
- •А. Кәсіпорынды жобалағанда пайдаланатын дипломдық жобаның (жұмыстың) экономика бөлімі
- •Жалпы жағдай
- •2 Экономикалық есептер
- •2.1 Күрделі /бірреттік/ шығындар
- •2.2 Ағынды үлестірімдер /айлық шығындар/
- •3 Техника-экономикалық көрсеткіштер кестесі
- •Б. Бағдарлама немесе жүйені жасағанда пайдаланатын нұсқау
- •Экономика бөлімі
- •1 Жалпы жағдай
- •Экономикалық есептер
- •2.1 Жобалауға кететін шығындар
- •2.9 Жылғы жалпы пайда
- •2.11 Шығындардың өтеу мерзімі
- •Техника-экономикалық көрсеткіштер
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Дипломдық жобаның экономикалық бөлімі
Экономикалық есептер
Бағдарламаны,жүйені немесе құралды жасағанда кеткен шығындардың барлығын күрделі (бірреттік) шығындарға жазуға болады.
Шығындар
2.1 Жобалауға кететін шығындар
Бағдарламаларды жасау үшін әуелі әдебиеттік патенттік зерттеуді өткізеді, алғы елдерге командировкаға барады.
2.1.1 Әдебиеттік зерттеуді өткізу.
13-кесте (мұндағы сомалар мысал ретінде), мың тг
Маман |
Жалақы |
Зерттеуге кеткен уақыт,ай |
Барлық жалақы |
Меңгеруші |
90 |
2,5 |
225 |
Топ басқарушы |
75 |
|
|
Жетекші маман |
64 |
|
|
Аға инженер |
56 |
|
|
Инженер |
52 |
|
|
Системотехник |
48 |
|
|
Аудармашы |
45 |
|
|
Қорытынды |
|
|
А болсын |
2.1.2 Патенттік зерртеуді өткізу.
Зерттеудің екі мақсаты бар. Бір жағынан әлемдік жеткен деңгейін білу, басқа жақтан біреулер шығарған бағдарламаны сол түрде қайталамау. Әйтпесе плагиат ретінде айып төлейміз. Жоғарғыдай кесте болу керек, уақыты басқаша болу керек. Жалақының қорытындысы «Б» болсын.
2.1.3 Шетелдерге командировкаға бару. Командировкаға 2-3 негізгі маман барады.шығындарды кестеде есептеген жөн. Шығын билеттерге, қонақ үй үшін кетеді және тамағы үшін 80 доллар күніне шығады.
14-кесте (мұнда мысал ретінде), мың тг
Маман |
Билет екі бағытқа |
Мейманханаға төлем |
Тамақ үшін |
Барлығы |
Меңгеруші Топ басқарушы Барлығы |
60 60 |
30 күн×5 = 150 30 күн×5 = 150 |
30×9,6 = 39,6 30×9,6 = 39,6 |
В болсын |
2.1.4 Бағдарламаны жазу, жүйені немесе құралды жасау
15-кесте (мұндағы сомалар мысал ретінде), мың тг
Маман |
Жалақы |
Жасауға кеткен уақыт |
Барлық жалақы
|
Меңгеруші |
90 |
4 |
360 |
Топ басқарушы |
80 |
4 |
|
Жетекші маман |
75 |
4 |
|
Аға инженер |
|
|
|
Инженер |
|
|
|
Системотехник |
|
|
|
Инж.механик (құралды жасағанда) |
|
|
|
Инж.электрик (құрал) |
|
|
|
Инж. машина жасаушы (құр) |
|
|
|
Экономист |
|
|
|
Компьютерші |
|
|
|
Барлығы |
|
|
Г болсын |
2.1.5 Ережеден артық істеген үшін жалақы
А + Б + В + Г сомасынан 2% алуға болады. «Д» теңге болсын.
2.1.6 Құрсақты әйелдерге төлемдер.
А + Б + В + Г + Д сомасынан 1,5% алынсын. «Е» сома болсын.
