
- •А. Кәсіпорынды жобалағанда пайдаланатын дипломдық жобаның (жұмыстың) экономика бөлімі
- •Жалпы жағдай
- •2 Экономикалық есептер
- •2.1 Күрделі /бірреттік/ шығындар
- •2.2 Ағынды үлестірімдер /айлық шығындар/
- •3 Техника-экономикалық көрсеткіштер кестесі
- •Б. Бағдарлама немесе жүйені жасағанда пайдаланатын нұсқау
- •Экономика бөлімі
- •1 Жалпы жағдай
- •Экономикалық есептер
- •2.1 Жобалауға кететін шығындар
- •2.9 Жылғы жалпы пайда
- •2.11 Шығындардың өтеу мерзімі
- •Техника-экономикалық көрсеткіштер
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
- •Дипломдық жобаның экономикалық бөлімі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және менеджмент кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ (ЖҰМЫСТЫҢ) ЭКОНОМИКА БӨЛІМІ
Әдістемелік нұсқау
(бейэкономикалық мамандықтар үшін)
(төртінші басылым)
АЛМАТЫ 2009
УДК 388.681.2
ҚҰРАСТЫРУШЫ: Темірғалиев С.Ж. Дипломдық жобаның (жұмыстың) экономика бөлімі. Әдістемелік нұсқау (бейэкономикалық мамандықтар үшін). Алматы, ҚазҰТУ, 2009, 22 бет.
Әдістемелік нұсқау жоғары білімді маман талаптарына сай құрастырылған. Дипломдық жобаны (жұмысты) жазғанда студент әрбір технологиялық және техникалық шешімдерді экономикалық нәтиже арқылы бағалауы тиіс. Дипломдық жобаның (жұмыстың) экономика бөлімі – технологиялық бөлімдердің жалғасы болуы тиіс. Қазіргі заманда экономика білімінің маңызы зор, сондықтан экономика бөлімі толық және негізделген болуы тиіс.
Әдістемелік нұсқау барлық инженерлік мамандықтар студенттеріне арналған.
Кесте – 19. Әдебиет тізімі – 5 атау.
Пікір жазған А.К. Ералиев экон. ғыл. докторы, профессор ҚазҰТУ.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2009 жылғы жоспары бойынша басылды.
© Қазақ ұлттық техникалық
университеті, 2009ж.
КІРІСПЕ
Дипломдық жоба (жұмыс) оқу аяқталар алдындағы студенттердің соңғы жұмысы. Бұған студенттердің көп жыл оқып алған білімдерінің қорытындысы кіреді.Жобаның мақсаты-студенттердің шығармашылық ойлары мен пікірлерін дамыту. Дипломдық тақырып бойынша нақты мәселелерді зерттеп, олардың шешімдерін табу керек.
Жобаның негізі – сызбалар. Сызбаларды компьютерде жасаған жөн. Сызбалар А1 форматта сызылады.
Жобаға түсіндіру жазба кіреді. Түсіндіру жазба компьютерде терген формат А4 / 210 * 297мм / беттерден құрылады. Бұл жазба
әдетте 3 бөлімнен құрылады:
Технология
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
Экономика бөлімі
Жазбада титулдық бет, тармақтар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі болуы керек.
Дипломдық жобаны өнеркәсіпте кездесетін «Жоба» деген сатысымен салыстыруға болады.
Түсіндіру жазбаға қойылатын талаптар:
1) Дипломның экономика бөлімі бірінші технология және екінші еңбекті қорғау бөлімдердің жалғасы болуы керек;
2) Түсіндіру жазба оқулықтар мен техникалық әдебиеттердің көшірмесі емес, нақты мәселелерді шешетін студенттің өз ойынан жазған мәтін болуы керек;
3) Әрбір техникалық ұйымдастыру, басқару және экономикалық шаралар мен ұсыныстар нақты және түсінікті болуы керек. Оларға кететін қаржы аз болып, қысқа мерзімде ақталуы тиіс;
4) Жазба түсінікті әдеби тілмен жазылуы керек;
5) Қажетті суреттер, графиктер, кестелер стандарт бойынша сызылып, мәтін арасында болуы тиіс. Олар жалпы сандармен нөмірленуі керек. Мәтінде оларға сілтеме жасалу керек. Пайдаланылған әдебиетке де сілтеме жасау керек. Пайдаланылған әдебиеттің тізімі жазбаның соңында беріледі;
6) Барлық техника – экономикалық есептердің дәлдігі әдеттегі инженерлік есептердің дәлдігіне тең болуы тиіс, яғни әр көрсеткіште тек қана 3-4 маңызды сан болуы керек.
