Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БМИК...1-14.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.63 Mб
Скачать

3. Шегендеу тізбегін есептеу реті.

.( Караулов217 бет)

Шегендеу тізбектерін беріктікке есептеу

Шегендеу тізбегі келесі шарттағы мүмкін беріктік қоры бойыншга есептеледі:

Ішкі қысымға n=Pт/Pв>[n]

Сыртқы қысымға S=Pkp/Pн>[S]

Созылуға k=Pcт/G>[k]

Шектеу қысымы деп құбырлар қимасындағы кернеу ϭт ағымдық шекке жеткендегі шектен шығу қысымын айтамыз.

Билет № 4

1,Электробұрғылар, арналуы, конструкциясы.

Электробұрғы электрқозғалтқыш, шпиндель және осы механиздерді жуу сұйығынан қорғаушы жүйеден тұрады. Электрқозғалтқыш қысқа тұйықталған секциялы, роторлы үш фазалы, жоғары вольтты май толтырылған асинхронды машина.

конструкциясы

кабель, лубрикатор, жоғарғы және төменгі сальниктер, қуыс білік, тісті муфта, дөңбек сальник, қашау жалғанатын аударма, шпиндель тұрқы.

2.Шегендеу құбырларының классификациясы

Мұнай және газ ұңғылары үшін шегендеу құбырлары МЕСТ632-80 бойынша дайындалады. Конструкциялық дайындалуы бойынша барлық шегендеу құбырлары қабырға қалыңдығы бүкіл ұзындығына тұрақты, қимасы қуыс цилиндр түрінде дайындалатын құбырлар және қимасы дәл сондай цилиндр пішінді, сыртқы беті бір шетіне қалыңдатылған құбырлар болып 2-ге бөлінеді.

Қабырға қалыңдығы бүкіл ұзындығына бірдей құбырлар тізбекке муфта арқылы жалғанады. Сыртқы беті бір шетіне қалыңдатылған құбырлар муфтасыз жалғанады. Шегендеу құбырлары ұңғы қабырғасын бекітуге, қабаттарды айыруға және ұңғыдан мұнай мен газды өндіруге арналған ұзақ мерзімді арна жасауға арналған.

Шегендеу құбырлары тігіссіз, ұштарында бұрандасы бар болат құбырлардан тұрады.шегендеу құбырларының ұштары отырғызылмайды, сондықтан олардың беріктігі бұранда беріктігімен шектеледі.

Байланысу түрлеріне қарай шегендеу құбырлары 5 түрге бөлініді:

  1. қысқа үшбұрышты бұрандалы және муфталы;

  2. ұзартылған үшбұрышты бұрандалы – У;

  3. трапеция тәріздес бұрандалы және муфталы – ОТТМ;

  4. жоғары саңыласыздықты және оларға муфталы – ОТТГ; ;

  5. муфтасыз құбырлы – ТБО.

Барлық құбырлар байланыстарында бұрандасы МЕСТ 632-80 бойынша, конустығы 1:16. меншікті бұрандамен байланыстырудың саңылаусыздығы жақсырақ, созылуға қарсылығы жоғары және диаметрі 245мм құбырларда, сонымен бірге жоғарғы ауыр жүктелген секцияларда қолданылады.

Трапедция тәріздес байланыстардың созылуға беріктігі үшбұрыштыларға қарағанда 1,5…2 есе жоғары, сондықтан шегендеу тізбегінің жоғары бөлігіне ОТТМ құбырлары қолданылады.

ОТТМ мен ТБО шегендеу құбырлары терең және өте терең ұңғыларды бекітуде қолданылады.

МЕСТ 632-80 бойынша шегендеу құбырының диаметрі 114-тен 508мм-ге дейін болады. Құбыр диаметріне байланысты қабырға қалыңдығы 5,2-16,5ммге дейін жасалады. Шегендеу құбырлары болаттарының механикалық қасиеттері кең шектерімен ерекшелінеді. Уақытша қарсылық Д тобының болаты үшін 650 МПа, Т тобы үшін 1103 МПа. Ағымдық шегі Д тобы үшін 379 МПа, ал Т тобы үшін 1034 МПа. Сондықтан шегндеу құбырларының механикалық қасиеттерін таңдаудың көп түрі бар.

Шегендеу құбырларына қойылатын талаптар:

- сыртқы диаметрге – диаметрі 219мм ± 1,00%, одан жоғары 219мм ± 1,25%;

- қобырға қалыңдығының мүмкіндігі -12,5%;

- құбырлардың уақытша қарсылығы [sB] = 687 МПа және одан жоғары болғанда термоөңдеуге тура келеді.