2.1.7 Әлеуметтік салық + міндетті әлеуметтік төлем. (бірге)
Әлеуметтік салық плюс әлеуметтік төлем жалақы қорынан минус жеке зейнеткерлер қоры Жзк шегерген сомадан табылады. Жзк – 10%. Бұл екі салықтың мөлшері 11%. Яғни
Әс + Әт = 0,11 (А + Б + Г + Д + Е ) – 0,1(А + Б + Г + Д + Е)
Яғни, сома В жалақы қорына кірмейді.
2.1.8 Жобалау және жүйені жасау адамдар тобына арендаға үй алу үшін төлем. Әрбір маманға 6 м2 таза жұмыс ауданы керек. Коридорды, туалетті, қоймаларды санасақ 1 маманға шамамен 10м2 жалпы аудан керек.
Жұмыс аудан ретінде тұрғын пәтерді жалдауға болады.
Бір бөлмелі пәтердің жалпы ауданы – шамамен 3м2.
Екі бөлмелі пәтердің жалпы ауданы – 50м2
Үш бөлмелі пәтердің жалпы ауданы – 70м2
Пәтерді жалға алу бағаларды (жиһазбен) газеттерден табасыз.
2.1.9 сатып алған жабдықтың амортизациясы. Кейбір жабдық сатып алынады, басқасы жалға алынады.
16-кесте (мұнда мысал ретінде), мың тг
Жабдық |
Сан |
Біреуінің бағасы |
Барлық баға |
Жылдық аморт-я, ереже, % |
Пайдаланған уақыт, ай |
Аморт-қ сома |
Компьютер Принтер Модем Факс Ұялы телефон |
5 |
60 |
300 |
40 |
6 |
(300*40% *6)/12=60 |
2.1.10 Жабдықтарды (жиһазды) жалға алу.
17-кесте (мұнда мысал ретінде), мың тг
Жабдық |
Сан |
Айлық төлем |
Пайдаланатын уақыт, ай |
Жалпы төлем |
Стол (дастархандық) |
6 |
1,50 |
6 |
9 |
Орындық |
6 |
|
|
|
Шкаф |
2 |
|
|
|
Тоңазытқыш |
1 |
|
|
|
... |
|
|
|
|
Барлығы |
|
|
|
|
2.1.11 Материалдар
18-кесте (мұнда мысал ретінде), мың тг
Материал |
Өлшем бірлігі |
Баға |
Қажет |
Барлық баға (шығын) |
Компакт дискілер |
дана |
0,3 |
10 |
3 |
Дискеталар |
|
|
|
|
Қағаз |
|
|
|
|
Сым |
|
|
|
|
Тонер |
|
|
|
|
Қаламдар |
|
|
|
|
Степлер |
|
|
|
|
Сызғыш |
|
|
|
|
Папкалар |
|
|
|
|
... |
|
|
|
|
Барлығы |
|
|
|
|
2.1.12 Электроэнергия үшін төлем (8-бетке қараңыз). Толық жазып есептеу.
2.1.13 Телефон үшін төлем (ұялы телефонмен бірге). Өзіңіз есептеңіз.
2.1.14 Коммуналдық төлемдер (жылу, ыстық, салқын су, газ). Шамамен аласыз.
2.1.15 Интернет үшін төлем. Бағаны газеттерден аласыз.
2.2 Бағдарламаны, жүйені (құралды) енгізу
Кейде бағдарламаны (құралды) сатыпалушы кәсіпорынға жеткізу, сонда енгізіп, тұтынушыларды үйрету керек. Сонда 10 бағдарлама сатылса, 10 қалаға маман барады, әрқайсысында 1 құн болады. Жол + Жалақы шығыны баға кіреді.
Кесте 13 секілді есептеуге болады.
2.3 Бағдарламаны, жүйені (құралды) түзету
Енгізу уақытта бағдарламаның (құралдың) келіспеген жерлері ашылады. Сондай-ақ кәсіпорын тұтынушылары өз пікірлерін ұсынады. Олардың бәрін еске алып бағдарламаны сәл түзету керек. Ол да шығынды көбейтеді.
2.4 Бағдарламаны көшіріп, көбейтіп, этикеткаларын басып шығару үшін шығындар. Өзіңіз есептеңіз.
