
- •1.Мұнайгаз ұңғыларын бұрғылауда қолданылатын бұрғылау қондырғылары
- •2.Бұрғылау қашауларының конструкциясы.
- •3. Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесі
- •1.Қашау берілісін реттегіштер.
- •2. Турбобұрғы конструкциясы, классификеациясы
- •3. Бұрғылау құбырларының түрлері, өлшемдері мен классификациясы
- •1. Бұрғылау тізбегін және қашауды айналдыруға арналған жабдықтар.
- •2. Бұрғылау құбырлары, конструкциялық элементтері.
- •3. Шегендеу тізбегін есептеу реті.
- •1,Электробұрғылар, арналуы, конструкциясы.
- •2.Шегендеу құбырларының классификациясы
- •3.Ұңғы құрылымы
- •1. Бұрғылау қондырғысының көтеру кешені.
- •2. Бұрандалы түптік қозғалтқыштар.
- •3. Ұршықтар, арналуы, конструкциясы.
- •1. Қашау мен құбырлардың бұрандалы байланыстары.
- •2.Бұрғылау шығырының қосымша тежегіштері.
- •3.Бұрғылау қондырғысы жетектерінің кинематикалық сұлбасы.
- •1.Бұрғылау шығырының таспалы тежегіші.
- •2. Бұрғылау ерітіндісін тазартуға арналған жабдықтар.
- •3. Шегендеу тізбегінің құрылымы, түрлері.
- •1. Кто механикаландыру және автоматтандыру
- •2. Бұрғылау сораптарының құрылымы.
- •3.Шығырдың электромагнитті тежегіштері конструкциясы.
- •1.Жқж құрылымы қолдану орны
- •3. Тәл ілмектері, құрылымы және құрамы.
- •1.Бұрғылау кешендерінде қолданылатын дизельдердің сипаттамасы
- •2. Тәл арқандары – тағайындалуы, өлшемдері, негізгі параметрлері.
- •3. Плашкалы превентордың конструкциясы мен жұмыс істеу принципі.
- •1. Әмбебап превенторлар, құрылымы мен жұмыс істеу принципі.
- •2. Екі жақты әсер ету бұрғылау сорабы құрылымы, кинематикалық сұлбасы.
- •1.Сорапты-циркуляциялық кешеннің гидравликалық араластырғыштары.
- •2. Бұрғылау қондырғыларының тәл жүйесін жабдықтау.
- •3.Бұрғылау шығырларының гидродинамикалық тежегіштері.
- •1. Бұрғылау шығырлары, арналуы, құрылымы
- •2. Қашаулардың құрылымдық ерекшеліктері.
- •3. Тәл арқанын таңдау, тәл жүйесін жабдықтау
3. Плашкалы превентордың конструкциясы мен жұмыс істеу принципі.
Плашкалы превентор мұнай-газ аткылауын сақтандыру мақсатында ұңғы сағасын саңылаусыздандыру үшін қолданады.плашкалар жабылғаннан кейін ,бұрғы тізбегі қозғалмайтын болады.Қажет болған жағдайда құбырларды кесетін арнайы плашкалары болады.
Егер плашка деңгейінде бағыттаушы құбыр,бұрғылау құлпы ,муфта,диаметрлі мен геометрлік формалары орнатылған плашкаларға сәйкес келмейтін құбырлары тізбегінің басқа да бөлшектері орналасқанды саңылаусыздықты қамтамасыз ете алмайды.Жабық превентор жоғары тізбектің баяу қозғалысына жол беріледі,ал бұрғылау тізбегінің айналуына ,көтеріп және түсіруіне жол берілмейді.
Превентрдің тұрқысы 2 тік өтпелі тесігі және шпилькаларға арналған цилиндрлі фланецтері бар болат құйма болып келеді. Құрылысы: қақпақша, бұранда,резеңке тығыздағыш,түтікшелер,гидроцилиндр.
Билет № 12
1. Әмбебап превенторлар, құрылымы мен жұмыс істеу принципі.
Әмбебап превенторларлар бұрғыланатын мұнай және газ ұңғылар сағасын саңылаусыздандыру, бұрғылау тізбегін бұру және құбырларды муфталармен қоса тарту үшін қолданылады. Әмбебап превенторлар тығыздалатын заттың диаметрі мен геометриялық формасына тәуелсіз ұңғыма сағасын саңылаусыздандыра алады.
