Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАЛ.ТЕР.БЕЗ ОТВЕТЬ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
716.29 Кб
Скачать

5. Реминерализациялық терапия.

75. Баланың жоғарғы уақытша үлкен азу тістерін емдеу кезінде жансыздандырудың қандай әдісін қолданған неғұрлым тиімді?

1. Таңдай

2. Күрек тістік

3. Туберальды

4. Инфраорбитальдыная

5. Инфильтрациялық

76.Балалар стоматологиялық емханасына анасы 3 жастағы баласымен келді. Тістерінің түнде ауыратынына шағымданады. Анамнезінен қыздың невропатологта эпелиепсияға байланысты диспансерлік бақылауда тіркелгені анықталды. Қарап тексергенде:Ауыз қуысында көптеген тісжегі қуыстары бар. Қыз бала жылап жатыр, креслоға отырмайды, дәрігерді итереді. Индекс кп= 8. Төменде көрсетілген сауықтыру әдістерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1. Невропатологта емделу, одан кейін ауыз қуысын сауықтыру

2. Жергілікті жансыздандырумен тістерді емдеу

3. Жалпы жансыздандырумен тістерді емдеу

4. Фармакологиялық коррекция

5. Тісті жұлу

77. Балалар стоматологиялық емханасына анасы 3 жастағы баласымен ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келді. Қарап тексергенде: 6.2 тістің 1\3 бөлігі бұзылған, экскаватормен зақымдалған дентинді тазалағанда ұлпаның сағасы ашылды, зондпен шұқып тексергенде ауырады. Тістің айналасындағы шырышты қабық өзгеріссіз. Осы тісті емдеу үшін инъекциялық жансыздандыруды НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келетін әдісін атаңыз?

1. Инфильтрациялық

2. Аппликациялық

3. Туберальды

4. Күрек тістік

5. Таңдайлық

78. Емхана жағдайында балаларға стоматологиялық шараларды қолданған кезде жалпы жансыздандыруды жасаудың абсолютті көрсеткішін атаңыз:

1. Орталық жүйке жүйесінің аурулары және олардың дамуы;

2. Бірнеше тістерді бір уақытта емдеу және жұлу;

3. Жергілікті жансыздандыратын анестетиктерді қабылдай алмауы;

4. Жүрек-қан тамыр ауруларының болуы;

5. Жедел іріңді-қабыну аурулары

79. 6 жастағы бала балалар стоматологиялық емханасына түнде тісінің ауыратынына шағымданып келді. Анасының айтуынша бала түнде нашар ұйықтады. Ауыз қуысын қарап тексергенде: 8.5 тісінде тісжегі қуысы бар, зондпен шұқып тексергенде бала қатты ауру сезімін сезінді және бозарып кетті, есінен танды. Төменде көрсетілген жалпы асқынулардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ болды?

1. анафилактикалық шок

2. коллапс

3. есінен тану

4. тырысу (судорожная) реакция

5. жүрек- қан тамыр жетіспеулішігі

80. Балалар стоматологиялық емханаға анасы 3 жастағы баласын тісінің түнде ауыратынына шағымданып келді. Аурудың анамнезінен қыз баланың невропатологта эпилепсияға байланысты диспансерлі бақылауда тіркелгені анықталды. Қарап тексергенде: ауыз қуысында көптеген тісжегі қуыстары бар. Қыз бала жылап отыр, креслоға отырмайды, дәрігерді итереді. Индекс кп= 8. Тамыр ішілік жалпы жансызданыдур үшін төменде көрсетілген препараттардың қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1. димедрол

2. калипсол

3. артикаин

4. дроперидол

5. анальгин

81. Туберальды жансыздандыру жасаған кезде қандай асқынулар НЕҒҰРЛЫМ жиі кездеседі?

1. гематома

2. коллапс

3. есінен тану

4. анафилактикалық шок

5. улану

82. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын премедикация үшін қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. калипсол

2. седуксен

3. димедрол

4. лидокаин

5. новокаин.