2.5 Бағдарламаны (құралды ) жарнамалау үшін шығындар
Кейбір затты жарнамалау үшін, оны жасаудан гөрі шығындар артық болуы мүмкін.
Бұл баптың сомасын алдағы баптардың сома қорытындысынан шамамен 10% алуға болады.
2.6 Бағдарламаны түсіндіру кітапшаны басу үшін шығындар. Өзіңіз есептеңіз.
2.7 Барлық шығындар (бағдарламаның, жүйенің немесе құралдың өз құны)
Бұл бапта алғы баптардың қосындысы жиналады (Ш). Жасаған жүйе біреу ғана болса, оның өз құны Ө=Ш. Егер бағдарламаның сату көлемі 100 болса, сонда біреуінің өз құны Ө=Ш/100.
Пайда. Пайданы шығындардан 15-25% алуға болады (П).
Фирмалық баға Бф=Ө+П
Жалпы баға Бж= Бф+0,12Бф
2.8 Табыстар
2.8.1 Тура табыс.
Мұнда бағдарламаның және жүйенің қанша экземпляры қандай бағамен сатылатынын есептеу керек. Қазіргі бағдарламалардың бағалары шамамен 80-400 доллар. Заңды тұлғаларға сатылатын бағдарламалар қымбаттау болады. Осы жобадағы баға ұқсас бағдарламалардың (құралдың) бағасынан аспауы тиіс.
Егер бағдарлама жеке тұлғаларға арналса, оның сатылым көлемі көбірек, бірақ бір дананың бағасы арзан болады. Сату бағаға қосылған құн салығы (Ққс) кіреді (12%) . Тура табыс =алған ақша –Ққс.
2.8.2 Жоғарыдағы П.2.7 келтірілген. Сату көлемін мұнда негіздеу керек (мысалы, қанша оқу мекемелеріне сатылады).
2.8.3 Қосымша табыстар
Заңды тұлғаларға сатылатын бағдарламалар мен құралдаркейде қызметтеуді талап етеді (мысалы бухгалтерлік 1С бағдарламасы ). Сол қызметтеудің кірісін жалпы бағадан шамамен 15% алуға болады.
Мұнда да алған ақшаға қосымша құн салығы (12%) кіреді. Осы салықты шегеріп таза қосымша кірісті табады.
2.8.4 Егер компьютерлік бағдарламаның, автоматтық басқару жүйенің немесе құралдың тек қана бір данасы бір нақты кәсіпорын үшін жасалса, сонда экономикалық нәтижені (табысты, кірісті) былай есептеуге болады:
а) Бағдарлама, басқару жүйесі немесе құрал адамдар санын қысқартуы мүмкін. Бұл К1 кірісті беруі мүмкін.
б) Жобаны орындаса өнімнің көлемі өседі. Ол өсім К2 қосымша жылғы кірісті береді.
в) Шығарған бұйымның сапасы, соған сәйкес бағасы өседі. Бұл өсім К3 қосымша кірісін береді.
г) Енгізілген жоба шикізатты үнемдеуі мүмкін. Бұл шара К4 кірісті береді.
д) Жоба электроэнергия, су, жылу шығындарын азайтуы мүмкін – К5
е) Жоба еңбекті қорғау, қоршаған ортаны жақсы сақтауы мүмкін. Бұл себептен де кәсіпорынның ақша шығыны (ауруларға төлемдер, экологиялық апаттарға) К6 теңгеге азаюы мүмкін.
ж) Ескі қажеті жоқ жабдықтармен құралдар сатылуы мүмкін, сонда К7 кіріс келуі мүмкін. Мысалы, жаңа компьютерді офиске қойғанда ескі компьютер босатылады.
з) Жоба енгізілгенде кәсіпорында жұмыс ауданы босатылуы мүмкін. Сол ауданды жалға беріп ақша табуға болады. Кіріс – К8
и) Жобаны тәуелді кәсіпорында немесе филиалдарда енгізілген себептен кіріс – К9
к) Бөлшекті заводта жасағанда сынған жабдық көп уақыт бекер тұрмайды, жабдық кіріс әкеледі. – К10. Сонда барлық кіріс
К=ΣКі