- •1 Әдебиеттерге аналитикалық шолу
- •1.1 Қазіргі заман ғылымы мен техникасында кадмий және кадмий қосылыстарының ерекше қасиеттерін қолдану
- •1.2 Кадмийдің шикізат көздері
- •1.2.1 Мырыш концентраттарын пирометаллургиялық әдіспен өңдеу кезінде кадмийді өндірістік өнімдерге шоғырландыру
- •1.2.2 Мырышты гидрометаллургиялық әдіспен алу жолындағы өндірістік өнімдер арасында кадмийдің таратылуы
- •1.2.3 Мыскадмийлі кектерді өңдеу кезінде кадмийдің қасиеті
- •1.3 Сілтілі ерітінділердегі кадмийдің күйі
- •1.4 Кадмийдің экстракциялық жолмен бөлініп шығарылуы
- •1.4.1 Кадмийді анионмен алмасатын экстрагенттермен экстракциялау
- •1.4.2 Кадмийді катионмен алмасатын экстрагенттермен экстракциялау
- •1.4.3 Кадмийді сілтілік ерітінділерден экстракциялау
- •2 Эксперименттік бөлім
- •2.1 Бастапқы заттар, эксперименттің, зерттеулердің және анализдердің әдістері
- •2.1.2 Анализдің әдістері
- •2.2 Кадмийді нбэа-2 көмегімен сульфат ерітінділерінен экстракциялауды зерттеу
- •2.2.1 Кадмий экстракциясына фазалардың әрекеттесу уақытының әсерін зерттеу
- •2.2.2 Сулы фаза рН-ның кадмий экстракциясына әсер етуі
- •2.3 Бөлініп алынатын комплекстің құрамын анықтау
- •2.4 Кадмийдің реэкстракция процесін зерттеу
- •3 Экономикалық бөлім
- •3.1 Зерттеу жұмысын жүргізуге жұмсалған шығындарды есептеу
- •3.2 Амортизациялық аударымды есептеу
- •3.3 Негізгі және қосалқы материалдар шығынын есептеу
- •3.4 Электрэнергиясына кеткен шығынды есептеу
- •3.5 Жалақыны және төлем ақыны есептеу
- •3.6 Жалпы шығын сомасын есептеу
- •3.7 Ғылыми-зерттеу жұмысының жинақ қорын есептеу
- •3.8 Зерттеудің экономикалық нәтижелігін және рентабелдігін есептеу
- •3.9 Техникалық –экономикалық көрсеткіштер
- •4.1 Еңбек қорғау заңдары
- •4.2 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
- •4.3 Еңбек шарттарын бақылау және ауалы ортаның параметрлеріне қойылатын талаптар
- •4. 4 Жарықтандыру
- •4.4.1 Табиғи жарықтандыру
- •4.4.2 Жасанды жарықтандыруды есептеу
- •4.4.3 Желдету және жылытуға қойылатын талаптар
- •4.4.4 Санитарлы – гигиеналық шаралар
- •4.5.1 Сақтандырғыш жабдықтармен қамтамасыз ету
- •4.5.3 Өрт кезінде түтіннен қорғау
- •4.6.1 Техникалық шаралар
- •4.6.2 Тартқыш шкафты есептеу
- •4.6.3 Еңбек қорғаудағы өндірістік тазалық шаралары
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.2 Кадмийдің шикізат көздері
Кадмийдің алты өте сирек минералдары белгілі – гринокит CdS, отавит CdCO3, монтепонит CdO және басқалары, бірақ олардың тәжірибелік мәні жоқ. Сондықтан кадмий басқа түсті металлдардың кендерін өңдеу кезінде жолшыбай алынады.
