентинге толы тісжегі қуысы бар, зондпен шұқып тексергенде кіреуке – дентин шекарасында ауырады. Индекс КПЖ кп= 7.

Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысын осы жағдайда қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. АRТ-әдісі;

2. кейінге қалдырылған әдіс;

3. хирургиялық әдіс;

4. инвазивті емес әдіс

5. алдын ала пломбылау әдісі.

28. Анасы 7 жастағы баласымен балалар стоматологиялық емханасына ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келді. Объективті: 1.6 тістің шайнау бетінде үлкен емес тісжегі қуысы бар, зоднпен шұқып тексергенде аздап ауырады. Қуыстың аймағындағы жүлгелер пигменттелген.

Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысы қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. АRТ-әдіс;

2. кейінге қалдырылған әдіс;

3. хирургиялық әдіс;

4. инвазивті емес әдіс;

5. алдын ала пломбылау әдісі.

29. 2 жастағы баланың 5.1, 6.1 тістерінің вестибулярлы бетінің мойын аймағында жұмсарған дентинге толы тісжегі қуысы бар, индекс кп-2. Төменде көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысын осы жағдайда қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1. АRТ-әдісі

2. кейінге қалдырылған әдіс

3. тісті жұлу

4. инвазивті әдіс

5. алдын ала пломбылау әдісі.

30. Төменде көрсетілген микроорганизмдердің қайсысы эпидемиялық паротиттің қоздырғышы болып табылады?

  1. диплококк

  2. стрептококк

  3. стафилококк

  4. фузобактерии

  5. фильтрлік вирус

31. Төменде көрсетілген шаралардың қайсысын тісжегінің декомпенсирленген түрінде ауыз қуысын сауықтыру үшін қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Емдік – алдын алу қойыртпақтарын қолдану

2. Кальций препараттарымен ремтерапия

3. Қабынуға қарсы терапию

4. Ұтымды тамақтану

5. Витаминотерапия

32. Ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен анасы 4 жастағы баласымен келді.Қарап тексергенде: 8.4 тістің шайнау бетінде пигменттелген тығыз дентинге толы ьісжегі қуысы бар, жиектері тегіс, дентин құрғақ, зондпен шұқып тексергенде кіреуке-дентин шекарасында ауырады.

Төменде көрсетілген пломбалық материалдардың қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Компомер

2. Цинк- фосфатты цемент

3. Шыныиономерлі цемент

4. Силикатты- фосфатты цемент

5. Химиялық қатаятын композит

33. Балалардың стоматлогия емханасына 7 жастағы баласымен анасы келді. Объективті: жоғарғы және төменгі тұрақты күрек тістер уақытында жарып шыққан, біраз уақыттан кейін сауыттардың вестибулярлы бетінде домалақ пішінді деминерализация ошақтары пайда болған. Зонд шұқып тексергенде тірелмейді.

Осы жағдайда дәрігердің тәсілі НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Сұйық композитпен пломбылау

2. Компомермен пломбылау

3. Реминерализациялық терапия

4. Винирлерді дайындау

5. ШИЦ пломбылау

34. Балалар стоматологиялық емханасына анасы 8 жастағы баласымен ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келді.Қарап тексергенде: 4.6 тістің шайнау бетінде ашық түсті, оңай алынатын, ылғалды дентинге толы терең тісжегі қуысы бар. Зондпен шұқып тексергенде кіреуке-дентин шекарасында ауырады. Индекс КПЖ кп =6. Төменде көрсетілген емдеу тәсілдерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. Емдік төсем, дентин қойыртпағы

2. Аралық төсем, эвикрол

3. Емдік төсем, композит

4. Кетак- моляр

5. Фосфат-цемент

35. Төменде көрстеліген емдеу тәсілдерінің қайсысы ART-әдіске НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

1. Сәулемен қатаятын композитпен пломбылау

2. Аспаптық некротомия, пломбылау

3. Химиялық композитпен пломбылау

4. Герметикалық уақытша пломбылау