Жобаның экономика бөлімі 16-18 беттерде жазылуы керек. Бұл бөлімді жазғанда бұрын жасаған курстық жұмысты пайдалануға болады.
Нұсқау екі бөлімнен құрылады: бұйымды шығарғанда және бағдарламаны немесе жүйені жасағанда. Экономика бөлімі жетекші оқытушыға барлық жасалған түсіндірме жазбаны көрсету керек.
А. Кәсіпорынды жобалағанда пайдаланатын дипломдық жобаның (жұмыстың) экономика бөлімі
Жалпы жағдай
Мұнда 8-10 беттерде қысқаша жобаланатын (немесе зерттелетін) кәсіпорындағы келешек ұйымдастыру, басқару, жоспарлау және экономикалық жағдайы жазылу керек:
1) Өндіріс процестерін ұйымдастыру әдістері;
2) Кәсіпорынның құрылымы /схема берілу керек/;
3) Менеджмент және басқару мәселелері;
4) Жұмыс тәртібі: жылғы жұмыс уақыт қоры, сменалардың саны;
5) Инженерлік дайындау жұмыстары;
6) Бақылау әдістері;
7) Еңбекті ұйымдастыру шаралары;
8) Энергия және басқа инженерлік қамтылу мәселелері;
9) Мамандандыру және кооперациялық деңгейлері;
10) Маркетинг ұйымдастыру мәселелері;
11) Пайдаланатын көлік және тасымалдау мәселелері;
12) Көпжылдық және ағынды жоспарлар мен болжамдар;
13) Кәсіпорынның қазіргі экономикалық жағдайы /жылғы бқйым көлемі, өз құны, жылғы кіріс, пайда/;
14) Студент жасайтын жобаның қажеттілігі, басқалардан айырмашылығы, артықшылығы;
15) Студент енгізетін жобаның экономикалық немесе әлеуметтік болжанған нәтижелері;
16) Өндірісті жобалағанда және реттеу жұмыстарын өткізгенде пайдаланатын жабдық базасы;
17) Жобаны енгізетін кәсіпорын немесе ұйым туралы.
Осы бөлімге арналған бөлек бір сызба жасалуы мүмкін.
2 Экономикалық есептер
2.1 Күрделі /бірреттік/ шығындар
Бұл шығындарға жататындар: жобалау үшін шығындар, өндірістік құрылыс, (құрылыс–монтаждық жұмыстар) жабдықтар сатып алу, оны орнына қою /монтаж/, оны реттеу /наладка/.
А. Кәсіпорынның (құралдың) шын жобасын жасау үшін үлестірімдер.
Мұнда мыныдай мәселелер шешілуі керек:
1)Жобалаушыларға кететін жалақы. Алдымен қанша адам жобаға қатысады, олардың мамандығы, айлық жалақысы, кеткен уақыт бекітіледі;
1-кесте. (мысал ретінде, мың тг)
Жобалаушы маман |
Айлық жалақы |
Істейтін уақыт, ай |
Жалпы жалақы |
Бас технолог Инж. технолог Архитектор Құрылысшы инженер т.б. ... Барлығы |
100 85 90 80 ... ...
|
2 2 2 2 ... ...
|
200 160 180 160 ... ... А |
2)Әлеуметтік салық + міндетті әлеуметтік төлемдер(11% барлық жалақы қорынан – Жзк). Жзк – жеке зейнеткерлер қоры, 10% жалақыдан алынады;
3)Жобаны жасағанда арендаға үйді пайдаланғаны үшін төленетін ақы;
4)Жабдықты (компьютерді т.б.) пайдаланғаны үшін ақы;
5)Жобаға басқа кеткен үлестірімдер /шамамен 5% жоғарғы сомалардың қорытындысынан алуға болады/;
6)Жобаның жалпы шығындары 1-5 баптардың қорытындысы.
