Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БМИК...1-14.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.63 Mб
Скачать

2.Бұрғылау шығырының қосымша тежегіштері.

БШ қосымша ретінде – гидравликалық және электрлі тежегішшетірді қолданады. Гидравликалық тежегіш бұрғылау және шегендеу тізбектерін түсіру жылдамдығын бәсеңдету үшін қолданылады.Шығыр барабанын толық тоқтату таспалы тежегішпен іске асырылады.

Гидравликалық тежегіштер бір және екі қатпарлы болып дайындалады.Гидравликалық тежегіштердің басты кемшіліктері,ротордың айналуы бәсеңдеген кезде тежеу моменті төмендейді және ол бірден реттелінбейді.Сондықтан кейінгі кездері электр тежегіштер қолданылып жүр.

3.Бұрғылау қондырғысы жетектерінің кинематикалық сұлбасы.

БҚ аралас жетегінің кинематикалық сұлбасы

ротор,2-шығыр, 3- жылдамдықтар қорабы, 4- бұрғылау сорабы, 5- сыналы-белбеулі беріліс,6- бұрғылау сорабының электроқозғалтқышы, 7- бұрғылау шығыры мен ротордың электроқозғалтқышы, 8- қашау берілісін реттегіш, 9- берілісті реттегіштің электроқозғалтқышы, 10- гидродинамикалық тежегіш, МП - шинно-пневматикалық муфта, t - шынжыр қадамы (мм), z – шынжырлы жұлдызшаның тістер саны.

БҚ топтасқан жетегінің кинематикалық сұлбасы

1-ротор, 2- шығыр, 3- қашаудың берілісін реттегіш, 4- берілісті реттегіштің электроқозғалтқышы, 5- жылдамдық қорабы, 6- дизель, 7- турботрансформатор, 8- сыналы-белбеулі беріліс, 9-бұрғылау сорабы, 10-карданбы білік, 11- шынжырлы редуктор, 12-компрессор, 13- редукторды жылдамдықтар қорабымен қосатын шынжырлы беріліс, 14- электромагнитті тежегіш, 15- коникалы тісті редуктор.

БҚ жеке жетегінің кинематикалық сұлбасы

1 - шығыр, 2 - ротор (Р1250, і=3,96), 3 - шығырдың электроқозғалтқышы (N=710кВт, n=200/400 айн/мин), 4 - қашаудың берілісін реттегіш, 5 - берілісті реттегіштің электроқозғалтқышы (N=37кВт, n=1000 айн/мин), 6 - бұрғылау сорабының электроқозғалтқышы (N=800кВт, n=800 айн/мин), 7 - бұрғылау сорабы, 8 - сыналы-белбеулі беріліс, 9 - ротордың электроқозғалтқышы (N=800кВт, n=800 айн/мин), 10 - карданды білік

Билет № 7

1.Бұрғылау шығырының таспалы тежегіші.

Таспалы тежегіш- бұрғылау шығырының негізгі тежегіші. Ұңғымаға түсірілетін және көтерілетін бұрғылау тізбегін және басқа жабдықтарды тоқтатуға және қозғалыссыз күйде ұстап тұруға арналған. Таспалы тежегіш керек болса көмекші ретінде де қолданылуы мүмкін. Мысалы, ұңғымаға құбырлар тізбегін түсірудің жылдамдығын төмендетуге арналған көмекші тежегіштің тежегіштік моменті азайып қалғанда таспалы тежегіш қолданылады. Қашауды жіберу реттегіші жоқ болғанда таспалы тежегіш қашауға берілетін жүктемені ұстап тұру және ұңғыманың тереңдеуіне байланысты бұрғылау тізбегін беру үшін қолданылады.

МЕСТ 12.2.041-79 сәйкес таспалы тежегіштерге келесі талаптар қойылады:

  • тежегіштік момент шығырдың рұқсат етілген жүккөтергіштігіне сәйкес келетін үлкен массалы құбырлар тізбегін қозғалыссыз күйде мықты ұстап тұруға жеткілікті болуы тиіс;

  • тежегіш жетегі тежегіштік моменттің бірқалыпты реттелуін және ұңғымаға түсірілетін құбырлар тізбегінің ротор столына жұмсақ түсуін қамтамасыз етуі қажет;

  • тежегіш шығыр жетегінің қосылуымен бір уақытта тежелуі тиіс;

  • фрикционды жұптың үйкелісетін беттеріндегі температура тежегіштік жұпта қолданылатын материалдардың қызуының рұқсат етілген температурасынан аспауы қажет.

Тежегіштік таспалар қалыңдығы 6-10 мм болат жолақтардан дайындалады.Таспа ені қолданылатын колодкаларға сәйкес таңдалады, олардың ені стандарт бойынша 220-260 мм болады. Таспа ұзындығы қапсырмалардың қалыңдығын ескере отырып тежегіштік шкивтің диаметрі және қапсыру (обхват) бұрышы бойынша есептеледі.