
- •1.Мұнайгаз ұңғыларын бұрғылауда қолданылатын бұрғылау қондырғылары
- •2.Бұрғылау қашауларының конструкциясы.
- •3. Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесі
- •1.Қашау берілісін реттегіштер.
- •2. Турбобұрғы конструкциясы, классификеациясы
- •3. Бұрғылау құбырларының түрлері, өлшемдері мен классификациясы
- •1. Бұрғылау тізбегін және қашауды айналдыруға арналған жабдықтар.
- •2. Бұрғылау құбырлары, конструкциялық элементтері.
- •3. Шегендеу тізбегін есептеу реті.
- •1,Электробұрғылар, арналуы, конструкциясы.
- •2.Шегендеу құбырларының классификациясы
- •3.Ұңғы құрылымы
- •1. Бұрғылау қондырғысының көтеру кешені.
- •2. Бұрандалы түптік қозғалтқыштар.
- •3. Ұршықтар, арналуы, конструкциясы.
- •1. Қашау мен құбырлардың бұрандалы байланыстары.
- •2.Бұрғылау шығырының қосымша тежегіштері.
- •3.Бұрғылау қондырғысы жетектерінің кинематикалық сұлбасы.
- •1.Бұрғылау шығырының таспалы тежегіші.
- •2. Бұрғылау ерітіндісін тазартуға арналған жабдықтар.
- •3. Шегендеу тізбегінің құрылымы, түрлері.
- •1. Кто механикаландыру және автоматтандыру
- •2. Бұрғылау сораптарының құрылымы.
- •3.Шығырдың электромагнитті тежегіштері конструкциясы.
- •1.Жқж құрылымы қолдану орны
- •3. Тәл ілмектері, құрылымы және құрамы.
- •1.Бұрғылау кешендерінде қолданылатын дизельдердің сипаттамасы
- •2. Тәл арқандары – тағайындалуы, өлшемдері, негізгі параметрлері.
- •3. Плашкалы превентордың конструкциясы мен жұмыс істеу принципі.
- •1. Әмбебап превенторлар, құрылымы мен жұмыс істеу принципі.
- •2. Екі жақты әсер ету бұрғылау сорабы құрылымы, кинематикалық сұлбасы.
- •1.Сорапты-циркуляциялық кешеннің гидравликалық араластырғыштары.
- •2. Бұрғылау қондырғыларының тәл жүйесін жабдықтау.
- •3.Бұрғылау шығырларының гидродинамикалық тежегіштері.
- •1. Бұрғылау шығырлары, арналуы, құрылымы
- •2. Қашаулардың құрылымдық ерекшеліктері.
- •3. Тәл арқанын таңдау, тәл жүйесін жабдықтау
3.Шығырдың электромагнитті тежегіштері конструкциясы.
Бұрғылау шығырларында қолданылатын электромагнитті тежегіштер индукционды және ұнтақтақ деп бөлінеді.
Индукционды тежегіштер (10.12-сурет) тұрықтан 1 тұрады, оның ішкі цилиндрлік бетінде қоздыру орамы 2 орналасқан. Тұрықта мойынтіректерде 6 зәкір 4 айналады, оның білігі 5 фланецті муфта 7 көмегімен шығырдың көтергіш білігімен жалғасады. Зәкір 4 сақиналы өту тесігі (проточкасы) 3 бар цилиндрлі дене түрінде болады. Зәкір тогының магниттік өріспен әсерлесуі нәтижесінде тежегіштік момент туады, ол түсірілетін құбырлар тізбегі әсерінен шығырдың көтеруші білігінің айналуын болдырмайды. Түсірілетін жүктің кинетикалық энергиясы зәкірмен жұтылады және оның қызуын тудырады. Қызудың температурасын төмендету және мойынтіректер мен қоздыру орамының дұрыс жұмысын қамтамасыз ету үшін электромагнитті тежегіштер ауалық және сулық суытумен жабдықталады.
Ұнтақтақ тежегіштер индукционды тежегіштерден ерекшеленеді, онда тұғыр мен зәкір арасындағы ауалық саңылау ферромагнитті ұнтақпен толтырылған, ол саңылаудың магнит өтімділігін арттырады және осының нәтижесінде пайда болатын моменттің көлемін арттырады. Сонымен қатар ұнтақ арқылы тұғыр мен тежегіш зәкірінің арасында механикалық байланыс пайда болады және осының арқасында айналу жиілігі тежегіштік моменттің көлеміне әсер етпейді.
Электромагнитті тежегіш конструкциясы - тұрқы, қоздырғыш орам,якорьдың сақиналық ойығы, якорь, якорьдың білігі, біліктің мойынтіректері, флянцалық муфталардан тұрады.
1-тұрқы; 2-қоздыру орамы; 3-зәкірдің сақиналы өту тесігі; 4-зәкір; 5-зәкір білігі; 6-білік мойынтірегі; 7-фланецті муфта.
1-сурет. Бұрғылау шығырының электромагнитті тежегіші
Билет №9
1.Жқж құрылымы қолдану орны
Ротордың ,ұршықтың , ілмектің лақтыруға қарсы фонтанды арматураның және құбырларды бұрау қызметін атқарады .
4500 тереңдікте
қабаттың сұйықтықта көмірсутектің 6 пайыз жоғары мөлшерде болуы.
көлбеулік бағытталған қисықтық радиусы 30 метр кем болмауы тиіс .
Бұрғылау барысында, көлденең кеткен жағдайда ротордың күші жетпей қалады. Сол кезде ЖКЖ көзі арқылы роторды айналдырады.
Құрылымы
Жинақталған желдеткіш
Балансты гидравликалық цилиндр
Дискті тежегіш
Гидравликалық танк
Жинақталған лайқұбыр
Жинақталған гидравликалық клапан
Бұрылу басының бітеу құрылғысы
Көлбеу қолдың гидравликалық цилиндрі
Жинақтағы енгізілген фонтандаудың сақтандырғышы
Ажырайтын науа
Көтергіш сырға
Жетекші қозғалтқыш
Жинақтағы S құбыр
Беріліс қорабы
Бұрушы бастың блокталған гидроцилиндрі
Сораптың қозғалтқышы
Бұрушы бас
IBOP жетегі бар гидравликалық цилиндр
Резервтегі кілт
Бағыттаушы
2.Бұрғылау ерітіндісін тазартуға және дайындауға арналған жабдықтар.
Бұрғылау ерітінділерін дайындау және өңдеу құрылғылары әсер ету принципі бойынша механикалық және гидравликалық болып бөлінеді.
Механикалыққа:
сазалмастырғыш (МГ2-4, Г2-П-2);
фрезерлі-ағынды диірмендер (ФСМ-3, ФСМ-7) жатады.
Гидравликалықтарға:
– гидроэжекторлы араластырғыштар (БПР);
эжекторлы-гидромоторлы араластыру құрылғылары (УПР-Р-2);
гидравликалық араластырғыштар (ГДМ-1);
гидравликалық диспергаторлар (ДГ-1).
Жуу сұйығын өте жоғары дәрежеде тазалау конустық гидроциклондардан тұратын құмсазбөлгіштің көмегімен гидромеханикалық әдіспен жүргізіледі. Циркуляциялық жүйе, бұрғылау сұйығын құрамындағы талқандалған тау-кен жыныстарынан тазалау үшін дірілдеуік елек, гидроциклон, центрифуга механизмдері қолданылады.