Б. Кәсіпорынды, Цехты немесе құралды құру /немесе
шараны енгізу/;
Өндіріс үйлерді құру /немесе сатып алу/ үшін шыығндар.
Құрылыстың төрт түрі бар /жаңа құрылыс, кеңейту, қайта құру, техникалық жарақтандыру/. Қайсысы пайдаланатынын жазу керек.
Құрылыс – күрделі мәселе, оны бұл жобада толық қарастырмаймыз. Мұнда тек қана өндіріс үйлерінің бағасын білу керек. Ол төмендегідей есептеледі. Әрбір цехта денежуғыш, туалет (ішінде унитаз, бидэ, қол жуғыш) және басқа қажет бөлмелер болуы тиіс. Кәсіпорында медициналық кабинет болғаны жөн.
2-кесте.(мысал ретінде, мың тг)
Өндіріс үй, ғимараттар |
Аудан, м2 |
Бір өлшемнің бағасы |
Барлық баға |
1.Негізгі цех (сызбадан алынады) 2.Қосымша цех 3.Шағын ғимараттар 4.Офис 5.Инж. торлар /су, канализация/ 6.Асфальт 7.Қоршау 8.Барлығы |
400
300 100 200 5
|
64
60 40 80 40
|
25600
18000 4000 16000 200
Б |
В. Қажетті жабдықты сатып алу. Жабдықтың толық тізімін технологялық бөлімінен, бағаларын газеттерден алып, шығындарды арнайы 3-кестеде есептейді.
3-кесте. (мың тг)
Жабдық |
Сан |
Біреудің бағасы |
Барлық баға |
Компьютер |
6 |
40 |
240 |
... |
... |
... |
... |
Барлығы |
|
|
Б |
Бұған кеңселік жабдық және жиһаз да кіру керек. Жабдықтың жалпы бағасы өндіріс үйдің бағасымен шамамен шамалас болу керек. Сондай-ақ, мұнда көлік құралдарды таңдап, жазу керек.
Г. Жабдықты орналастыру /монтаж/:
1) Әуелі монтаждық жұмысқа қатысатын адамдардың саны, олардың мамандығы, жұмыс мерзімін бекітіп, жалақыны 1-кестеде көрсетілгендей есептеу керек.
2) Әлеуметтік салық + міндетті әлеуметтік төлемдер – 11% жалақы қорынан – Жзк есептеледі;
3) Монтажға қажетті материалдар (сым, құбырлар, кабельдер, бақылау-өлшеу құралдары т.б.) және оларға кететін үлестірімдерді санау керек;
4) Барлық монтаждық жұмыстар үшін жалпы үлестірімдер 1-3 баптың қорытындысы.
Д. Дәл сондай-ақ реттеу /наладочные/ жұмыстарға шығындар есептеледі.
Мұнда да 1-кестеде көрсетілген секілді реттеуге қатысатын жұмыскерлердің жалақысын есептеу керек. Сондай-ақ әлеуметтік салық + міндетті әлеуметтік төлемдер осы шығынға қосылады.
Е. Күрделі (Бірреттік) жалпы шығынды, (келешекте негізгі қор – Н ).
Бұл А, Б, В,Г, Д тармақтардың қосындысы.
Ж. Күрделі шығындарды төлеу үшін банктен, мысалы, 5 жылға 15% несие алуға болады.
Несие үшін ай сайын пайыздық төлемді төлеу керек. Бұл ағынды шығындардың бір тармағы. Несиенің өзін таза пайдадан екінші жылдан бастап, төрт жылда төлеу керек.