- •1 Әдебиеттерге аналитикалық шолу
- •1.1 Қазіргі заман ғылымы мен техникасында кадмий және кадмий қосылыстарының ерекше қасиеттерін қолдану
- •1.2 Кадмийдің шикізат көздері
- •1.2.1 Мырыш концентраттарын пирометаллургиялық әдіспен өңдеу кезінде кадмийді өндірістік өнімдерге шоғырландыру
- •1.2.2 Мырышты гидрометаллургиялық әдіспен алу жолындағы өндірістік өнімдер арасында кадмийдің таратылуы
- •1.2.3 Мыскадмийлі кектерді өңдеу кезінде кадмийдің қасиеті
- •1.3 Сілтілі ерітінділердегі кадмийдің күйі
- •1.4 Кадмийдің экстракциялық жолмен бөлініп шығарылуы
- •1.4.1 Кадмийді анионмен алмасатын экстрагенттермен экстракциялау
- •1.4.2 Кадмийді катионмен алмасатын экстрагенттермен экстракциялау
- •1.4.3 Кадмийді сілтілік ерітінділерден экстракциялау
- •2 Эксперименттік бөлім
- •2.1 Бастапқы заттар, эксперименттің, зерттеулердің және анализдердің әдістері
- •2.1.2 Анализдің әдістері
- •2.2 Кадмийді нбэа-2 көмегімен сульфат ерітінділерінен экстракциялауды зерттеу
- •2.2.1 Кадмий экстракциясына фазалардың әрекеттесу уақытының әсерін зерттеу
- •2.2.2 Сулы фаза рН-ның кадмий экстракциясына әсер етуі
- •2.3 Бөлініп алынатын комплекстің құрамын анықтау
- •2.4 Кадмийдің реэкстракция процесін зерттеу
- •3 Экономикалық бөлім
- •3.1 Зерттеу жұмысын жүргізуге жұмсалған шығындарды есептеу
- •3.2 Амортизациялық аударымды есептеу
- •3.3 Негізгі және қосалқы материалдар шығынын есептеу
- •3.4 Электрэнергиясына кеткен шығынды есептеу
- •3.5 Жалақыны және төлем ақыны есептеу
- •3.6 Жалпы шығын сомасын есептеу
- •3.7 Ғылыми-зерттеу жұмысының жинақ қорын есептеу
- •3.8 Зерттеудің экономикалық нәтижелігін және рентабелдігін есептеу
- •3.9 Техникалық –экономикалық көрсеткіштер
- •4.1 Еңбек қорғау заңдары
- •4.2 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
- •4.3 Еңбек шарттарын бақылау және ауалы ортаның параметрлеріне қойылатын талаптар
- •4. 4 Жарықтандыру
- •4.4.1 Табиғи жарықтандыру
- •4.4.2 Жасанды жарықтандыруды есептеу
- •4.4.3 Желдету және жылытуға қойылатын талаптар
- •4.4.4 Санитарлы – гигиеналық шаралар
- •4.5.1 Сақтандырғыш жабдықтармен қамтамасыз ету
- •4.5.3 Өрт кезінде түтіннен қорғау
- •4.6.1 Техникалық шаралар
- •4.6.2 Тартқыш шкафты есептеу
- •4.6.3 Еңбек қорғаудағы өндірістік тазалық шаралары
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
2.1.2 Анализдің әдістері
Кадмийді титриметриялық жолмен анықтау. Сулы ерітінділердегі (рафинаттар мен реэкстракттарда) кадмийдің макроконцентрациясын анықтау үшін индикатор ретінде қара Т эриохром қатысумен III (ЭДТА) комплексон ерітіндісімен кадмийді тікелей титрлеу әдісі қолданылды.
Қара Т эриохром қатысумен кадмийді анықтау.
Реактивтер:
ЭДТА, 0,01 М ерітінді.
Қара Т эриохром.
Буфер ерітіндісі, рН 10.
Анықтау жүрісі. 100 мл талданатын ерітіндіде кадмийдің мөлшері 50 мг-нан аспауы қажет.Қышқыл ерітінділерді алдымен күйдіргіш натрмен залалсыздандырады, содан кейін әрбір 100 мл ерітіндіге 2 мл буфер ерітіндісі мен индикатор қосып қызыл түстің көк түске ауысқанына дейін титрлейді. Титрант ерітіндінің соңғы тамшысымен бояудың қызғылт түсі жоғалады.
Ескерту. Кадмийді титрлеу және қара Т эрихром бояуының ауысу қисықтарын қиылыстыру арқылы алынған кадмийді титрлеу қисықтары 15-ші суретте көрсетілген.
15-сурет – рН-тың әр түрлі мәндері кезінде кадмийді титрлеу процесіндегі қара Т эрихром бояуының ауысу қисықтары
15-ші суретте рН-тың мәні 7-ден 10 аралығында кадмийді анықтауға болатындығы көрініп тұр, осы кезде бояудың лезде аусқандығынан ЭДТА-ның 0,001 М ерітіндісін қолдануға болады. Ерітінді рН-ын 7-ден төмендетпеу керек, өйткені металлмен байланыспаған қара Т эрихром өзінің қызыл формасына H2F- ауыса бастайды. рН > 10 болған кезде pCd тез төмендейді (15-ші сурет). Шынында жағдай 15-ші суретке сәйкес болжамдалғандай жаман емес, өйткені аммиактың көп мөлшері боғандықтан бояудың тез ауысуы орын алады. Бұның себебі CdF(NH3)x бояғышымен аралас комплекс түзілу болып табылады.