83. Анасы 5 жастағы баласымен қалалық балалар стоматологиялық емханасына ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келді. Ұл баланың өзін өзі ұстауы дұрыс, дәрігердің айтқанын істеп, қоршаған ортаға қызығушылық танытып отыр.

Төменде көрсетілген психоэмоциональды жағдайдың қандай типіне осы баланың тәртібі НЕҒҰРЛЫМ жатады?

1. Позитивті

2.Бейтарап

3. Негативті қарым-қатынастың бастапқы көрінісі

4. Басылатын негативті түрі

5. Басылмайтын негативті түрі

84. Анасы 3 жастағы баласын емханаға ауыз қуысын сауықтыру мақсатында алып келді, ол дәрігердің айтуынша тыңдамайды, белсенді қарсылық көрсетіп жатыр, жылайды, дәрігердің айтқанын тыңдамайды. Қарап тексергенде тісжегі үрдісінің III дәрежесі анықталды.

Төменде көрсетілген психоэмоциональды жағдайдың қандай типіне осы баланың тәртібі НЕҒҰРЛЫМ жатады?

1.Позитивті

2.Бейтарап

3. Негативті қарым-қатынастың бастапқы көрінісі

4. Басылатын негативті түрі

5. Басылмайтын негативті түрі

85. Емханаға 10 жастағы бронхиальды астмамен ауыратын бала келді. Дәрігер – стоматолог: «3.6 тістен дамыған төменгі жақтың жедел іріңді периоститі» деген нақтам қойды. Балын емдеудің алдында қандай дәрігер маманның кеңесі қажет?

1. педиатрдың

2. иммунологтың

3. пульмонологтың

4. аллергологтың

5. ЛОР- дәрігердің

86. Емхананың жақ-бет бөліміне бір жастағы баласымен анасы жоспарлы түрде жоғарғы еріннің және таңдайдың жырығы бойынша ота жасатуға келді.Төменде көрсетілген жансыздандырулардың қайсысын осы патологияда қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. атаралгезия

2. эндотрахеальдынаркоз

3. өткізгіштік жансыздандыру

4. вагосимпатикалық блока

5. инфильтрациялық жансыздандыру

87. Қандай дәрілік препараттар ауыр эфирлер тобының жергілікті жансыздандырғыш заттарына жатады?

1. тримекаин

2. дикаин

3. анальгин

4. супрастин

5. реланиум

88. Балалар стоматологиялық емханасына 5 жастағы бала түнгі ауруларға шағымданып келді. Анасының айтуы бойынша бала түнде нашар ұйықтады. Ауыз қуысын қарап тексергенде: 8.5 тісінде тісжегі қуысы бар, зондпен шұқып тексергенде қатты ауру сезімін сезінді және бозарып есінен танды. Төменде көрсетілген шаралардың қайсысы бірінші қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?

1. супрастинді енгізу

2. жоғарғы тыныс алу жолдарымен тыныс алуды қамтамасыз ету

3.жүректің тікелей емес массажы

4. горизонтальды жатқызу

5. димедролды енгізу

89. Негативті қарым-қатынасы бар 4 жастағы балаға жалпы жансыздандырудың көмегімен ауызын сауықтыру деген шешім қабылданды. Қанның, зәрдің лабороторлы тексерілуі, қанның биохимиялық анадизі жүргізілді. Қанның қандай көрсеткіші жалпы жансыздандырудың қарсы көрсеткіші болып табылады?

1. лейкоемия

2. лейкоцитоз

3. эритроцитоз

4. нейтропения

5. эозинофилез

90. 3 жастағы балада жүйке жүйесі лабильді, тістерін емдетуге қарсылық көрсетеді, эпилепсияға байланысты невропотологтың диспансерлі бақылауында тіркелген, индекс кп= 10. Сауықтырудың қандай әдісін қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

1. Өзін өзі ұстауды фармакологиялық дұрыстау, жергілікті жансыздандыру;

2. жалпы жансыздандырумен бір уақытта ауыз қуысын сауықтыру;

3.невропатологта емделіп болғаннан кейін сауықтыру;

4. жергілікті жансыздандырумен тістерді емдеу;