Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БМИК...1-14.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.63 Mб
Скачать

Билет № 1

1.Мұнайгаз ұңғыларын бұрғылауда қолданылатын бұрғылау қондырғылары

Ұңғыларды жер үсті механизмдері мен агрегат жинақтарынан тұратын бұрғы қондырғыларымен қазады.

Бұрғы қондырғысының жинақ құрамына төмендегі механизмдер мен агрегаттар кіреді: тәл жүйесі ілінетін және бұрғылау құбырлары орналасатын мұнара, бұрғылау аспаптарын көтеріп – түсіруші және айналдырушы жабдықтар, жуу сұйықтарын айдаушы бұрғы сораптары, күш жетектері, жуу сұйықтарын дайындау және тазарту қондырғылары, көтеріп – түсіру операцияларын автоматтарын және механизациялау аспаптары, бақылау – өлшеу приборлары мен қосалқы аспаптар. Бұрғы қондырғысының жинақ құрамына, қондырғы орналасатын ірге таста кіреді.

2.Бұрғылау қашауларының конструкциясы.

Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылауда негізінен үш шарошкалы қашаулар қолданылады. Олар шарошка санына қарай 1,2,3,4,6 шарошкалы болып келеді. Оның конструкциясы: пісіріліп қосылған үш секциядан, цапфа, подшипниктер,шарошкалар, жуу сұйығы өту үшін үш тесік, сауыт,манжеттен тұрады.

3. Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесі

Тәл жүйесі бұрғылау ққондырғысының ең маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Бұрғылау қондырғысының тәл жүйесі шығырдың айналмалы қозғалысын тәлді блоктың ілгері-кейінді қозғалысына ауыстыру және канаттағы жүктемені азайту үшін арналған.

Тәлді жүйе – бұрғылау қондырғысының жүк көтергіш бөлігі болып келеді және құрамына кронблок, ілмегі бар тәлді блок, болат тәлді арқан кіреді..

БҚ тәлді жүйесі келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

-Пайдалану сенімділігі, өйткені тәлді жүйенің элементтерінің істен шығуы көлемді апаттарға алып келеді;

-Қызмет көрсетудің ыңғайлылығы және қауіпсіздігі;

-Ұзақтұрақтылығы;

-Монтаждау мен демонтаждаудың, қайта жабдықтаудың тез жасалуының мүмкіндігі;

-Кейбір элементтердің бірін бірі ауыстыра алуы.

Билет № 2

1.Қашау берілісін реттегіштер.

Бұрғы қашауын жіберіп отыруға арналған құрылғылардың көптеген түрлері белгілі. Солардың ішінен автоматтандырылған РПДЭ-3 ( реттеуіш электр жібергіш)реттеуішін алуға болады. Бұл реттеуіш бұрғылау режимін гидравликалық және роторлық тәсілдерде қолдануға арналған. РПДЭ-3 қашауға түсірілген өстік салмақты, бұрғылау тізбегін көтеру немесе жіберу жылдамдықтарын тұрақты ұстап тұруды қамтамасыз етеді.

Қашауға түсірілетін өстік салмақ электрдатчик(6) көмегімен өлшеніп, басқару пультіне (5) жеткізіледі де, ол жерде бұрғышы беретін Gқ өстік салмақ мәнімен салыстырылады. Бұл өстік салмақтар айырмасы G басқару станинасына орнатылған күшейткіштерге түседі. Күшейткіштер бұрғы қондырғысын электрмен қамтамасыз ету жүйесінен қоректенуші асинхронды электрқозғалтқыш арқылы айналушы мотор генератор (2) қоздырғыш орауышына әсер етеді. Генераторды(2) редуктор (4) жетегіне орнатылған және лебедканың көтеру білігімен жалғасқан тұрақты тоқ қозғалтқышы (3) қоректендіреді.

(Сурет артта)

2. Турбобұрғы конструкциясы, классификеациясы

Сұйық ағынының энергиясын турбина қалақшаларының көмегімен механикалық, айналма қозғалысқа өзгертетін түптік қозғалтқыш.

Турбобұрғы конструкциясы

-аударма;

-тұрқы;

- білік (жоғарғы жағы тұтас, қалақшалардан төмен ортасы тесік);

- екі резинаметалды тіректер;

– остік тірек;

– қалақша жұптары; (100–120 дана Т12М3)

- ниппель (біліктің төменгі жағындағы өстік тіректі жауп тұрады)

Турбобұрғы классификациясы

Турбобұрғының 4 түрі болады:

Т12 және ТС түріндегі секциялы турбобұрылар

3ТСШ түрдегі шпиндельді т-р

А түріндегі т-р( иілген сызықты) А,АШ,АГТШ

Арнайы тағайындалған ту-р. Оларға жататын турбобұрғылар- ТО түріндегі ауытқытушылар, КТД түріндегі тізбекті ту-р жіне КД түрдегі тізбекті снарядтар