Кадмий концентрациясы мына формула бойынша анықталынды:
CCd
=
МCd,
[г/л]
(15)
мұндағы СТр – III комплексон ерітіндісінің концентрациясы, VТр – титрлеуге жұмсалған III комплекон көлемі, Val – талданатын ерітінді аликвотасының көлемі, МCd – 112,41 г/моль-ға тең кадмийдің молярлы массасы.
Бұл әдіс сынамадағы кадмийдің мөлшері 5 мг/л-ден жоғары және одан да көп болғанда анықтауға мүмкіндік береді, анықтау қателігі 0,5 % құрайды.
Кадмийді фотометриялық жолмен анықтау. Кадмийдің микроконцентрациясын анықтау үшін талдаудың фотометриялық әдісі қолданылды.
Кадмийді анықтаудың фотометриялық әдісі
Кадмийді анықтаудың ұсынылып отырған фотометриялық әдісінің мәнісі мынада.
Кадмий тиродинмен ақшыл көк түсті комплексті қосылыс түзе отырып өзара әрекеттеседі, оның рН мәні 3,8-5,5 болған кезде λмакс = 520 тең болады. Комплекс түзілу үшін тиімді рН мәні – 4,5-5. Түзілетін комплекс құрамы Cd : R = 1:2. Түсті реакцияның дамуы үшін 1,5-3 еселік тиродиннің артық мөлшері қажет. Комплекстердің ерітінділері бір сағат ішінде тұрақты болады. Реакция сезімталдығының жоғарғы конценрациясына жететін кездегі реагенттің тиімді концентрациясы 6∙10-5 М тең. Реакцияның қарама-қарсылығы ∆λ = 75 нм, жойылудың молярлы коэффициенті ε = 3,0∙104.
Кадмийді фотометриялық жолмен анықтау. 25 мл-лі өлшегіш колбаға құрамында шамамен 20 мкг/мл кадмий бар 0,5 мл ерітінді құйылады, 0,5 мл тиродиннің 0,2 %-дық сулы ерітіндісімен және 1 мл NaOH-KHC8H4O4 әмбебап буферлі қоспасымен (рН 4,5) толтырылады, колбаның өлшегіш таңбасына дейін тазартылған сумен жеткізеді және 520 нм кезінде қалыңдығы l = 1 см сорғыш қабаты бар кюветте фотометрлейді. Кадмийдің мөлшері бөліктеу графигі бойынша анықталынады. Бөліктеу графигін құру үшін сиымдылығы 25 мл-лі өлшегіш колбаларға 0,5 мл тиродиннің 0,2 %-дық ерітіндісін, 1 мл NaOH-KHC8H4O4 (рН 4,5) әмбебап буферлі қоспасын, 0,1 н. H2SO4 азот-қышқылды кадмийден дайындалған 0,06; 0,12; 0,25; 0,3; 0,38; 0,45; 0,5; 0,75; 1,0; 1,5; 2,0; 2,5 мл кадмийдің стандарттық ерітіндісін қосады, колбаның өлшегіш таңбасына дейін тазартылған сумен жеткізеді және 520 нм кезінде қалыңдығы l = 1 см сорғыш қабаты бар кюветте фотометрлейді. Салыстыру ерітіндісі ретінде сондай шарттарда дайындалған реагенттің ерітіндісі алынады. Бөліктеу графигінің түзу сызығы кадмийдің 0,01-0,1 мкг/мл аралығында байқалынады.
Органикалық фазада НБЭА концентрациясын анықтау. НБЭА әлсіз негіз болып табылады және ерітінділерде оны күкірт қышқылымен титрлеуге болады. Әдетте осындай жағдайларда индикаторлармен титрлеуді жүргізеді, бірақ бояудың ауысуы анық болмағандықтан эквиваленттік нүкте индикациясы үшін зертханалық рН-метрде потенциометриялық сулы емес титрлеуді жүргіздік. НБЭА мен HCl-ды изобутил спиртінде араластырдық. Алынған ЭДС пен VHC мәндері бойынша тәуелділік құрамыз, бұл тәуелділіктен графикалық тұрғыдан титрлеудің соңғы нүктесі табылады және титрлеуге жұмсалған қышқыл көлемі анықталады (16-шы сурет).
16-сурет – Органикалық фазада НБЭА-2 концентрацияын потенциометриялық анықтау
Концентрация мен қышқыл көлемінің белгілі мәндері бойынша реагенттің концентрациясы анықталады.
,
(16)
мұндағы СHCl – күкірт қышқылының концентрациясы, Vк.т.т. –титрлеудің соңғы нүктесіне жету үшін қажетті HCl көлемі, Val – талданатын ерітінді аликвотасының көлемі.