Кадмийдің басқа металлдармен геохимиялық байланысы геохимиялық жұлдызша арқылы көрсетілуі мүмкін [5]:
Кадмий – шашыранды элемент. Ол бірінші кезекте мырыштың серігі болып табылады. Диагональ бойынша кадмийдің көршілес мыспен, аз мөлшерде, қорғасынмен байланыстары айқын байқалынады. Кадмийдің индий және талиймен байланыстары мырышты және қорғасынды минералдар құрамында бірлесе қатысуымен қамтамасыз етілген. Сынаппен байланысы әлсіз келтірілген. Әдеттегідей сынап кендерінде кадмийдің мөлшері аз болады [11].
Кадмий халькофилен, ол сульфидті минералдарда жиналады, ең әуелі сфалеритте (0,01 %-дан 5,0 %-ға дейін), әсіресе темір мөлшері аз, ашық түсті түрдегі сфалерит – клейофандар, сонымен қатар вюртцит кадмиймен ерекше байытылған. Галенит пен пириттің құрамында оның мөлшері 0,02 %-ға жетеді. Күрделі сульфидттерде кадмийдің мөлшері көбірек: халькопиритте 0,12 %-ға дейін, күңгірт кендерде және станнинде 0,2 %-ға дейін. Мырыш және полиметаллдық кендердің (мыс-колчеданды, колчедан-полиметаллдық және т.б.) гидрожылулық кен орындары кадмийдің көзі болып табылады [11].
Полиметаллдық кендердегі кадмийдің мөлшері 0,01-0,05 % аралығында ауытқиды. Мысалы, Алтай кен орындарының полиметаллдық кендерінде Cd мөлшері 0,04 – 0,05 %, Кавказ кен орындарында Cd мөлшері 0,01 – 0, 02 %, Жайықтың мыс-мырыш кендерінде Cd мөлшері 0,02 – 0,03 % құрайды.
Кендердегі кадмийдің мырышқа қатынасы 1 : 350 ден 1 : 100-ге дейінгі аралықта ауытқиды. Мырыштың 100 бөлігіне келетін кадмийдің бөліктерінде көрсетілген кендер мен концентраттардағы кадмийдің мөлшері, мысалы, Жоғарғы Силезия кен орындары үшін 0,23; бельгиялық зауыттар концентраттары үшін 0,24; Австралиядағы Брокен-Хилл зауыты үшін 0,4; АҚШтағы Джоплин кен орындары үшін 0,62 болып анықталады. Көптеген мыс-мырышты кен орындарындағы кадмийдің мөлшері мырыштың 100 бөлігіне 0,3-ке жақын болады; қорғасын-мырышты кен орындарында – 0,4; желілі кен орындар үшін бұл өлшем 0,5 құрайды, ал шор тас және қорғасынмырышты-касситеритті кен орындар үшін мырыштың 100 бөлігіне 1,0-ге дейін жетеді [12].
Кадмий барлық мырышқұрамды кендерде табылған – таза мырышты кендерде және полиметаллдық кендерде де: құрамында сульфидті немесе тотыққан минералдар бар қорғасынмырышты және мысмырышты.
Мыршты немесе полиметаллдық кендердегі кадмийдің концентрациясы негізінде олардың құрамындағы мырышты минералдардың мөлшерінен тәуелді болады. Кендер мырышпен бай болған сайын олардың құрамындағы кадмийдің мөлшері жоғары болады. Гренокиттің қатысуымен мырыш алдамшысы өзіндік сары түске боялған болады. Құрамында шамамен 5 % кадмий бар мырыш алдамшысы қызыл түске боялған және оның атауы «прибрамит». Өндірістік полиметаллдық кендерде кадмийдің концентрациясы бірнеше пайыздың жүз бөлшегінен аспайды.
Кадмийдің айтарлықтай маңызды көздерінің бірі мырышты кендер болып табылады, әсіресе сфалерит (ZnS). Көптеген зерттеулер мәліметтері бойынша мырышты алдамшыдағы кадмийдің мөлшері кең аралықта өзгереді: 0,1 ден 5,0-ге дейін және одан жоғары. Бұл кадмий сульфидінің кристаллдық торының мырыш сульфидінің кристалдық торымен ұқсастығымен түсіндіріледі [1].
