Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Снабжение дайын.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.18 Mб
Скачать

29. Өнеркәсіптік өндіріс қосалқы стансалары.

Күштік ажыратқыштары бар ТЕҚС (ПГВ) сұлбасы

Бұл сұлба магистралдық және сол сияқты радиалдық терең еңгізулер үшін қолданылауы мұмкін. Сұлба сирек қолданылады, күштік және жауапкершілікті қосалқы станциялар үшін. Бұл сұлбалар, мысалы келесі жағдайларда, тиімді болады:

- қорек көзіне (ҚК) жақын орналасқан қосалқы станцияларда, өйткені бұл жағдайда ҚК (КЗ) қолдану қорек көзінің шиналарында кернеудің төмендеуіне әкеледі;

- Ірі синхронды қозғалтқыштар бар қосалқы станцияда АПВ-АВР жүйесіне олардың өшуі тіпті уақытша да қаланбайды;

- қосалқы станция екі жақтан қоректенетін желілер қосылғанда.

30. Кабель кірісі 110-220 кВ қосалқы стансалардың сұлбалары

Қосалқы станция дегеніміз – трансформаторлардан немесе және басқа да электр энергияның түрлендіргіштерінен, тарату құрылғысынан (ТҚ), сонымен қатар көмекші құрылғылардан (аккумулятор батареясы немесе басқа да екіншілік тізбектің қорек көздері, конденсаторлар батареясы, тығыздалған ауа алатын компрессорлық станцияларды, басқару орындары, үй-тұрмыс орындары және т.б.) тұратын электр энергияны түрледіру мен таратуға арналған электрқондырғы.

Өте ірі кәсіпорындарда желінің қоректенетін кернеуі 330-550 кВ болған кезде, электрэнергия U=110-220кВ трансформацияланады. Терең еңгізу магистральді және радиалды схемалар бойынша орындалады.

«Энергосетьпроект» институты жасаған 110-220кВ терең еңгізу қосалқы станциялардың кең қолданылатын типтік сұлбаларын қарастырайық.

ТЕҚС (ПГВ) мен БТҚС (ГПП) сұлбалары:

а) сөндіруші импульсы бар 110-220кВ кабельдік кірмелері бар сұлба (28 сурет).

Бұл сұлба ең қарапайым және сенімді, өйткені онда кірмелік және шықпалық кернеулерде ашық тоқ өткізгіш бөліктері жоқ. 110-220кВ кабельдік кірмелер тігінен кезде трансформаторларға кіргізіледі. Бұл сұлба қоршаған орта ластанған немесе үйлер тығыз орналасқан учаскілерде қолданған өте ыңғайлы. Сұлбаның әрекет етуі (жұмыс істеуі): трансформатор бүлінген кезде оның қорғанысы қорек көзіндегі басты ажыратқышты өшіру үшін импульс жібереді, ол жағындатылған кірменің өшуін қамтамасыз етеді;

11-билет

31.Қысқатұйықтағыш пен ажыратқыш орнатылған ауа желілі косалқы станцияның сұлбасы;

Сұлбаның әрекет етуі: трансформатор бүлінген кезде оларға трансформатордың ішкі бүлінуінен (газдық,дифференциялдық) РҚ әсерінен ҚТ қосылады,қорғайтын болады,сонымен қатар трансформаторды да қорғайды,ол онда орнатылған АҚҚ (АПВ) құрылғысы желіде немесе трансформаторда бүліну болғанда жұмыс істейді. Бұл кезде АҚҚ сәтті қосылмаса,онда қорек аяғындағы ажыратқыш қайта өшеді,осы жерде сұлба әрекеті аяқталады және қоректенетін трансформатордың бүлінуін жөндегенше желі ұзақ уақытқа дейін сөніп тұрады.

Бұл сұлбада радиалды қосалқы станциялар қолданылады.

32.Қысқатұйықтағыш,айырғыш және ажыратқыш орнатылған ауа желілі қосалқы станцияның сұлбасы;

Бұл сұлба бір АЖ арқылы бірнеше қосалқы станция қоректенген кезде қолданылады.Бұл сұлба кейбір жағдайда радиалды қоректену кезінде қолданылуы мүмкін,егер бұл желіге шынайы ықтималдық пен басқа да қосалқы станцияларды қосуға болса.

Сұлбаның әрекеті:істен шыққан трансформатордың ҚТ-шы тұйықталады және қоректейтін магистральдың басты бөлігіндегі ажыратқыш өшіріледі,ол АҚҚ (АПВ) құрылғысымен жабдықталған.ҚТ-ң көмекші түйіспесінің көмегімен бүлінген трансформатор айырғышының жетегінің тізбегі тұйықталады,ол қоректейтін желіде «ток жоқ кезде» ажырауы керек,яғни басты ажыратқыш өшкеннен кейін және АҚҚ (АПВ) бұрын «ток жоқ кездегі» үзіліс (пауза) ішінде.Егер айырғыштың меншікті уақыты желінің басты бөлігіндегі ажыратқыштың қорғанысының әрекет ету уақытынан кіші немесе тең болса,айырғыштың ажырату сұлбасына уақыт ұстамын енгізу керек,өйткені айырғыш жүктеме тогын,әсіресе бүліну тогын өшіруге мүмкіндігі жоқ.Қоректену желісіндегі басты ажыратқыштың өшуін бекіту үшін сұлбада айырғышты қолданған ҚТ тізбегінде ток трансформаторы қарастырылады.Айырғыш бүлінген трансформаторды ажыратқаннан кейін желінің басты бөлігіндегі қажетті уақыт ұстамы бар АҚҚ желіні қайта автоматты түрде қосады да желі мен осы желіге қосылған барлық басқа косалқы станцияларды қоректендіру қалпына келтіреді.