4.14 Еңбек қорғаудағы өндірістік тазалық шаралары
Уландыратын
заттарды, олардың зиянды әсерін төмендету
мақсатында, жою үшін санитарлық шаралар
қолданылады. Олар: дезактивация, дегазация
және киім, аяқ киім, жеке тұлғалық қорғану
құралдарының дезинфекциясы.
Санитарная
обработка – улы заттарды, токсиндерді,
адамдардың тері қабатынан, киілген жеке
тұлғалық қорғаныс құралдарынан, киімнен
және аяқ киімнен алып тастау.
Дезактивация
– жұғылған қабаттан улы заттарды алып
тастау. Дезактивация үшін арнайы
ерітінділер, стерильді ұнтақтардың су
ерітінділері, қарапайым су және еріткіштер
(бензин, керосин, дизельдік отын)
қолданылады.
Дегазация
–
уландыратын заттарды жою немесе оларды
химиялық бұзу.
Дегазация жеке
тұлғалық қорғаныс құралдарын, киімді
және аяқ киімді қайнату, проаммиак
қосындысымен тазалау, жуу, желдету болып
табылады.
Дезинфекция – токсиндерді
жою және уландыратын заттарды бұзу.
Дезинфекция булы
ауа қоспасымен, қайнатумен, дезинфекциялайтын
ерітінділерге салып қоюмен, жуумен
жүзеге асады.
Лабораторияларды
жобалаудың санитарлық
нормалары, жұмыс аумағындағы ауадағы
газдардың, булардың, шаңның, аэрозолдердің
шекті жіберілетін концентрациясы
түріндегі гигиеналық нормативтерін
бекітеді.