Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БМИК...1-14.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.63 Mб
Скачать

2. Қашаулардың құрылымдық ерекшеліктері.

Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау кезінде тау жыныстарын бұзушы аспаптардың келесі түрлері қолданылады (қашау):

- түбі тұтас ұңғыларды бұрғылауға арналған бұрғылау қашауы;

- сақиналы түпті ұңғыны бұрғылауға арналған бұрғы ұштары;

- ұңғы оқпанын кеңейткіштер: калибраторлар, тұрақтандырғыштар, ұңғы қабырғасын түзулеуге арналған центраторлар және бұрғылау тізбегін орталықтандырушы.

Бұрғылау қашауы – тау жыныстарының жарылуын және ұңғыманың түбі мен қабырғаларын бұрғылау кезінде құрауды қамтамасыз ететін құрал.

Ұңғы түбінде тау жыныстарын бұзу сипаттамаларына байланысты бұрғы ұштары мен қашаулары: шарошкалы, қалақшалы, алмазды бұрғылау қашаулары және ИСМ қашаулары болып бөлінеді.

Ең кең таралғаны – үш шарошкалы қашаулар.

Қашау тұрақтылығы қашаудың шектік жағдайға дейін тозуы кезіндегі уақытпен анықталады,ол кезде оның ары қарайғы қолданылуға болмайды. Қашау тұрақтылығы сағатпен өлшенеді және тозуға әсер ететін факторларға байланысты. Тозуға сонымен қатар қашау тұрақтылығына қашаудың айналу жиілігі, осьтік жүктеме және берілген геология-техникалық жағдайларда бұрғылау режимін анықтайтын жуу сұйығының сапасы және берілуі үлкен әсер етеді. Қашау тұрақтылығы сонымен қатар қолданылатын материалдардың сапасы мен физика-механикалық қасиеттеріне байланысты.

Қашау жұмысының маңызды көрсеткіштері - бұрғылаудың механикалық жылдамдығы және қашауға өтімділік.

Қашаудың өтіміділігі мен механикалық жылдамдығының жердегі бұрғылау жабдықтарының жұмысына әсерін маңыздылығын атап өту керек. Қашауға өтімділіктің жоғарылауы ұңғыманы бұрғылау уақытындағы КТО-ның көлемінің азаюына себеп болады. Бұрғылаудың механикалық жылдамдығының жоғарылауы кезінде бұрғылау сораптарының, ұршықтың және ротордың қолданылуы азаяды. Осының нәтижесінде бұрғылау кешендерінің циркуляциялық жүйесінің көтеруші механизмі мен жабдықтарының тез тозатын түйіндері мен бөлшектерінің энергетикалық шығындары азаяды.

Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылауда негізінен үш шарошкалы қашаулар қолданылады. Олар шарошка санына қарай 1,2,3,4,6 шарошкалы болып келеді. Оның конструкциясы: пісіріліп қосылған үш секциядан, цапфа, подшипниктер,шарошкалар, жуу сұйығы өту үшін үш тесік, сауыт,манжеттен тұрады.

3. Тәл арқанын таңдау, тәл жүйесін жабдықтау

Ұңғы тереңдеген сайын көтеретін, түсіретін жүк салмағы ұдайы өсіп отырады.Лебедка қозғалтқышы ең үлкен салмақты көтеру немесе түсіру шартына байланысты алынады.Сондықтан ол бұрғылау барысында тиімді пайдаланылмайды.Лебедка қозғалтқышының толық қуаты,ұңғының жабдық тереңдігіне жеткенде ғана пайдаланылады.Сондықтан палистпаст жүйесін қуат аз жұмсалмайтындай етіп алу керек.Бұл тәл жүйесін әр түрлі жабдықтау (2×3; 4×5; 5×6; 6×7;) арқылы іске асырылады.Осыған сәйкес бұрғылауды 2×3 жабдықтаумен бастап, тереңдеген сайын 3×4; 4×5; 5×6; т.с.с жабдықтауға көшіріп отыру қажет.

Жабдықтаудың екі түрі бар.параллель және айқас.

Ұңғыларды бұрғылауда тәл жүйесін айқастыра жабдықтау кеңінен қолданылады.Онда кронблок өсі лебедка барабаны өсіне параллель, ал тәл блогының өсіне перпендикуляр етіліп орналасуы тиіс.

Көтеретін жүк салмағы 50-75т. бұрғы қондырғысында шкивтер саны 2х3 және 3х4 тәл жүйесі, ал 100-300 т. қондырғыларда шкивтер саны 4х5, 5х6, 6х7 тәл жүйелері қолданылады. Бұл жабдықтау жүйесіндегі бірінші цифр тәл блогы шкивінің, ал екінші – кронблок шкивінің санын көрсетеді. Ұңғыма тереңдігі 750-3000 м болса, 2х3, 3х4,ал 3000-12500м – 3х4, 4х5, 5х6, 6х7 жабдықталуы ұсынылады.