Тұрқы тіреу фланеці және превенторды бекітуге орналасқан шпилькалары ,монтаждау димонтаждау жұмыстары және тасымалдау кезінде ілуге арналған құлақшалары барсатылы цилиндрлі формалы болат құйма болып келеді.Тұрқысына тұтас сатылы поршень резенкелі металды тығыз манжет және сақтандырғыш төлке орналасады.
2. Екі жақты әсер ету бұрғылау сорабы құрылымы, кинематикалық сұлбасы.
1 8 2
6 6
5
«Дуплекс» жұмыс істеу схемасы. 1,2-айдағыш клапанда; 3,4-сорушы клапандар; 5,6- сол жақ және оң жақ клапандар; 7-шток; 8-поршеньДуплекс сораптарының жұмыс істеу принципі келесідей,поршеннің оңнан сол жақа клапан арқылы 4 арқылы қозғалысы кезінде оң жақтағы аумаққа сұйықтың сорылуы болады және бір уақытта клапан 1 арқылы сол жақтағы аумақан сұйықтың айдаушы коллекторға айдалуы болады. Кейін қарай жүрісі кезінде клапандар 1және 4 жабылып, 2мен 3клапандары ашылады, солар арқылы сұйықтықты сору және айдау болады.
3. Бұрғылау шығырларының таспалы тежегіші .
Таспалы тежегіш- бұрғылау шығырының негізгі тежегіші. Ұңғымаға түсірілетін және көтерілетін бұрғылау тізбегін және басқа жабдықтарды тоқтатуға және қозғалыссыз күйде ұстап тұруға арналған. Таспалы тежегіш керек болса көмекші ретінде де қолданылуы мүмкін. Мысалы, ұңғымаға құбырлар тізбегін түсірудің жылдамдығын төмендетуге арналған көмекші тежегіштің тежегіштік моменті азайып қалғанда таспалы тежегіш қолданылады. Қашауды жіберу реттегіші жоқ болғанда таспалы тежегіш қашауға берілетін жүктемені ұстап тұру және ұңғыманың тереңдеуіне байланысты бұрғылау тізбегін беру үшін қолданылады.
МЕСТ 12.2.041-79 сәйкес таспалы тежегіштерге келесі талаптар қойылады:
тежегіштік момент шығырдың рұқсат етілген жүккөтергіштігіне сәйкес келетін үлкен массалы құбырлар тізбегін қозғалыссыз күйде мықты ұстап тұруға жеткілікті болуы тиіс;
тежегіш жетегі тежегіштік моменттің бірқалыпты реттелуін және ұңғымаға түсірілетін құбырлар тізбегінің ротор столына жұмсақ түсуін қамтамасыз етуі қажет;
тежегіш шығыр жетегінің қосылуымен бір уақытта тежелуі тиіс;
фрикционды жұптың үйкелісетін беттеріндегі температура тежегіштік жұпта қолданылатын материалдардың қызуының рұқсат етілген температурасынан аспауы қажет.
Бұрғылау шығырларында негізгі ретінде екі таспалы тежегіш қолданылады, ол бір таспалымен салыстырғанда біршама маңызды ерекшеліктерге ие. Бірінші кезекте таспалардың біреуі жұмыс істемей қалса да жұмысқабілеттілігін сақтайтынын ескеру қажет. Тежегіштік моменттің екі шкивке тең бөлінуі әсерлесу қысымдарын екі есе азайтуға және тежегіштік шкивтер мен колодканың ұзақ мерзімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Тежегіштік таспалар қалыңдығы 6-10 мм болат қаңылтырдан дайындалады, ол шығыр барабанының тежегіштік шкивтерінің диаметрі бойынша иіледі (1-сурет). Таспа ені қолданылатын колодкаларға сәйкес таңдалады, олардың ені стандарт бойынша 220-260 мм болады. Таспа ұзындығы қапсырмалардың қалыңдығын ескере отырып тежегіштік шкивтің диаметрі және қапсыру (обхват) бұрышы бойынша есептеледі.
а-У2-5-5; б-ЛБУ-1100; в-ЛБУ-1700, ЛБУ-300; г-У2-300
1-сурет. Шығырлардың таспалы тежегіштерінің кинематикалық сұлбасы
1-тежегіш тұтқасы ,2- тежегіш шкиві,3- тежегіш барабаны,4- тежегіш болат таспалар р,5- ауа цилиндрлі иінді білігінің майы,6-басқаруды реттегіш,7-тежегіш цилиндр,8- иінді білік,9-шатуынды біліктің ,10-балансир
Билет № 13